Сапалық сын есімдер
"Сапалық сын есімдер" деп мағынасы жағынан заттың әр алуан сыр-сипатын, атап айтқанда, түрі мен түсін (ақ, қара, сұр т. б.), сыры мен сапасын (жақсы, жаман, тәуір, нашар т. б.), көлемі мен аумағын (үлкен, кіші, ауыр, жеңіл т.б.), дәмі мен иісін (ащы, тәтті, күлімсі т.б.) білдіретін және заттың басқа да қасиет-белгілерін білдіретін сөздерді айтамыз.[1]
Қатыстық сын есімдер
Қатыстық сын есімдер деп бір заттың белгісін басқа бір заттың я іс-амалдың қатысы арқылы білдіретін сөздерді атаймыз.
Осы ерекшелігіне қарай, қатысты сын есімдер тиісті жұрнақтар арқылы басқа есімдер мен етістіктерден жасалады да, заттың сыртқы түрі мен түсіне, кескіні мен келбетіне, сыры мен сынына, ішкі қасиеті мен сипатына, мекен мен мезгілге және басқа да сол сияқты белгілеріне қатысты сындық ұғымдарды білдіреді. Мысалы: Балалы үй базар, баласыз үй мазар (мақал); Өткір пышақ қол кесер (мақал); Бұл - жазғы жайлы қоныс (Мұхтар Омарханұлы Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |