Қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр: Зат есім



бет12/20
Дата19.04.2023
өлшемі58,46 Kb.
#84056
түріДерексіз
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Байланысты:
Сөз таптары

Суреттеме етістік
Бұл етістіктер жетекші сөз бен көмекші етістіктен құралады. Жетекші сөз етістіктің жалаң я күрделі көсемше, есімше формасында, жалаң есімдер және есім мен етістік араласқан формаларында болады. Бұларға жәрдемші болып көмекші етістік қосылады. Көмекші етістіктердің көбі — е көмекші етістігінің түрленген формасы болып келеді.
Мысалы: барып едім, барған едің, келетін еді, түсінуші едік, ұйықтап кеткен екенмін, кешігіп қалған екенсің, келсе игі едіңдер, мұғалім едіңіздер, жас екен; бармақ болды, келмек екен, жазатын болды, келетін көрінeді т. б.
Тұрақты етістік
Бұл етістіктерге лексикаланған, идиомаланған тіркестер жатады.
Мысалы: опық жеді, таяқ жеді, құр қалды, бас қойды, ауыз жаласты, арам тер болды, қырғи қабақ болды, бетке шіркеу салды, жан алқымға алды, ауыз салды, көз салды, жек көрді, жанын қияды т. б.
Етістік формалары
Етістік формаларының жүйесі төмендегі грамматикалық категорияларға бөлінеді:

  1. Етістік негізі.

  2. Қимыл атауы категориясы.

  3. Салттық және сабақтылық категориясы.

  4. Етіс категориясы.

  5. Болымдылық және болымсыздық категориясы.

  6. Амалдың өту сипаты категориясы.

  7. Есімшелер категориясы.

  8. Көсемшелер категориясы.

  9. Рай категориясы.

  10. Шақ категориясы.

  11. Жіктік, көптік жалғауларының шаққа қатысы.

Етістіктердің мағыналары[өңдеу]
Етістіктерді іштей бір-біріне мағына жағынан жақындықтарына, өз ара функция жағынан орайластықтарына қарай топ-топқа бөлуге болады:

  • амал-әрекет етістіктері (босат, көтер, күрес, ки, сыз, өлше т. б.);

  • қимыл-қозғалыс етістіктері (ауна, аудар, домала, жыт, қаш, секір т. б.);

  • қалып-сапа етістіктері (жат, жантай, тұр, тос, күт, ұлғай т. б.);

  • ойлау-сөйлеу етістіктері (айт, сөйле, де, ескер, жатта т. б.);

  • өсу-өну етістіктері (балала, жапырақта, гүлде, өс, өн т. б.);

  • бағыт-бағдар етістіктері (бар, кел, кет, қайт, әпер, әкет т. б.);

  • көңіл күйі етістіктері (жыла, қайғыр, өкін, күл, қуан т. б.);

  • бейнелеу-еліктеу етістіктері (жарқыра, күркіре, дүркіре, тарсылда, сыртылда, сырқыра т. б.);

  • дыбыс-сес етістіктері;

  • көру-есту етістіктері;

  • мінез-құлық етістіктері

деген сияқты әлденеше топқа бөліп, саралауға болады.
Сондай-ақ, сыртқы түр-тұрпат ұқсастықтарына немесе мағына-мазмұнын алшақтықтарына қарай оларды

  • омоним естістіктер,

  • синоним етістіктер,

  • антоним етістіктер

деген тәрізді топтарға да жіктеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет