Оқылым оқушының тілдік қатысым дағдысын жетілдіруде маңызды рөл
атақарады. Бұл жайында: «Оқылым, біріншіден, ой мен мидың жұмысына
байланысты болса, екіншіден, жазылған графикалық таңбалардың тізбегін
танып білуге қатысты. Үшіншіден, мұнда осы таңбалардың ішкі мән-
мағынасын дұрыс түсінудің рөлі зор. Осындай ерекшеліктер іске асқан
жағдайда ғана оқылған материалдан керек ақпараттар жинақталып алынып,
оқушының қажетіне жарайды», - делінген [15]. Оқушы оқылым арқылы жаңа
сөздерді меңгереді, сөздердің дыбысталуына назар аударады. Сөз бен
сөйлемнің мағынасын түсінуге, сөзді дұрыс қолдана білуге машықтанады.
Оқылымның екі түрлі формада жүзеге асатынын әдіскерлер былай
тұжырымдайды: «Іштей оқу – оқылымның негізгі формасы, ол монологтық
сипатта болып, көбінесе бір адамға қатысты болады, екіншіден, іштей оқығанда
адам мәтіннен ақпартты өзі үшін алады, ол ақпартты алудың ең тиімді жолы
болып табылады. Дауыстап оқу – материалды қатты, мәнерлеп, барлық сөйлеу
аппаратын іске қосып, айналасындағы адамдарға естіртіп, үнмен оқу. Дауыстап
оқу белгілі бір хабарды екінші адамға жеткізгісі келгенде орындалады.
Дауыстап оқу дыбыстарды дұрыс айтуға, сөйлеу мәнерін жетілдіруге, оқығанды
есте сақтауға негіз бола отырып, іштей оқуға үйрететін алғашқы қадам болып
табылады» [15]. Оқылымның негізі – мәтін. Оқылымды меңгеру лексикалық
түрлі жаттығулар арқылы жүзеге асады. Біздің тәжірибемізде бұл мәтінге
дейінгі жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мәтіннен кейінгі жаттығулар деп
34
бөлінеді.
Мәтінге дейінгі жаттығулардың басты мақсаты мәтіннің лексикалық
қиындықтарын азайту. Оқушы мәтінмен жұмыс істеуде белгілі бір қатысымдық
міндеттерді шешу үшін тілдік материалға сүйене отырып, тілдік бірліктерді
жүйелі қолдана білуге үйренеді. Мәтінге дейінгі жаттығулар интерактивті
әдістердің топтық, жұптық жұмыс түрі арқылы тақтамен, таратпа
материалдармен, мәтіннің үзінділерімен жұмыс істеу арқылы іске асады. Оның
мақсаты мәтіннің мазмұнын түсіндірудегі тілдік қиындықтарды шешу, жеке
сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын талдау, тілдік түсінікті қалыптастыру.
Мәтінге дейінгі интерактивті әдістерді қолдану мәтінді тікелей оқуға дейін, оны
тыңдап қабылдауын және түсінуін, ойлау дағдысын белсендіреді. Оқушылар
үшін оқылатын мәтіннің мазмұнын алдын ала түсінуге мүмкіндік туады. Бұл
кезеңде «Ассоциация», «Мәтіннің ықтимал атаулары», «Ықтимал сөйлемдер»
сияқты интерактивті тәсілдер қолданылады.
«Ассоциация». Берілген түсінікке (мәтіннен кілт сөздер) байланысты оған
сәйкес келетін 2-3 сөз тауып жазу керек. Оқушылар өздерінің сәйкес сөздерін
дәптеріне жазып, әрқайсысы дауыстап оқиды. Мұғалім қайталанбаған сөздерді
тақтаға жазып, топтағы оқушылар мәтін мазмұнын ашуға сәйкес келетін
сөздерді таңдайды.
«Мәтіннің ықтимал атаулары» -оқушылар жұпқа бөлініп,
мәтіннің мазмұны не жайында екенін болжап, талқылайды. Әр жұп кезектесіп,
өз сөйлемдерін дауыстап оқиды. Мәтін берілген соң, айтылған ықтимал
сөйлемдер мәтіннің нақты атымен салыстырылады.
«Ықтимал сөйлемдер».
Мұғалім оқушыға мәтіннен бірнеше кілт сөздер беріп, 20-30 секундта бірнеше
сөз тіркестері, сөйлем құрастыруды тапсырады. Әрбір оқушы өзі құрастырған
сөз тіркестері мен сөйлемдерін оқиды. Мәтін оқылған соң, қайсысы мәтін
мазмұнына сәйкес екендігі түсіндіріледі.
Мәтінмен жұмыс кезінде интерактивті әдістерді қолдану семантикалық
байланыс түрін табу (антоним, синоним т.б.), зат есім мен сын есімнің
тіркесімін екі бағанадан табу, сөйлемді (фразаны) аяқтау, кілт сөздерді табу,
мәтінге жоспар құру, мәтінді бірге талдау, салыстыру жасау сияқты жұмыс
түрлері оқушының сөздік қорының молайып, қазақша жетік сөйлеуін
қалыптастырады, мәтіннің лексика-семантикалық негізін, мазмұнын түсінуге
мүмкіндік береді.
Мәтіннен кейінгі жұмыс. Мәтін оқылған соң, оқушының мәтіннің
мазмұнын түсінгенін бақылау мақсатында мынадай интерактивті тәсілдер
орындалады: сұрақ-жауап жаттығулары, дифференциалды мазмұндау, мәтінге
жағдаят құру, мәтінге ұқсас әңгіме құру, диалог құру, мәтін мазмұнын кеңейтіп
және жалғастырып әңгімелеу. Оқылған мәтін жаңа мәтін құруға негіз болады.
Көркем шығарма мәтіні бойынша хабарлау мәтіні, суреттеу мәтіні, талқылау
мәтінін құруға болады.
«Интервью» жұптағы сұқбаттасушы берілген
сұрақтарға байланысты бір-бірімен ақпарат алмасады, содан кейін кезектесіп
алмасқан ақпарттарын басқа қатысушыларға айтып береді.
«Қисынды тізбек».
Әр оқушыға сөз, сөз тіркесі жазылған қағаз таратылады. Мұғалім таратылған
35
қағаз иелеріне қағаздағы сөздер бойынша бір-бірімен қатысым арқылы
логикалық тізбек құрастыруға тапсырма береді. Тізбек құрастырылып болған
соң топтағы қатысушылар әрқайсысы сөйлемдерін оқып, толық әңгіме мәтінін
құрайды. Жоғарыдағы аталған әдістерден басқа рөлдік ойындар мен драмалау
әдістерін қолдану да пайдалы. «Рөлдік ойындар нақты қатысым әрекеттерін
дамытуға, мотивация туғызуға түрткі болуға, ынтымақтастықты дамытуға
мүмкіндік береді. Ойын-драмалау оқушылардың бейнелі, мәнерлеп сөйлеуін
дамытуға көмектеседі» [22]. Оқушыларды оқылымға үйрете отырып мәтінге
дейінгі, мәтінмен, мәтіннен кейінгі жұмыс түрлерін тиімді пайдалану нәтижеге
қол жеткізеді. Оқушының тілдік қатысым мен ептілігін дамытып қана
қоймайды, олардың қиялын, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін де
ұштайды. Сөйлесім әрекетінің оқылым бөлігінде мәтінді меңгергенін тексеру
мақсатында тест тапсырмалары түрлерін де беруге болады. Бұл мәтінді оқу
арқылы қабылдауға, түсінуге, оқу жылдамдығын дамытуға, таныс емес сөздер
мен сөз тіркестерінің мағынасын әртүрлі белгілеріне қарай таба білуге,
контекстік, логикалық түсінуге төселдіреді.
Жазылым – тіл үйренудің лингвистикалық ерекшеліктерін игеруді қажет
ететін, күрделі тілдік құбылыс. «Жазылым әріптің, сөздің графикалық таңбасы
арқылы іске асады, жазылымда сөйлесім әрекетінің барлық түрі қатысады, тіл
үйренуші сөйлемнің мазмұн-мағынасына ғана емес, формасына да көңіл
аударады, қағаз бетіне түскен материалдың түсінікті, жүйелі болуына тікелей
байланысты жүзеге асады», - деп тұжырымдалған [15]. Демек, оқушының өз
пікірін толық жаза білуі, тілдің графикалық, орфографиялық дағдыларын
қалыптастыруы, сауатты жазуға машықтану. Жазылымды меңгертудегі
интерактивті әдістердің бірі – тілдік жаттығулар болып табылады. Зерттеушілер
тілдік жаттығуларды тілдік және қатысымдық деп бөліп көрсетеді: «Тілдік
жаттығулар тілдік бірліктерді фонетикалық, лексикалық, грамматикалық
заңдылықтарға сәйкес меңгертуге бағытталады. Қатысымдық жаттығуларде
берілген сурет бойынша сөйлем, мәтін құрастыру, аяқталмаған сөйлемді аяқтап
жазу, сөздерді басқа сөздермен алмастыру, орны алмасқан сөздерді жүйелі құру
сияқта тапсырмалар қамтылады» [23]. Тіл үйрету барысындағы жаттығулар бір-
бірімен байланысты жеңілден ауырға қарай сатылап орындалғаны жөн.
Жазылымды дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі етіп берілсе, оқушының
ойын дәлелдей жеткізіп, сауатты жазуға төселдіреді. Сондай-ақ жазылымды
дамытуға арналған жұмыс түрлеріне берілген тақырыпқа шығарма жазу, хат
жазу, оқыған материалынан қысқаша резюме жазу, эссе жазу сияқтылары
кіреді. Қазіргі уақытта күнделікті сабақта аудио, бейне құрылымдарды
пайдалану айтарлықтай нәтижелер беріп келеді. Эссе бір тақырыпқа
байланысты өз ойын пайымдап жазу болса, түрлі аудио, бейне таспалар арқылы
бейнефильмдер үзіндісіне пікірін жазғызу, диктордың оқыған мәтінінен негізгі
ойды тауып жазу сияқты тапсырмалар арқылы жазылым дағдысын дамытуға
болады. Эсседе оқушы белгілі тақырып немесе проблемалық сұрақ төңірегінде
ойлануға, өз пікірін, қорытындысын сауатты жазып шығуға дағдыланады.
36
Жазылымда оқушының тілді білу деңгейіне сәйкес мынандай тапсырма
түрлерін беруге болады:
1-
тапсырма. Коммуникативтік талапқа сай аудиомәтін тыңдау
арқылы шығармашылық диктант жазыңыз.
Қабанбай жастайынан жаудың қатыгездігін көзімен көрді. Жеті жасқа
келгенде әкесі Қожағұл батыр жау қолынан қаза табады. Он бес жасқа толғанда
ағасы Есенбайды да қалмақтар далада өлтіріп кетеді. Жастайынан жаудан
көрген жауыздық қайсар баланың жүрегіне кек болып қатты. Соған шыдай
алмай жауға аттанбақ болғанда, қасына ешкім ермейді. Еліне өкпелеп,
ызаланған жас батыр жауға жалғыз барады. Тұтқында түйе бағып жүрген
қырғыз баласының көмегімен қалмақтың ел шапқыш батырлары Олже Жырғыл
мен Арсаланды өлтіріп, кегін қайтарады. Бала кезінде денесі ірі, тұлғалы
Ерасылды жеңгелері «нар бала» атайды. Жездесі батылдығына сүйсініп,
«Қабан» атап кетеді. Ержете келе жойқын күшімен, қайтпас қайсарлығымен
танылған батырға Қабанбай есімі беріледі (Н. Толыбаев) (95 сөз).
2-
тапсырма. Диктант мәтініндегі мәселеге байланысты берілген
сұрақтарға сүйене және байланыстыра отырып, жазбаша түрде өз
пікіріңізді баяндаңыз. Мәтіндегі сөйлемдерді сөзбе-сөз жазуға болмайды.
Сөздердің баламасын тауып, дұрыс байланыстыра жазу талап етіледі.
1.
Қабанбай деп кім атаған?
2.
Қабанбай жастайынан нені көреді?
3.
Қабанбай жаудан кегін қалай қайтарады?
Сонымен, оқушыларды сөйлем әрекеттерінің түрлері арқылы тілді еркін
түсініп, сөйлеуге, сауатты жазуға, өз пікірін, көзқарасын жеткізе білуге
төселдіреміз. Тілші-әдіскерлер сөйлесім әрекетінің түрлерін (айтылым,
тыңдалым, оқылым, жазылым, тілдесім) кешенді түрде қолданғанда ғана тілді
оқытудың тиімділігі артатынын, жақсы нәтижеге қол жеткізу мүмкін екендігін
көрсетеді.
37
4.3 Интерактивті оқыту технологиясының моделі
Интерактивті оқыту технологиясының моделі: проблемалық шығарма
әдістері, презентация, пікірталас, топпен жұмыс, миға шабуыл әдісі, сыни
тұрғысынан ойлау әдісі, викториналар, мини зеттеулер, іскерлік ойындар,
рөлдік ойындар, тренинг т.б.
Шығармашылық жұмыс – оқушылардың ойлау қабілетінен, ақыл-ой
және іс-тәжірибесінен туындайтын оқу, тану әрекеті. «Шығармашылық» сөзінің
төркіні «шығару», «іздену», «ойлап табу» деген ұғымдарды білдіреді. Демек,
бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсені ойлап табу, жетістікке қол жеткізу
дегенді білдіреді. Шығармашылық тапсырмаларды оқушының қабілетіне, пәнге
деген сүйіспеншілігіне байланысты оқуға қойылатын талаптарды басшылыққа
ала отырып жүргізген жөн. Шығармашылық тапсырма кез келген интерактивті
әдістің негізін, мазмұнын құрайды. Шығармашылық тапсырмалар (әсіресе
практикалық, оқушы өміріне жақын) оқушылардың қызығушылығын
арттырады. Өзінің жеке тәжірибесіне, әріптесінің, досының тәжірибесіне
сүйене отырып, өз тарапынан белгісіз нәрсенің шешімін табу оқу үдерісіне
қатысушылардың ынтымақтастығының, қатынасының іргетасын қалауға
мүмкіндік береді. Шығармашылық тапсырмаларды таңдаудың өзі мұғалім үшін
шығармашылық тапсырма болып табылады. Шығармашылық тапсырмалардың
белгілері мынандай:
–
жауаптың немесе шешімнің бір мағыналы болуы; – оқушы үшін пайдалы
және оның өмірімен байланысты болуы; – оқушылардың қызығушылығын
туғызатындай болуы; – оқыту мақсатына барынша қызмет етуі.
Егер оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланбаған болса,
алдымен жеңіл, қарапайым жаттығулармен жұмыс жасап, содан кейін біртіндеп
жаттығуларды күрделендіруге болады.
Пікірталас. «Дискуссия» термині латынның «discussio» (талқылау,
зерттеу) сөзінен шыққан. Дискуссия интеракивті оқыту әдісі ретінде Батыстың
оқу орындарында табысты қолданылып келеді. Соңғы жылдары біздің де білім
беру жүйемізде кеңінен қолданыла бастады. Пікірталас - талас түрі, нақты
проблема төңірегінде пікір алмасу, яғни оның аясында өзара келісіп шешу
мақсатында қандайда бір мәселе қарастырылады, зерттеледі, талқыланады. Бұл
–
өз көзқарасында тұруға, басқаларды тыңдай білуге үйрететін белсенді тәсіл.
Ереже бойынша, пікірталасқа қатысушылардың талқыланатын мәселе бойынша
білімі болуы керек және олардың шешім қабылдауға немесе қай шешімді
қабылдау жөнінда ұсыныс айтуға толық құқығы бар. Көп жағдайда
пікірсайыстың тақырыбы қатысушылардың дайындалуына мүмкіндік
беретіндей ол басталмай тұрып алдын ала белгілі болады. Таластың басқа
түрлеріне қарағанда пікірталас өзінің мақсаттылығымен және қолданылатын
құралдарымен ерекшеленеді. Кез келген пікірсайыстың мақсаты –
қатысушылардың талқыланған мәселе бойынша келісімге келуі. Оның нәтижесі
объективті түрде пайымдау, яғни барлық қатысушылардың немесе
қатысушылардың көпшілігінің қолдауымен шығарылады.
Әдетте пікірталас кезінде ойлау арқылы оппонент пікіріне жауап туады,
38
сондықтан әртүрлі ойдан пікірталас туындайды. Немесе керісінше, айтыс-
тартыстардан ой туады. Пікірталас сонымен бірге оқу материалын саналы түрде
меңгеруді қамтамасыз етеді. Пікірталас әдісі сабақтың топтық түрінде қолданы-
лады. Пікірталас оқушылардың алдын ала дайындығын қажет етеді. Бұған
оқушылардың терең білімімен қатар, олардың өз ойын жеткізе білуі, сұрақтар-
ды нақты қоя білуі, дәлелдер келтіре білуі де қажет. Оқу пікірсайыстары
оқушылардың сол тақырып аясындағы білімдерін кеңейтіп, сөздік қорларын
молайтады, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.
Шағын топтармен жұмыс. Бұл барлық балаларға (тіпті ұялшақ балаларға
да) жұмыс түрлеріне қатысуға, ынтымақтастық, тұлға аралық қатысым (белсене
тыңдай білу, туындаған қайшылықтарды шешу, ортақ пікірге келу) дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұлардың үлкен ұжымда мүмкін болмауы
жиі кездеседі. Шағын топтардағы мозаика, жарыссөз т.б. сияқты жұмыс түрлері
–
интерактивті әдістердің ажырамас бөлігі. Сонымен қатар шағын топпен
жұмыс көп уақытты қажет етеді.
Топтық жұмыстарды оқушы мәселені өз бетімен шеше алмаған жағдайда
бірігіп шешу мақсатында пайдаланған дұрыс. Топтық жұмыстарды асығыс
бастауға болмайды. Егер өзңіздің немесе оқушылардың тәжірибесі болмаса,
алдымен жұпты ұйымдастыруға болады. Шағын топта жұмыс істеуге қабілеті
төмен оқушыларға ерекше көңіл бөлу керек. Оқушы жұппен жұмыс істеуге
икемделсе, үш оқушыдан құрылған топпен жұмыс істеуге көшіңіз. Топтың өз
бетімен жұмыс істей алатынына көзіңіз жетсе, біртіндеп басқа оқушыларды
қосыңыз. Шағын топ мүшелерінің санын бес адамнан асырмауға тырысыңыз.
Тәжірибелі әдіскерлер топты әртүрлі, яғни күшті, орташа, әлсіз оқушылардан
құруды ұсынады. Мұндай топтарда шығармашылықпен ойлау және пікір
алмасу қарқынды өрбиді. Оқушылар уақытының көбін өз көзқарастарын білдіре
отырып, мәселені бүге - шігесіне дейін талқылауға жұмсайды және мәселені
жан-жақты қарастыруға машықтанады. Мұндай топтарда қатысушылар
арасында неғұрлым сындарлы қарым-қатынас орнайды.
Миға шабуыл әдістемелік тәсіл ретінде фактілік материалдармен жұмыс
істегенде бар білімдерін белсендіру мақсатында қолданады. Бұл әдістің атауы
басқару жүйесінде және ғылыми зерттеу саласында дүниеге келді. Ол
экономикалық басқару қызметінде, менеджментте кеңінен қолданылады.
Мамандардың күрделі мәселенің жауабын іздеу барысында ойына келген
идеяларды, болжамдарды, жорамалдарды, кездейсоқ ұқсастықтарды (аналогия)
қарқынды жеткізуі негізінде туындаған. Яғни, «миға шабуыл» әдісі – туындаған
мәселені шешу үшін аз уақыт ішінде жеткілікті ұсыныстар жинау. Миға
шабуылдың негізгі ережесі бойынша, басқарушылар және бағынушылар
болмайды, қатысушылардың тарапынан айтылған нәрселер талқыға
салынбайды, сыналмайды, керісінше кез келген идеяларын айтуға мүмкіндік
жасалады. Мұндай психологиялық бостандық өзін барынша емін- еркін ұстауға,
ыңғайсыз жағдайға қалудан, күлкілі, ақымақ боламын деуден қорықпауға
мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда небір төтенше идеялар туады. Әртүрлі
мазмұндағы идеялар неғұрлым көп болса, соғұрлым мақсатқа жақындау
мүмкіндігі мол болады. Қатысушылар өз ойларын қысқа және жүйелі түрде
39
жеткізуге тырысуы қажет. Сабақ барысында қатардан тыс ұшқыр ойлар да
қабылданады. Кез келген ойды дамытуға, кеңейтуге болады. Айтылған ойлар
кілттік сөздер немесе фразалар арқылы белгіленіп жазылады. Олардың көбі
мұқият талдаудан кейін сұрыпталып, күтпеген жерден аталмыш проблеманың
шешілуіне қажетті нәрсенің табылуы мүмкін. Таңдап алынған тақырып
төңірегінде оқушылар өз ойларын ортаға салу арқылы жүйелі сөйлеуге
дағдыланады. Сонымен қатар бұл әдіс өз ойын көпшілік алдында айта
алмайтын оқушыларға көмектеседі.
Сыни тұрғыдан ойлау әдісі. Бұл әдістің мақсаты – жаңа буын
оқулықтарының талаптарын жүзеге асырып, оқушылардың білім деңгейін
көтеру, оларды шығармашылыққа баулу, ойларын еркін айтуға, кез келген
мазмұн, түсінікке сыни тұрғыдан қарап, дұрыс шешім қабылдауға
дағдыландыру. Сонымен қатар көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен
қажеттісін алуға үйретеді. Бұл технологияның бірінші кезеңі оқушының
бұрынғы білетінімен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан сабақта
қарастырылатын мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын
анықтаудан басталады. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш
арқылы әсер ету жүзеге асады. Екінші кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен
танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз
бетімен жұмыс жасап, белсенділік танытуына жағдай жасалады. Үшінші
кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда,
қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді.
Сын тұрғысынан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
1) Сын тұрғысынан ойлауға үйрету үшін уақыт керек.
2) Оқушыларға ойланып толғануға, ойын анық айтуға рұқсат беру.
3) Қиялын дамыту үшін «менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру.
4) Әртүрлі жауапқа бірдей қарау, жақсысын мадақтап, нашарын сынамау.
5) Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауапты соңына дейін тыңдау.
6) Жауап беруге тілек білдірмеген баладан өз еркінсіз қинап сұрамау.
7)
Баланың дүниетанымының кеңейіп, рухани өсуіне әр сабақта жағдай жасау.
8) Жеке тұлға ретінде «мен» деген рөлін көтеру, өз пікірін қалыптастыру.
Сыни тұрғыдан ойлаудың жаңа идеяларды ұсынуда және жаңа
мүмкіндіктерді көруде, мәселелерді шешу кезінде маңызы зор. Сыни тұрғыдан
ойлай білетін адам сұрақ та қоя біледі.
Ойын – интерактивті оқытудың құралы. Мұғалімді толғандыратын
мәселелердің бірі – баланың оқуға, білімге деген деген тұрақты
қызығушылығын қалай дамытуға болады деген мәселе. Әсіресе төменгі сынып
оқушыларының қызығушылығын кейде бағалау кейде мадақтау арқылы
оятамыз. Алайда бұл мотивтердің де шегі болады. Сондықтан мұғалім
танымдық қызығушылығы негізінде оқушының оқу мотивациясын
қалыпастыруы қажет. Сабақта ойын әдістерін пайдалану балалардың бір- біріне
деген ықыласын туғызады. Ойын әр баланың өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Олар ойын ережелеріне зер салуға және оның орындалуын қадағалауға
үйренеді. Сонымен қатар ауызша сөйлеу дағдылары, шығармашылық және
ойлау қабілеттері дамиды. Оқушының әрекеті өзіне ұнауы тиіс. Ойын сабақты
40
қызықты әрі тартымды өткізуге көмектеседі. Өздерін бір-бірімен тең дәрежеде
сезіну, ойынға берілу балаларға ұялшақтықты, еркін сезіне алмаушылықты
жеңуге, психологиялық кедергілерден, шаршаудан арылуға мүмкіндік береді.
Ойын элементтерін сабақтағы кез келген әрекет түрінде пайдалануға болады,
сонда ең көңілсіз сабақтың өзі тартымды сабаққа айналады. Ойынның адам
үшін төрт түрлі маңызды қызметін атап көрсетуге болады:
–
мотивациялық-қажеттілік саланы дамыту; – еркін мінез-құлықты дамыту;
–
ақыл-ой әрекеттерін дамыту; – таным құралы.
Ойын түріндегі жаттығулар өзінің мазмұны, тағайындалуы, ұйымдастыру
және өткізу тәсілі, материалдық жабдықталуы мен қатысушыларының саны
жағынан түрліше болуы мүмкін. Ойын тәсілін қолдану қажетті дидактикалық
материалдарды дайындау үшін қаншама күшті, уақытты қажет етеді, бірақ оң
нәтиже береді. Ойын тәсілдеріне мысал келтірейік. Сергіту ойындары жеңіл
және балалардың құмарлығын жылдам оятады. Бұған орындау барысында
мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында іскерлік қарым - қатынас
орнататын ойын-тапсырмалары жатады. Бұл жаттығулар балалардың бір
әрекеттен келесі әрекетке өтуінің көпірі іспеттес.
Лексикалық ойындар - карточка арқылы берілетін ойындар, жұмбақтар,
сөзжұмбақтар. Сонымен қатар «Сөзді тап», «Мақал мәтел құрастыр» сияқты
ойын түрлерін беруге болады. Қарама-қарсы сөздерді, мағынасы ұқсас сөздерді
атау, фразаны аяқтау, тақырыпқа байланысты сөздер табу т.б.
Фонетикалық ойындар - жұмбақтар, ұқсастырулар, жарыстар т.б.
Коммуникативтік ойындар. Бұл ойын түрлері ойынға қатысушыларға
тілдің қарым-қатынас құралы екенін сезінуге мүмкіндік береді.
Сюжеттік-рөлдік ойындар оқушылардың жас шамасына қарай
қызығушылықтарын ескеруге мүмкіндік береді, олардың әрекетінің мәнін
кеңейтіп, диалогтік қатысым жасаудың тиімді құралы болып саналады.
Дидактикалық ойындар балалардың айналасындағылар туралы
түсініктерін жүйелеуге, кеңейтуге, тереңдетуге, қызығушылықтары мен
қабілеттерін дамытуға бағытталған.
Дидактикалық ойындарды ұйымдастыру мен өткізудің жалпы ережесі:
•
Ойын балаларға қуаныш әкелуі керек. Баланы мәжбүрлеп ойнатуға
болмайды, өз еркімен ойнайтындай жағдай туғызу керек.
•
Ойынды ұйымдастыруда ойын барысында өзгертпейтіндей қатаң
ережелер мен ойын әрекеттері белгіленеді.
•
Ойын кезінде қысылып қымтырылмайтындай жағдай жасау керек,
баланың белсенділігін тежеуге болмайды.
•
Ойын барысында ертегілерді пайдаланған жөн. Тақпақтар, өлеңдер,
«сиқырлы таяқ» сонымен қатар ойынға өзгешелік, мерекелік көңіл-күй беретін
нәрсенің бәрін пайдалануға болады.
•
Ойын соңында балаларды бағалау, марапаттау керек, ұжым болып ойын
әрекетін талқылаған да дұрыс. Ойынды өткізу үшін педагогтың тәжірибесі мен
шеберлігінің маңызы зор: ойынға барлық балаларды тарта білуі, белсенділігі
төмен балаларды сергіте білуі, қажет болса көмек көрсетуі,
41
қызығушылықтарын қолдай білуі керек.
Әрекеттің екі формасын – ойын мен оқытуды біріктіре отырып, педагог
ойынның өзіне тән сипатын (қуаныш пен рахаттану) сақтауға тиіс. Сонымен
бірге балалардың бойында білім мен шеберлікті, дағдыларды қалыптастыруға,
танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамытуға, тұлға ретінде
қалыптастыруға қол жеткізуі тиіс. Ойын нәтижеге қол жеткізгенге дейін, яғни
соңына дейін ойналуы керек. Бұл мұғалім үшін – балалардың даму көрсеткіші,
ал оқушы үшін – олардың жетістіктері, рахат сезімге бөленуі ғана емес, рухани
қанағаттануы, мақтаныш сезімі, абыройы, өз күштеріне сенімі. Ойын мұғалім
мен оқушылар арасында шиеленістерді болдырмай, серіктестік қатынасты
нығайта түседі.
Достарыңызбен бөлісу: |