Қазақ тілінде сын есімдердің сұрақтары қандай? қай?


Төл сөз оны оқыту әдістері



бет4/9
Дата16.04.2022
өлшемі28,35 Kb.
#31214
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Сын есім

Төл сөз оны оқыту әдістері
Төл сөз — бөгде сөздің еш өзгеріссіз, түпнұсқасы сақтала отырып қолданылған түрі. Сөйлемде басқа біреудің сөзі Төл сөз болады да, сөйлеуші не жазушы адамның сөзі автор сөзі болады. 

Төл сөз құрамы жағынан әр түрлі болып келеді, оның жеке сөз не сөйлем болуы да, сондай-ақ бірнеше сөйлемдер тізбегінен құралған тұтас бір мәтін болуы да мүмкін. Төл сөз қандай құрамда, қай мағынада айтылса да, автор сөзімен байланыста болады. Екеуара байланыс Төл сөздің бастапқы құрылымына ешқандай өзгеріс енгізбей, өз дербестігін толық сақтаған жағдайда, де көмекші етістігі арқылы жүзеге асады. 

Төл сөз автор сөзінен өзіндік интонация арқылы ерекшеленеді, сөздердің орын тәртібі еркін болады.[1] Мысалы, 

Құнанбай тыңдап болды да:

Жарайды, айтам деп әкелгенің екен.

Бірталай жерге жеткізіп айттың.

Енді осымен тоқталайық! – деді, (М.Әуезов).

Сөйлеушінің өз сөзінің ішінде біреудің айтқан сөзін дәл сол күйінде, ешбір өзгеріссіз беруі төл сөз деп аталады. Мысалы, «Мал жұтайды, өнер жұтамайды», – деген Абай. Осы сөйлемде «мал жұтайды, өнер жұтамайды»деген Абайдың сөзі ешқандай өзгеріссіз айтылған күйінде беріліп тұр.

 

Төл сөз тек біреудің айтқан сөзі ғана емес, ойлаған ойы, айтуға оқталған сөзі түрінде де беріледі. Мысалы, Айбала: «Еркем», – деп қала жаздап, аузын жиып ала қойды. «Түнімен осы суретті қалайда бітіруім керек», – деп ойлады қарт суретші.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет