Қазақ тіліндегі этнолексиканы зерттеудің
тарихи көздері мен ғылыми негіздері
Этникалық топтардың құрамына кірген тайпалар құрамының
үнемі өзгеріп отыруы, сондай-ақ мейлінше əртүрлі тайпалық
диалектілердің үнемі араласып, өзара ықпал етуі салдарынан ол
топтардың айқындаушы тілдік белгілерінің тым араласып жатқан
сипатта болғанын тіл тарихын зерттеушілер атап көрсетеді.
Дегенмен, тарихшы-ғалымдардың көрсетуінше, VIIІ-Х ғасыр-
ларда, алғашында Ертіс өңірінде көне түрік тілдес көлемді топ –
қимақ-қыпшақ тобы қалыптасса, ХІ ғасырдың басынан бастап,
бұрынғы қимақ-қыпшақ жəне куман тайпалары қоныстанған ау-
мақта əскери-саяси үстемдік қыпшақ хандарының қолына көшкен.
Яғни, қыпшақтар билігінің Арал өңірі мен Сырдария бойындағы
аймақтарына таралуына байланысты этникалық саяси жағдайдың
өзгеруіне қарай ХІ ғасырдың ІІ ширегінің басында «Оғыздар дала-
сы» деген атаудың орнына «Қыпшақтар даласы» (Дешт Қыпшақ)
деген атау пайда болған
1
.
Тарихи зерттеулер қыпшақтар конфедерациясы тайпалық құ-
рамының ХІ-ХІІ ғасырларға қатысты құрылымы өте күрделі жəне
əртекті болғанын барынша айқын көрсетеді. Онда қыпшақ тайпа-
ларымен қоса, түркі тілдес қимақ, куман, печенег, ертедегі башқұрт,
1
Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи Евразии. – С-Пб., 1994; Бар-
тольд В.В. Кыпчаки. – М., 1968. Т.V. – С.550.
209
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
оғыз тайпалары, сондай-ақ иран тілдес этникалық жіктердің түркі
тілдес элементтері жинақталған.
Осымен байланысты «Қазақстан тарихында»: «Тегінде топ-
тасу мен бірігу негізінде туыстас қыпшақ тайпалары одағынан
халық болып ұйысу үрдісі жүріп жатқан болса керек. Қыпшақ
мемлекетіне ұйымдасқан қыпшақтар халықтың қалыптасу саты-
сында бірқатар жағдайларда өздерінің қол астындағы халықты
сіңістіре отырып, кең-байтақ аймаққа таралуға қабілетті болып
шықты», – деп тұжырымдалады [21, 427].
Сонымен, Қазақстан аумағында қыпшақ халқының қалыпта-
суын этникалық аумақ, шаруашылықты жүргізу түрлерінің біртек-
тестігі, қоғамдық қатынастар жүйесі мен тіл бірлігі жəрдемдескен
этникалық-мəдени белгілердің жымдасу үрдісі жеделдете түсті.
Қыпшақтардың əртүрлі этникалық топтармен өзара тығыз іс-
қимылы этникалық қауымдастыққа əсер етті.
Осыған орай «қыпшақтардың саяси салмағының барған сайын
өсе түсуіне байланысты көптеген тайпалар мен этникалық топ-
тар өздерінің біртұтас этносқа жататындығын ұғынып, қыпшақ
этнонимін қабылдады жəне өзін-өзі қыпшақтар деп атай баста-
ды» [21, 428].
Бұл пікірді «Қазақ тілі қашан пайда болды?» деген мəселеге
қатысты тілші-ғалым Ə. Ибатов былай деп сабақтайды: «Моңғол
шапқыншылығына дейін (ІХ-ХІІ ғғ.) бұл конфедерация қыпшақ-
тардың мемлекетінің құрамына кірді де, онда жалпы ортақ тіл
ретінде қыпшақ тілі қызмет етті. Қыпшақтардың тілі ХІІ-ХІV ғғ.
Алтын Ордада ресми жəне əдеби тіл ретінде қолданылды. Кейінірек
Астрахань, Қазан, Ноғай хандықтарының, сонымен бірге Өзбек,
Қазақ одағының тууына байланысты қыпшақ бірлестігі жеке
халықтар тілдеріне ыдырап кетті» [22].
Түркітануда қазіргі мына тілдер түркі тілдерінің қыпшақ то-
бын құрайды деп көрсетіледі: қарайым, құмық, қарашай-балқар,
қырым татары, татар, башқұрт, қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдері.
Түркітануда қыпшақ тілдері үш топқа жіктеліп қарастырылады:
1) Половецтік: қарайым, құмық, қарашай-балқар, қырым татар-
ларының тілі.
2) Бұлғар: татар, башқұрт.
3) Ноғай: ноғай, қазақ, қарақалпақ.
210
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
Қазақ тілін диахрондық тұрғыдан зерттеуші ғалымдар атап
өткендей, қазақ тілі лексикасының қалыптасу, жіктелу барысын
түсіну үшін қыпшақ тілі мен текстерін көрсететін еңбектерді аттап
өту мүмкін емес. Қазақ тілі тарихи грамматикасының негізін салу-
шы зерттеушілердің бірі профессор М. Томанов солардың ішінен
ең негізгілері деп мына шығармаларды атап көрсетеді:
1. Диван-луғат ат-түрік – Махмұт Қашқари
2. Құдатқу білік – Юсуф Баласұғын
3. Терджуман туркий уа ғараби
4. Китаб əл-идрак лилисан əл-атрак – Абу Хайиан
5. Китаб ад-дурра ал-мудия филлуғат ат-туркия
6. Китабу ат тухфати аз-закийя фи-л-луғати ат-туркия
7. Джамал-ад-Дин Абу Мухаммед Абдуллах ат-турки. Китаб-
булгату алмуштак фил луғати ат-турки ва-л кыфчак
8. Ибн Муханна сөздігі. Китабу Хулийат уль-инсан ва хулват
ул-лисан т.б. [23, 8-11].
Сонымен бірге осы еңбектерді зерттеушілердің бəрі де олардың
таза қыпшақ тілінде жазылмағандығын атап өтеді. Атап айтқанда,
қыпшақ тілдері ежелгі түркі тілінің қойнауында дамығандықтан,
ол еңбектер негізінен аралас оғыз-қыпшақ тілінде жазылған деп
есептеледі. Оған, мысалы, 1069 жылы Жүсіп Баласағұн жазып
бітірген түркі тіліндегі ең ескі əдеби ескерткіш «Құдатқу білік»
дəлел бола алады. Осындай ескерткіштерді зерттеуші белгілі ма-
ман Э. Над-жиптің пікірінше, «Құдатқу біліктің» пайда болуының
алдында ұзаққа созылған дайындық кезеңі болған. Сол кезеңде
ұйғыр, қарлұқ жəне басқа тайпалар мен ұлыстардың (олардың
ішінде оғыздар маңызды орын алған) тілдерінің негізінде жазба
түркі тілі қалыптасқан [24, 6].
Бұл поэманың пайда болуы жəне қараханидтердің мемлекеті-
нен де тыс кең таралуы жазба түркі тілінің қалыптасуына жағдай
жасады. Сондықтан да 1074 жылы түркі тілдерінің атақты сөздігі
М. Қашқаридың «Дивану луғат ит-түрктің» жазылып бітуі əбден
заңды. Егер «Құдатқу біліктің» тілі түркі тілдерінің d ~ z тобына
жатса, «Диванда» d ~ j тобына да қатысты лексикалық материал-
дар келтірілген.
Сондықтан да аталмыш сөздіктің баға жетпес деректері түр-
кітануда түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи лексикологиясы-
211
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
ның негізін салды деп бағаланса, «Этнолингвистиканың негіз-
дерін» түсіндіруге арналған еңбегінде профессор М.М. Копы-
ленко: «Өзінің айқын этнолингвистикалық бағыты тұрғысынан
М. Қашқаридың сөздігін Шығыс пен Батыстың еш лингвистика-
лық еңбегі қайталай алмайды», – деп атап көрсеткен [18, 5].
Қазіргі күнге жеткен келесі еңбек – түркі əдебиетінің белгілі
түркі дəруіші Ахмет Яссауидің өлеңдері. А.К. Боровковтың пікі-
рінше, «қарлұқ-ұйғыр тобына (d ~ z) жататын «Құдатқу біліктен»
«Хикметтің» айырмашылығы: оның тілінің негізі – қыпшақ тілі
(-j). Бірақ ол оған оғыз тайпалары мен «Құдатқу білік» заманының
əдеби дəстүрлерінің əсері тиген жоқ деген сөз емес. Бірақ бұл
қарлұқ-ұйғыр тіліне қарама-қарсы басқа оғыз-қыпшақ тілінің
құралуына кедергі келтіре алмады» [25, 247-250].
Осы дəуір ескерткіштерін зерттеген арнаулы зерттеулер, жоға-
рыда көрсетілгендей, шолу түркі əдеби ескерткіштері тілі қа-
лыптасуының алғашқы кезеңінің əртүрлі тайпалар тілінің арала-
сып жатуымен сипатталатынын көрсетеді. ХІV ғасырдан бастап
жазба түркі тілдерінің даму тарихында жаңа кезең басталып, ол
алтынорда-мысыр жəне алтынорда-хорезм екі бұтағына бөлінеді.
Мысыр жері мен Алтын Орда территориясында, атап айт-
қанда, Сырдарияның төменгі ағысында қыпшақ-оғыз тілінде ту-
ған ескерткіштерді салыстыра келіп, Э.Н. Наджип: «Бұл ескерт-
кіштердің тілінің негізі – оғыз тобына кірген бір тілдің, анығырақ
айтқанда, диалектілердің əсеріне ұшыраған қыпшақ тілі. Осы-
лайша, ХІV ғасырда Алтын Орда мен Мысырға ортақ «j» тобын-
дағы қыпшақ-оғыз тілі қалыптасқан», – деген тұжырым жасай-
ды [26, 81].
Бұл уақыттың ескерткіштері – Хорезмидің «Мухаббат намесі»,
Құтыптың «Хұсрау мен Шырыны», Сараидің «Гулистаны» жəне т.б.
Көрсетілген шығармалардың тілдік деректерін тəптіштеп зерт-
теу əдеби тілдердің қалыптасу тарихын, олардың бір-біріне ұқ-
састығы мен айырмашылығын түсінуге, түркі тілдерінің тарихи
жəне ғылыми грамматикасын жазуға, тарихи жəне түсіндірме сөз-
діктерін құрауға, тарихи лексикология мен этнолингвистиканың
негізін жасауға көмектеседі.
Осы саладағы А. Зайончковскийдің, А.К. Боровковтың, А.Н. Ко-
ноновтың, А.М. Щербактың, Э.Н. Наджиптің, Э.И. Фазыловтың,
212
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
Ə. Құрышжановтың, М. Томановтың, Ə. Ибатовтың, Б. Сағындық-
ұлының, Ə. Керімовтің, М. Сабыровтың, А. Салқынбайдың, Ж. Тек-
тіғұлдың, т.б. еңбектері түркітануда лайықты орындарын алды.
Қыпшақ тобының лексикасын салыстыра қарастырған академик
К. Мусаевтың, түркі тілдерінің тарихи фонетикасын, граммати-
касын салыстыра шолып зерттеген профессор М. Томановтың
зерттеулерінде түркі тілдерін салыстыра зерттеудің негізі жасал-
ды деуге болады. Осымен байланысты қазақ тілі лексикасының
қыпшақтық қабатын ажырату жəне анықтау, тектес материалдар-
ды теңестіру, инварианттарды салыстыру, т.с.с. əртүрлі мəселеге
қатысты ғалымдардың істеп жатқан жұмыстары қазақ тілі лек-
сикасын жəне оның қалпына келтіріліп отырған ежелгі мəдени
атауларын даму үстіндегі өлшем ретінде қарастыруға болады деп
топшылауға мүмкіндік береді. Себебі, жалпы қыпшақтық тілдік
модельдердің сипаты тілдің барлық деңгейлерінде де көріне береді.
Бірақ тілдің дамуының сенімді теориясын жасау үшін нақты тілдік
деректер белгілі бір жүйеге негізделген кең түрдегі зерттеулерді
талап етеді. Тек соның негізінде ғана қыпшақ лексикасының жал-
пы түркілік қордан бөлініп шығып қалыптасуы жəне одан əрі қарай
жеке тілдерге ыдырауын айқындай аламыз.
Осы тұрғыдан алғанда қазақ жұртының этногенездік тарихи
көздері мен түркі тілдері жүйесіндегі орнын айқындауға байла-
нысты қыпшақтық негізін тарихшылар белгілеп бергенін жоға-
рыда атап көрсеттік. Дегенмен, қазіргі тіл білімінде тілді зерттеу-
дің кешенді, біртұтастық (концептуалдық) үрдісі ерекше қарқын
алып жатқан кезеңде тарихи деректер мен тіл арқылы сақталған
этномəдениет атаулары дəйекті қызмет атқарып, зерттеу нəтиже-
лерін жаңа деңгейге көтермек.
Атап айтқанда, қазіргі таңдағы зерттеу үрдісі осы уақыттың
ескерткіштері – Хорезмидің «Мухаббат намесі», Құтыптың «Хұс-
рау мен Шырыны», Сараидің «Гулистаны», Махмуд бин Əлидің
«Нахдж əл-Фарадисі» жазба жəдігерліктерін тұтас бір жүйе
ретінде қазақ тілімен сабақтастыра зерттеуімен ерекшеленеді.
Мысалы, зерттеуші М. Сабыров «қыпшақ тілінің мұрагері, жал-
ғасы» деген ұғымдарды, идеяны дəлелдеу үшін Алтын Орда
дəуірі жəдігерліктерінің қазіргі қазақ тіліне қатысы қаншалықты
дəрежеде екенін, орта ғасыр жазба ескерткіштерінің лексикасының
213
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
тұтас жүйесін қазіргі қазақ тілі лексикасымен салыстыра зерт-
теп, ұқсастықтар мен айырмашылықтар шегін, ортақтастығының
ара салмағын, инновациялық сипатын кең көлемде анықтау ар-
қылы байыпты, ғылыми тұрғыдан анықтауды мақсат еткен. Бұл
жолда автордың сүйенгені – терең де жан-жақты теориялық-
əдістанымдық негіздер жəне тұтас жүйе ретінде қарастырылған,
салыстырылған бай көлемді нақты тілдік деректер [27].
Қазақ тілінің тарихи дамуы мен қалыптасуын, сонымен са-
бақтас мəдениетін анықтау барысында қыпшақтық жəне ежелгі
элементтердің көздері ретінде қыпшақ ескерткіштерін қазақ
тілімен сабақтастыра зерттеудің мəні ерекше. Осыған байланысты
ғалымның мына тұжырымы осы тектес зерттеулердің мəнін ашып
береді деп ойлаймыз: «Қазіргі қазақ тілі бастауын сонау ежелгі
түркі заманынан алатын, тарихи сан салалы қат-қабаттардан тұ-
ратын байырғы түркі тілдерінің бірі екені даусыз. Оның əр дəуі-
ріндегі сөз қабаттары халықтың өмір тіршілігін (ерекшелеген
біз – Ж.М.) көрсететін тілдік айшықтар болғандықтан, олардың
даму кезеңдерін анықтау, қалыптасу, өзгеру, даму үрдістерін зерт-
теу тілдің қазіргі сипатын анықтай түсуге сара жол ашады. Қазақ
тілінің сондай бір қабаты – орта түркі тілі, яғни ХІV ғасыр жазба
ескерткіштері. Сондықтан қазақ тілі лексикасының даму жолда-
рын мұрағаттар тілінен оқшау қарастыруға болмайды» [27, 54].
Қазақ тілінің тарихи мəні мен қалыптасу арналарын айқындауға
жол ашатын бұл тектес зерттеулер Қазақстан Республикасының
мемлекеттік «Мəдени мұра» бағдарламаларымен тығыз байла-
нысты нақты нəтижелер деп бағалануы тиіс. Сонымен бірге зерт-
теушінің: «Бұл кезеңдегі мұралардың тілінде оғыз, қыпшақ, ұй-
ғыр элементтері мидай араласып жатыр жəне олар диалектілік
белгілер ғана. Олардың лексикасындағы ортақтықтар мен ұқсас-
тықтар деңгейі 60-70 пайыз болса, айырмашылықтар көлемі 20-
30 пайыздан аспайды. Осындай сəл-пəл ерекшеліктерге бола тұтас
тілді жоғарыдағыдай бірнеше тілге жіктеген Э.Н. Наджиптің
тұжырымы, біздің ойымызша, құптарлық іс емес. Белгілі ғалым-
ның осындай пікірі кейінгі зерттеулерге əсер еткені соншалық,
түркітануда жазба жəдігерліктерді жеке өз ұлтына телу, иемдену
əрекеті өршіді. Мəселен, Қожа Ахмет Яссауидің «Диуани хикме-
тін» бір ғалымдар түркімен тілінде жазылған десе, енді біреулері
214
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
өзбек тілі тарихымен тікелей байланыстыра қарайды» [27, 10]
деген жəне ХІV ғасырда жазылған жазба ескерткіштердің қазақ
тіліне нақты қатысын тарихи сабақтастық негізінде айқындауға
қатысты: «Бұған дейін қазақ тілінің жазба мұрағаттар тіліне
қатысы туралы жалпылама, сипаттама пікірлер айтылған, ендігі
кезекте жазба ескерткіштер тілін тұтас алып, қазақ тілімен салы-
стыру, нақты тілдік материалдарды сөйлету, сөздердің қолдану
өрісіне, мағынасына, дыбыстық ерекшелігіне баса көңіл аудара
отырып зерттеу қажет», – деген [27, 13] тұжырымдарын тіл та-
рихы, мəдени қазына ретіндегі мұраларымызға қатысты жаңаша
сипаттағы көзқарас деп бағалауға болады. Бұл мəселеге қатысты
жоғарыда аталған тұжырымдарын зерттеуші Ə. Құрышжанов,
Ə. Қайдар, Б. Сағындықұлы, Б. Əбілқасымов, Ə. Керімов, т.б. ға-
лымдардың еңбектеріне сүйене отырып негіздейді де, орта ғасыр
ескерткіштерінің дерек көздерінен жинақталған нақты да мол тіл-
дік деректерді қазақ тілімен сабақтастыра салыстырумен дəйек-
тейді.
Осыған байланысты М. Сабырдың еңбегінде тұжырымдалған
«орта түркі тілі» терминін ХІV ғасыр жазба мұраларының тілін
тұтас тілдік жүйе ретінде қазақ тілі лексикасымен сабақтастыра
зерттеудің нəтижесі дейміз. Себебі ғалым академик Н. Сауран-
баевтың: «Қазіргі қазақ тілі көне қыпшақ тілінің жаңа (соңғы) за-
ман кезіндегі жаңа жағдайға байланысты өсіп, өркендеген түрі», –
деген жалпы жорамал сипатта айтылған пікірін М. Сабыр өзінің
зерттеу нысанына сəйкес нақты тарқатып, мынадай қорғау тұжы-
рымын ұсынады: «ХІV ғасыр жазба ескерткіштерінің (НФ, ХШ,
Мн, Г) жазылу уақыты қазақ тілінің ұлт тілі ретінде қалыптасу
кезеңімен сай келеді. Ал аталмыш ескерткіштер лексикасының
өзара айырмашылықтарынан гөрі ұқсастықтары мол, бір жазба
дəстүрге негізделген, сондықтан біртұтас (монолитті) жүйе ретін-
де қазақ тілімен салыстыра зерттеу көптеген тың тұжырымдарға
жетелейді» [27, 19].
Бұл тектес жұмысты əрі қарай дамыту мəселесі қазақ тіл білі-
мінде күн тəртібінен алынған жоқ.
Қазақ сөздеріндегі (соның ішінде мəдени лексиканың) қып-
шақтық жəне ежелгі элементтерді зерттеудің қазақ тілінің тарихи
лексикологиясын дамыту үшін қажеттілігі дау тудырмайды. Оны
215
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
қазақ тілінің тарихи дамуы мен қалыптасуындағы аса құнды ма-
териал жəне көздерінің бірі ретінде қарап, қазақ тіл білімінің ға-
лымдары бұл бағытта елеулі істер атқаруда
1
. Бұл еңбектердің
ғылыми тұжырымдары мен талданып келтірілген тілдік деректері
қазақтың мəдениетін бейнелейтін лексиканың да ұлттық болмы-
сын тануға, этнолингвистикалық табиғатын анықтауға қызмет
ететіні сөзсіз.
Олардың тұжырымдары мен нəтижелерін пайдалана отырып,
жоғарыда көрсетілген мақсат жолындағы қазақ лексикасының та-
қырыптық топтары мен тілдің шегіндегі лексиканы (периферий-
ная лексика) салыстырмалы-тарихи жолмен талдап, олардың
жалпытүркілік жəне қыпшақтық қабаттарын анықтауға, этномə-
дени мазмұнын сипаттауға болады.
Қазақ тіліндегі МЛ-ның тарихи қабаттары
а) Жалпытүркілік қабат
Қазақ тілі лексикасының қалыптасуын тарихи тұрғыдан қа-
растырсақ, қазақ халқы жеке ел болып, халық ретінде қалыптасқан-
ға дейін-ақ халықтың тілдің қалыптасу нышандары, оның тари-
1
Айдаров Г. Язык орхонских памятников древнетюркской письменности. – Алма-Ата,
1971; Курышжанов А.К. Исследования по лексике старокыпчакского письменного па-
мятника ХІІІ в. – Тюркско-арабского словаря. – Алма-Ата, 1970; Ибатов А. Қутбтың
«Хусрау уа Шірін» поэмасының сөздігі. – Алматы, 1974; Сагындыков Б. Сравнитель-
ный анализ лексики тюркоязычных памятников ХІV в. (по материалам «Мухаббат
наме» Хорезми, «Хосров и Ширин» Кутба и «Гулистан бит-тюрки» Сейфа Сараи):
автореф. дисс. канд. филол. наук. – Алма-Ата, 1977; Құдасов С.Ж. Армян жазулы
қыпшақ ескерткіші «Дана Хикар сөзінің» тілі. – Алматы, 1990; Ташауов Ə.С. «Ко-
декс куманикус» тіліндегі соматикалық атаулар жəне олардың лексика-семантикалық
топтары: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1995; Отарбекова Ж.К. «Жами ат-
тауарих» тіліндегі сөзжасам: филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 1997; Убай-
дуллаева Г.Ж. «Мухаббат-наме» ескерткішінің (XIV ғ.) текстологиясы (жəдігерліктің
қазақ тіліне қатысы): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2001; Есбосынов Е.З.
Ескі қыпшақ тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері (Абу Хайиан еңбегі бой-
ынша, XIV ғ.): филол. ғыл. канд. ... автореф. – Алматы, 2006; Кулжанова Б.Р. ХІ-ХІІ
ғасырлардағы түркі əдеби ескерткіштері тіліндегі зат есімдер («Қутадғу билиг» пен
«Һибат-ул хақайиқ» лексикасы материалдары бойынша): филол. ғыл. канд. ... авто-
реф. – Алматы, 2007; Өтегенова Г.Ж. Орта ғасыр жазба ескерткіштеріндегі есімді
тіркестердің жасалуы («Мұқаддимат əл-Əдаб», XIV ғасыр): филол. ғыл. канд. ... ав-
тореф. – Алматы, 2007, т.б.
216
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
хи негіздері мен арналары өз бастауларын көне дəуірден, атап
айтқанда, жалпы түркілік кезеңнен алатынын байқаймыз.
Салыстыра зерттеп барласақ, көне түркі жазба нұсқаларында
байқалатын басты-басты тілдік нормалар мен заңдылықтар қа-
зақ тілінің де негізі болған. Атап айтқанда, сөздік құрам, грам-
матикалық құрылыс, фонетикалық жүйе, негізінен, көне түркі ті-
лінде қалыптасқан.
Бұл жағдайдың ана тіліміздің лексикасының басты саласы –
мəдени лексиканың қалыптасуына да тікелей қатысы бар.
Оның əртүрлі салаларына қатысты қазіргі түркі тілдерінің
бəрінде дерлік кездесетін (дыбыстық, морфологиялық өзгерістерді
есептемегенде) ортақ лексика өз бастауын ата түркі тілінен алады
да, жалпытүркілік қабат құрайды.
Қазіргі қазақ тіліндегі жалпытүркілік қабат түбір жəне та-
рихи туынды сөздерден тұрады. Олардың ата түркі дəуіріндегі
жалпытүркілік ежелгі түрін салыстырмалы-тарихи негізде жаң-
ғырту арқылы байырғы қалпына келтіруге болатыны түркітануда
анықталып отыр.
Жалпытүркілік лексиканың айырмашылығы, негізінен, жоға-
рыда атап көрсеткеніміздей, дыбыстық жəне морфологиялық (құ-
рылымдық өзгерістер) деңгейлерді қамтиды да, семантикалық
тұрғыдан жалпытүркілік біркелкілік сақталған. Қазіргі түркі тіл-
дерінің көптеген грамматикаларының лексика бөлімінде, басқа
да əртүрлі зерттеулерде мəдениетке қатысты жалпытүркілік атау-
лардың сан түрлі саласы көрсетілген. Қазақ тіліндегі олардың
жалпытүркілік қабатын айқындау байырғы (базистік) лексиканың
мағынасы мен құрылымын фоно-морфо-семантикалық корреля-
ция негізінде қатар зерттеу арқылы анықтаудан басталады [28].
Ал, байырғы сөздік қордың фоно-морфо-семантикалық құры-
лымы бірдей емес екендігі белгілі. Сондықтан да академик Ə. Қай-
даровтың үлкен монографиясының көздеген мақсаты – түбір мо-
носиллабтардың фоно-морфо-семантикалық табиғатын ашу. Онда
қазақ тілінің байырғы лексикалық байлығының негізін құрайтын
бір буынды түбірлер-негіздер талданып, сипатталады. Осы кітап-
тың қосымша сөздігінде жеке қолданылатын моносиллабтар ғана
емес, тарихи туынды түбірлерде «сүрленіп» қалған, мағынасы
күңгірттенген «өлі» түбірлер де берілген. Мəселенің бұлайша
217
Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар
қойылуының маңыздылығы əрбір түркі тіліндегі «бір буынды тү-
бір-негіздер бүкіл базистік лексиканың өзегін құрайтындығымен»
түсіндіріледі [29, 11].
Сол сияқты лексиканың номинативтік жəне этимологиялық
қырларының тарихи қалыптасуында дыбысбейнелеуіш сөздердің
де рөлі үлкен екені белгілі. Осы орайда бұл құбылысты арнайы
зерттеген проф. К. Хұсайынның еңбегі оның салыстырмалы талдау
көлемін кеңейтіп, дыбысбейнелеуіш бірліктерді функционалдық
та, тарихи да тұрғыдан қарастырады [30]. Соның нəтижесінде
тілдік фактілердің дыбысбейнелеуіштік тегі анықталып, қазіргі
қазақ тілінің лексикасының дыбыстық, морфологиялық жəне
семантикалық ерекшеліктеріне дыбысбейнелеуіштік құбылыстың
тигізер əсері айқындалған. Осы мақсатта ғалым алғаш рет қазақ
тілі материалы негізінде бір жəне екі буынды түбір-негіздер
деңгейінде дыбыс бейнелеу мəселесін зерттейді.
Сондықтан біз осы жұмыстың мақсаты мен тақырыбына байла-
нысты мəдениетке қатысы бар лексиканың жалпытүркілік қабатын
анықтауда атап көрсетілген еңбектерді ғылыми-əдістемелік негізі
ретінде пайдаланып, тарихи негізін көрсететін «Ескі түркі сөзді-
гінің» деректеріне жүгінуді жөн көрдік. Соның барысында, бірін-
шіден, атап көрсеткеніміздей, көне жазба нұсқаларындағы атау-
лардың қазіргі тілде өзгеріссіз сақталуы көрінеді: altun: altun
kümüš kerjäksiz kelürti «олар алтын мен күмісті көп мөлшерде
жеткізді» [ЕТС, 40]; belbay: altunluy belbayi birlä jiyačqa bayladi
«алтынмен əшекейленген белбеумен ағашқа байлады» [ЕТС, 93];
Достарыңызбен бөлісу: |