Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту жеке сөз ретінде қолданылады. Қазақ тілінде аталмыш негіз



Pdf көрінісі
бет11/36
Дата06.04.2017
өлшемі2,18 Mb.
#11188
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36

ШАРТТЫ ҚЫСҚАРТУЛАР

Баскаков Н.А. Диалект. – Н.А.Баскаков. Диалект кумандинцев (куманды-ки-

жи): Грамматический очерк, тексты, переводы и словарь. М., 1972. 280 с.



Баскаков Н.А. Туба – Н.А. Баскаков. Северные диалекты алтайского (ойрот-

ского)  языка:  Диалекты  черневых  татар  (тубакижи):  Грамматический 

очерк и словарь. М., 1966. 173 с.

ВЯ – Вопросы языкознания

ИЕ – императив етістіктер

ДТС – Древнетюркский словарь. Л., 1969. 676 с.

Кайдаров А. Структура ... – А.Т. Кайдаров. Структура односложных корней 

и основ в казахском языке. Алма-Ата, 1986. 328 с.



Кононов А.Н. О Фузии... – О фузии в тюркских языках // Структура и исто-

рия тюркских языков. М., 1971. 108 с.



Котвич  В.Л.  Исследования... – В.Л.  Котвич.  Исследование  по  алтайским 

языкам // Под ред. Н.А. Баскакова. М., 1962. 371 с.



ҚТТС – Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 1974-1986.

МҚ – Махмұд Қашғари. Туркий сузлар девони (Девону луготит турк.) Таш-

кент, 1960-1963, Т. 1-3.



ОРС – Ойротско-русский словарь. М., 1947.

РСЛ – В.В. Радлов. Опыт словаря тюркских наречий. І-ІV. СПб., 1893-1911.

Рамстедт Г. Введение ... – Г.И. Рамстедт. Введение в алтайское языкозна-

ние: Морфология. М., 1957. 254 с.



РАС – Русско-азербайджанский словарь. 

САГ  –  Э.В.  Севортян.  Аффиксы  глаголообразования  в  азербайджанском 

языке. М., 1962. 643 с.



ТУРС – Турецко-русский словарь. М., 1977. 966 с.

ТРС – Татарско-русский словарь. Казань, 1950.

УРС – Узбекско-русский словарь. М., 1959. 839 с.

ФСЯ – Э.И. Фазылов. Староузбекский язык. (Хорезмские памятники ХІV в.). 

Ташкент, 1966. Т.1; 1971. Т.2.



Харитонов Л.И. Типы ... – Л.И. Харитонов. Типы глагольной основы в якут-

ском языке. М.; Л., 1954. 312 с.



ХРС – Хакасско-русский словарь. М., 1953.

Щербак А.М. Очерки ... – А.М. Щербак. Очерки по сравнительной морфоло-

гии тюркских языков. (Глагол). Л., 1981. 181 с.



ЩФ – А.М. Щербак.  Сравнительная фонетика тюркских языков. Л., 1970. 

204 с.


ЭСТЯ  –  Севортян  Э.В.  Этимологический  словарь  тюркских  языков. 

І–ІІІ. М., 1974-1980.



ЮКРС – Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. Фрунзе, 1965.

ЮКЛ – Б.М. Юнусалиев. Киргизская лексикология. Ч.1. (Развитие корневых 

слов). Фрунзе, 1959. 248 с.



ЯРС – Якутско-русский словарь. М., 1972.

 

ІІ

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ 

ЭТНОМƏДЕНИ 

АТАУЛАРДЫҢ 

ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

АЛҒЫ СӨЗ

ТІЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ БАҒЫТЫ

ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЭТНОМƏДЕНИ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ 

НЕГІЗГІ ҚЫРЛАРЫН АНЫҚТАУДЫҢ 

ҚАҒИДАЛАРЫ

ҚАЗАҚ ТIЛIHДЕГI МАТЕРИАЛДЫҚ МƏДЕHИЕТКЕ 

(ММ) ҚАТЫСТЫ ҚАЛЫПТАСҚАH ЛЕКСИКА

ҚАЗАҚ МЛ-НЫҢ РУХАНИ КӨЗДЕРІ 

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МАТЕРИАЛДЫҚ ЛЕКСИКАНЫҢ 

ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ 

ТҮЙІН 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ƏДЕБИЕТТЕР 

ҚЫСҚАРҒАН СӨЗДЕР

187

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

АЛҒЫ СӨЗ

Ана  тіліміздің  құдіреті – сан  мыңдаған  жылдар  бойы  халқы-

мызға  тəн  рухани  қазынаны  бойына  сіңіріп,  сақтауы.  Ол – хал-

қымыздың  асыл  мұрасын  өз  бойына  сақтап  келген,  оны  бүгінгі 

күнге жеткізген, келешек ұрпаққа жеткізетін тілдің кумулятивтік 

қызметіне байланысты. Бірақ тілдің осы ерекше қызметіне көңіл 

бөлінбей,  тілдің  негізінен  қарым-қатынас  құралы  ретіндегі  қыз-

метіне баса назар аударылуы тілдің танымдық, мұрагерлік рөлінің 

əлсіреуіне,  төмендеуіне  əкеліп  соқты.  Бұл  көзқарас  тілді  оқыту 

процесіне, тіптен тілді зерттеу жұмыстарына да өз əсерін тигізді.

Əрине,  ғасырлар  бойы  халықтың  көкірегінде  жатталып,  жа-

дында сақталған көне тамырлы сөздердің тарихына үңіліп, тілдік 

тұрғыдан  табиғатын  барлап,  жасалу  жəне  сақталу  жолдарының 

тілдік құралдарын анықтау, мағыналық даму заңдылықтарын көр-

сету мен көнеру себептерін ашу, т.б. түркітану аясында ғана емес, 

қазақ тіл білімінің де зерттеу нысанынан тыс қалған жоқ. Дегенмен, 

қоғамдық сана мен жаңа бағыттағы зерттеулер деңгейі контексінде 

ұлттың  болмысын  дəлелдейтін  күшті  құрал – ұлттық  тіл  екенін 

сезіну  тіл  зерттеу  мəселесіне  бұрынғыдан  басқаша  келу  тала-

бын қойып отыр: атап айтқанда, ұлттық тіл ерекшелігінің сырын, 

табиғатын сол тілде сөйлеуші ұлт өкілінің рухани, психологиялық, 

əлеуметтік, т.б. сипаттарымен біртұтастықта зерттеу.

Осы қағиданың негізгі тінін құрайтын ұлт  – тіл – мəдениет кон-

тексіне  байланысты  сол  тілде  сөйлеушінің  ішкі  əлеміне  ерекше 

көңіл бөлу тіл білімінің басқа да (философия, тарих, психология, 

логика, əдебиеттану, əлеуметтану, этнография, мəдениеттану, т.б.) 

ғылымдармен тоғысуына əкелді. Осының нəтижесінде қазіргі тіл 

білімінде  лингвистикалық  зерттеулердің  интеграциялық  сипаты 

қалыптасуда.  Солардың  ішінде  тілді  ұлттық  ой-сана,  дүниета-

ным,  мəдениет,  тарих,  этностық  рухты  бейнелейтін  таңба  ретін-

де  қарастыратын – лингвомəдениеттану  саласы. «Лингвомəде-

ниеттану»  деген  атаудың  құрамында  тіл  мен  мəдениеттің  сабақ-

тастығы айқын көрініс табады.


188

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

Қазіргі  заманғы  сөздіктердегі  мəдениетке  берілген  анықтама-

ларды былайша жинақтап, көрсетуге болады:

1) мəдениет – белгілі бір халықтың қол жеткен табыстары мен 

шығармашылығының жиынтығы;

2) мəдениет – адамзат қауымының белгілі бір тарихи кеңістік-

тегі қызметі мен өзіндік ерекшеліктері (палеонит мəдениеті, крит-

мекеныс мəдениеті, қазақ мəдениеті, т.б.);

3) мəдениет – адамдық əрекеттің белгілі бір саласының жетілу 

деңгейі (сөйлеу мəдениеті, еңбек мəдениеті, құқық мəдениеті, т.б.);

4)  агромəдениет  (дəнді  өсімдіктер  мəдениеті,  цитрустық  мə-

дениет, т.б.).

Қазақ мəдениеттанушылардың ойынша, осы анықтамалардың 

алғашқы екеуі мəдениеттанудың мақсатын белгілейді [1, 6]. Олай 

болса, мəдениет арқылы өрнектелген ұлт болмысы тек тіл арқылы 

танылады.

Осымен байланысты тіл мəселелерін сол тілді қолданушы қа-

уымның  мəдени  өмірімен  байланыстыра  зерттеудің  маңызы  ай-

қындалуда.  Шын  мəнінде,  өткен  ғасырдың  өзінде-ақ  Батыстың 

ғалымдары қазақ халқының ұлттық мəдениетін зерттеуге айрықша 

мəн  бергені  жұртқа  мəлім.  Солардың  қатарында  неміс  ғалымы, 

орыс  ориенталистерінің  ең  көрнектілерінің  бірі  саналатын 

В.В.  Радловтың  орны  бөлек.  Оның  «Түркі  тайпаларының  халық 

əдебиеті  үлгілері»  деп  аталатын  он  томдық  əлемге  əйгілі  еңбегі-

нің тұтас бір томы қазақ халқының фольклорлық бай мұраларын, 

салт-сана, əдет-ғұрпын зерттеуге арналған. Мұның сыры неде?

Көне  түркі  ескерткіштері,  эпостық  жырлар  мен  ежелгі  жыр-

аңыздар  сол  дəуірде  өмір  сүрген  бабаларымыздың  тек  рухани 

дүниесін  ғана  көрсетіп  қоймай,  сонымен  қатар  бай  да  көркем 

материалдық  мəдениетін  де  бейнелеген.  Ол  туралы  нақты  ақпа-

ратты, құнды деректер мен қажетті мəліметтерді сол дəуірдің та-

рихымен сабақтастырыла зерттелген, ғылыми топшылауларға не-

гізделген  еңбектерден  табамыз

1

.  Сол  сияқты  ұлт-азаттық  көтері-



ліске қатысып, сол үшін Сібірге айдалған поляк халқының өршіл 

1

 Бичурин Н.А. Собрание сведении о народах, обитавших в Средней Азии в древние 



времена. – М.-Л.: Изд. АН СССР, 1950, Т.12; Бартольд В.В. Сочинения. – М., 1963, 

Т.1; 1964, Т.2; Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1993; Кляшторный С.Г. Древне-

тюркские рунические памятники как источник по истории Средней Азии. – М., 1964; 

Конрад Н.И. Запад и Восток. – М., 1972, т.б.



189

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

рухты  перзенті  А.  Янушкевич  те  қазақ  даласын  аралап,  халқы-

мыздың  өмірін,  дəстүрін  жəне  мəдениетін  зерттеді.  Оның  туған-

туысқандарына,  достарына  жазған  хаттарында  ХІХ  ғасырдың 

бірінші  жартысындағы  қазақ  даласы  өмірінің  көріністері,  ерек-

ше тұлғалары айшықты бейнеленген. Соның ішінде оған ерекше 

əсер еткен қазақ халқының сөз өнері (А. Янушкевич жазбаларын-

дағы Құнанбайдың сипатын қараңыз).

Қазақ ұлттық мəдениетінің ерекше болмысын сипаттайтын осы 

белгі қазақ тілінің мемлекеттік мəртебесіне сəйкес жаңа деңгейде 

жаңғыруы  тиіс.  Осы  тұрғыдан  сөз  мəдениетін  коммуникативтік-

прагматикалық,  когнитивтік  жəне  лингвомəдениеттік,  этикалық, 

лингвоэкологиялық  тұрғыдан  қарастырудың  концептуалдық  не-

гіздерін  айқындау,  сөздің  коммуникативтік  сапаларын  анықтау – 

сөзбен  өрілген  қазақ  мəдениетін  жаңғырту  ісіндегі  өзекті  мəсе-

ле [2].


Ал, халқымыздың əр дəуірдегі материалдық жəне рухани мұра-

сын, өз бойына сақтаған этномəдениетінің əртүрлі қырларын (этно-

графиялық, археологиялық, өнертану, тарихи, əдеби, т.б.) зерттеу 

Ш.  Уəлиханов  жазбаларынан  басталып,  Ə.  Марғұлан,  М.  Əуе-

зов,  С.  Мұқанов,  Х.  Арғынбаев,  Ə.  Қоңыратбаев,  Р.  Бердібаев, 

С.  Қасқабасов,  Ө.  Жəнібеков,  С.  Қасиманов,  т.б.  еңбектерінде  өз 

жалғасын  тауып,  жан-жақты  қарастырылды.  Бірақ  олардағы  тал-

данған тілдік деректердің сипаты, көлемі, түсіндіру-талдау прин-

циптері, мақсаты, т.б. əртүрлі, əрі жүйесіз.

Сондықтан  ұлттың  болмыс-мазмұнын  тұтас  мəдени  жүйе  ре-

тінде өз бойында сақтаған құнды этномəдени дерек ретіндегі тіл-

дік  бірліктерді  «ұлт  пен  тіл  біртұтас»  деген  қағидаға  сəйкес  жи-

нақтап, жүйелеу, талдау игілікті де өзекті іс болмақ.

Себебі  жарық  көрген  сөздіктерде  ол  байлық  толық  көрсетіл-

меген,  кейбіреулері  атымен  кірмей  қалған.  Соның  нəтижесінде 

орта жастағы адамдар мен жас ұрпақ əсіресе көптеген халықтық, 

аймақтық  қолданыстағы  жəне  діни  атаулар  туралы  білмейді  де. 

Жоғарыда атап өткеніміздей, бұл салаға қатысты лексикалық қор-

дың негізгі көзі – фольклор, өткен ғасырлар ақын-жырауларының 

шығармалары мен көркем мəтін тілі. Көрсетілген дереккөздердің 

қатарында қаймағы бұзылмаған төл мəдениетіміздің айшықты шы-

ғарма  көрінісі  авторларының  ұлттық  мүдде-идеясымен  астасқан 



190

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

А.  Байтұрсынов,  Ж.  Аймауытов,  М.  Жұмабаев,  М.  Дулатов,  т.б. 

шығармаларының орны ерекше.

Сонымен  қатар  бұл  салаға  қатысты  құнды  деректерді  ел 

арасындағы көпті көрген қариялар, қолынан өнері тамған шебер-

лер,  зергерлер,  аңшы-саятшылар,  т.б.  кəсіп  иелерінен,  өлкетану 

жəне  өнер  мұражайларынан,  этнографиялық,  тарихи,  тарихи-

салыстырмалы,  археологиялық  зерттеу  жұмыстарынан,  этимо-

логиялық, фразеологиялық, түсіндірме, диалектологиялық сөздік-

терден табуға болады.

Олай  болса,  осы  бұлақтарда  деректелген  мəдени  лексика  ая-

сын құрап, астарлайтын «қазақ мəдениеті» деген ұғымды қысқаша 

қалай анықтауға болады? 

Мəдениеттанушылардың  пікірінше,  қазақ  тіліне  бұл  термин 

арабтың  маданият – «қала», «қалалық»  деген  сөзінен  енген.  Ал 

культура  терминінің  алғашқы  мағынасы  жер-анамен,  оны  өңдеп 

баптаумен тығыз байланысты болған [1, 6]. Бара-бара осымен са-

бақтас  (жерді  күту,  өңдеу,  баптау)  адам  тəрбиесі  мен  біліммен 

байланысты ұғымға айналған. Оның ішінде сонау көне заманның 

өзінде  өмірге  икемді,  қабілетті,  жан-жақты  қалыптасқан  азамат-

тарды тəрбиелеуге бағытталған ерекше білім беру жүйесін жаса-

ған  грек  мəдениетінің  орны  əлемдік  өркениетте  белгілі.  Демек, 

мəдениет  ұғымын  адам  бойындағы  «табиғи»  рухани  байлық 

пен шындықтағы, күнделікті тұрмыстық қолданыстағы материал-

дық  байлықты  «жетілдіру»  деп  түсінуге  болады.  Көрнекті  мəде-

ниеттанушы-этнограф Э.Б. Тэйлор мəдениетті адамның ақыл-ойы 

мен еңбегі жемістерінің тізбектері, яғни материалдық жəне рухани 

құндылықтар ретінде анықтады.

Тіл арқылы бейнеленіп, сақталып жеткен жоғарыда аталған ру-

хани бұлақтарда деректелген, тарихи-рухани негізде қалыптасқан 

қазақ  қоғамындағы  дүниенің  тұтастығы,  интеграциялық  негізі 

жəне этностың рухани кеңістігі (мəдени дəстүрлер, т.б.) – «қазақ 

мəдениеті» ұғымының негізгі тірегі, ал тілдік көрінісі мəдени лек-

сика аясын құрайды. 

 Тілдің жүйелілік қасиеті жоғарыда көрсетілген рухани мұра-

лардан жинақталған этнотанымдық тілдік бірліктерді де жинақтап, 

саралап,  сипаттауда  құрылымдық  лингвистиканың  қалыптасқан 

əдіс-тəсілдерін  қолдануға  негіз  береді.  Сондықтан  этнолексика 

түрінде  сақталған  осындай  ұшан-теңіз  байлық  кез  келген  жеке 



191

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

тілдік  фактіге  байланысты  емес,  белгілі  бір  жүйе  бойынша, 

мағыналық-тақырыптық  топтарға  бөлініп,  өзара  жіктеліп,  сара-

ланып  зерттелуі  тиіс.  Оның  себебі:  кез  келген  тілдің  лексикасы 

белгілі бір қарым-қатынастар мен байланыстардағы тақырыптық 

жəне  семантикалық  топтардың  негізіндегі  тілдің  құрылымдық 

жүйесінен құралады. Осыған орай мəдени атауларға байланысты 

этнолексика  мынадай  тілдік  ішкі  байланыстар  мен  ішкі  түрден 

құралатын жүйелік құбылыс ретінде қарастырылады:

1. Сөздің аталатын нəрсемен байланысы.

2. Сөздің аталуының ұлттық ерекшелік, тарихи-мəдени, əлеу-

меттік-экономикалық жағдайларымен байланысы.

3. Функционалдық негіздегі аналогиялық байланыстар.

Лексиканы зерттеудің кең тараған, сөздерді тақырыптық жағы-

нан талдау əдісі теориялық тұрғыдан Ф.П. Филиннің, Д.Н. Шме-

левтің, А.А. Уфимцеваның, т.б. еңбектерінде негізделген

1

. Лекси-


каны, оның кейбір семантикалық топтарын зерттеудің бұл тиімді 

əдісі түркітануда да кеңінен қолданылуда екені белгілі.

Қазақ  тіл  білімінде  этнолингвистика  саласының  негізін  салу-

шы акад. Ə.Т. Қайдаров тіл байлығына этнолингвистикалық зерт-

теу жүргізуді екі жүйеде қарастыруды ұсынады. Олар:

1. Макрожүйе – «Табиғат», «Адам», «Қоғам».

2.  Микрожүйе – табиғи  жүйе  бойынша  əртүрлі  топтар,  сала-

лар [3, 36]. Нақты айтқанда, микрожүйелік құрылымның негізінде 

сан түрлі мəдени терминдер (зергерлік, тағам, халықтық космоним, 

соматикалық  атаулар,  антропонимдер,  топонимдер,  фитонимдер, 

халықтық  наным-сенімдер  мен  салт-дəстүрге,  мал  шаруашылы-

ғы, аңшылық, т.б. кəсіпке байланысты фразеологизмдер мен паре-

миологиялық жүйе, т.б.) арнайы этнолингвистикалық зерттеу ны-

саны ретінде қарастырылды.

Осы мақсатта ізбен мəдени лексиканың денін құрайтын, атап 

айтқанда, ұлттық болмыстың рухани қазынасын сипаттайтын сан 

түрлі  сапалық  ұғымдар  мен  тұрмыста  қолданылатын  зат,  бұйым, 

еңбек құралдары, үй жиһаздары, киім, т.б. атаулары, дəстүрлі кə-

сіпке қатысты терминдер, т.б. тіл жүйесінде қарастырылды. 

1

  Шмелев  Д.Н.  Проблемы  семантического  анализа  лексики. – М., 1973; Уфимце-



ва А.А. Слово в лексико-семантической системе языка. – М., 1968 и др.

192

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

ТІЛДІ ЗЕРТТЕУДІҢ 

РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ БАҒЫТЫ

Ежелгі  тіл  білімі  заманынан  бері  анықталып  келе  жатқан 

оның  ең  негізгі  мəселесі – тіл  мен  ойдың  байланысы.  Ал,  тіл 

арқылы  берілетін  ойдың  ар  жағында  сол  тілде  сөйлеушінің  та-

нымы,  мəдениеті,  психологиясы,  өмір  тəжірибесі,  т.б.  рухани-

прагматикалық жүйесі жататыны белгілі. Демек, тіл қызметін сол 

тілде сөйлеушінің жан-жақты қызметі мен болмысынан тыс қарау 

мүмкін  емес.  Ал,  ол  қызмет  тілдің  ұжымдағы  коммуникативтік 

қызметімен ғана шектелмейді. Себебі сол ұжымды ұйыстырушы, 

тұтастырушы, біріктіруші жəне жаңа ұрпаққа ұластырушы да тіл 

қызметі. Яғни, тілдік ұжымда тіл коммуникативті-прагматикалық 

қызметпен қатар танымдық, құжаттық (кумулятивтік), т.б. қызмет-

тер  де  атқарады.  Мемлекеттік  мəртебеге  ие  тілде  бұл  қызметтер 

ерекше сипатта көрініс табуы тиіс. Олай болса, қазақ тілінің жан-

жақты  қоғамдық,  əлеуметтік  қызметін  негіздейтін,  дəлелдейтін, 

айқындайтын, жаңғыртатын, жандандыратын арқауын анықтауды 

мақсат  ететін  жаңаша  сипаттағы  антрополингвистикалық  бағыт 

қазақ  тіл  білімінде  де  өріс  алуы  қоғамдық  қажеттілік.  Себебі 

тілдің тек құрылымдық жүйесіне негізделіп, тілдің жалаң да жал-

пы сипаттағы коммуникативтік қызметінің ғана көрсетілуі тілдің 

қазіргі  қазақ  қоғамында  мемлекеттік  тіл  ретінде  толыққанды 

қызмет етуінің шын мəніндегі əлеуетін ғылыми негізде түсіндіріп, 

əлеуметтік сұранысқа ғылыми тұрғыдан жеткілікті жауап бере ал-

май  отыр.  Оның  себебі  қоғам  өзгеруі,  онымен  байланысты  сана 

жаңғыруы рухани құндылықтарымызды бағалауға қатысты бұрын 

қалыптасқан  қағидалары  мен  ғылыми  зерттеу  нəтижелеріне  де 

ұлттық  таным  мен  мүдде  тұрғысынан  қарауды  қажет  етеді.  Осы 

орайда  функционалды-жүйелік  парадигманы  антропоөзектік  па-

радигма  ығыстыра  бастағаны  байқалып  отыр.  Бірақ  ол  дəстүрлі 

тіл  білімінің  құнды  нəтижелерін  теріске  шығармай,  керісінше, 

тілді  зерттеу  тарихындағы  екі  тілдік  парадигма  бірін-бірі  толық-


193

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

тыратын, жалғастыратын сипатта дамуы тиіс. Осымен байланыс-

ты  тіл  қызметін  кешенді  сипатта  қарастыруды  мақсат  еткен,  қа-

зіргі  тіл  білімінің  жаңа  салалары – когнитивтік  лингвистика, 

коммуникативтік (қатысымдық) лингвистика, əлеуметтік лингвис-

тика,  психолингвистика,  лингвомəдениеттану,  этнолингвистика, 

прагмалингвистика,  т.б.  қазіргі  қазақ  қоғамындағы  рухани-əлеу-

меттік сілкіністер нəтижесінде жаңарған ұлттық сана мен ұлттық 

бірлікті,  оның  рухани  дамуын  қамтамасыз  ететін,  материалдық 

өндірісін  бейнелейтін,  танытатын  күшті  құрал  ұлттық  тіл  екенін 

дəлелдеуге қызмет етеді. Басқаша айтқанда, олар тіл туралы онто-

логиялық көзқарасты сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесі-

мен, ой-санасымен, соның ішінде тарихы мен мəдениетімен тығыз 

байланысты қараудың теориялық-əдістанымдық негізін құрайды.

Өз бастауын тіл білімі тарихының тереңінен алатын осы антро-

полингвистикалық көзқарас қазіргі лингвистикалық зерттеулер мен 

экстралингвистикалық факторлардың əсерімен жаңа сапада қайта 

жаңғыруда. Бұл көзқарас алғаш рет ХІХ ғасырда пайда болғанда, 

XVII-XVIII ғасырларда ұсынылған логикалық бағыт пен универ-

салды грамматикаға қарсы, яғни негізгі назарды тілдің ішкі фор-

масына аударған лингвистикалық ілім ретінде қалыптасты. Оның 

негізін салушы – көрнекті неміс лингвисі В. Гумбольдт.

В.  Гумбольдттың  пікірінше,  ұлттың  өзіне  тəн,  іштей  дами-

тын  рухы  бар,  сол  рухтың  ерекшелігін  сыртқа  шығарып,  сақтап, 

ұрпақтан-ұрпаққа беруші күш – тіл. Бұл қағида В. Гумбольдттың 

философиялық-лингвистикалық  бағдарламасының  негізін  құрай-

ды. Ол В. Гумбольдттың тілді адамның ойы мен санасы, мəдениеті 

жəне  рухани  өмірімен  тығыз  байланыста  қарайтын  тіл  филосо-

фиясына сай келеді. В. Гумбольдттың лингвистикалық бағыттары 

(концепциялары) тілдің табиғаты мен тегі, тіл мен ойлаудың «ха-

лық рухымен» байланыстылығы туралы И. Гердердің идеяларына 

сүйенеді. Тіл мен рух В. Гумбольдттың пікірінше, біртұтас ұғым: 

«Человек весь не укладывается в границы своего языка, он больше 

того, что можно выразить в словах; но ему приходится заключать 

в  слова  свой  неуловимый  дух,  чтобы  скрепить  его  чем-то,  и  ис-

пользовать  слова  как  опору  достижения  того,  что  выходит  за  их 

рамки» [4, 349].

А.С. Чикобаваның көрсетуінше, В. Гумбольдттың философия-

лық теориясын одан əрі қарай жалғастырған М. Лацарус, В. Вундт 


194

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

«рух», «халықтық  рух»  деген  ұғымдарын  «психикаға»  айналды-

рып, «халықтар психологиясы» деген бағыттың негізін салды. Ол 

бағытқа  сай  тілдің  ішкі  формасы – психологиялық  процесс,  ал 

мақсаты – халықтың психикалық (рухани) қызметі деп анықталды. 

М. Лацарустың айтуынша: «Подлинно человеческая жизнь чело-

века,  духовная  деятельность  человека  возможна  лишь  в  обще-

стве;  дух – это  совместное  порождение  человеческого  общест-

ва» [5, 22]. Осыған сабақтас қазіргі этнопсихология халықтардың 

ұлттық ерекшелігінің негіздерін, себептерін, дамуын ия жоғалуын 

ашуға  тырысады.  Нақты  айтқанда,  ұлттық  мəдениеттің  құралы, 

таңбасы  ретіндегі  тіл  табиғатының  жан-жақты  ашылуы  ұлттық 

психологияның мəліметтерімен тығыз байланысты болып келеді. 

Əрбір этностық ұжымның тарихи тəжірибесі негізінде қалыптасқан 

психикалық  өмір  салтының  сипаттарын  зерттейтін  этнопсихоло-

гия  саласы  ешкімде  (басқа  ұлтта,  этноста,  т.б.)  қайталанбайтын 

рух ерекшелігін өз зерттеу нысанына тірек етеді. Соның негізінде 

этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мəдениетті жасаушылардың 

психологиялық  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  кез  келген 

ұлттық мəдениеттің өзіне ғана тəн сипатын ашып көрсетеді. Мы-

салы,  қазақ  ұлттық  мəдениетіне  қатысты  оның  айқын  көрінісі – 

«қазақтың  қонақжайлығы  мен  дарқан  мінезі».  Оны  айғақтайтын 

тілдік қазынадағы деректердің сан салалы айшықты жүйесі белгілі.

Ал,  ХХ  ғасыр  басында  В.  Вундт  «халықтар  психологиясын» 

одан  əрі  қарай  дамытып,  оны  тіл  білімінің  методологиялық  не-

гізі  ретінде  қалыптастыруға  тырысты.  Атап  айтқанда,  В.  Вундт 

«күрделі  интеллектуалдық  процестер,  эмоциялар,  сезімдік  иірім-

дерді  зерттеу  басқаша  əдісті  қажет  етеді»  деп  есептейді.  Себебі 

«лабораторияда  тəжірибе  арқылы  діни  ия  моральдық,  т.б.  сезім-

дерді туғызу мүмкін емес. Мұндай күрделі психикалық процестер 

адам  қауымының  тарихи  өмірінде:  тілде,  аңыздарда  (миф),  əдет-

ғұрыптарда, дінде, өнерде өз іздерін қалдырады» деп, В. Вундт со-

ларды зерттейді де, оны былай түсіндіреді: «К мифам примыкают 

зачатки религии и искусства, к обычаям – зачатки и общие формы 

развития права и культуры» [6, 25].

Бұл  тұжырымдарды  ұлттық  тілді  зерттеудің  бірден-бір  негізі 

деп  санамағанмен,  ұлттық  мəдениеттің,  дəстүрлердің  дамуын, 

ұлттық  тілдің  ұлттық  рух  біріктірген  ұжымда  қалыптасуын 



195

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

түсіндіруде,  ерекшеліктерін  бағалауда  ескеруге  болады.  Əсіресе, 

ұлттық  рухымыз  жаңғырып,  салт-дəстүрлеріміз  қайта  жанданып 

жатқан қазіргі қазақ қоғамындағы рухани-əлеуметтік құбылысты 

дұрыс бағалап, негізін түсіну үшін ұлттық тілдің дамуының ішкі 

формасынан туындайтын жалпы заңдылықтарды жеке адам, ерекше 

тұлғалардың психикасымен (рухымен) жəне оның жалпы ұлттық 

санаға  əсерімен  байланысты  түсіне  білудің  маңызы  зор.  Себебі 

салт-дəстүрлер  жай  қолданбалы  нəрсе  иə  науқандық,  мерекелік 

көрнекі құрал емес. Олардың шығармашылық сипаты – ұлтты рух-

тандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын 

сипаттардың  бірі.  Демек,  ұлттың  дүниетанымымен  сабақтас 

қалыптасқан  материалдық  өндіріс  пен  тұрмыс  күйі  де  əркімнің 

жеке  басының  жағдайына  байланысты  күй  емес.  Ол – халықтың 

əлеуметтік-психологиялық,  мəдени,  тұрмыстық,  дүниетанымдық 

негізін – ұлттық санасын қалыптастыратын құбылыс. Оның негізгі 

бір сипаты – оның тұрақтылығы. Ол оңайлықпен өзгере салмай-

ды,  тіл  арқылы  ол  ұрпақтан-ұрпаққа  беріледі.  Сол  арқылы  ұлт 

өмірінің  желісі  үзілмей,  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізіледі.  Əртүрлі 

ұрпақ өкілдері бір ұлтты құрайды.

Бұл бағыттың Ресейдегі көрнекті өкілі – А.А. Потебня В. Гум-

больдттың пікіріне сүйеніп, тілді ойды туғызушы тетік деп, яғни 

тілде о бастан шығармашылық мүмкіндік бар деп түсінеді. Соны-

мен бірге ол тіл оқшау тұрған құбылыс емес, ол халықтың дүние-

танымымен,  мəдениетімен  біртұтас  байланыста  деп  санайды. 

Себебі, «халық – тілді жасаушы, тіл – «халықтық рухтың» жемісі, 

сондықтан  тіл  ұлттық  ерекшелікті  көрсетеді»  деп  қорытады [7, 

155-156].

Демек, «тілге, – білікті ғалым М. Арын анықтағандай, – жай əн-

шейін ғана бір ойды айтып беруші деп қарамау керек. Ол – ең əуелі 

сол ойды құрап беруші. Құрағанда ұлттық ерекшеліктерді ескеріп 

барып,  құрап  беруші  орган» [8, 15]. Сондықтан  да  ғалымның 

пікірінше, ұлттық рухтың ең бір абыройлы қызметі – тілді рухтан-

дыру.


Бірақ тіл білімінің əрі қарай даму барысында тілді, негізінен, 

таңбалық  жүйе  деп  қарау  жəне  сол  кезеңде  қатты  дами  бастаған 

дəл  ғылымдардың  əсерімен  тілдік  бірліктердің  құрылымы  мен 

қызметіне ерекше назар аудару, ішкі форма, семантика мəселелерін 



196

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

өзекті  зерттеу  нысандары  қатарынан  ығыстырып  шығара  баста-

ды.  Соның  нəтижесінде  тілдің  негізгі  мəні  ретінде  оның  қарым-

қатынас  құралы  қызметі  бағаланып,  оның  танымдық,  руханилық 

қызметіне  дұрыс  мəн  берілмеген  кеңестік  тіл  білімінде  В.  Гум-

больдттың  ілімін  қайта  жаңғыртып,  өз  еңбектерінде  тілдердің 

ұлттық  ерекшелігіне  қатты  көңіл  бөлген  неогумбольдтианттық 

бағыттың көрнекті өкілдері Э. Сепир, Б. Уорф, И. Вейсгербер, т.б. 

еңбектеріндегі  көзқарастарына  идеалистік  деген  біржақты  баға 

берілді [9, 123]. Нақты айтқанда, ХХ ғасыр басындағы тіл білімінің 

дамуы негізгі назардың субстанциялық көзқарастан құрылымдық-

функционалдық  көзқарасқа  аууымен  сипатталады.  Соған  орай 

тілдік  құрылымның  субстанциядан  салыстырмалы  тəуелсіздігін 

толық тəуелсіздік деп таныған түсінік кең етек алды.

Тіл  білімі  тарихының  бір  кезеңін  көрсететін  осы  бағыт,  атап 

айтқанда, структурализм бағыты негізінен Фердинанд де Соссюр 

есімімен жəне оның «Жалпы тіл білімінің бағыты» атты еңбегімен 

байланыстырылады. Оның негізгі мəні «Тіл субстанция емес, тіл – 

түр, тұлға» дегенге саяды [10, 120].

Яғни,  Ф.  де  Соссюрдың  пікірінше,  тіл  деген  ұғымға  тілдің 

«мəндік» (субстанция)  қабығынан  бөліп  алынған  құрылымы 

жəне дыбыстық материя ғана кіреді. Дыбысталудың өзі де бұған 

кірмейді,  себебі  ол  тілге  емес,  сөзге  (речь)  қатысты.  Осылайша 

тілді таза құрылымдық құбылыс деп қарайтын ғалымның пікірінің 

кейде бірізділігі жойылып, қайшылыққа ұшырайтын тұстарын да 

көреміз: «Материальная единица существует лишь в меру своего 

смысла,  в  меру  той  функции,  в  которою  она  облечена ...» – деп, 

тілді  таза  форма,  құрылым  дей  тұра,  оның  ойлау  мен  дыбыстың 

арасын жалғастыратынын мойындайды [10, 133]. 

Тілдің  сыртқы  тұлғасына,  құрылымына  ерекше  көңіл  бөлген 

Ф.  де  Соссюрдың  ілімі  тілді  синхрондық  тұрғыдан  зерттеуді  кү-

шейтіп,  диахрондық  жағынан  қарастыруды  əлсіретті.  Сондықтан 

жоғарыда  атап  көрсетілген  тілді  зерттеудің  жаңа  бағыттарына, 

біздің ойымызша, тілдің ішкі мəнін негіз деп санап, тілді жүйелі 

құбылыс немесе таңбалық жүйе деп қарайтын ғалымдардың пікірі 

арқау болмақ [11].

Сонымен, тілдің ішкі формасы мен мазмұнын, халқымызға тəн 

рухани қазынасын бойына сіңіріп, сақтаған тілдік деректердің бү-



197

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

гінгі  ұрпаққа  жеткізілген  құдіреті – тілдің  кумулятивтік  (мұра-

герлік) қызметімен байланысты. Зерттеу негізінде ғасырлар бойы 

қалыптасқан  ұлттық  мəдениеттің  тіл  арқылы  танылуының  тео-

риялық мəні тарихи лексикология мен тарихи морфологияға, этно-

лингвистика  мен  лингвомəдениеттану  жəне  елтануға  тікелей  қа-

тысты болса, ал түсіндірме, этимологиялық, екі тілді аударма сөз-

діктер  жасауға,  олардың  мазмұнын  неғұрлым  сапалық  жағынан 

жетілдіре  түсуге,  сонымен  бірге  мұражайлардағы  коллекция-

лар  мен  этнографиялық  экспонаттарды  түсіндіріп,  паспорттауға, 

елтанытушылық қызмет пен қазақ тілін оқытып, үйретуге қатысты 

бұл бағыттың практикалық құндылығын бағалауға болады.

Сайып  келгенде,  тілдің  тек  танымдық-мазмұндық  жағы  ғана 

ашылып қоймай, сонымен бірге мемлекеттік мəртебеге сəйкес қазақ 

тілінің  бұрын  толық  көрінбеген  қырларының  коммуникативтік 

əлеуеті де ашыла түседі.

Осыған сай халқымыздың рухани өрісімен сабақтас қалыптас-

қан,  кумулятивтік  қызметі  арқылы  ұрпақтан-ұрпаққа  мирас  бо-

лып беріліп келе жатқан ана тіліміздің мəдениетке қатысты ұшан-

теңіз  қазынасының  тілдік  табиғатын  зерттеу  негізінде  олардың 

ұлттық  болмыс-мазмұнын  анықтау – қазақ  тіл  біліміндегі  өзекті 

мəселелердің  бірі.  Бұл  мəселелердің  шешімін  табуы  мынадай 

міндеттердің орындалуын қажет етеді:

а) төл мəдениетіміздің өткен дəуірлерінен елес беретін көне та-

мырлы, ұлттық бояуы қалың алуан түрлі атаулар мен ұғымдарды 

эпостық жырлардан, ақын-жыраулар шығармаларынан, фразеоло-

гиялық тіркестер мен диалектілік жəне кəсіби лексика құрамынан, 

паремиологиялық  жүйеден,  прецедентті,  сакральды  атаулардан,  т.б. 

жиып көрсету;

ə) этнолексика түрінде сақталған осындай ұшан-теңіз байлықты 

кез келген жеке тілдік фактіге байланысты емес, белгілі бір қарым-

қатынастар мен байланыстардағы кəсіби, əлеуметтік, гендерлік, т.б. 

мағыналық-тақырыптық топтарға жіктеу;

б) эпостағы иə ақын-жыраулар өмір сүрген дəуірдегі, не фра-

зеологиялық, т.б. тіркестер мен диалектілік иə кəсіби лексикадағы 

қолданылу  өрісіне  байланысты  семантикасы  өзгерген  сөздерге 

функционалды-семантикалық, ономасиологиялық талдау жасау;

в) семантикалық, грамматикалық даму барысында, қолданылу 

аясында  көптеген  өзгерістерге  ұшыраған  мəдениетке  қатысты 


198

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

этнолексикаға  жасалған  тарихи-лингвистикалық  реконструкция-

ны мəдени реконструкциямен сабақтастыру;

г) мəдени атаулардың этногенездік тарихи көздерін жаңғыртуды 

көне  түркі  ескерткіштері  мен  түркі  тілдері  жүйесінің  тарихи  қа-

баттарын тіларалық салыстыру арқылы анықтау;

ғ) кейбір мəдени атаулардың архетиптерінің өзегін құрайтын та-

рихи туынды түбірлерде «сүрленіп» қалған «өлі» түбірлерді фоно-

морфо-семантикалық  құрылым  негізінде  диахрондық  тұрғыдан 

сипаттап, уəждік негізін тарихи деривация мен номинация шегінде 

анықтау;

д) мəдени атаулардың номинативтік жəне этимологиялық қыр-

ларының қалыптасу қағидаларын анықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет