1-
сурет – Интерактивті оқыту әдістерінің мүмкіндіктері
Интерактивті оқыту
әдістерінің
мүмкіндіктері
Шығарма-
шылық пен
қиял
Білімнің
беріктігі
Коммуни-
кативтілік
Сөз
бостандығы
Белсенді
өмірлік
ұстаным
Командалық
рух
24
Интерактивті әдістер жетістікке жетудің сенімді тәсілі болып саналады.
Оқушылардың табысқа жетуіне жағдай жасау. Интерактивті оқыту –
танымдық әрекетті ұйымдастырудың арнайы формасы. Ол нақты және
болжанған мақсаттарды көздейді. Осындай мақсаттардың бірі – оқушы өзінің
табыстылығын, ой-өресінің қаншалықты биіктігін сезіне алатындай, оқуға
жайлы жағдай жасау. Интерактивті оқытудың мәнісі – оқу үдерісін барлық
оқушыларды практикалық тұрғыда таным үдерісіне жұмылдыратындай етіп
ұйымдастыруда. Оқушылардың таным үдерісінде бірлесе әрекет етуі, оқу
материалын меңгеруі бұл үдеріске әрқайсысының өзіндік жеке дара үлесін
қосатындығын, білімдерімен, идеяларымен, әрекет тәсілдерімен бөлісетіндігін
білдіреді. Бұл оқушылардың жаңа білім алып қана қоймай, танымдық
әрекеттерін дамытуға мүмкіндік туғызатындай бір-біріне тілектестік, бірін-бірі
өзара қолдау жағдайында өтеді және бірлесу мен ынтымақтастықтың аса
жоғары формасына айналады.
Қуаныш және оған бөлену сәтін күту оқушының өмірі мен оның әрекетінде
үнемі орын алуы тиіс. Тіпті ересек адамдар үшін де қуанышты сәтті күту –
оның ісінің алға жылжуының қайнар көзі болып табылады. Қуанышқа адам
табысқа қол жеткізгенде бөленеді және ол адамды қанаттандырады. «Дефицит
радости познания порожден дефицитом радости преподавания» [20].
Сондықтан мұғалім әрекетінің мәні – әр тәрбиеленушінің табысқа жетуіне
жағдай жасау. Олардың әрқайсысының өз табысына қуануына, өз мүмкіндігін
сезінуіне, өзіне сенуіне мүмкіндік жасауы керек. Баланың табысқа жету
жолындағы бір сәттік күйзелісі оның психологииялық көңіл күйін түп -
тамырымен өзгертуі де, тұлғаның болашақ іс-әрекетінің, қиындықтарға қарсы
күш қуатының, оқуға деген құштарлығының артуының қозғаушы тетігі болуы
да мүмкін. Оқушылардың табысқа жетуінің шарттары:
1) Айналасындағылардың тілектестігі: оқушылардың жайғасуы, бір - біріне
күлімдеп, достық қатынаста болуы, тапсырманың орындалуы мен күтілетін
нәтижеге деген қызығушылық – осының бәрі психологиялық қыспақты жойып,
сәтсіздік қорқынышын азайтып, субьектінің белсенділігін арттырады.
Субьектінің белсенділігін «Бұл бізге өте қажет, өйткені...», «Бұл сен үшін өте
маңызды, өйткені ...» деген сөздермен арттырып отыру керек. Оқушы
әрекетінің маңыздылығын баса айту тұлғаның өзіндік мәнін арттырып, өз
күшіне деген сенімін туғызады.
2) Қорқынышты сейілту – бұл табысқа жетуді көздейтін және сәтсіздіктен
қорқатын әрбір оқушы үшін ең қажетті әрекет. Сондықтан педагог «Бұл онша
қиын емес ... Тіпті жүзеге аспаса да ештеңе етпейді, біз басқа тәсілдерді
іздейміз ...» немесе «Біз бәріміз саған көмектесеміз» дегенді айтып отыруы
керек.
3) «Жасырын нұсқау» – бұл әрекет етудің басқаша түрі, яғни адамға
бүркеме көмек көрсету. Мұнда оқушы толықтай өзінің ресурстарына сүйене
отырып, ешқандай көмексіз жұмыс істеуге үйренуі тиіс. Тәжірибесі, икемі
болмағандықтан алғашында істей алмауы да мүмкін. Педагог мұндай жағдайда:
25
«Есіңде ме, әрине, мынадан бастау керек...», «Мына жағынан кіріскен
ыңғайлы...» немесе «Мұнде ең бастысы... » деген сөздермен қолдау көрсетеді.
Жасырын нұсқау оқушы санасына елес береді, ол өз әрекетінің барысына
қажетті картинаны көреді. Аталмыш елес субьектінің өзіндік қадам жасауына
негіз болады.
4) Достық жағымды берік қатынас – бұл адамның әлі ашылмаған жақсы
жақтарының айналасындағылар арқылы ашылуына негіз болады. Мысалы;
«Сендей ақылды (күшті) адамның қолынан бәрі келеді» деген сияқты сөздермен
қасындағылардың демеу көрсетуі.
5) «Жеке ерекшелік»: бұл операция «Тек сенің ғана қолыңнан келеді...., біз
саған ғана үлкен сенім артамыз» деген сөздер арқылы субьектінің
жауапкершілігін арттырып, тез әрекет етуіне ықпал етеді.
6) Педагогикалық иландыру - тәрбиеленушіні сендіру, нандыру тәсілі. Бұл
көп жағдайда бүтіндей педагогикалық шеберлікке байланысты.
7) Педагогикалық операция жүйесі бала әрекетінің нәтижесін бағалаумен
аяқталады. Ол баланың жеткен табысына қаншалықты қуанғанын анықтайды.
Бағалау тұтастай емес, нақты болуы керек. «Маған көбірек ұнағаны, сенің...»,
«Әсіресе саған орайы келгені...», «Мына көрініс таңқалдырды...» деген
мадақтаулар арқылы әр оқушының жетістігін жеке дара бағалаған дұрыс.
Білім берудің инновациялық технологиялары мұғалімнен терең теориялық,
психологиялық, әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, оқушылардың
жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Инновациялық
технологиялар оқытудың интерактивті әдістерін ұтымды қолданумен
байланысты.
Оқушылар белгілі тақырыпта сұхбаттаса отырып, нәтижесінде сыни
ойлауды, тиісті ақпарат пен белгілі жағдайды талдау негізінде күрделі
мәселелерді шешуді, балама көзқарастарды салыстыруды, ақылды шешім
қабылдауды, пікірсайысқа қатысуды, кез келген тілдік ортада интерактивті
қатысым жасауды үйренеді. Интерактивті оқыту технологиясы орыс
мектептерінде қазақ тілін оқытуда коммуникативтік-танымдық құзіреттілігін
дамыту бағытын ұсынады. Қазақ тілін интерактивті оқыту субъектілерінің бір-
бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста, бір бағытта бірлесе отырып өнімді
еңбектенуі, эмоционалдық және рухани құндылықтарының үндесуі негізінде
сипатталады. Тіл үйретудің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, интерактивті
оқыту технологиясында мұғалім мен оқушы арасындағы оқу әрекеті кезектесіп
ұйымдастырылады: мұғалім белсенділігі қазақ тілін үйренуші оқушының
белсенділігіне орын береді. Мұғалім тарапынан ұсынылатын деңгейлік
тапсырмалар олардың бастамасы үшін жағдай жасаушы болады.
Тіл үйрету сабақтарында интерактивті қатысым жасауға бағытталған жеке,
жұптық және топтық жұмыс түрлері ұйымдастырылады, интерактивті ойындар
қолданылады, түрлі ақпараттармен шығармашылық жұмыс жасайды.
Интерактивті оқыту технологиясы мұғалімнің жоспарлы ұйымдасқан
жетекшілігі арқылы тіл үйренушілердің тілдік бірліктерді меңгеріп, оны тілдік
26
коммуникацияда орынды қолдана білу нәтижесін жетілдіреді. Мұғалім
оқушыларды екі немесе бірнеше топқа бөліп, әр топтың белгілі бір тілдік
жағдаятқа дискурс жүргізуін ұйымдастырады. Екі оқушының өзара сұхбатына
басқа да оқушылар қатысып, сұхбаттың мазмұнды, қызықты әрі көңілді
ұйымдастырылуына ат салысады. Сұхбатқа қарсы топтың мүшелері өздерінің
сұрақтары мен ұсыныстарын, тақырыпқа қатысты тың деректерін білдіре
алады. Сөйтіп диалог, полилогқа айналуы мүмкін. Бұл оқушылардың сөйлеу
мәдениетін жетілдіріп, тілді меңгерудің қиындығын жеңілдетуге көмектеседі.
Оқушылардың тілді меңгеру қабілеті әртүрлі. Сондықтан мұғалім жеке
деңгейлік тапсырмалар әзірлейді. Топтық әрекетте артта қалмас үшін тілді
жоғары деңгейде меңгерген оқушылар білімі төмен достарына көмектеседі.
Интерактивті оқыту технологиясы тілді меңгеруді бірігіп шешуді үйретеді.
Сонымен қатар оқушылардың бір-бірімен достық қарым - қатынаста болуын
қамтамасыз етеді. Қазақ тілін интерактивті оқыту технологиясының
дидактикалық, психологиялық талаптар негізінде ұйымдастырылуы мұғалімнің
шеберлігіне байланысты.
27
4
.2 Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері
Интерактивті оқыту әдістері белгілі бір заңдылықтары мен ерекшеліктері
бар белсенді оқу түрі. Интерактивті оқыту әдістерінің негізінде сабақ
барысындағы мұғалім мен оқушының және оқушылардың өзара
ынтымақтастықтағы әрекеті жүзеге асады. Оқушының жұптағы, ұжымдағы тіл
үйрену іс-әрекетін ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі ерекше. Мұғалім оқушысын
пәнге қызықтыра отырып, сабаққа ынтасын арттырып, білім дағдыларын,
қазақша ойлау қабілетін дамытып отыруы қажет.
Қазақ тілі сабағындағы интерактивті оқытудың басты тиімділігі мұғалімге
оқу үдерісін түбегейлі өзгертуге, дидактикалық мақсатты шешуде оқытудың
белсенді формаларын қолдануға мүмкіндік береді. Интерактивті оқыту
әдістерінің негізгі принциптері деп төмендегілерді көрсетуге болады:
•
Лексикалық (оқу терминдерін, кәсіби лексиканы, шартты түсініктерді
мұқият таңдау);
•
Рөлдік (оқушының түрлі рөлдерді орындауға қатысты қызметін
практикалық мысалдар арқылы жан-жақты талдау);
•
Көзбен шолу (оқушылардың барлығын көзбен көре отырып, берілген
тапсырмаларды орындауын қадағалап отыру);
•
Өзін-өзі басқару (әр сабақта оқушылардың біреуі жетекшілік жасап,
тапсырмалардың орындалуына бастамашыл болады);
•
Мультимедиалық (сабақта презентация, слайдтар, фильмдер, роликтер,
бейнеклиптер және тағы басқа техникалық құралдарды белсенді пайдалану);
•
Интерактивті тақтаның көмегімен оқу материалдарын көрсету;
•
Психологиялық климаттың болуы (мұғалімнің топтағы белсенді қарым-
қатынасты тұрақты түрде қолдап отыруы, талқылау кезінде оқушылардың
арасында жағымды әрекет туғызу).
Айтылым – адамдардың бір-бірімен тілдесуі барысында өз ойын, пікірін
жеткізуі. Сөйлем әрекетінің айтылым түрі қатысым әрекеті арқылы іске асады.
Тіл үйрену сабағында ұжымдағы, жұптағы оқу іс-әрекетін қатысымдық негізде
ұйымдастыруда мұғалімнің рөлі зор. Бұл ретте мұғалім оқушының жеке
қабілетін, мінез-құлқын ескеру керек. Әр оқушының ойлау қабілеті, білімі,
жылдамдығы, ақпаратты меңгеруі бірдей емес. Бұл туралы профессор Ф.Ш.
Оразбаеваның пайымдауы мұғалімге де, оқушыға да пайдалы. «Сөйлесуге
үйретуде мұғалімге оқушының жеке басына тән өзіндік қасиеттерін, мінез-
құлқы мен қабілетін үнемі ескеріп отыруға тура келеді. Мұның өзі әр
оқушымен жеке-дара жұмыс істеуге, әрқайсысымен қарым-қатынаста болуға
мәжбүр етеді. Сөйлеуге үйрету – айтылар ойдың түпкі мақсатын анықтап
алумен тығыз байланысты, өйткені сөйлеу кезінде сөйлемдер қалай болса
солай, бет алды айтыла берсе, ой жүйесіз, түсініксіз болады. Түсініксіз, жүйесіз
айтылған сөз қарым-қатынас тудырмайды. Сондықтан екінші біреуге арнап
айтылған ауызша сөйлеу оған түсінікті болу үшін, белгілі бір мақсатты
қатысымдық мақсат деп есептей отырып, тілдік қарым-қатынастың сапалы
28
орындалуына себін тигізетіндігін ескерген жөн» [15]. Демек, оқушының жеке
қасиеттерін ескере отырып жұмыс істеу өз нәтижесін бермек. Айтылым
оқушының өз ойын, алған ақпаратын жүйелеп, екінші адаммен ұғынысуға,
қарым-қатынас жасауға үйрету дедік. Айтылым әрекетін жүзеге асырудағы
қолданылатын интерактивті әдістердің барлығы ұжымдық, жұптық әрекет
арқылы іске асады. Жұптық, ұжымдық әрекеттегі қатысымдық әдіс арқылы
тілдік әрекеттің барлық түріне жаттығады. Айтылым әрекетінде қатысымдық
ойындар, түрлі пікірталас, тақырыпқа сәйкес жағдаяттық тапсырмалар,
проблемалық сұрақтар, топтағы полилогты, жұптағы диалогты ұйымдастыруға
болады. Оқушылар осы тапсырмаларды бірлесе талқылап, орындау кезінде бір-
бірімен қатысымдық әрекетке түседі. Оқушы ақпарат алып қана қоймайды,
практикалық сөйлеуге дағдыланады, өз ойын түсінікті жеткізуге, қарсы
сөйлеушінің сұрағын, пікірін бірден түсініп, жылдам жауап беруге үйренеді,
сондай-ақ оқушы алғашқы күннен қазақша ойлауға, сөздікті пайдаланбай өз
пікірін жеткізуге, басқа да көмекші құралдардың көмегінсіз еркін сөйлеуге
үйренеді. Ұжымда бірлесіп жұмыс істеуге қалыптасады, мұнда ақпарат беруші
де, алушы да білім алады.
Сонымен қатар айтылымда жеке шығармашылық жұмыс түріне де
интерактивті тұрғыдан көңіл бөлінеді. Мәселен, жобалар жасау әдісі бойынша
талқылауға белгілі бір көлемді тақырып беріледі. Оқушыларға кітапханаға
барып қосымша ақпарат алуға, тақырып бойынша бұқаралық ақпарат
құралдарынан мақалалар, суреттер қарастырып, алынған мәліметтерін топ
болып талқылап, жоба жасайды. Бұл әдісте интерактивті тақта, компьютер
арқылы түрлі слайдтар, бейнефильмдер, роликтер көрсетуге болады. Мұның өзі
оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге, шығармашылық тұрғыдан ізденуге,
берілген тақырыптың көлемінде сөздік қорының молаюына, өз көзқарасын
еркін жеткізуге машықтандырады.
Тыңдалым – оқушыларды есту арқылы қабылдаған ақпаратты түсініп,
жинақтап, соған сәйкес сөзінің жауабын айта білуге үйрететін тілдік
қатысымның күрделі түрі. Тыңдалымда оқушының есту дағдысы ескеріледі.
Әдіскерлер тыңдалымды меңгерудің мынадай қағидаларын ұсынады:
«Тыңдалымды жете меңгеру оған қатысты мынадай белгілерді үйретумен
байланысты:
1. Басқа дыбыстардан тілдік дыбыс толқынын, олардың ерекшеліктерін
ажырата білу;
2. Аудиолық тілдік тұлғалардың мағынасы мәнін дұрыс қабылдай білу;
3. Мәтіннен қажетті деректі тауып, пайдалана білу;
4. Тыңдалымға қатысты негізгі көрсеткіштерді жан-жақты меңгеру» [15].
Тыңдалым арқылы оқушыға сөздердің дұрыс айтылуын, мәнерлеп оқуды,
грамматикалық және лексикалық дағдысын қалыптастыру көзделеді.
Оқушының қазақ тілін тыңдалым арқылы қабылдап, түсінуінің нәтижелі
болуын анықтайтын факторлар:
1. Тілдік хабардың қарқыны тілдік материалды нақты және жылдам
29
түсінуді ғана емес, есте сақтау қабілетін де анықтайды.
2. Тыңдалымның нәтижелі болуы тілдік хабардың көлемі және оны тыңдау
уақытына да байланысты. Мәтін көлемі оқушының тілді қаншалықты
меңгеруіне қатысты, егер мәтіннің көлемі үш минуттан артық болмаса,
оқушының оны қабылдап, қорытындылауына де жеңіл болады.
Зерттеушілер сабақты мультимедиалық бағдарламасыз өткізуде оқушының
тыңдалымдық бірліктерін дамытуда мынадай әдістерді қолдануды ұсынады:
«оқытуды ұйымдастырудың (топтық, ұжымдық) әдісі, ақпаратты берудің
аудиолық әдісі, көрнекілік әдісі, диалог әдісі, полилог, т.б. Бұл кезеңдегі
оқушыларға тыңдалуға ұсынылатын мәтін мультимедиалық бағдарламадағы
мәтінге байланысты таңдалып алынады және ол диалогтық сипатта болып,
аудиотаспадан тыңдатылады. Бұл сол тілдік серіктестер топтарына (жұптарына)
тыңдалған мәтінді түсініп-қабылдауға байланысты жұмыстар түрлендіріліп
берілді. Жұмысты оқушылар топта (жұпта) өзара ақылдаса, ойласа отырып
орындады. Жұмысты бұлайша орындау арқылы оқушылар, біріншіден, бір-
бірімен өзара әрекет етіп, коммуникативтік қарым-қатынасқа түседі; екіншіден,
бірінің білмегенін бірі толықтыра отырып, бір-бірінен үйренеді; үшіншіден,
топтасып, ұйымдасып жұмыс жасауға дағдыланады. Топтағы (жұптағы) жұмыс
барысында берілген мәтін мазмұнын талдау, саралау, жіктеу негізінде ойлау
операциялары орындалып, нәтижесінде мәтін мазмұнын түсініп-қабылдау
жүзеге асырылады» [21] Осы пікірді негізге алып, ақпаратты берудің аудиолық
әдісін қолданып, оқушыларға тыңдалған мәтін негізінде мынадай тапсырмалар
орындатуға болады.
1 мәтін. Тыңдаңыз.
Ертеде бір данышпан құмырсқаның тілін біледі екен. Дән тасып жүргенін
көріп, алақанына салып:
–
Кане, құмырсқа, дәнді қайда алып барасың ? – деп сұрайды.
–
Илеуіме апарамын.
–
Оны қайтесің?
–
Кейінге сақтаймын.
–
Көп жинайсың ба?
–
Жаздай жұмыс істеп, азығымды жинаймын да, қыста тынығып жатамын.
Адам құмырсқаны айналдыра қарай бастайды.
–
Басың неге үлкен?
–
Аз сөйлеп, көп ойлаймын.
–
Белің неге қылдырықтай?
–
Қомағай емеспін.
–
Жылына қанша дән жейсің?
–
Бір дән жеймін.
–
Соған қанағат етесің бе?
–
Одан көп жей берсем, жер бетіндегі құмырсқалар аш қалмай ма? Қанағат
керек қой.
30
1.
Мәтінде адаммен ...... әңгімелеседі?
А) ит.
В) құрт.
С) балық.
D
) құмырсқа.
2.
Құмырсқа жаздай жұмыс істейді, ....... демалады.
А) қыста.
В) жазда.
С) наурызда.
D
) көктемде.
3. Адам .... деген сұрақтар қойды?
А) аузың неге үлкен?
В) басың неге үлкен?
С) көзің неге үлкен?
D
) қолың неге үлкен?
4.
Құмырсқаның жауабы:
А) аз сөйлеймін.
В) көп сөйлеймін.
С) көп ойнаймын.
D)
аз күлемін.
5. Адам «... ..... ... » деп сұрады?
А) жылына қанша дән жейсің?
В) жылына қанша ет жейсің?
С) жылына қанша бидай жейсің?
D)
жылына қанша шөп жейсің?
6.
Құмырсқаның жауабы:
А) бір дән жеймін.
В) мың дән жеймін.
С) мың бір дән жеймін.
D
) он бір дән жеймін.
7.
Адамның сұрағы:
А) бір дән жете ме?
В) мың дән жете ме?
С) бір қап дән жете ме?
D
) бір қап дән аз ба?
8.
Құмырсқаның жауабы:
31
А) қанағат жоқ.
В) қанағатсызбын.
С) қанағат керек емес.
D
) қанағат керек қой.
2 мәтін. Тыңдаңыз.
Құмырсқаның ақылдылығына сүйсінген Адам оны сынамақшы болады.
Қорапқа бір дән салады да, құмырсқаны оған қоса қамайды. Сонан соң су
тимейтін бір жайлы жерге орналастырады. Азықты қалай үнемдейтінін білгісі
келеді. Бір жыл өткен соң, қайта оралады. Құмырсқаның өлі-тірісін білмек
болып, қорапты ашады. Тірі екен. Жалғыз дәннің жартысын ғана жепті. Мұның
себебін сұрағанда:
–
Айтқаның дұрыс, мен жылына бір дән жеймін, ол рас. Ал сен болсаң,
мені қорапқа салып, қамап кеттің. Сыртқа шыға алмаймын. Мені ұмытып
кетсең, тағы бір жыл қорапта жатар едім. Бір дәнді түгел жесем, аштан өлетін
едім. Соны ойлап, қанағат еттім, - дейді құмырсқа. Адам құмырсқаның
шыдамдылығына риза болып, қиянат жасағанын түсініп, босатып жіберген
екен.
1.
Адам құмырсқаның ..... сынамақшы болады.
А) батырлығын.
В) батылдығын.
С) шыдамдылығын.
D
) шыдамсыздығын.
2.
Адам құмырсқаны ..... дәнмен бірге қамап қояды.
А) бір дәнмен.
В) үш дәнмен.
С) бес дәнмен.
D
) екі дәнмен.
3.
Адам құмырсқаның ..... білгісі келеді.
А) үнемшілдігін.
В) үнемсіздігін.
С) сараңдығын.
D)
ақылдылығын.
4.
Құмырсқа бір жылда дәннің қаншасын жейді?
А) түгелін.
В) бәрін.
С) екеуін.
32
D)
жартысын.
5. Құмырсқа неге дәнді түгел жемеді?
А) Ол жалқау.
В) Ол еңбекқор.
С) Ештеңе ойламады.
D
) Ол ертеңін ойлады.
6.
Құмырсқа ...
А) шыдамды.
В) шыдамсыз.
С) ақылды.
D
) сабырсыз.
7.
Құмырсқа ...
А) бақытты.
В) сабырлы.
С) ақылсыз.
D
) қанағатшыл.
Бүгінгі таңда тыңдалым әрекетіндегі интерактивті әдістердің бірі –
динамикалық мультимедиалық құралдарды қолдану, бұл сабақтың тиімділігін,
ақпараттың мазмұндылығын, көрнекілігін, есте сақталуын арттырады.
Мультимедиалық бағдарламаларды пайдалану арқылы түрлі иллюстрациялар,
кесте, сызбалар, анимациялық және дыбыстық сүйемелдеулер оқушыға тілдік
материалдарды қабылдауын, түсінуін, есте сақтауын жеңілдетуге, танымдық
белсенділігін ынталандыруға мүмкіндік береді. Әдіскерлер тіл үйрену
барысында мынадай динамикалық мультимедиалық құралдардың түрін
қолдануға болатынын айтады:
•
Презентация – аудиовизуальдық құралдарды пайдалана отырып
ақпаратты көрнекті беру. Бұл компьютерлік анимация, графика, видео, музыка
және дыбыстық құрылғылардың үйлесіп, бір ортаға ұйымдастырылуы.
•
Анимация – қозғалыстағы картиналар қатары.
•
Ойындар – белгілі бір дағды мен ептілікті қалыптастыруға, жағымды
психологиялық климат туғызуға мүмкіндік береді.
•
Бейнефильмдер және бейнетаспалар (күйтабақ ойнатқыш) – қозғалыстағы
бейнелерді көрсету арқылы шынайы қатысымдық әрекетті дамытады, оқу
материалының қызықты, проблемалы, дәлелді болуын қамтамасыз етеді [17].
Бұл технологиялық құралдардың мүмкіндіктері көп, олар арқылы оқытудың
мотивациясы мен тиімділігін дамытуға көмектесетін түрлі жұмыстарды
ұйымдастыруға болады. Қазақ тілі сабағындағы тыңдалым әрекетін жүзеге
асыру үшін динамикалық мультимедиалық құралдарды қолданудың негізгі үш
түрін көрсетуге болады:
1. Компакт дискідегі дайын бағдарламалық өнімдер;
33
2. Мұғалімнің тікелей өзінің дайындаған өнімдері;
3. Ғаламтор желісі ресурстарын пайдалану.
Материалдар тез қабылданып, есте сақаталатындай бейнелі, көрнекі етіп
беруге мүмкіндік туғызады және оқушыны шаршатпауға ықпал етеді.
Оқушының тілді тыңдау арқылы түсінуі – сөздің дұрыс айтылуына, сөйлеу
дағдыларын, мәнерлеп оқуды, басқа да грамматикалық және лексикалық
дағдыларды жетілдіруге септігін тигізеді. Тіл үйрету мақсатында динамикалық
мультимедиалық құралдарда пайдалану мынадай дидактикалық міндетті
шешуге көмектеседі:
1. Түрлі ақпараттың бір нысанда (мәтін, дыбыс, видео) ықпалдасуын
қамтамасыз ету;
2.
Тұрақты мотивацияны қалыптастыру;
3.
Оқушының ойлау қабілетін белсенді ету;
4. Селқос оқушыларды жұмыс істеуге ынталандыру;
5. Сабақтың көрнекілігін арттыру;
6. Оқу үрдісін жаңа, қолжетімді материалдармен қамтамасыз ету;
7. Оқушыны оқу материалдарымен өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
8. Лезде кері байланыс әрекетін қамтамасыз ету;
9. Оқу үдерісінің қарқындылығын күшейту;
Тыңдалым сөйлеу әрекетінің оқылым әрекетімен де байланысты.
Тыңдалым мен оқылым әрекеттері ақпартты қабылдау мен мағынасын түсінуге
негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |