Қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр: Зат есім


-ла (-ле, -да, -де, -та, -те)



бет11/20
Дата19.04.2023
өлшемі58,46 Kb.
#84056
түріДерексіз
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
Сөз таптары

-ла (-ле, -да, -де, -та, -те)

  • -қыла (-кіле, -ғыла, -гіле)

  • -мала (-меле, -бала, -беле, -пала, -пеле)

  • -ғышта (-қышта, -кіште, гіште)

  • -ыңқыра (-іңкіре, -ңқыра, -ңкіре)

  • -ымсыра (-імсіре, -мсыра, -місре)

  • -ыстрыр (-істір, -стыр, -стір)

  • Екінші тобына өзі жалғанатын етістік негізінің мағынасына амалдың субъектіге қатысын білдіретіндей реңк жамайтын жұрнақтар жатады, олар етіс жұрнақтары деп аталады. Ерекшелігіне қарай, бұл жұрнақтар етіс категориясының арнаулы формалары болып саналады да, етістердің көрсеткіштері делініп танылады.

    1. -ыс (-іс, е)



    2. -тыр (-тір, -дыр, -дір)

    3. -қыз (-ғыз, -кіз, -гіз)

    4. -ыл (-іл, -л)

    5. -ын (-ін, -н)

    Күрделі етістіктер
    Күрделі етістіктердің түрлері:

    • Құрамды етістік

    • Құрама етістік

    • Сараламалы етістік

    • Суреттеме етістік

    • Тұрақты етістік

    Құрамды етістік
    Етістіктің бірінші компоненті (есім) негіз болса, екінші компоненті (көмекші етістік) сол есім сөзді етістікке айналдыратын дәнекер есебінде қызмет етеді.
    Мысалы: жәрдем ет, ән сал, үлгі қыл, қабыл ал т. б.
    Құрама етістік
    Бұл етістіктердің әрбір бөлігінде өзді-өзіне дербес лексикалық мағына бар және әрқайсысының осы мағыналары бір-бірінен кем емес, бір-бірімен парапар я тең түседі.
    Мысалы: алып ал, ала кел, барып кел, бара кел, алып бар, ала бар, алып кет, ала кет, келіп кет т. б.
    Сараламалы етістік
    Бұл етістіктер екі я одан аса етістіктің тіркесінен құралады. Лексикалық мағынасына алғашқы етістік негіз (жетекші) болады да, оған қосылатын көсемшенің жұрнағы (-а, -е, -й, -ып, -іп) мен соңғы көмекші етістік селбесіп жетекші етістіктің мағынасын саралайтындай қосымша грамматикалық мән үстейді. Сарамалы етістік құрамындағы көмекші етістіктердің түрлі-түрлі болуларына қарай және компоненттердің сандары да, өздері де басқа-басқа болуларына қарай, олардың грамматикалық қызметтері де, грамматикалық семантикалары да сала-сала болып, амалдың жүзеге асу я өту сипаттарының әр қилы кезеңі, сатысы сияқты абстракты құбылыстарды білдіреді.
    Мысалы: айтып жібер, айтып жібере қой; айтып жібере жаздап қалды; айтып көр, айта көр, айта сал, айта қой, айтып қой, айта жүр, айта біл, айта түс т. б.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет