Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру кезінде болатын өзгерістер:
– негізгі өзгеріс төл сөздің тұрлаулы мүшелерінде болады;
– бір жақтың орнына екінші жақ айтылады;
– автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сөйле, сұра, бұйыр деген сияқты етістіктердің бірі айтылады.
Төл сөзді төлеу сөзге айналдыру жолдары:
1. Төл сөздің баяндауышы етістіктің ашық райынан болса, төлеу сөзде ол сәйкес шақтағы есімшеге айналып, оған -дық, /дік жұрнағы, тәуелдік жалғауы және табыс септігі жалғанады да, толықтауыш болады.
2. Төл сөздің баяндауышы етістіктің бұйрық райынан болса, төлеу сөзде ол тұйық етістікке айналып, оған табыс не барыс септік жалғауы немесе туралы, жөнінде, жайында шылауларының бірі қосылып айтылады.
3. Төл сөздің баяндауышы есім сөздерден не тұйық етістіктен болса, төлеу сөзде ол сөзге тіркес екенін деген көмекші етістікайтылады. Төл сөздің бастауышы төлеу сөзде ілік септік жалғаулы анықтауышқаайналады.
4. Төл сөзде белгілі бір жақта тұрған сөз төлеу сөзде автор тарапынан басқа бір жақта тұрып айтылады.
5. Төл сөз сұраулы сөйлем болып, оның құрамында сұрау есімдігі болса, төлеу сөзде сол күйінде сақталады. Егер сұраулы сөйлем -ма/ме сұраулық шылауы арқылы жасалса, төлеу сөзде шылаумен айтылған сөз болымды-болымсыз түрде не антонимтүрінде қосарланып айтылады.
6. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғанда, автор сөзіндегі де етістігінің орнына айт, сұра, ойла, бұйыр, талап ет, ескерт деген сияқты айту,ойлау мәнді етістіктерінің бірі айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |