Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары қандай? қай?



бет5/9
Дата16.04.2022
өлшемі28,35 Kb.
#31214
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сын есім

Төл сөзбен байланысты айтылған сөйлеушінің өз сөзі автор сөзі деп аталады. Жоғарыдағы мысалдағы деген Абай, Айбала... деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды, деп ойлады қарт суретші – автор сөзі. Төл сөз бен автор сөзі «де» көмекші етістігінің деді, деп, деген, дейді, дегендей, дей жаздады, деген екен тұлғасындағы түрінің бірімен байланысады.

 

Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібіне, төл сөзді сөйлемнің хабарлы, сұраулы, лептіболуына қарай төл сөздің тыныс белгілері де әр алуан болады.



 

1. Төл сөз автор сөзінен бұрын орналасса, төл сөз бас әріппен жазылып, тырнақшағаалынады не алдынан сызықша қойылады. Егер төл сөз хабарлы сөйлем болса, соңына үтір, сұраулы сөйлем болса, сұрақ белгісі, лепті сөйлем болса, леп белгісі қойылып, автор сөзінің алдынан сызықша қойылады. Мысалы, «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар деген нәрселермен озады», – деген ұлы Абай. – Бекбергеннің қызын неге алып қашпақ болдыңдар? – деп сұрады үй иесі менен.

 

2. Төл сөз автор сөзінен кейін тұрса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөз не тырнақшаға алынады, не алдынан сызықша қойылады. Мысалы, А. Жұбанов былай деген: «Әр халықтың ана тілі – білімнің кілті». Әйел бір төбенің басына шығып алып былай деді: – Менің атым – әйел, мына қыздың анасымын.



 

3. Төл сөз автор сөзінің ортасына орналасса, автор сөзінен кейін қос нүкте қойылып, төл сөздің алдынан не сызықша қойылады, не төл сөз тырнақшаға алынады да, төл сөзден кейін не үтір, не сұрақ белгісі, не леп белгісі қойылады. Мысалы: Әйтілес қарт: – Аттың құлағында ойнайтын жас кезіміз, – деп бастады әңгімесін.

 

4. Автор сөзі төл сөздің ортасына орналасса, төл сөз тырнақшаға алынып немесе алдынан сызықша қойылып, автор сөзінің алдынан да, соңынан да сызықша қойылады да, төл сөздің екінші бөлігі кіші әріппен жазылады. Мысалы, «Осы бір тегін адам болмаған шығар, – деді Жалпақ балуан, – түнейік осы молаға». 



 

Төл сөздің әрқайсысы жеке сөйлем болып айтылса, бас әріппен жазылып, автор сөзінің алдынан үтір (сұрақ не леп белгісі) мен сызықша қойылып, автор сөзінен кейін нүктемен сызықша қойылады. Мысалы, – Баруын барарсың, елін де шабарсың, – деді Бала би. – Қалыңдықтың қызығына түсіп кетпей, қалың жылқыға да көзіңді сал.

 

5. Бір төл сөздің ішінде екінші төл сөзкелген жағдайда алқашқысының алдынан сызықша қойылып, соңғысы тырнақшағаалынады. Мысалы, – Қазақ халқында «Ұлық болсаң, кішік бол» деген нақыл бар, – дегенді жиі айтатын ол.



 

Сөйлеуші тарапынан өзгеріске ұшырап, біреудің сөзінің тек мазмұнын ғана сақтап жеткізу төлеу сөз деп аталады.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет