Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі. Дидактикалық әдістер және оларды топтастыру А. Байтұрсынов пен Ж. Аймауытов ұсынған жалпылау және жалқылау әдістеріне салыстыру жұмысын жүргізу


А.Байтұрсынов өзінің «Жалқылаулы-жалпылау әдіс» мақаласында бұл әдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді-дейді де, төмендегідей түрлеріне тоқталады



бет4/4
Дата10.03.2023
өлшемі14,77 Kb.
#73052
1   2   3   4

А.Байтұрсынов өзінің «Жалқылаулы-жалпылау әдіс» мақаласында бұл әдістің өзі қолдану жүзіндегі баспалдақтарына қарай бірнеше түрге бөлінеді-дейді де, төмендегідей түрлеріне тоқталады:



Шағын сөзді түрі
Жазу-оқу
Дыбысты әдіс

Дыбысты әдістің өзін өз ішінен бес түрге бөледі:

Дыбысты әдістің өзін өз ішінен бес түрге бөледі:



Балалармен әңгімелесу
Оқу үйретуге даярлайтын жұмыс
Сөзден дыбыстарды айырып шығару
Әріптермен таныстыру
Білген әріптерінен сөз құрау, соны оқу

А.Байтұрсынов 1927-1928 жылдары "Жаңа мектеп" журналында "Ана тілінің әдісі", "Зерттеу мен сүгіретшілік әдісі туралы" деген әдістеме мәселелерін сөз ететін бірнеше мақала жариялаған. Ғалым өзінің оқулықтарында "жеңілден ауырға, оңайдан қиынға, жайдан күрделіге" деген ұстанымды ұстана отырып, тұтас-сөз, талдау, жинақтау, сұрақ-жауап ойын әдістерін қолданған.

Бала мінезінің алуан қырлары туралы үлкен еңбек қалдырған - Жүсіпбек Аймауытұлы. Педагог-ғалымның "Тәрбиеге жетекші" (Орынбор, 1924), "Психология (жан-жүйесі) мен өнер таңдау" (Мәскеу, 1926) еңбектері ұлттық тыныс-тірлік, тәрбие жұмысы мен оның шарттары жайында ой қозғайды.

Ж.Аймауытұлы педагогика ғылымына қосқан елеулі еңбектерінің бірі - "Тәрбиеге жетекші". Ағартушы-психолог бұл еңбегінде тәрбие, білім жайлы негізгі ойларын ғылыми тұрғыдан тереңдетіп, дамытып, дидактика мәселелеріне ерекше ден қояды. Ағартушы-педагог мектеп ісін, білім беру жүйесін, өмір тәжірибесін өзара бірлікте қарастыра отырып, әңгімелеу, талдау, түсіндіру, салыстыру, көрнекілік әдістерін ұсынды.

Қорыта айтқанда, Қазақтың халық ағартушы қайраткерлерінің бай әдістемелік мұраларын зерттей отырып, олардың қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалап, әдістер жүйесінің одан әрі дамуына зор үлес қосқанына көз жеткіземіз. Ғалым-әдіскерлердің оқу жүйесінде тұрақталған әдіс-тәсілдері қазіргі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Олар қазіргі кездегі оқытудың жаңа талаптарына сай дамып, жалғасын тауып, жаңа мазмұндағы әдістердің тууына әсер етуде.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  • З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы, 2002

  • З.Бейсембайқызы. Қазақ тілін модуль негізінде оқыту. А., 2001

  • Нұржанова Ж. Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары. А., 2001.

  • 0разбаева Ф.Ш.,Рахметова Р.С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі.А.,2005.


http://engime.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет