Сын есім оның оқыту әдісі
Сын есім — заттың түсін, сапасын, белгісін, күйін, салмағын, көлемін, иісін т.б. қасиеттерін білдіретін сөздер.
Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары – қандай? қай?
Бұл айтылғандар – сын есімнің мағыналық жағы.
Тұлғалық жағынан сын есім негізгі және туынды болып екіге бөлінеді.
Негізгі сын есімдерге – түбір сын есім жатады. Түбір сын есмі жұрнақсыз, басқа сөздермен бірікпей, қосарланбай, тіркеспей, жеке тұрып-ақ сындық мағына береді. Мысалы, көк,сары, кең, жылы, терең, таза, алыс.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Мысалы, 1. Көкпеңбек еріндері қимылдайды. 2. Төбеміз кішкене-кішкене жақпар тастар. 3.Ақ, сары, қара, ала көк, ауыз жолды, көп балалы, жібек көйлекті.
Достарыңызбен бөлісу: |