Қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр: Зат есім



бет14/20
Дата19.04.2023
өлшемі58,46 Kb.
#84056
түріДерексіз
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Сөз таптары

Туынды үстеулер
Туынды үстеулер деп басқа сөз таптарынан түрлі қосымшалар арқылы, сөздердің бірігу және қосарлану, тіркесу тәсілдері арқылы, сондай-ақ, кейбір сөз тіркестерінің тұрақтануы арқылы жасалған (я үстеуге айналған) үстеулерді айтамыз.Құрылысы мен құрамы жағынан туынды ұстеулер екі топқа бөлінеді: 'жалаң туынды үстеулер мен күрделі туынды үстеулер.
Жалаң туынды үстеулер
Түрлі қосымшалар арқылы жасалған үстеулерді жалаң туынды үстеулер дейміз. Жалаң туынды үстеулерге жалғанатын қосымшалар екі түрлі болады: біреулері жұрнақтар арқылы жасалады да, біреулері әр түрлі жалғаулардың көнеленуі арқылы үстеуге айналды.
Жұрнақтар арқылы жасалатын жалаң үстеулер
Бұлар арнаулы жұрнақтар арқылы жасалады. Ондай үстеу тудыратын жұрнақтар мыналар:

  1. -ша, -ше жұрнағы. Осы жұрнақ арқылы жасалған үстеу мағына жағынан негізінде амалдың қалай я қалайша істелетіндігінің бейнесін білдіреді. Бұл жұрнақ жалқы зат есімдерге де, жалпы зат есімдерге (мысалы: Омаровша, Аманкелдіше, құсша, адамша), олардың жекеше түріне де, көпше түріне де (мысалы: батырша, батырларша) және тәуелді түріне де (көзімше, көзіңше, көзімізше, көзінше т. б.) жалғанып үстеу тудырады.

Осы жұрнақ арқылы кейбір негізгі сын есімнен де (ескіше, жаңаша, басқаша т. б.), туынды сын есімнен де (биылғыша, бұрынғыша) үстеу жасалады; жіктеу есімдіктерінен де (менше, меніңше, сендерше), өздік есімдіктен де (өзімше, өздерінше), кейбір белгісіздік есімдіктерден де (әлдекімше, кейбіреулерше) үстеу сөздер туады.

  1. -лай, -лей (-дай, -дей, -тай, -тей) жұрнақтары. Мысалы: осылай, екіншілей, жастай, жібектей, күздей, қыстай т. б.

  2. -дайын, -дейін, (-тайын, -тейін) жұрнақтары. Бұл жұрнақтар ― -дай және -ын деген қосымшалардан құралған құранды жұрнақтар. Мысалы: Түлкідейін түн қатып, Бөрідейін жол тартып (Махамбет).



  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет