Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата14.02.2017
өлшемі493,91 Kb.
#4092
1   2   3   4   5   6

Іскери  ойындар  алдымен  білім  беру  жүйесінде  емес, басқару  саласында 

пайда  болған.  Қазір  іскери  ойындар  көптеген  салаларда  қолданылады.  Іскери 

ойындарды  білім  беру  саласында  қолданудың  негізгі  мақсаттары:  оқушының 

оқу белсенділігн арттыру, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, өз бетінше 

жұмыс  істеуге  дағдыландыру,  ерік  жігерін  қалыптастыру,  шығармашылық 

ойлау қабілетін арттыру, оқу әрекетінің мотивациясын дамыту.  

Іскери ойындардың ерекшеліктері:  

 



Іскери  ойында  ойынның  басталу  және  аяқталу  уақыты  нақты 

айқындалады (тренингте уақытты шектеу үнемі бола бермейді).  

 

Ойында  жағдайды  көптеген  факторлар  арқылы  бейнелейді  (тренингте 



жағдайдың жеке бір қыры қарастырылады).  

 



Іскери ойындар бірнеше дағдыны қалыптастыруға бағытталады.  

 



Іскери  ойындарға  мынандай  мазмұн  тән:  бәсекелестік,  қатысушылар 

мүддесінің шиеленісуі.  

 

Ойынның ерекшелігі біреулер жеңеді, біреулер жеңіледі.  



Рөлдік  өйындар  білімгерлердің  ой  өрісін  кеңейтіп,  сабақты 

жандандырады,  тіл  үйренушінің  пәнге  деген  қызығушылығын  арттырады. 

Оқушылардың  орындаған  іс-әрекеттері  арқылы  тіл  үйренуге  деген  сенімін 

қалыптастырады.  

Рөлдік ойындар бұл өмірлік жағдайлардың белгілі бір мінез-құлық немесе 

эмоционалдық жақтарын меңгеру ниетінде алдын ала бөлінген рөлдер арқылы 

қатысушы  топтардың  сахналап  ойнауы.  Оқытушы  балалардың  мінез-  құлқын 

ескере  отырып,  рөлдерді  өзі  бөледі.  Рөлдік  ойындардың  артықшылығы  –  әр 

бала  рөлге  кіре  отырып,  жағдайды  шынайы  байқайды,  сезінеді,  шешім 

қабылдайды. Тіл үйретушінің басты міндеті – оқушыларды сөйлету. Әрине бұл 

тілдік  қарым-қатынас  арқылы  жүзеге  асады.  Рөлдік  ойындарда  қарым-

қатынастың үш түрі де қолданылады.  

1. 

Перцептивтік.  Бұл  адамдардың  бір-бірін  көзбен  көріп  қабылдауы, 



интуиция арқылы сезінуі.  

2. 


Интерактивтік. Бұл адамдардың бір-біріне өзара әсер етуі.  

3.  Ақпараттық.  Бұл  адамдардың  бір-бірімен  пікір  алмасуы,  ойларымен, 

мақсат - мүдделерімен, рухани байлығымен, қызығушылығымен бөлісуі.  

Рөлдік  ойын  барысында  оқушы  ешбір  бүкпесіз,  бар  жан-тәнімен  ойынға 

42 

 


кірісіп  кетеді,  белсенділік  пайда  болады,  лидерлік  танытады.  Рөлдік  ойындар 

дәстүр  бойынша  микроэтюдтер  мен  макроэтюдтерге  бөлінеді.  Микроэтюд 

бойынша ойыншылыр төрт адамнан аспауы керек. Ал макроэтюдте бес адамнан 

бүкіл  топқа  дейін  қатысуы  мүмкін.  Рөлдік  ойындар  бірқатар  проблемалық 

мәселелерді  шешуі  мүмкін.  Мәселен  бір-бірімен  қарым-  қатынас  жасау, 

әлеуметтік теңсіздікті жою. т.б. Рөлдік ойындар дұрыс, сауатты сөйлеу, тыңдап 

түсіну  деңгейлерін  жоғарылатып,  қатысымдыққа  жетелейді.  Рөлдік 

ойындардың негізгі талаптары:  

 

Ойын оқушының тілге деген қызығушылығын арттыруы керек.  



Сонымен қоса ең бастысы оқушылар өздеріне лайықты рөлді өздері таңдап 

алғаны  жөн.  Сонда  ғана  олардың  ойыны  да,  тілі  де  нанымды  және  сенімді 

шығады.  

 



Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.  

 



Оқушы  рөлде  неғұрлым  өзін  еркін  сезінетін  болса,  соғұрлым  қызыға 

ойнайтын болады.  



Тренинг  –  бұл  салыстырмалы  түрде  интерактивті  оқытудың  жаңа 

әдістерінің  бірі.  Тренинг  кезінде  туындаған  түрлі  жағдайлар  оқу  түрі 

мағынасында  шартты,  ойын  түрінде  болса  да  оқушы  үшін  шынайы  жағдай 

ретінде  қабылданып,  олар  әрекет  нәтижесі  үшін  барша  жауапкершілікпен 

әрекет  етуі  тиіс.  Мұнда  жауапкершілік  сезімі  ерекше  болады:  әркімнің 

әрекетінің  табысты  болуы  бүкіл  топ  мүшелерінің  әрекетінің  табыс  кепілі 

болғандықтан,  әркім  өзіндік  жауапкершілікті  ғана  емес,  топтағы  серіктесінің 

алдындағы жауапкершілікті де сезінеді.  

Осы  қырынан  алғанда  тренинг,  ойынға  қатысушылардың  жауапкершілігі 

бір-біріне  тәуелді  болатын  іскери  ойын  тәсілдерін  еске  салады.  Оқыту 

тәсілдерінің айырмашылығы: бірі теорияны практика жүзінде үйренуге («дело 

на основе теории») қызмет етсе, екіншісі практика арқылы теорияны меңгеруге 

(«теория из живой практики») қызмет етеді.  

Сабақты тренинг әдісімен өткізу мұғалімнен үлкен дайындық жұмыстарын 

қажет етеді. Мұғалімнің дайындық жұмыстарына мыналар кіреді:  

 



тренингтің жоспар-сценарийімен жұмыс;  

 



оқушыларды  тренингте  қарастырылатын  мәселені  шешуге  белсене 

қатысуға бағыттау жұмысы;  

 

мұғалімнің өзіндік дайындығы;  



 

қатысушылар арасында рөлдерді бөлу, алайда рөлді бәрі бірдей алмайды, 



көпшілігі сырттай бақылаушы, сыншы рөлін атқарады.  

Оқыту әдісі ретінде топтық тренингтің маңызды ерекшелігі – әдеттегі оқу 

тобын  түрлі  әлеуметтік-психологиялық  құбылыстардың  көрнекі  үлгісіне 

айналдыратын оқушылардың  өзара әрекеті болып табылады. Тренинг әдеттегі 

сөз  мағынасындағыдай  жаттығу  да  емес,  қандайда  бір  нақты  дағдыларды 

меңгеру  де  емес,  тұлғаның  адамдармен  қатынасында  құзіреттілігін, 

белсенділігін,  бағыттылығын  қалыптастыру  және  әлеуметтік  -  психологиялық 

нысан  ретінде  топтың  даму  деңгейін  арттыру  мақсатындағы  белсенді 

әлеуметтік - психологиялық оқыту.  

43 


 

Қорытынды  

 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2012  жылғы 

Жолдауында:  «Біз  қалайтындардың  барлығы  үшін  қашықтан  және  онлайн 

режіміне оқытуды қоса, отандық білім беру жүйесіне инновациялық әдістерді, 

шешімдерді  және  құралдарды  қарқынды  енгізуге  тиіспіз»  -  деген  болатын. 

Бүгінгі  ілгерілеп  алға  басу  дәуірінде  Елбасының  ең  алдымен  білім  беру 

саласына  ерекше  көңіл  бөлуі  заңды  құбылыс.  Өйткені  қазіргі  заманымыздағы 

өркениетті  өмірде  білімнің  рөлі  өте  зор.  Білім  жүйесі  арқылы  негізделетін 

ұлттың  интеллектуалды  әлеуеті  елдер  мен  халықтардың  прогрессивті 

дамуының  айқындаушы  факторы  болып  табылады.  Бүгінгі  таңдағы  білім 

қоғамның  бүгінін  және  ертеңін  анықтап,  оның  азаматтарының  әлемдегі 

бәсекелестік күресіндегі алатын орнын белгілейді.  

Сондықтан  ұлттың  бәсекеге  қабілеттілігін  көрсетудің  факторы  ретінде 

білім  берудің  деңгейін  көтеру,  ұлттық  білім  жүйесін  одан  әрі  тереңдетіп 

жетілдіру,  оны  әлемдік  стандарттар  мен  қазіргі  заманғы  әлемдік  талаптарға 

сәйкестендіру және бейімдеу өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған 

орай,  басқа  дамыған  елдер  сияқты  біз  де  білімнің  жаһандану  бәсекелестігінің 

жаңа  талаптарына  жауап  бере  алатын  жүйесін  одан  әрі  тереңдетіп,  жетілдіре 

бастадық.  

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  2008  жылғы 

«Қазақстан  Халқының  әл  –  ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың  басты 

мақсаты»  атты  жолдауында:  «Бүкіл  қоғамымызды  топтастырып  отырған 

мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше 

назар аударғым келеді. Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін 

оқытудың  қазіргі  заманғы  озық  бағдарламалары  мен  әдістерін  әзірлеп,  енгізу 

қажет»,  -  деген  болатын.  Осыған  орай  қазақ  тілін  өзге  тілді  ұлттарға  оқыту 

әдістемесін  әлем  әдістемесіне  сәйкестендіру  мақсатында  оқытудың  әртүрлі 

технологиялары  жасалып,  мектеп  тәжірибесіне  енгізілуде.  Жан  -  жақты 

ізденістің нәтижесінде білім беру саласына келген жаңа технологиялардың бірі 

– 

интерактивті оқыту әдістері.  



Интерактивті  оқыту  оқушылардың  еркін  тілдік  қатынасқа  түсуіне, 

танымдық, қатысымдық, сондай-ақ топпен тіл табыса әрекет ету қабілеттерінің 

жетілуіне, қойылған проблемаларды оң шеше алуына, әрбір мәселеге деген өз 

ой-пікірін  дұрыс,  анық,  дәлелді  жеткізуіне  ықпал  етеді.  Сонымен  қатар  әрбір 

оқушы  ортақ  мақсатқа  негізделген  әрекеттерді  орындау  барысында  жүзеге 

асатын тілдік қатынаста, біріншіден, өз мүддесіне сай тілдесімнің мақсаты мен 

маңызын  анықтауға,  екіншіден  сөзінің  қисыны  мен  дәлдігін  мөлшерлеуге, 

үшіншіден  пікірін  дәлелді,  дәйекті,  түсінікті  жеткізуге  дағдыланады. 

Оқушылардың  белгілі  бір  табысқа  жетуіне,  танымдық  қызығушылықтарының 

дамуына,  дүниетанымдық  көзқарасының  қалыптасуына,  коммуникативтік 

мәдениетін  тәрбиелеуіне,  өзін-өзі  бағалауына  септігін  тигізеді,  оқушылардың 

сабақта ізденуіне, жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, шешімді таңдаудағы 

еркіндігіне жол ашады, түрлі жағдаяттардан жол тауып шығуға үйретеді. Осы 

мақсаттарға  жету  үшін  сабақтың  ұйымдастырылуы,  әдістері,  педагогикалық 

44 

 


ұстанымдары  дұрыс  болуы  тиіс.  Қазақ  тілін  интерактивті  оқыту 

технологиясының  дидактикалық,  психологиялық  талаптар  негізінде 

ұйымдастырылуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.  

Қоғамымызда  болып  жатқан  оң  өзгерістер  орта  мектептердегі  білім  беру 

жүйесінде  де  білімді,  саналы,  қоғамда  өз  орнын  таба  білетін  тұлға 

қалыптастыру  ісіне  деген  қатаң  талап  қойып  отыр.  Әлемдік  аренада 

бәсекелестікке қабілетті мемлекеттің дәрежесіне жету үшін, бүгінгі жас ұрпақ 

зияткерлік құзырлықты, өз бетімен білім алуға қабілетті, озық технологияларды 

жетік  меңгерген,  жеке  тұлға  ретінде  толық  қалыптасқан  мәдениетті  азамат 

болуы  тиіс.Осындай  тұлға  қалыптастыру  үшін  алдымен  әр  мұғалім  психолог 

болуы  шарт.  Өйткені,  әр  баланың  психологиясын  жақсы  білмейінше,  оларға 

білім беру де, дұрыс тәрбие беру де мүмкін емес. Яғни, оқушының жеке тұлға 

ретінде мінезіне, психологиялық ерекшеліктеріне, тұлғалық қасиеттеріне, сана-

сезіміне,  ой-өрісіне  де  көңіл  бөлу  қажет.  Сонымен  қатар  интерактивті  оқыту 

әдістері  арқылы  оқушылардың  қазақша  сөздік  қорын  молайтып,  сөйлеуге, 

сауатты жазуға дағдыландыру лингвистикалық білім негізінде жүргізіледі.  

Интерактивті  оқыту  технологиясының  моделі:  проблемалық  шығарма 

әдістері,  презентация,  пікірталас,  топпен  жұмыс,  миға  шабуыл  әдісі,  сыни 

тұрғысынан  ойлау  әдісі,  викториналар,  мини  зеттеулер,  іскерлік  ойындар, 

рөлдік  ойындар,  тренинг  т.б.  Инновациялық  технологиялар  оқытудың 

интерактивті  әдістерін  ұтымды  қолданумен  байланысты.  Қай  әдісті  қолдану 

түрлі  себептерге:  сабақтың  мақсатына,  қатысушылар  мен  мұғалімнің 

тәжірибесіне, олардың талғамына байланысты.  

Интерактивті оқыту не береді?  

Оқушыға:  

-

 



Мотивацияны арттырады;  

-

 



Терең ойлауға үйретеді;  

-

 



Серіктестік қарым- қатынасқа үйретеді;  

-

 



Төзімділікке, тілектестікке, әдептілікке баулиды.  

Шағын топқа:  

-

 



Өз ұстанымын дәлелдеуге үйретеді;  

-

 



Топтың бірлігін қалыптастырады;  

-

 



Тартысты жағдайларды шешуге және ымыраға келуге үйретеді;  

-

 



Өмірлік құндылықтарды қалыптастырады.  

Мұғалімге:  

-

 



Оқушыларға деген сенімділік қатынасты қалыптастырады;  

-

 



Оқу процесін қалыптан тыс ұйымдастыруды белсендіреді.  

Қорыта айтқанда, білім берудің инновациялық технологиялары мұғалімнен 

терең  теориялық,  психологиялық,  әдістемелік  білімді,  педагогикалық 

шеберлікті, оқушылардың жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап 

етеді.  

 

 

 

 

45 


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

 

1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 

14  желтоқсандағы  «Қазақстан  -2050»  стратегиясы  қалыптасқан  жаңа  саяси 

бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы.  

2.  Қазақстан  Республикасыны  «Білім  туралы»  2007  жылғы  27  шілдедегі 

Заңы. – «Егемен Қазақстан» 2007, 15 тамыз. №254-256.  

3.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020 

жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.  

4.  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-

2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 Қаулысы).  

5. Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тіліндегі мектептерде қазақ тілін 

оқыту әдістемесі. –Алматы «Ана тілі». -1996.  

6. Аймауытұлы Ж. Псиқолоғия. - Алматы: Рауан, 1995. - 311 б.  

7. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы: Ана тілі, 1992. - 448 б.  

8. Жарықбаев Қ. – Жантану .- Алматы: «Шұғыла» ЖШС, 2008. - 638 б.  

9. 

Цукерман  Г.А.,  Фокина  Н.Е.  Поведение  младших  школьников  в 



коллективной учебной работе// Вопросы психологии. –1983. –№4, Б.211.  

10. Нарқұлова Б.А. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану 

әдістемесі (5 сынып материалдары бойынша) дисс. авторефераты. –Алматы, 2006.  

11. 


Выготский  Л.С.  Педагогическая  психология.-  Москва:  Педагогика, 

1991. – 480 

с.  

12. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. –Алматы: «Білім». 2007.  



13. Жарықбаев Қ. Психология негіздері. –Алматы, 2005.  

14. 


Зимняя И.А. Педагогикалық психология. –Алматы: TST-company, 2005.  

15.  Оразбаева  Ф.Ш.  Рахметова  Р.С.  Қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі:  Оқу 

құралы. –Алматы: Print-S, 2005.  

16.  Күзекова  З.С.  Екінші  тіл  ретінде  қазақ  тілі  оқулығы  теориясының 

лингвистикалық негіздері. – Алматы. ТОО»Издательство LEM». – 2005.  

17. 


Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам

Пособие для учителя. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.:АРКТИ, 2004. - С.175-181.  

18. 

Досмурзаева А.С. Қазақ тілін орыс бөлімдерінде тірек сызбалар арқылы 



оқыту әдістемесі. Дисс. Алматы. –2002.  

19. Оразбаева Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы: РБК, 2000.  

20. Белкин А.С. Ситуация успеха. Как ее создать? -М.: «Просвещение», 1991.  

21. 


Досмаханова  Ә.А.  Қазақ  тілін  мультимедиалық  бағдарлама  арқылы 

оқыту әдістемесі (гуманитарлық колледждердің орыстілді топтары үшін). Дисс. 

автореф. – Алматы, 2008.  

22. 


Беляева М.В. Текст как цель и средство обучения иностранному языку 

// ИЯШ. -2009. - №7.  

23. 

Сейтенова  С.С.  Автомобиль  шаруашылығы  бөлімінде  оқитын 



студенттерге қазақ тілін оқыту әдістемесі. Дисс. автореф. Алматы. -2006.  

25. 


Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  2008 

жылғы  «Қазақстан  Халқының  әл-ауқатын  арттыру  –  мемлекеттік  саясаттың 

басты мақсаты» атты Жолдауы.  

46 


 

Мазмұны  

 

 



Алғы сөз ...............................................................................................................  3 

1  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

дидактикалық негіздері.......................................................................................  

 



2  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

психологиялық негіздері.....................................................................................  

 

10 


3  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  интерактивті  оқытудың 

лингвистикалық негіздері...................................................................................  

 

17 


4  Қазақ  тілін  орыс  тілді  мектептерде  оқыту  технологиясының 

құрылымдық-жүйелік моделі .............................................................................  

 

22 


4.1 Оқытудың интерактивті әдістерінің топтастырылуы ...............................   22 

4.2 Сөйлесім әрекетінің түрлерін меңгертудің интерактивті әдістері ........  

28 

4.3 Интерактивті оқыту технологиясының моделі ..........................................   38 



Қорытынды ..........................................................................................................   44 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ......................................................................   46 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

47 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Қазақ тілін орыс тілді мектептерде интерактивті оқыту технологиясы  

 

Әдістемелік құрал  



 

 

Басуға 19.08.2013 қол қойылды. Пішімі 60×84 



1/

16

. Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс. 



Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 3,0. 

 

 



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК 

010000, Астана қ., Достық көшесі 20, «Санкт-Петербург»ІСО, 13-қабат.

 

 



48 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет