Қазақ тіліндегі байырғы түбірлерді жаңғырту жеке сөз ретінде қолданылады. Қазақ тілінде аталмыш негіз


беpен, дындан, жебе, жетім, кебенек, күн жайлату, көбе, кipеуке



Pdf көрінісі
бет17/36
Дата06.04.2017
өлшемі2,18 Mb.
#11188
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36

беpен, дындан, жебе, жетім, кебенек, күн жайлату, көбе, кipеуке, 

күдеpi, қара орын, қарашы, сақсыp, сауын айту, т.б. 

Осы  тектес  атаулардың  көбi  семантикалық,  гpамматикалық 

даму баpысында, қолданылу аясында көптеген өзгеpiстеpге ұшы-

pағандықтан аpнайы да теpең этнолингвистикалық зеpттеудi қажет 

етедi. 

Сонымен,  тек  қана  тiлдiк  фактiлеp  аpқылы  сақталған  халқы-



мыздың  таpихын,  құбылыстаp  атауын,  салт-санасын  бiлдipетiн 

қазақ  тiлiндегi  МЛ-ның  номинациясын  анықтаудағы  өзектi  бip 

аpна – этнолингвистикалық қағида. 

Қазақ тіліндегі МЛ-ның 

этномəдени құрылымының негізгі қырлары

Этнолингвистикалық  қағиданың  тінін  құрайтын  «ұлт  пен  тіл 

біртұтас» немесе «тіл мен мəдениет сабақтас» деген ұстындар.

Осыған  сəйкес  зерттеу  нысанын  ұлттың  рухани  мəдениетін 

айғақтайтын таза этнографизмдер (иткөйлек, бойтұмар, т.б.) ғана 

1

 Сыздықова P. Абай шығаpмалаpының тiлi. – Алматы, 1968; Сыздықова P. Махамбет 



өлеңдеpiн оқығанда // Қазақстан мектебi. 1965, № 8, 61-67-бб; Сыздықова P. Жамбыл 

поэзиясының тiлi жайында // Жамбыл жəне қазipгi қазақ поэзиясы. – Алматы, 1975, 

78-92-бб; Сыздықова P. Сөздеp сөйлейдi. – Алматы, 1980 (екiншi басылуы – 1994 ж.). 


247

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

емес,  күнделікті  тұрмыс-тіршілігі,  айналысатын  төл  кəсібі  мен 

еңбегіне,  т.б.  қатысты  сан  ғасырлық  тəжірибесінің  тұжырымы 

іспетті сан салалы мəдени жүйе атаулары да деректеп, дəйектейді. 

Мысалы,  мал  шаруашылығына  қатысты  лексика  мен  зоолексика 

негіз  болған  мақал-мəтелдер,  жұмбақтар,  фразеологиялық  тір-

кестер,  т.б.  қазақ  этносының  көп  ғасырлар  бойғы  таным-тəжіри-

бесінің нəтижесі, ұлт болмысымен сабақтастығы қарастырылды. 

Соған  сəйкес  ассоциативті-бейнелі  танымның  арқасында  ұлт 

өкілінің белгілі бір болмыстық сипаты (мінезі, түрі, т.б.) сол ұлт 

мəдениетіне, тұрмыс, кəсібіне сəйкес қалыптасқан мал шаруашы-

лығына қатысты белгілермен тілде белгіленгені нақты көрсетіледі: 



жылқы  мінез,  қой  аузынан  шөп  алмас,  жон  терісін  сыдыру,  ақ 

қаптал, құтпан айғырдай, қарақшылы түйедей, ат жақты, бүй-

рек бет, бота көз, бие сауым, құрық бойы, тай қазан, ат басын-

дай  алтын,  қамшының  сабындай  қысқа  өмір,  ақ  түйенің  қарны 

жарылды, т.б.

Тілдің тарихи-лексикалық жүйесіндегі ұлттың мəдениеті, тұр-

мысының  айнасы  іспетті  қабаттарының  бірі  ретінде  тағам  жəне 

тамақ атаулары қарастырылады. Заттық мəдениеттің басқа салала-

рына қарағанда ұлттың ерекшелігі ұзағырақ сақталатын осы жүйе-

ні арнайы зерттеген А. Жылқыбаеваның еңбегінде тамақ атаулары 

ұлттың салт-дəстүрімен, əдет-ғұрпымен контексте қарастырылып, 

этнолингвистикалық астары анықталады [35]. Мысалы, дайындау, 

сақтау технологиясына сəйкес сүр ет, қақтаған ет, ыстаған ет, 

іркіт, құрт, бауырсақ, т.б., ал қонақасыға берілетін: қазы, қарта, 

жал-жая, қуырдақ, т.б.; қонаққа ұсынылатын мүшелер: бас, жам-

бас, омыртқа, т.б. Көлемі мен түріне қарай: би қазы, дөңбек қазы, 

шере  қазы;  сықпа  құрт,  ақірімшік,  т.б.  Қымыздың  өзі  дайында-

лу  əдісі,  құрамы,  ашыту  уақыты,  дəмі,  т.б.  сапалық  қасиеттеріне 

қарай: саумал, сары қымыз, бесті қымыз, т.б. деп жіктеледі. Піскен 

еттің ішіндегі мүшелерді үлестірудегі салт-дəстүрлердің сақталуы: 

басты  кімге  беру  керек  немесе  төсті,  желкені,  т.б.  Немесе  ас  қа-

йыру,  жарысқазан,  құйрық-бауыр  асату,  наурыз  көже,  жеті 

күлше  нан,  т.б. – бəрінің  өзіндік  мəні  бар  рухани  мəдениетпен 

астасқан көріністер.

Сол сияқты ұлттың рухани мəдениеті туралы құнды мəлімет-

терді айқындауға көмектесетін – космоним (аспан əлемі) атаулары. 



248

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

Олардың  астрономия  пəні  негізіндегі  ғылыми  түсініктемелерін 

толықтырып,  ұлт  болмысына  сабақтас  сипаттайтын,  солармен 

байланысты қалыптасқан фразеологизмдер, мақал-мəтелдер, жұм-

бақтар. Себебі олар халықтың күнделікті тұрмысында ұзақ уақыт 

бойы  аспан  денелерін  бақылауы  нəтижесінде  немесе  мифтік 

негізде  қалыптасқан:  Темірқазық,  Ақбозат,  Көкбозат,  Күзетші, 

Сұлусары,  Сүмбіле,  Жетіқарақшы,  Есекқырған,  Құс  жолы,  Құй-

рықты  жұлдыз,  Қызыл  жұлдыз,  т.б.  Осымен  байланысты  фоль-

клор  мен  мифология,  фразеология,  паремиология,  т.б.  деректері 

космонимдердің  этнолингвистикалық  астарын  айқын  ашады: 

жаңа ай, толған ай, ескі ай, жұлдызы жоғары, жұлдызы жану, 

жұлдызы оңынан туды, ұлыстың ұлы күні (наурыз), күн тоқырау; 

Босаға  батса,  таң  атады;  Үркердің  алды  тоқ,  арты  жіңішке; 

Сүмбіле туса, су суыр; Таразы туса, таң суыр, т.с.с.

Қазақ  тіл  білімінде  жан-жақты  зерттеліп,  ғылыми  негізі  қа-

ланған  ономастиканың  бір  саласы – антропонимика.  Дегенмен, 

ұлттық  ұжымда  қалыптасқан  əртүрлі  тілдік  жағдаятқа  қатысты 

коммуникативтік қызметтің ерекше сипаты ретіндегі антропоним-

дік аталымдар этнолингвистік тұрғыдан жеке қарастыруды қажет 

етеді. Олар «тек тілдік фактор ретінде ғана емес, сонымен қатар 

этнолингвистика  тұрғысынан  қаралып,  ұлттың  менталитетіне, 

салт-дəстүрге, экспрессияға байланысты» сипатталады [45]. Мы-

салы, құрметтеуге байланысты: Мəке, Телаға, Ғалеке, т.с.с.; еркеле-

туге байланысты: Сəулеш, Күлəтай, Төлеш, Мұқаш, Баянжан, т.б.

«Тамыры тіл даму тарихының тереңінде жатқан, кейбірі көп-

шілік  жадынан  шыға  бастаған,  түркі  тілдеріне  ортақ  боп  келген, 

төрт  түліктің  жасына  қатысты  атауларды,  солар  негіз,  ұйытқы 

болып  қалыптасқан  фразеологиялық  тіркестерді  «тіл  мен  ұлт 

біртұтас»  қағидасына  сəйкес  этнолингвистикалық  сипатта  қайта 

жаңарта  қараудың  да  мəні  ерекше» [46]. Атап  айтқанда,  төрт 

түліктің  жас  мөлшеріне  қатысты  атаулардың  қалыптасуына  се-

беп  болған  уəждерді  этнолингвистикалық  тұрғыдан  сипаттау – 

ол жүйенің ұлттық болмысқа қатыстылығын көрсетеді. Мысалы, 

жылқы төлінің жас мөлшеріне қарай жіктелуі: құлыншақ, құлын, 

жабағы,  тай,  құнан,  дөнен,  байтал,  айғыр,  бесті  бие,  азбан 

айғыр, ат, қысырақ, сақа бие, қасабалы бие, т.б. Түйенің төлі жа-

сына қарай былайша ажыратылады: бота, көшек, тайлақ, торым, 



249

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

кенже  нар  тайлақ,  нар  тайлақ,  жайлақша,  құнанша,  дөненше, 

тығыршын, буыршын, бүлдіршін, бура, атанша, атан, т.б. Сиыр 

төлінің  жас  мөлшеріне  қарай  атаулары:  бұзау,  торпақ,  баспақ, 



тана, тайынша, құнажын, дөнежін, сиыр, ту сиыр, тұмса сиыр, 

азбан бұқа, т.б. Қой малының жас мөлшері былайша сипатталады: 

қошақан, сырбаз, марқа, бағлан, тоқты, тұсақ, ісек, т.б. Ешкіге 

қатысты жас мөлшер былайша сипатталады: лақ, шыбыш, туша, 



теке, серке, т.б.

Қазақ тіліндегі МЛ-ның тарихи-семантикалық 

деривациясы мен тарихи-ономасиологиялық жүйесі

Қазіргі  тіл  білімінде  тілдің  табиғатын  анықтау  барысындағы 

(оның қай деңгейінде болмасын) зерттеулерде мазмұндық жағына 

басым назар аудару үрдісі жоғарыда атап көрсетілді. Оның себебі, 

ғалымдар  атап  көрсеткендей,  тіл  мен  ойлаудың  сабақтастығын 

іске асырудың негізгі тетігі адам қоғамындағы əртүрлі ақпаратты 

берудің вербалды қызметімен байланысты. Ал, оны тілдің жүйелі, 

құрылымдық  негізінде,  релятивті  заңдылықтар  арқылы  толық 

түсіндіре алмаймыз. Себебі тілдік субстанцияның екіжақты (маз-

мұн  мен  форма)  сипаттағы  ерекшелігі  оның  танымдық  қызме-

тімен байланысты. Өз кезегінде таным динамикасы тілдің дерива-

циялық  сипаттағы  коммуникативтік  мəнін  айқындайды  да,  се-

мантика  проблемасын  алға  шығарады.  Бұл  құбылыстың  түркі 

тілдерінің лексикасының бетінде жатқан ұқсастықтары мен айыр-

машылықтарын ғана көрсететін тілдік жүйенің қалыптасқан ста-

тикалық  күйі  олардың  коммуникативті-прагматикалық  тұрғыдан 

сипатталатын парадигмалық мəнділігін көрсете алмайды. Ол үшін 

лексикалық  жүйені  динамикалық  күйде – қолданыста  қарастыру 

қажет.  Осы  талапқа  жауап  беретін,  этнолексиканың  танымға  сү-

йенген  коммуникативтік  қызметінің  көрініс  беретін  аясы – лек-

сиканың тарихи даму барысындағы тарихи-семантикалық дерива-

циясы, тарихи-ономасиологиялық жүйесі.

Тіл біліміндегі бір тілдік бірлік негізінде екінші бір тілдік бір-

лік  жасалуын,  яғни  екінші  немесе  туынды  таңбаның  жасалуын 

білдіретін,  көбінесе  сөзжасамдық  жүйемен  сабақтасып  жататын 

«деривация» ұғымы – күрделі де өзекті мəселелердің бірі.



250

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

Дегенмен,  оның  қалыптасу  мен  қолданыс  шегін  жіктеп,  ай-

қындау  мəселесі  қазақ  тіл  білімінде  де  қарастырылуда  (Сағын-

дықұлы Б., Қажыбеков Е., Салқынбай А., Жалмаханов Ш., Құрма-

налиева А., т.б.).

Бұл мəселенің зерттелуіндегі бетбұрыс «сөз мағынасында бо-

латын  семалық  өзгерістің  реңкі  оның  қызметімен  тікелей  қа-

тысты»  деп  қараған  Е.  Курилович  еңбектерімен  байланысты. 

Оның  зерттеулерінде  компоненттік  талдау  негізінде  мағынаның 

көмескіленуі, кеңеюі, тарылуы, т.б. өзгерістерді сипаттайтын бел-

гілі  бір  мағыналық  белгілердің  жіктелуінің,  түрлі  транспозиция-

ның нəтижелері анықталады.

Бүгінгі  күнгі  тіл  білімінде  бұл  қағида  өз  жалғастығын  функ-

ционалды,  когнитивті  лингвистика  салаларынан  таба  алады.  Со-

ның  нəтижесінде  адам  қоғамының  қарым-қатынас  жəне  таным 

құралы  (оның  нақты  көрінісі – лексика)  ретіндегі  тілдің  тарихи-

динамикалық  категория  ретінде  жаңа  деңгейдегі  зерттеу  ныса-

нына айнала алатын ғылыми негіздері бар. Осымен байланыс-ты 

қазақ  тіліндегі  зергерлік  бұйымдар,  киіз  үй  құрылымы,  тамақ, 

киім атауларының ономасиологиялық табиғатын тарихи-функцио-

налдық  кеңістікте  этнолингвистикалық  негізде  салыстыра  зерт-

теуге  арналған  Р.  Шойбековтің,  А.  Оқаның,  А.  Жылқыбаеваның, 

Ə. Алмауытованың, т.б. еңбектерінің мəні аса өзекті.

Уақыт пен кеңістік контексінде тарихи дəуірлер мен кезеңдер, 

түрлі  тарихи  процестер  нəтижесінде  кейде  сөз  мағынасынан 

ажырағанмен,  тілдік  бірліктердің  семантикалық  тұрақтылығы 

сол  тілде  сөйлейтін  адамдардың  бір-бірімен  түсінісуін,  ал  бірлік 

мағыналарының  өзгергіштігі  тілдің  коммуникативтік  қызметін 

атқаруына  қызмет  етеді.  Себебі  сөз  мағынасының  қалыптасуы – 

адамның ойлау əрекетінің өнімі десек, сөз мағынасының өзгеруін, 

дамуын адамның танымдық іс-əрекетінің нəтижесі деп санауға бо-

лады.


Осымен  байланысты  «тілді  семантикалық  аспектіде  зерттеу 

мүмкін емес, ол өзгермелі жүйе» деп қараған структуралистердің 

пікірін жоққа шығарған А. Потебня, М. Покровский, А. Уфимце-

ва, т.б. еңбектеріне ерекше назар аударып, мəн-мағыналық құры-

лымдағы  мағыналардың  қарым-қатынасын,  лексикалық  өзгеріс 

пен дамуды нақты тарихи шарттастықта қарауға болады.



251

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

Осы тектес зерттеулерде, жоғарыда нақты көрсетілгендей, түр-

кі жазба ескерткіштері мен қазіргі түркі тілдеріне ортақ сөздердің 

деректері,  мағыналық  өзгерісі  тарихи-салыстырмалы  тұрғыдан 

ретроспективалық əдіспен анықталған. Семантикалық динамика-

сына қатысты танымға, танымдағы ассоциациялық байланыстар-

ға  талдау  жасап,  ономасиологиялық  уəжімен  сабақтастыру  этно-

лингвистикалық  тұрғыдан  нақты  этнолексиканы  зерттеуді  терең-

детіп,  лингвистикалық  жəне  мəдени  реконструкцияны  тоғысты-

рады.


Осы  бағытта  жүргізілген  қазақ  тіл  біліміндегі  зерттеу  нəти-

желерінің  қатарына  топонимдік  жүйеде  сақталған  ұлттың  мате-

риалдық жəне рухани мəдениетінің тілдік бейнесін зерттеу нысаны 

еткен Е. Керімбаев, Қ. Рысберген, Ұ. Ержанова, А. Арысбаевтың, т.б. 

еңбектерін  жатқызуға  болады.  Мысалы,  Қ.  Рысбергеннің  зертте-

уінде қарастырылған топонимдердің этнолингвистикалық сипаты 

көшпенді  тұрмысқа  сай  материалдық  мəдениеттің  сол  аймаққа 

тəн  егіншілік  кəсібі  мен  ирригация  жəне  рухани  дүниесінің  шө-

лейттілік  пен  діни-мифологиялық  танымға  қатысты  анықтала-

ды:  Астауқоба,  Астаусай,  Сандықтас,  Шымылдықсай,  Кебеже-



тас,  Босаға,  Бəйгеқұм,  Ақбура,  Найманарық,  Ақарық,  Өрісарық, 

Кəрітоған, Сұлукесік, Еспеқұм, Төбеқұм, Қызылшағыл, Балқұдық, 

Үшқұдық, Баранжол; мифотопонимдер: Келіншек тау, Ақ бикеш, 

Ақсақбақсы, Шайтанқұм, Қалмақ қырылған, Қатын қамал; сак-

ральды  топонимдер:  Арыстанбап,  Үйреката,  Қара  бура,  Қарлы-



ғаш, т.б.

Қазақ МЛ-ның идиосемантикалық жүйесі

Жалпы, онимдердің идиосемантикасын экстралингвистикалық 

факторлар  арқылы  анықтауға  фольклордың  тілдік  деректері  көп 

септігін  тигізеді.  Екіншіден,  фольклорлық  тілдік  ақпараттардың 

этномəдени ерекшеліктерін зерттеу – бұл қазынаның мəдени мұ-

рагерлік  қызметінің  теориялық  мəнін  ашуға  ықпал  етеді.  Атап 

айтқанда, фольклор мəтінінде көбінесе астарлы (имплицитті) түр-

де  қолданылатын  онимдер  жүйесі  өзінің  мифологиялық,  тəңірге 

табынушылық, көне, діни мазмұны арқылы кумулятивтік қызмет-

ке  ие.  Оларды  антропонимдер,  топонимдер,  космонимдер,  зоо-



252

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

нимдер,  теонимдер,  мифонимдер,  этнонимдер,  т.б.  деп  таратуға 

болады.  Қазақ  фольклорының  осындай  онимдік  жүйесінің  этно-

лингвистикалық  сипаты  Ə.  Марғұлан,  Қ.  Жұбанов,  Ə.  Қайдар, 

Е. Жұбанов, Ə. Қоңыратбаев, Т. Қоңыратбаев, А. Мұқатаева, Е. Ке-

рімбаев, А. Сейілхан, Д. Керімбаев, т.б. зерттеулерінде жан-жақты 

ашылған.  Мысалы,  ежеғабыл  құда,  талқы,  күймелі  арба,  қулық, 

шатыр, ақ қара бас ту, енші, шашу, сауға, боқша, жұмыршақ, т.б.

Құнды этнолингвистикалық мəліметтерге бай тілдің саласы – 

киелі  (сакральды)  лексика.  Оның  құрамында  қазақ  халқының 

наным-сенімдері,  əдет-ғұрыптары  мен  ырым-жораларына  қатыс-

ты мифологиялық сипаттағы əртүрлі ақпараттар мен мəліметтерін 

бейнелейтін  қазақ  тілінің  сакральды  лексикалық  бірліктері  сақ-

талған.  Осы  лексиканың  этнолингвистикалық  сипатын  зерттеген 

А.  Керімбаев  заттардың  утилитарлық  (профандық)  жəне  семио-

тикалық  (символикалық)  тəрізді  қос  қызмет  атқаратындығының 

мысалы  ретінде  əртүрлі  құралдың,  киім-кешектің,  баспананың, 

зергерлік  бұйымдардың,  т.б.  семиотикалық  қызметі – сакральды 

мəнін  көрсетеді [47, 9]. Мысалы,  қазақ  киіз  үйінің  құрылымдық 

бөліктері: шаңырақ, төр, босаға, ошақ, т.б. 

Қазақтың дүниетанымындағы сакральды əлем жəне оның но-

минациясы  рухани  мəдениеттен  де  айқын  көрінеді.  Ол  əсіресе 

діни-мифологиялық  танымның  формалары  (анимизм,  фетишизм, 

моно,  т.б.)  жəне  əртүрлі  лексика-семантикалық  микротоптар  ар-

қылы  көрініс  табады:  əруақ,  бəйтерек,  пір,  аққу,  Қамбар  ата, 



бесік, қазан, асатаяқ, тұмар, иткөйлек, үшкіру, ұшықтау, айдар, 

бақсы, сынықшы, т.б. Осы атаулардың тезаурустық, прецеденттік 

негізіне сүйеніп жүргізілген этнолингвистикалық зерттеулер олар-

дың бойындағы киелі мазмұнды ашады.

Осы  зерттеулердің  нəтижесінде  фольклор  мазмұнындағы  тіл-

дік  деректер  тек  атауыштық  қызметпен  шектелмейді.  Олардың 

этномəдени ақпараты сан қилы: тарихи-этникалық (Қараман, Ал-

шағыр,  Орақ  Мамай,  т.б.),  тарихи-топонимдік,  географиялық  ке-

ңістік,  флора  мен  ландшафт  көрінісі,  мифтік-прецеденттік  атау-

лар, т.б.

Ұлттық сана-сезім мен дүниетанымның тілдегі айқын көрінісі – 

бесік  жырларында.  Ғаламның  ұлттық  сипаттағы  тілдік  бейнесі 

бесік  жырларында  этномəдени  реңкті  тіл  бірліктері  арқылы  ай-



253

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

шықталады. Бесік жырларының этнолингвистикалық сипатын ар-

найы  зерттеген  Ə.  Айтбаева  олардың  этномəдени  жəне  комму-

никативтік мəнін сабақтас көрсетеді: «Бесік жырлары – халықпен 

бағзы заманнан жасасып келе жатқан мəдениеттің бастамасы со-

нау  мифопоэтикалық  жəне  фольклорлық  қабаттарды  құрайтын 

феномен.  Қарапайым  бесік  жырлары – ежелгі  халық  психоло-

гиясының, мəдениетінің, тілдік байлығының куəсі. Əрі халық бе-

сік  жырларының  мəтіндері  этномəдени  шындықтың  абстрактілі 

үлгісі болып табылады» [48]. Мысалы: 

Ұлы топта күрескен,

Палуан болар ма екенсің?

Бал қайнатып, шай ішкен

Қазы кертіп, жал жеген, 

Асты болар ма екенсің?

Ұзақ жасап, көбірек

Басты болар ма екенсің?

Қуып ойдың жетігін,

Біліп ғылым тетігін,

Ғалым болар ма екенсің?

Еңбек етіп бар елге,

Өнеріңмен əлемге

Мəлім болар ма екенсің?

Көп қиыннан өтерсің,

Мақсатыңа жетерсің,

Ұйықтай қойшы, бөпешім!

Қазақ  этносына  тəн  дүниетаным  мен  сананың  айқын  айғағы, 

халық даналығы мен философиялық толғанысының, эстетикалық 

танымы  мен  тағлым-тəлімінің,  өркениеті  мен  мəдениетінің,  бар-

ша  болмысының  қайнар-бұлағы – мақал-мəтелдер.  Біздің  ойы-

мызша,  мақал-мəтелдердің  этнолингвистикалық  сипатын  белгі-

лейтін  мынадай  тетіктерін  атап  көрсеткен  жөн: 1) Күнделікті 

өмірде,  тұрмыста,  əлеуметтік-қоғамдық,  отбасылық,  т.б.  ұжымда 

кездесетін сан қилы құбылыстарға, жайттарға ұлттың ойлау жүйесі 

мен  танымы  деңгейіне  де  тұжырым  жасап,  даналық  баға  беру; 

2)  Мақал-мəтелдердің  халық  арасына  кең  тарап,  қаймағы  бұзыл-

май ұрпақтан-ұрпаққа жетуінің бір сыры – олардың қазақ халқы-

ның ұлттық болмысына тəн ерекше дамыған бір қасиет шешендік 


254

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

өнермен,  көркем  сөз  кестесімен  өрілуі; 3) Мақал-мəтелдердің 

ұлттық болмысқа қатысты этнотаңба ретінде қолданылуы олардың 

ерекше коннотациясында. 

Бұл  жайларды  тұжырымдап  айтқанда,  түрлі  тілдік  жағдаятқа 

сай  мақал-мəтелдердің  ұлттық,  ұжымның  коммуникативтік  қыз-

метінің  мəнін  күнделікті  өмір  тəжірибесінде  болып  жататын  қа-

лыпты  құбылыстар  мен  жайлардың  сол  тілді  қолданушы  ұжым-

ның əлеуметтік-қоғамдық, қоғамдық-рухани қалпына сəйкес қол-

данылуы  деп  анықтауға  болады.  Бұл  тіл  білімінің  теориясында 

«екінші уəжділік» деп аталады. Мысалы, қазіргі əлеуметтік қоғамда 

педагогикалық  қағида  іспетті  қолданылатын  «Ұяда  не  көрсең, 

ұшқанда соны ілерсің» мақалы акад. Ə. Қайдардың түсіндіруінде о 

баста саятшылар ортасында пайда болған.

Сондықтан өзіндік танымдық-прагматикалық уəжде қалыптас-

қан, көркем сөз өнерінің көрікті өрнегі арқылы ұлт рухының құ-

діретті  күшінің  тілдік  көрінісі  деп  тұжырымдалған  Б.  Дина, 

Ш. Қарсыбековалардың зерттеулері мақал-мəтелдердің этнолинг-

вистикалық  феномен  ретіндегі  кешенді,  этномəдени  табиғатын 

нақты дəйектейді

1

.

Көріп  отырғанымыздай,  этносты  тіл  арқылы  танудың  таным 



көзінің  бірі – рухани  мəдениеті  десек,  оның  таңбалануының 

түрлі  тілдік  көріністері  де  этнолингвистикалық  зерттеу  нысаны 

болуда.  Атап  айтқанда,  рухани  бұлақтарда  (халық  ауыз  əдебиеті, 

фразеология,  мифология,  көркем  мəтіндер,  т.б.)  этносқа  қатысты 

рухани  мəдениеттің  тілдік  бейнесінің  сан  түрлі  арналар  жүйесі 

қалыптасқан. Осы жүйені тіл мен этнос контексінде лингвоэтно-

графиялық, этномəдени тұрғыдан зерттеген С. Жанпейісованың пі-

кірінше,  рухани  мəдениет  лексикасының  мазмұнында  этнопеда-

гогикалық  дағдылар,  құқықтық-əлеуметтік  нормалар,  əкімшілік 

бөлініс,  басқару  жүйесі,  билік  жүргізу,  лауазымдық  дəреже  тағы 

басқаларына  қатысты  құнды  деректер  айғақталған [49]. Мыса-

лы:  жүз,  төре,  хан  көтеру,  ала  жіпті  аттамау,  барымта,  ба-



қал қыдырту, ат құйрығын кесу, құйрық түю, тұсау кесу, қорық-

1

  Дина  Б.Б.  Қазақ  тіліндегі  мақал-мəтелдердің  танымдық-прагматикалық  аспектісі: 



филол.  ғыл.  канд. ... автореф. – Алматы, 2002; Қарсыбекова  Ш.Г.  Қазақ  мақал-

мəтелдерді  топтастырудың  этнолингвистикалық  принциптері:  филол.  ғыл.  канд. ... 

автореф. – Алматы, 2004.


255

Қазақ тіліндегі этномəдени атаулар

тық құю, қара шығын, қынаменде, айттырып алу, жеңге алу, қол 

ұстатар, шаш сипар, қырық жеті, құйрық бауыр жесу, тасаттық 

беру, ақ сарбас // боз қасқа атау, жарыс қазан, үкі тағу, үш то-

ғыз, т.б. 

Сол сияқты, этностық сандық, кеңістік, көлем, уақыт, жас мөл-

шері,  т.с.с.  құбылыстарының  да  сапалық  тұрғыдан  сипаттау 

дағдысы ұжым мүшелерінің тіршілік ортасының рухани дүниета-

ным  деңгейіне  сəйкес  қалыптасып,  өзіндік  метрологиялық  жүйе 

құрайтыны байқалады: соқыр, алты ен, қарын (май), қосақ (қой), 



лек,  танап,  сайыпқыран,  тастүлек,  мұзбалақ,  үш  қырыққан 

(түйе),  мүшел  жас,  талтүс,  сəскетүс,  ақшам,  бие  сауым,  желі 

бойы жер, кереге бойы, т.б.

Сонымен, қазақ тiлiнiң лексикасы – қат-қабат, саpқылмас мол 

қазына. Ол байлықтың ең бip сүбелi қабаты – этногpафиялық лекси-

ка. Онда мағынасы күңгipттенiп, қолданыстан шығып қалған, өткен 

өмip мен ескipген əдет-ғұpыпты бейнелейтiн, əpтүpлi кəсiпке бай-

ланысты ұмыт болған атаулаp мен сөз тipкестеpi көптеп кездеседi. 

Атап айтқанда, мал бағуға, саятшылыққа, зеpгеpлiкке, т.б. байла-

нысты атаулаpға жəне солаpға қатысты байырғы құбылыстардың 

тілдік  бейнесі  ретінде  сөз  тipкестеpi  мен  фpазеологизмдеpде,  тiл 

шебеpлеpiнiң  дайын  үлгiлеpi – мақал-мəтелдеpде  халқымыздың 

басып өткен бүкiл ұзақ өмipiнiң өpнегi жатыp. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет