түбір дегеніміз синхрондық
тұрғыдан əрі қарай жіктеуге келмейтін, сол сөздің нақты мағы-
насын беретін бөлігі деп саналады. Қазақ тіліндегі əрбір түбір
сөз – өз алдына толық мағыналы жеке сөз, лексикалық бірлік.
Түбір сөздер сол күйінде түсіндірмелі, екі тілді, т.б. сөздіктерге
енеді. Олар ешқандай қосымшасыз тіркесе алады. Мысалы:
көк сия, темір пеш, т.б. Алайда, түркі тілдеріндегі түбірлердің
негізгі ерекшелігінің бірі ретінде көрсетілетін бұл белгілер
түбірлерге емес, түбірсөзге (корнеслово) тəн қасиет. Ал, қазіргі
тіліміздегі түбір сөз деп ұғынылатын көптеген сөздерді жоғарыда
айтылғандай тарихи тұрғыдан түбір мен өнімсіз қосымшаларға
жіктеуге болады. Қосымша морфемасыз ол түбірлер орыс тіліндегі
сияқты толық мағына бере алмайды. Мұндай түбірсөздер тек
қазақ тілінде ғана емес басқа да түркі тілдерінде көптеп кездеседі.
Олардың құрамындағы түбір мен қосымшаның соншама кірігіп,
қазір де бөлуге келмейтін түбір сөз деп ұғатындай дəрежеге
жеткізген қандай себеп деген сұраққа жауап беру оңай емес.
50
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
Біріншіден, бұл жайды түбір ұғымының тарихи сипатымен
түсіндіруге болатын сияқты. Мысалы, ерте кезде са= («санау»), ба=
(«бай-лау»), -қыд= («қыдыру»), т.б. түбір саналу себебі, көптеген
түркітанушы ғалымдардың пікірінше, олардың сол кез үшін толық
мəнді сөз болғанында. Олар тіл тарихының ерте кезеңінде кұры-
лымы қарапайым, сан жағынан шектеулі, ешқандай қосымшасыз
жеке дыбыстардың дыбысталуынан тұрған (С.Е. Малов, В.М. На-
силов, Б.М. Юнусалиев, Х.Т. Нигматов, Ə.Т. Қайдаров, В.И. Ас-
ланов, т.б.). Қазіргі тілімізде бұл қасиет түбірлерде жоқ. Бүгінде
олардың көбі (түбірлер) жалаң түбір ретінде жұмсалмайды, тек
белгілі бір тұлғада ғана қолданылып, өздерімен түбірлес сөздермен
салыстыру арқылы анықталады. Осылайша, көптеген түбірлес
сөздердің бөлшектеуге келмейтін, мағыналық жағынан бəріне
ұйытқы болған ең түпкі бөлшегін теориялық тұрғыдан табуға бо-
лады. Бірақ олар осы қалпында (қосымша морфемасыз) қазіргі
тілімізде жеке сөз ретінде қолданылмайды.
Мысалы:
*аң < аң-ғар=, аң-да=, аң-ды=, аң-ыр=, аң-қау, т.б.
*ел < ел-ті=, ел-ік=, ел-ір=, елгезек, ел-жіре=, елп ету, т.б.
*қор < қор-ға=, қор-ы=, қор-ша=, құр-са=, құрсау, т.б.
*қай < қай-т=, қай-ыр=, қай-ра=, қай=қы, қайсар, т.б.
Бұл – түбір морфемасын түбірлес сөздер парадигмасы бой-
ынша талдау əдісі. Осылайша анықталған түбірлер көбінесе
қосымшалардың пассивтенуінен «сүрленіп», қазірде тек салыстыр-
малы-тарихи əдіс негізінде қалпына келтірілетін, не теориялық
жорамал ретінде белгіленетін тарихи түбірлерге айналған.
Демек, екіншіден, тарихи түбірлердің пайда болуы сөз жасау-
дың морфологиялық тəсілінің тууымен, яғни, түркі тілдерінің
жалғамалық (агглютинациялық) табиғатымен байланысты. Жоға-
рыда атап көрсеткеніміздей, бұл тəсіл тіл дамуының ішкі заңды-
лығынан келіп туған. Егер ең алғашқы түбірлер лексика-грам-
матикалық категория ретінде дамымай, сол күйінде қалған бол-
са, тілдің одан əрі баюы мен жетілуі, сөздердің əр алуан топта-
ры, ұғымды білдірудің лексикалық құралдарының қазіргідей бай-
лығы болмаған болар еді. Соның нəтижесінде түркі тілдерінің
негізгі сөздік қорының семантикалық көлемі мен сөз топтарын
көбейтуде жəне жаңа сөздер жасауға негіз болған семантикалық
51
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
тəсіл арқылы түбір сөздердің сөз тудыру мүмкіндігі кеңейе
түсті. Тіл дамуының келесі кезеңінде түркі тілдерінің тарихын-
да маңызды роль атқарған синкретті түбірлер мен лексика-грам-
матикалық омонимдерді жасау үшін бірбуынды түбірлерге жалға-
натын омоморфты қосымшалардың орнына оған қарағанда, күр-
делірек тұлғалар жалғану үрдісі қалыптаса бастады. Себебі тіл
дамуының лексика-грамматикалық мазмұнының күрделенуі, ке-
ңеюі деривациялық жүйе арқылы түрдің де күрделенуін қажет ет-
ті. Түбір сөздер өздері беретін ұғымның ерекшелігі ашылған са-
йын жаңа мағыналы сөздерге негіз болып, өлі түбірлер ретінде
тарихи туынды түбір құрамында қалып қоя берген. Бұл – түбір
сөздер дамуының қажетті шарты. Сондықтан қазіргі тілімізде
жаңа сөздер жасауға ұйтқы болатын көбінесе «өлі» түбірлер.
Үшіншіден, түбір сөздерді дамуын тіліміздің дыбыстық жүйе-
сінің тарихи өзгерістерінен тыс қарауға болмайды. Үндіевропа
тілдерінде түркі тілдерімен салыстырғанда, фузия құбылысының
жиі ұшырауын олардың жалғамалы емес табиғатымен түсіндіруге
болса, бірақ түркі тілдерінде де флективтіліктің элементтері
кездеседі. Кейбір ғалымдар «өлі» (көбіне бірбуынды) түбірлердің
құрамындағы түбір мен қосымшаның əбден кірігіп, қазір бөлуге
келмейтін түбір сөз деп ұғыуы соның нəтижесі деп қарайды.
Э.В. Севортян жалғамалылық кезеңіне дейінгі (доагглютинатив-
ный период) құрылым, ия, «сөзтудырушы жүйе» деп жалпы атап
өтеді. Қазақ тілінің сөз құрамындағы тарихи фонетикалық өзге-
рістерді зерттеу барысында Б. Сағындықұлы түркі тілдері флек-
сиялық құрылым дəуірін басынан өткізген деп тұжырым жасайды.
Оның дəлелі ретінде келтірілген тілдік деректерді ішкі флексия
қалдықтары деп қарайды. Қазақ тіл білімінде бұл мəселенің проф.
Қ. Жұбановтан басталатыны белгілі. Ғалым түркітанудағы бұл
проблеманы агглютинациямен сабақтас карайды.
Қалай болғанда да, түбір құрылымының сапалық өзгеруіне,
қалыптасуына əсер ететін фонетикалық құбылыстар ерекше көңіл
бөлуді қажет етеді. Атап айтқанда, метатеза құбылысы, белгілі бір
позицияда дауыссыз дыбыстардың түсіп қалуы, т.б. фонетикалық
құбылыстар, түбір құрамын белгілі дəрежеде деформацияға
ұшыратты. Мысалы: сөз~сөйле, бағ~байла, сау~сақай, сойым~со-
ғым, аудар~ақтарт, т.б. Мұндай даму ерекшеліктері қазақ тілі-
52
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
нің өзімен ұялас-тектес жеке тілдерден, тілдер тобынан ерекше-
лену, соның нəтижесінде дербестену жолдары. Оны былай қой-
ғанда, қазақ тілінің фактілерін өзара салыстыру арқылы қазақ
тілінің өзінде мынадай дыбыс сəйкестіктерін айқындауға бола-
ды: жаз~жай, бақ~бау, көр~көз, сый~сық, қызыл~қырмызы,
қыз~қырқын, т.б. Түбірдің морфонологиялық құрылымын тарихи
фонетикамен сабақтас зерттеген проф. М. Томанов бұл процесті
былайша түсіндіреді: «Түбірлердің бірсыпырасы өздерінің бұрын-
ғы дыбыстық құрамын сақтап қалды да, жаңа дыбыстар негізінде
жаңа варианттар қалыптасты. Бірақ тіл элементтерінің даму про-
цесінің нəтижесінде «ескі» мен «жаңа» варианттар дербес мəнге
ие болды да, орнығып қалды».
Сонымен, қазіргі тілімізде көптеген сөздерді біз шартты түр-
де түбір сөз деп қараймыз. Шын мəнінде, олар – өлі түбір мен
қосымшадан тұратын тарихи туынды түбірлер. Ол диахрондық
зерттеудің нəтижесінде анықталады.
Осы орайда негізінен бөлінбейтін етістік түбірлер боп сана-
латын бұйрық рай тұлғасындағы етістіктер ерекше назар ауда-
рады. Ал, бұл түбірлерді диахрондық тұрғыдан қарау олардың
көбінің құрамынан сөз тудырушы қосымшаларды ажыратады. Бұл
қосымшаларсыз ол түбірлер жаңа сөз жасауға негіз бола алмай-
ды. Демек, түркі сөздерінің байырғы түбір морфемасы бір буын-
ды болғанмен, жалғамалылықтың нəтижесінде оның, көбінесе,
екібуындыға айналуы тұрақты құбылысқа айналған. Бірақ екі
буынды түбірлердің қалыптасуын беріде болған құбылыс деп
қарауға болмайды. Түркі жазу ескерткіштерінің ішіндегі ең ежел-
гісі болып есептелетін Енисей жазбаларын зерттеушілердің пі-
кірі бойынша, осы жазбаларда екі буынды түбірлер де белсенді
қолданылған. Сондықтан тілдің тарихи даму барысындағы көне
құбылыс ретінде көптеген тарихи туынды түбірлердің табиғатын
айқындауға көмектесетін екібуынды түбірлердің құрылымын
синхрондық та, диахрондық тұрғыдан да зерттеудің мəні зор.
Ал, осындай деэтимологизацияға ұшыраған екі буынды түбір
сөздерді талдаудың, олардың құрамындағы «өлі» түбірлерді
«тірілтудің» (реконструкция) жолдары мен тəсілдері қандай?
Біріншіден, түбірдің ұзарып, ия морфологиялық элементтерінің
кіріккенін анықтау үшін, оның жалаң, ежелгі вариантын табу
53
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
қажет. Оны ескітүркі ескерткіштерінің материалдарынан, ескі-
түркілік қасиетін көбірек сақтаған алтай, чуваш тілдерінен кездес-
тіреміз. Мысалы, ескітүркі сөздігінде са- (санау), кыд- (қыдыр),
мақ- (мақ-та), т.б. деп қолданылған. Сол сияқты қазіргі алтай
тілінде ит- (итер), тоз- (тозаң), тақ- (тақыр), т.б. Чуваш тілінде
қай- (қайт), жал- (жалын), т.б. фактілер сақталған. Бұл тəсіл тіл
білімінде сыртқы қалпына келтіру (реконструкция) тəсілі деп ата-
лады.
Осы сияқты ешқандай қосымшасыз жеке сөз ретінде қолданы-
латын жалаң түбірлердің саны ескерткіштерде де, реликтілік құ-
былыс ретінде кейбір қазіргі тілдерде де көп емес. Оған себеп –
бұл жазбалардың өзі ежелгі уақытты бейнелеген ескерткіштер
емес екендігі. Бұл ескерткіштердің зерттелуіне үлкен үлес қос-
қан ғалым С.Е. Малов ең ежелгі деп саналатын Енисей жазба-
ларының өзін V ғасырға жатқызады. Мазмұны жағынан басқа-
лармен салыстырғанда ең байырғы болып саналатын Орхон ес-
керткіштерінің өзі VIII ғасырға жатады. Қазіргі тіліміздегі бір
буынды түбірлер сəл фонетикалық айырмашылығы болмаса, ес-
керткіштерде сол күйінде кездеседі. Мұның өзі түбір сөздердің
морфологиялық, фонетикалық, семантикалық ыңғайдағы өзгеріс-
тері негізінен Енисей, Орхон, ұйғыр ескерткіштерінің жазылу
кезеңіне дейін болғанын көрсетеді. Көбінесе, ескерткіштер тілінде
түбір екі тұлғасында да (еш қосымшасыз, қарапайым ежелгі түрі,
қосымша жалғанған жаңа түрі) берілген: са-, сан – «сан», сана; -
ө – «ойлау», өг – «ой», т.б. Бұл екі форманың біразға шейін қатар
қолданылғанын көрсетеді.
Екіншіден, осы орайда «өлі» түбірлерді анықтаудан да оған
жалғанған қосымшаларды айыру əлдеқайда жеңілірек. Яғни,
мұндай түбірлерді тек өздеріне ұқсас сөздердің құрылысы бой-
ынша ортақ сөз тудырушы модельдерін салыстырып, теориялық
жолмен ғана қалпына келтіруге болады. Ол үшін кез келген
үлгідегі, сол арқылы жасалған екі буынды түбір құрамынан өзара
ұқсас, тектес əрі мағыналас грамматикалық тұлғалар түбір мен
тұлға жалғасқан жігінен бөліп алынады. Бұл əдіс тіл білімінде
морфемасы бойынша талдау (по-морфемный анализ) əдісі деп
аталады. Мəселен, -ыр/-ір – моделі бойынша жасалған айыр-,
ауыр-, есір-, жасыр-, кідір-, құтыр-, асыр-, қашыр-, бітір-, көшір-
54
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
деген екі буынды етістіктердің құрамынан осы грамматикалық
көрсеткіштің өзін бөліп алсақ, ас-, қаш-, біт-, кеш- деген дер-
бес түбірлермен бір қатарда *ай-, *-ау-, *ес-, *жас, *кід, *құт
түбірлерінің де сөз тудыруға қатысып отырғанын кіріспе бөлімде
атап көрсетеміз. Айырмашылығы – бірінші топтағы түбірлер же-
ке-дара қолданылады да, екінші топтағылар ондай дербестігінен
айрылған, мағынасы біз үшін бүгін де түсініксіз. Бұдан шығатын
қорытынды: бір модель бойынша жасалатын туынды түбірлердің
құрамындағы дербес түбірлер секілді «өлі» түбірлер де бір кез-
де дербес сөз болғандығынан дерек береді. Осылайша тілдік
деректерді тəптіштеп тексере келіп, оларды туыстас тілдердің
жəне жазба ескерткіштерінің материалдарымен салғастырып, са-
ралау барысын да жоғарыдағы екі əдіспен сабақтас үшінші тəсіл
пайдаланылады. Ол түбір морфемасы бойынша немесе бір түбірлес
сөздерді топтап талдау əдісі. Осылай зерттеудің нəтижесінде біз
«өлі» түбір деп санайтын элементтер туыстас тілдер мен жазба
ескерткіштерді былай қойғанда, ана тіліміздің өзінде, түбірлес
сөздердің құрамында өмір сүретіндігін аңғарамыз. Бұл тіл білімінде
ішкі қалпына келтіру (внутренняя реконструкция) тəсілі деп атала-
ды. Бұл тəсілдің тамаша үлгісін академик Ə.Т. Қайдаровтың қазақ
тіліндегі бір буынды түбірлерді зерттеуге арналған еңбегінен
көруге болады. Мысалы: құрға, құрғақ, құрлық, құрма, құрт, т.б.
туынды түбірлері «құр» байырғы түбірінен тарағандығын олардың
арасындағы мағыналық байланыс дəлелдейді. Бұл пікірімізді са-
лыстырмалы-тарихи зерттеу күшейте түседі. М. Қашқари сөздігін-
де: құрыды тон (киім кепті), ескі өзбек тілінде: кұры – «кебу»; татар
тілінде: қору – «кебу»; əзірбайжан тілінде: гуру – «құрғақ», т.с.с.
Немесе, қарғы-, қарма-, қарпы-, қарғын, қарқын түбір сөздерінің
мағыналық ортақтықтары дау туғызбайды. Осы қатар арқылы
теориялық тұрғыдан ажыратылып отырған қар түбірі қазіргі
тілімізде дербес қолданылмағанмен, яғни түбір болмағанмен, орта
ғасырда ол қасиетінің болғанын М. Қашқари сөздігінің материалы
дəлелдейді: Су арықтан қар-ды.
Тілімізде мұндай мысалдарды тізіп айта беруге болады.
Бірақ осы келтірілген дəлелдердің өзі тіл деректерін осылайша
салыстыра-салғастыра қараудың нəтижесінде қазірде түбір деп та-
нылып жүрген түбірлердің құрамынан «өлі» түбірлерді табуға бо-
55
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
латынын көрсетеді. Олай болса, əрі қарай бөлшектеуге келмейтін,
туынды сөз жасауға мағыналық жағынан ұйытқы болған осын-
дай түбірлерді тарихи туынды сөз ретінде ана түбір деп тану тіл
заңдылығына сай келе ме? Тіліміздің даму заңдылығын үйрету
процесінің практикалық мəніне нұқсан келтірмей ме?
Синхрондық тұрғыдан жеке тұрғанда сөздік қабілетке ие бола
алмайтын, тек түбірлес сөздердің құрамында ғана кездесетін,
қосымшасыз мағына бере алмайтын түбірлерді тарихи категория
ретінде қарау тілдің табиғатына қайшы келмейді. Ал, осындай
түбірлердің статусын тарихи тұрғыдан жеке сөз, туынды сөз жа-
сауға негіз болған дербес түбір, морфологиялық құрамы айқын
тілдік бірлік деп анықтауға болады. Олай болса, қазақ тілінде түбір
атаулының бəрін ілкі түбір жəне негізгі түбір деп екі топқа бөліп
қараған жөн секілді. Қазақ тіл біліміндегі аға ғалымдарымыздың
пікірлері де осыған саяды.
Яғни, «өлі түбір» деген ұғым, «тарихи туынды» деген атау-
ларда салыстырмалы түрде шарттылық бар. Осыған орай жалпы
түркі тілдері бойынша бұл тəрізді тарихи туынды түбірлердің
құрамындағы «өлі» түбірлердің саны мен сапасы біркелкі болма-
уы заңды.
Өлі түбір мəселесінің мəнін осыдан жарты ғасыр бұрын (1936 ж.)
қазақ тілі тарихи грамматикасының негізін салушы проф. Қ. Жұ-
банов мектеп мұғалімі Жанғазы Жолаевқа жазған хатында нақты
түсіндіріп берген. Ол 1958 жылы «Қазақ тілі мен əдебиеті»
журналының 2-ші нөмірінде жарияланған: «...Өлі қосымша, өлі
түбір V класқа ауыр соғатын сияқты», – депсіз. Сенбеймін. Менің-
ше, V класқа түбір мен қосымшаны оқытпасаң бала тұрып, ұят,
оян деген сөздердің түбірі қайсысы деп сұраса, не дейсің? Ұят
тұтас түбір десең, ұял болғанда, т-ның орнын л-, оян болғанда -т
келіп н-ның орнын қалай алды демей ме? Сонда, ұят-тың түбірі
өлі ұя; т – есім жасаушы (киіт, құры-т сияқты) өлі қосымша; оят-
тың түбірі – өлі оя; мұндағы -т қара-т дегендегі сияқты өзгелік
етістің тірі қосымшасы деп шыныңды айтқан оңай емес пе?».
Бұл пікірдің түркітану саласының кейінгі жетістіктеріне бастау
болған Ж. Дени, В.В. Радловтардың түбір құрылымына қатысты
пікірлерімен ұштасып жатқанын байқау қиын емес.
56
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
АФФИКСТІК МОРФЕМАНЫҢ МОДЕЛЬДЕРІ АРҚЫЛЫ
ТҮБІР МОРФЕМАНЫ РЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ
Түркі тілдерінде сөз құрылымдық тұрғыдан екі морфема-
дан тұратыны белгілі. Түбір морфемаға түбірлес жəне тарамдық
(парадигмалық) қатардағы сөздерді салыстыру нəтижесінде
анықталатын, бірақ синхрондық тұрғыдан көбіне жіктеуге кел-
мейтін түбірлер жатады. Ал, екінші аффикстік морфемаға соларға
жалғанатын тұлғалық бірліктер жатады да, деривациялық қатар
құрайды.
Шын мəнінде, «түбір» ұғымына статикалық сипат тəн болға-
нымен, түбірдің одан арғы даму барысын көрсететін аясы – сөз-
жасамның негізгі арқауы ретінде ол динамикалық категорияға ай-
налады.
Түбірлердің синхрондық тұрғыдан семантикасының сақталып
қалуы көп жағдайда сөзжасамдық модельдер арқылы туған
деривациялық мағынамен тығыз байланысты. Сондықтан түбірдің
табиғатын тануды одан əрі жетілдіру жұмысы морфемалык тал-
дау негізінде жəне сөзжасамдық модельдер жүйесінің қызметімен
сəйкес қарастырылады. Себебі, тілімізде синхрондық тұрғыдан
түбірлік қызметтегі сөздердің диахрондык тұрғыдан сөзжасаммен
тығыз байланысты екенін дəлелдейтін тілдік деректер жетерлік.
Мысалы, қазақ тілінде өзінің көнелігімен көзге түсетін -т- моделі
бойынша көптеген екі буынды етістік жасалған. Басқа модельдер-
ге қарағанда мұны көне деуге себеп – оның етістік жасауға негіз
болған түбірлердің көпшілігіне əбден «байланып», оны «өлі»
түбірге айналдырып жіберуінде. Мысалы: *ай<айт, *ар<арт-,
*бөр < бөрт-, *жор<жорт-, *қай<қайт-, *кер<керт=, т.б. Осын-
дағы түбірлердің бəрі де қазақ тілі үшін өлі элементке айналған.
Жəне барлық грамматикада да солай деп есептелінеді. Бірақ
жоғарыда келтірілген мысалдардағыдай бұлардың өлі түбірге
айналуы тек қазақ тілінің ғана немесе сол сияқты кейбір түркі
тілдерінің ғана басындағы жағдай болуы ықтимал. Олай дейтін
57
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
себебіміз: осы түбірлердің көпшілігі-ақ, атап айтқанда, *ай-,
*жор-, -қай-, *кер-, т.б. жазба ескерткіштері мен кейбір жеке
түркі тілдерінде жеке-дара қолданылып келе жатқандығы.
Мəселен, қазақ тілшілерінің жіктеуге келмейтін, біртұтас түбір
деп жүрген айт-сөзі жоғарыдағы модель бойынша диахрондық
тұрғыдан ай- жəне -т- тұлғасынан тұратын туынды түбір екендігі
түркітанушылар тарапынан əлдеқашан дəледенген. Атап айтқанда,
ол түбір XI ғасырдың белгілі ескерткіші «Құдатғу-білікте»: «го-
ворить, рассказывать, разъяснять, толковать» мағынасыңда жиі
қолданылғаны мəлім.
Осы сияқты құрамынан «өлі» түбірлерді аршып алуға бола-
тын тарихи туынды түбірлердің табиғатын немесе орыс тіл білі-
міндегі «байлаулы» түбірлердің («связанные корни», яғни жалған-
ған қосымшалардан тыс қолданылмайтын, сонымен əбден «бай-
ланған») құрылымын анықтауда түбір морфемадан гөрі қосымша
морфеманың көмегі ерекше екендігі байқалады. Оны орыс тіл білі-
мінде Г.О. Винокур байлаулы түбірлер (негіздер) деп, Н.А. Бас-
каков сөзжасамның «тұрып қалған тұлғалары» («застывшие фор-
мы словообразования») деп атағаны белгілі.
Зерттеу барысында талданған қазақ тілінде бұйрық рай ка-
тегориясын тудыратын модельдер сонымен қатар мынадай да
мағыналар береді: əрекет-қимылдың қарқындылығы, жиілігі,
ұзақтығы, қайталануы, үздіксіздігі, ортақтығы, көптігі, өзара
қарым-қатынасы, үлкейту-кішірейткіш мағыналары, т.б. Мұның
барлығы етістікке ғана тəн мағыналар. Сондықтан бұл етістіктердің
құрамындағы жұрнақтар көп жағдайда тарихи тұрғыдан сөз ту-
дырушы қызмет атқарады. Сөзжасамдық тұлғалар ретінде оны
тек қана морфемалық талдау арқылы диахрондық тұрғыдан ғана
анықтауға болады. Оны нақты түрде қазақ тіліндегі етістіктердің
императив тұлғасындағы сөзжасамдық модельдер бойынша
көрсетуге болады.
Атап көрсетілгендей, бірбуынды негіздерге қарағанда екі-
буынды негіздердің ыдыраушылығы басы ашық нəрсе сияқты
көрінгенімен, бірақ оларды да əрдайым морфемалық жікке бөлу
оңай емес (*ай-ыр=, *ес-ір= «масаю», *жас-ыр= жəне т.б.). Олар-
дың ортақ сөзжасамдық модельдері анықталғанмен, түбір морфе-
маның дербессіздігі оларды толыққанды морфологиялық бір-
58
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
ліктер ретінде қабылдауға мүмкіндік бермейді. Өйткені түбір
морфемаға қосымшаны бөліп алғаннан кейін талдау жасалады,
яғни өлі түбірлерді реконструкциялау кезіндегі модельдік талдау
жасаудың мүмкіндіктері тек ИЕ-дің түбірлік бөлігін қамтумен
ғана шектелмейді. Түркі тілдерінің жалғамалы сипаты ИЕ-дің
аффикстік бөлігіне де морфемалық талдау жасауға мүмкіндік
береді. Екібуынды ИЕ-ге морфемалық талдау жасаған кезде ал-
дымен аффикстік морфеманы бөліп алу қажет, себебі одан кейін
қалған бөлігі нақты түбір немесе жорамал этимологиялық түбір
болып саналады. Туынды ИЕ-дің құрамынан үнемі қолданыста бо-
латын грамматикалық форманттарды бөліп алғаннан кейін қалған
түбір морфемалар дербес немесе дербес емес, өлі түбірлер қатарына
жатқызады. Талданып отырған ИЕ-дің соңғы бөлігін аффикстік
морфемалар ретінде қарап, бірден алып тастау дұрыс болмас еді.
Модельдік талдау жасау арқылы белгілі бір түбірге қандай да
бір аффикстік морфемаларды жалғаудың нақты функционалдық-
семантикалық себеп-салдарын айқындау қажет.
Осы тарауда сөз болып отырған императив тұлғадағы екі-
буынды туынды етістіктерге сөзжасамдық модельдер бойынша
морфемалық талдау жалпы аффикстік морфемаларды сипаттау-
ды, олардың шығу тегіне түсініктемелер беруді жəне т.б. мақсат
етпейді, түркітануда бұл мəселелерге арналған еңбектер жеткілік-
ті [87] (Э.В. Севортянның жəне т.б. еңбектері).
Мысалы, императив тұлғадағы аффикстердің шығу тегін
П.И. Кузнецов агглютинация теориясы арқылы түсіндіреді. Бұл
теория бойынша, агглютинативтік қосымшалар (жұрнақтар) бір
кездері мəнді маңызды буындар (сөздер) болған. Осылайша, əрбір
тіл бастапқыда түбір тіл болған, оның грамматикалық тұлғалары
болмаған, яғни морфологияға дейінгі сатыда өмір сүрген [88].
Қазақ тіл білімінде аффикстік етістік жасау мəселесі бойын-
ша зерттеулердің ішінде проф. А.К. Хасенованың еңбегі айрықша
орын алады [89]. Ғалымның сондай-ақ етістік жасаудағы етіс
тұлғасының рөлі, -ла, -ле жұрнақтары жалғанған туынды етістік-
тер, етістіктің лексика-грамматикалық сипаты туралы жəне т.б.
еңбектерінде де бұл үдерісті зерттеу ары қарай жан-жақты дамы-
тыла түседі [90].
Аффикстік морфемалардың шығу тегі туралы мұндай пайым-
даулар түркітанудағы белгілі көзқарасқа негізделіп отыр. Ол –
59
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
«барлық» аффикстер белгілі бір дербес сөздерден шыққан деген
пікір, мұнда грамматикалық мағына «анықтауыш – анықталушы»
арақатынасындағы сөз тіркесі арқылы беріледі» деген көзқарас.
Дегенмен бұл мəселе бойынша пікірлер ең алғаш рет сонау
Махмұд Қашғаридың сөздігінде орын алып, қазіргі кезде оны жақ-
таушылар əрі жалғастырушылар болса-дағы, əлі де даулы тұста-
ры баршылық екендігін ескерген жөн [91]. Бұлайша жасауға бар-
лық аффикстердің этимологиясы ыңғай бере бермейді. Г.И. Рам-
стедт барлық қосымшаларды суффикстер жəне аффикстер деп
бөледі. Оның пікірінше, аффикстердің бастапқы мағынасын жо-
ғалтып, қолданыс белсенділігінен айрылуының нəтижесінде олар
түбір морфемамен кірігіп, өлі түбірге айналады да, сосын барып
оларға жаңа аффикстер жалғанады [92].
Қандай да бір аффикстің шығу тегі туралы мəселелерді
шешудің ең бір сенімді жолы деп, А.М. Щербак төмендегі жай-
ларды атайды: «біздің ойымызша, ол аффикстік морфемалардың
барлық жасалу тəсілдері, оның ішінде агглютинация, бейімделу,
секреция, фонемалық алмасым, дауыстылар үндестігі жəне «фу-
зия» тəрізді тəсілдерге сүйенген көзқарастан туындайды» [93].
Морфологиялық жүйе дамуындағы сан түрлі тұлғаларды қолда-
ныстағы бір тұлғаға ғана теңестіруге келмейді.
Өлі түбірлердің этимологиялық зерттеулерінде сөзжасамдық
модельдерге жасалған талдау танымдық рөл атқарады. Аффикстік
морфемаларға оларды бөліп алу арқылы жасалған талдау морфе-
маларға жасалған талдаумен тығыз байланыста болады. Атап
көрсетілгендей, сөзжасамдық модельдердің нəтижесінде түбірдің
лексикалық мазмұны басқа сөздермен нақтылана, толыға түседі
жəне т.б., түбірдің аффикстермен күрделене түсуі оның дамуы бо-
лып саналады.
Тіл дамуының барысында бірбуынды түбірлерге түбір морфе-
мамен бірте-бірте тұтасып кеткен аффикстер жалғанады. Көпте-
ген екібуынды етістік түбірлері түркі тілдеріндегі ең өнімді сөз-
жасамдық тəсіл – агглютинацияның нəтижесінде пайда болған
тарихи категория болып табылады.
Бастапқы түбірлерге жалғанатын негіздің екінші бөлігі фоне-
тикалық жағынан да жəне қызметі жағынан да сөзжасамдық аф-
фикске ұқсас. «Тарихи өлі түбірлерді немесе қарапайымданған
60
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
негіздерді анықтаудың өзіндік тəсілі бірнеше туынды негіздерді
бірдей аффикстермен салыстыру болып табылады» [94]. Бірнеше
лексикалық бірліктердің мағынасы ретінде түсінілетін жалпы
грамматикалық мағына сөзжасамдық модельдер ортақтығының
алғышарты болып саналады.
Біз қарастырып отырған морфологиялық жағынан күңгірттенген
негіздер көне өнімсіз сөзжасамдық модельдер бойынша жасалған
алуан түрлі қатарға жатады. Этимологиясы анықталып отырған
негіздегі жорамалданып отырған аффикстік морфемаға ғылымда
белгілі сөзжасамдық модельдердің арасынан сəйкес көрсеткіш
табуға болады. «Қазіргі тілде айтушы əдетте жеке өзінің қабыл-
дауы бойынша əрқашан дыбысқа еліктей бермейді, тілдегі бар
дайын сөздерді еліктеу модельдері ретінде қолданады» [95].
Көп жағдайларда түбірлер оларға өлі немесе өнімсіз аффикстер
жалғаудың нəтижесінде өлі түбірге айналады, осы мəселеге деген
мұндай көзқарас қазақ тіліндегі екібуынды императив тұлғаларды
бөлудің басты принциптерінің бірі болып табылады.
Мысалы, қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасам жүйесінде -ра, -ре,
-а//е, -на//-не, -қа//-ке жəне т.б. аффикстері өнімсіз болып табыла-
ды. Соған сəйкес мұндай аффикстер жалғанған негіздер туынды
емес немесе тарихи жағынан туынды болып табылады. Бұл негіз-
дер шығу тегі жағынан алғашқы түбір мен сөзжасамдық қосым-
шаның бірігуінен жасалса да, қазіргі тілде олар түбір мен қо-
сымшадан тұратын туынды негіздер ретінде емес, бөлінбейтін,
ыдырамайтын, тұтас бір түбір ретінде қабылданады. Бұл түркілік
түбірдің өзіндік айырмашылықтарына сəйкес келеді, өйткені үнді-
еуропа тілдерімен салыстырғанда көп жағдайда сөздіктегі басқа
бірліктермен қатар сөз ретінде қарастырылады. Түркілік түбірдің
тарихи нақтылығы, оның сөздік бірлігі ретіндегі лексикалық
қызметі жөніндегі мəселе əлі де болса түпкілікті шешілген жоқ.
Түркі тілдерінің қазіргі даму кезеңінде *са-, *ба-, *о-, *-қа жəне
тағы басқалар тəрізді элементтер түбір бола алмайды, өйткені
олардың морфологиялық көрсеткіштері болмағандықтан толық
мəнді сөз бола алмайды, сол тілде сөйлеушілерге түсініксіз болып
қалады.
Көптеген этимологиясы көмескіленген сөздерге жасалған тал-
даудан мынаны аңғаруға болады. Бұрын белсенді түрде қолда-
61
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
нылған түбір морфемалар қосымша морфемалардың жалғануы
нəтижесінде өлі түбірге айналған. Тілдің келесі даму кезеңдерінде
бірқатар өнімді қосымшалар бірте-бірте өнімсіз қосымшаға айна-
ла бастайды немесе өнімділігін тіптен жоғалтты деуге болады.
Кейбір түбір морфемалардың пассив болуы тілдің ары қарай даму
барысында оларды жаңа тұлғалардың ығыстыруына да байланыс-
ты болды. «Келесі туынды, яғни кейінгі қосымшалардың жалға-
нуына негіз болатын қосымша ғана көне болып табылатындығы»
белгілі [96]. Дəл осы дерек өлі түбірлердің пайда болуына, қосым-
шалардың түбірді өнімсіз түбірге айналдыра отырып, олардың
құрамында тұрақтануына ықпал етті. Соңғылары, өз кезегінде
өздері жалғанған түбірлердің өлі түбірлерге айналуына əсер етті.
Г.И. Рамстедт бастапқы сөзжасамдық элементтерді анықтаудың
қиындығын былайша түсіндіреді: «Қосымша өте қысқа жəне
əсіресе, өзінің дамуында қатаң фонетикалық өзгерістерге ұшы-
раған, ары қарай дамуының нəтижесінде ол белгілі бір дəрежеде
қайта жөнделді немесе жаңа қосымша жалғау арқылы нақтылан-
ды» [97].
Мысалы, етістіктердің сөзжасамдық модельдерінің арасында
-т қосымшасы жалғанған модель өзінің көнелігімен ерекшеленеді.
Бұл модель бойынша көптеген екібуынды етістіктер жасалды. Бұл
форманттың көне болуының мəні мынада, ол бірқатар түбірлерді
өлі түбірлерге айналдыра отырып, сақтап, тұрақтандырып қалды.
Мысалы: *ай-т=, *ар-т=, *бар-т=, *жор-т=, *қай-т=, *кер-т=
жəне тағы басқалар.
Мұнда «өлі» атауының шартты сипаты бар, себебі олардың
бірқатары жазба ескерткіштерінде жəне қазіргі түркі тілдерінің
кейбіреуінде дербес сөз ретінде қолданылатындығын дəлелдеудің
қажеті жоқ. Біздің жұмысымызда аффикстік морфемалар етістік
негіздің құрамынан түбір морфеманы анықтау үшін бөліп алына-
ды (көп жағдайда бұл морфема этимологиялық түбір болып табы-
лады).
Қазақ тілінде бұйрық рай категориясын тудыратын модельдер,
сонымен қатар, мынадай да мағыналар береді: əрекет-қимылдың
қарқындылығы, жиілігі, ұзақтығы, қайталануы, үздіксіздігі, ортақ-
тығы, көптігі, өзара қарым-қатынасы, үлкейту-кішірейткіш мағы-
налары, т.б. Мұның барлығы етістікке ғана тəн мағыналар. Сон-
62
Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту
дықтан бұл етістіктердің құрамындағы жұрнақтар көбіне тарихи
тұрғыдан сөз тудырушы қызмет атқарады. Сөзжасамдық тұлғалар
ретінде оны тек қана морфемалық талдау арқылы диахрондық
тұрғыдан анықтауға болады. Оны нақты түрде қазақ тіліндегі
етістіктердің императив тұлғасындағы 35 модель бойынша
көрсетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |