§ 2. Нүкте әрі қарай кең түрде баяндау болатынын ескертетін
сөйлемнен кейін қойылады (II тараудағы §2-ты қараңыз).
§ 3. Қыстырма сөйлемді алу үшін ашылған жақшаның алдындағы
сөйлем аяқталып, оған тиісті тыныс белгілерінің бірі қойылған болса,
қыстырма сөйлемнен кейін жақшаның ішінен нүкте қойылады.
Мысалы: Ендеше, егер рұқсат етсе, сонда түсейік. Бүгін ас ішетін
жеріміз де жоқ. Жататын қуысы болса болады. (Итбайдың бұлай деуіне
себеп – қызын көрейін дегендік еді.) (С.Мұқанов).
§ 4. Драмалық шығармаларда әр сөйлеуші кейіпкердің атынан кейін
нүкте қойылады. Мысалы:
П е т р . Бұл немене?
А м а н г е л д і . Біле алмадым... Сақал мен мұртқа бір кезек келген
сияқты (Ғ.Мүсірепов).
Кейіпкердің атынан кейін ремарка (автордың түсіндірме сөздері) келсе,
ол кіші әріппен жақша ішіне алынады да, нүкте жабылған жақшадан кейін
қойылады:
А м а н г е л д і
(атып тұрып).
Кешігіп қалыпсыз, мырза!
(Ғ.Мүсірепов).
С ә у л е (аз уақыт үнсіз). Перизат, сен байқайсың ба?(Ә.Әбішев).
Пьесадағы кейіпкердің сөзінің ішінде келген ремаркаға байланысты
тыныс белгісі былайша қойылады:
а) Ремарка екі сөйлемнің арасында тұрып, өзінен кейін айтылған
сөйлемге (не сөйлемдерге) байланысты болса, кейіпкер сөзінің ремаркаға
дейінгі сөйлемінен кейін (яғни ашылатын жақшаның алдынан) сол
сөйлемге тиісті тыныс белгісі қойылады. Ремарка жақшаға алынады да, бас
әріптен басталып жазылады, жабылған жақшаның ішінен нүкте қойылады,
жақшаның сыртынан ешқандай тыныс белгісі қойылмайды, кейіпкер
сөзінің екінші бөлігі бас әріптен басталып жазылады:
П е т р . Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді. (Амангелдіге.) Сен бара
тұр, мерген, бір айналып соғарсың.(Ғ.Мүсірепов).
Т е м і р. Еһ, тентек қарындасым! (Қол алысып.) Ризамын, жаным, бәрін
1
“Анықтағыштағы” пунктуация ережелері синтаксистік құрылысқа
қарай (мысалы, сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгілері,
оңашаланған айқындауыштың тыныс белгілері т.б.) баяндалды. Мына
“Қосымшада” әрбір тыныс белгісінің жалпы қай орындарда
қолданылатындығы туралы ережелер жинақтап берілді. Жазып отырған
адам белгілі бір тыныс белгісінің өзі күдіктенген жеріне
қойылатын-қойылмайтындығын осы “Қосымшаға” қарап тауып ала
алады. Ал оны дәлірек білгісі келсе, “Пунктуация ережелері”
деген тараудан қай бапты (параграфты) қарау керек екендігі
көрсетілді. Сонымен қатар “Қосымшада” пунктуация тарауында
айтылмаған кейбір ережелер берілді. Мысалы, драмалық
шығармалардағы тыныс белгілері, тырнақшаның қолданылуы т.б.
де естідім.(Ә.Әбішев).
ә) Ремарка кейіпкер сөзінің ішіндегі бір сөйлемнің арасында болса
және мағына жағынан соған тікелей қатысты болса, жақшаға алынып, кіші
әріптен басталып жазылады, жақшаның алды-артына және ішіне ешқандай
тыныс белгісі қойылмайды. Кейіпкер сөзінің ремаркадан кейінгі жалғасы
кіші әріптен басталып жазылады:
А м а н г е л д і . Жоқ, қарағым, ескі еншіден құтылғалы келдік де. Бірақ
(әйелге жақындап) жаңа еншіні тізе бүгіп, жалынып сұрап аламыз ба?
(Ғ.Мүсірепов).
§ 5. Кейіпкердің айтқан сөзіне тікелей қатысы жоқ, автордың түсінігі
ретінде айтылған ремаркадан кейін, көбінесе, жақша ішіне нүкте қойылады:
М ы р қ а л. Інісі бар болсын! Менде Абзалдан басқа іні бар ма? (Телефон
шырылдайды.) (Ә.Әбішев).
Қ о з ы. Кіре бер шатырға. Күткенін естіртуім керек. (Баян шатырға
кіреді. Қозы Қодарға келеді.) Амандық ағадан емес пе еді, Қодар мырза!
(Ғ.Мүсірепов).
Е с к е р т у. Мұндайда нүкте жақшаның сыртына қойылуы да мүмкін.
§ 6. Дәйексөздің, келтірілген мысалдың қайдан екенін, иесін көрсететін
сөздер жақшаға алынады. Егер ашылған жақшаның алдында ешқандай
тыныс белгісі болмаса, жақша жабылған жерге нүкте қойылады:
Қансонарда бүркітші шығады аңға (Абай).
Егер ашылған жақшаның алдында нүкте, сұрау белгісі, леп белгісі не
көп нүкте тұрса, нүкте жақшаның ішіне қойылуы мүмкін:
Егер жау берілмесе, оны құртар болар! (М.Горький.) Бұлақты таудан
арна ақса, Теңіз болар аяғы.(Жамбыл).
§ 7. Бас әріптерінен немесе басқы буынынан шартты түрде
қысқартылып алынған адам, кітап, газет, журнал, шығарма т.б. аттарының
сол қысқартылған әрпінен не буынынан соң нүкте қойылады: Н.В.Гоголь,
Конс.Симонов, С.Мұқанов, А.Құнанбаев, Шығ., I том.
§ 8. Тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа деген сөздер
қысқартылып қолданылғанда, олардан кейін нүкте қойылады: т.б., т.с., т.т.
Бұлардан басқа қысқартылып нүкте қойылатын сөздер: ж. – жыл; ғ. –
ғасыр; сек. – секунд; мин. – минут; сағ. – сағат.
§ 9. Мынадай қысқартуларға нүкте қойылмайды:
а) Бас әріптерден және буындардан қысқарған сөздердің әріптерінің
немесе буындарының арасына нүкте қойылмайды: КазМУ, ауатком.
ә) Ұзындық, көлем өлшемдерінің және басқаларының қысқартылып
қолданылатын шартты белгілерінен кейін нүкте қойылмайды: км, м, см, га,
л, V (вольт), А (ампер), С (Цельсий).
§ 10. Санамалы нөмірді (ол нөмірдің алдынан кей жағдайларда §
белгісі тұруы да мүмкін) белгілейтін айшықсыз (жарты жақшасыз)
қолданылған цифр не әріптен кейін нүкте қойылады.
Ш.Уәлиханов өзінің “Қарқаралы округы болысының қыстаулары” атты
мақаласында кісі аттарынан қойылған микротопонимдерінің әрбір руға
тәндігін айтқан.
1. Надан Тобықтының қыстаулары: Қошқар, Қазанқап сайы, Көрпетай
т.б.
2. Төлеңгіттер қыстауы: Төлебике сайы...
3. Тарақты руының қыстаулары: Матайадыр, Жотан, Текебай...
(Т.Жанұзақов).
Цифрдан немесе оның орнына алынған әріптен кейін жарты жақша
(айшық) қойылса, одан кейін нүкте қойылмайды:
Теңеу сөзге белгілі бір жұрнақтар қосылу немесе кейбір сөздердің
тіркесуі арқылы жасалынады.
а) сөзге -дай, -дей... жұрнақтары жалғануы арқылы...
ә) сөзге -ша, -ше жұрнағы жалғануы арқылы...
б) секілді, сықылды, тәрізді... сөздерінің тіркесуі арқылы...(Қазақ тілі
оқулығы.)
§ 11. Кітаптағы тақырыптардың атынан кейін нүкте қойылуы да
мүмкін.
2. СҰРАУ БЕЛГІСІ
§ 12. Сұрау белгісі сұраулы сөйлемдерден кейін қойылады (II
тараудағы §5, 6-тарды қараңыз).
§ 13. Сұраулық мәнін ерекше көтеру үшін кейде бірыңғай мүшенің
әрқайсысынан кейін сұрау белгісі қойылуы мүмкін (II тараудағы §8-ты
қараңыз).
§ 14. Автор мәселенің талас я күдікті екендігін көрсетіп, оқушының
назарын аударғысы келгенде, немесе бір пікірге келісе алмайтындығын
білдіргенде, дәйексөздің ішінде белгілі бір сөзден не сөйлемнен кейін
жақша ішіне алып не сұрау белгісін, не леп белгісін, не екеуін қатар қояды,
кейде бір белгінің өзін екі-үш қайталап қояды. бұл, көбінесе, сын-
библиографиялық шығармаларда кездеседі:
Осы сөйлемді аудармашы былай аударады: “Гүлді орамал жауып, төрт
таған столға қойылған суретке (?) телмеңдей қараған бадана көзінде еміне
тіленген жалыныш, үміт болғандықтан, Левин соған қарауға да шошиын
деді”. Мұнда аудармашы сөзге сөз тауып, сан жағын ғана сақтаған:
ломберный стол – төрт таған стол (?), салфетка – орамал, образ – сурет
(?), выражение – болғандықтан, устремленных – телмеңдей, в больших –
бадана, страстная – еміне. ( Ә.Нұрпейісов “Анна Каренинаның”
аудармасы).
IІоэмадағы кейбір олақ құрылған сөз тізбектері мен әсерсіз шумақтарды
да айтпай кетуге болмайды:
Еңбек – кеме, матрос – мен кемеде,
Оны сүймек сыбаға пешенеме (?!) (Қ.Шаңғытбаев, “Ақын және өмір
шындығы” )
3. ЛЕП БЕЛГІСІ
§ 15. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң
қойылады (II тараудағы § 10-14-тарды қараңыз).
§ 16. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру,
өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерге леп белгісі қойылады (II
тараудағы § 13-ты қараңыз).
§ 17. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады (II тараудағы
§15-ты қараңыз).
§ 18. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен
жоқ, иә деген сөздерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 48, 65-
тарды қараңыз).
§ 19. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты
сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін:
“Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық!
Ділда!Мұның жары! (М.Әуезов.)
§ 20. Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар
тіркестерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 9-ты қараңыз).
4. КӨП НҮКТЕ
§ 21. Сөйлеуші белгілі бір себептермен (қатты асып-сасу, ентігу,
тұтығу, әлсіреу т.б.) сөздерін, ойын бөліп-бөліп айтқанда, бір сөздің
ішіндегі әріптердің арасына немесе сөйлем ішіндегі сөздердің арасына, ал
ойы бітпей қалғанда, сөйлемнің соңына көп нүкте қойылады:
Құдайберді есікке көзімен нұсқап:
– Адам бола ма?!. Болар ма!.. Інілерің міне... Кім боларын... Не көрерін
қайдан... білейін, – деді. (М.Әуезов.) Ж-ж-жоқ... мен... өзім барам... – А...
с...с...қар, – деді Ботакөз талықсыған дауыспен (С.Мұқанов).
§ 22. Көп нүкте алынған цитаттың бас жағынан, ара-арасынан және
соңынан сөйлем не сөздер қалдырылған жерге қойылады (II тараудағы § 17-
ты қараңыз).
§ 23. Жазушы айтып келе жатқан оқиғаның жалғасын созбай, әрі қарай
тоқтатады да, көп нүкте қояды.
Абайдың ілгері созып келе жаткан оң қолы жібек шымылдыққа тиген
кезде, алдынан қарсы қозғалып келе жатқан Тоғжанның ыстық саусақтары
мұның бетіне тиіп еді. Дірілдеген демдері қосылып, ыстық еріндері енді
айырылмастай табысқанды...(М.Әуезов).
§ 24. Айтылып келе жатқан ойға кенет, тосын, күтпеген немесе өте
алшақ жатқан нәрсе (оқиға, зат, қимыл т. т.) қосылып кетсе, оның алдынан
көп нүкте қойылады:
XIX ғасырда қазақтың жалпы халықтық тілін негіз еткен үлгілерге
Абай, Ыбырайдан бастап, қазақ әдебиеті уәкілдерінің мұралары, ауыз
әдебиеті нұсқалары, шығыс классик әдебиетінің қазақша жырланған үлгілері,
баспасөз, оқулықтар, сөздіктер, медицина, ветеринария тақырыптарына
жазылған көпшілік кітапшалар және... христиан дінін уағыздайтын
миссионерлік әдебиет жатады (Р.Сыздықова).
Мұнда және сөзінен кейін тұрған христиан дінін уағыздайтын әдебиет
алдыңғы санамаланып айтылып келе жатқан әдебиеттерден мүлде алшақ
әрі күтпеген әдебиет түрі, өйткені дінді уағыздайтын тіл (мысалы, ислам
дінін) қазақтың жалпы халықтық тілін негіз етпейді, сондықтан христиан
дінін уағыздайтын әдебиет те тілдік өзге бір нормаларға сүйенген болу
керек деп отырғанда, бұл әдебиеттің де жоғарыда аталып келе жатқан топқа
қосылғаны тосын, кенет нәрсе болып табылады.
5. ҮТІР
§ 25. Үтірмен сөйлемдегі қаратпа сөздер, қаратпа сөз тізбектері
бөлінеді (II тараудағы § 43-48-тарды қараңыз).
Нақтылы біреуге арналмаған, жалпылық-белгісіздік мағынасы бар
сөздер мен сөз тізбектері де үтірмен бөлінеді (II тарау, § 49-ты қараңыз).
§ 26. Сөйлемдегі қыстырма сөздер, сөз тізбектері және сөйлемдер
үтірмен бөлінеді (II тарау, § 50-60-тарды қараңыз).
§ 27. Үтірмен сөйлемдегі одағайлар бөлінеді (II тарау, § 61-67-тарды
қараңыз).
§ 28. Бәсе, жә, қош, құп, жарайды, мақұл, дұрыс сияқты сөздер үтірмен
бөлінеді (II тараудағы § 64-ты қараңыз).
§ 29. Сөйлемдегі иә, жоқ, мә, мәңіз деген сөздер үтірмен бөлінеді (II
тарау, § 65-ты қараңыз).
§ 30. Үтір сөйлемнің бірыңғай мүшелерінің арасына қойылады (II
тараудағы § 75, 76, 77, 78, 83, 85, 86, 88, 89, 90, 91-тарды қараңыз).
§ 31. Сөйлемдегі оңашаланған айқындауыш мүшелер үтірмен бөлінеді
(II тарау, § 69, 70, 73, 74-тарды қараңыз).
§ 32. Сияқты, ретінде, қатар, емес, түгіл деген сөздермен келген және
-дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары қосылған тізбектер де үтірге алынады (II
тарау, § 71-ты қараңыз).
§ 33. Қарамастан, қоспағанда, есептегенде деген сөздерге аяқталатын
сөз тізбектері үтірмен ажыратылады (II тарау, § 72-ты қараңыз).
§ 34. Үтір құрмаласқа енген жай сөйлемдердің арасына қойылады (II
тараудағы § 97, 103, 105, 106, 107, 108-тарды қараңыз).
§ 35. Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі хабарлы сөйлем немесе
сөйлемнің бір бөлігі болса, одан кейін үтір (және сызықша) қойылады (II
тарау, § 114-ты қараңыз).
Екіге бөлінген төл сөздің алғашқы бөлігі өз алдына сөйлем болмай,
оған үтір қойылған болса, екінші бөлігінің алдынан да үтір қойылады (II
тарау § 114-ты қараңыз).
§ 36. Бірнеше сөзден құралған күрделі қос сөздердің арасына үтір
қойылады (II тарау, § 91-ты қараңыз).
§ 37. Бірдей немесе әр келкі тұлғада қайталап келетін жеке сөздер мен
тіркестердің араларына үтір қойылады (II тарау, § 88-ты қараңыз).
§ 38. Ол – ол ма, бұл – бұл ма, ол – ол болсын деген тіркестер сөйлем
ішіндегі басқа сөздерден үтірмен бөлінеді (II тарау, § 58-ты қараңыз).
6. НҮКТЕЛІ ҮТІР
§ 39. Нүктелі үтір санамаланып айтылған, мағыналары ыңғайлас
сөйлемдердің арасына қойылады (II тарау, § 3-ты қараңыз).
§ 40. Мағынасы, құрылысы жағынан ұқсас келетін сөйлемдердің
арасына нүктелі үтір қойылуы мүмкін (II тарау, § 4-ты қараңыз).
§ 41. Жайылмалы, әрі өз ішінде үтірлері бар бірыңғай мүшелердің
арасына нүктелі үтір қойылады (II тарау, § 77-ты қараңыз).
7. СЫЗЫҚША
§ 42. Сызықша бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылады ( І І
тараудағы § 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 29, 30, 31, 32, 33, 36, 38, 42-тарды
қараңыз).
§ 43. Сызықша бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің
алдынан қойылады (II тарау, § 93-94-тарды қараңыз).
§ 44. Алдында жалпылауыш сөзі бар бірыңғай мүшелерден кейін
сөйлем аяқталмаса, ең соңғы бірыңғай мүшеден соң сызықша қойылады (II
тарау, § 92-ты қараңыз).
§ 45. Диалог төл сөздің алды-артынан (егер төл сөзден кейін автор сөзі
тұрса), тырнақшаға алынған төл сөздің артынан сызықша қойылады (II
тараудағы § 114, 115-тарды қараңыз).
§ 46. Сызықша жалғаулықсыз салаластардың арасына қойылады (II
тарау, § 100, 102, 170-ты қараңыз).
§ 47. Оңашаланған айқындауыш мүшелердің екі жағынан сызықша
қойылады (§ 69-ты қараңыз).
§ 48. Бірыңғай сұраулы мүшелерді немесе сұраулы сөйлемдерді
жинақтап тұратын әйтеуір деген сөз түсіп қалған жерге сызықша
қойылады:
Ісінгендіктен бе, таяқтан әлсірегендіктен бе – денесі зілдей ауыр екен.
(С.Мұқанов).
§ 49. Оңашаланған айқындауыштың алдынан сызықша қойылады (II
тарау, § 74-ты қараңыз).
§ 50. Сонда, сонша, сондай, соншалық, сол, мынау, мынадай деген
сөздерге аяқталған тіркестен кейін жеке сөйлем тұрса, бұл сөздерден кейін
сызықша қойылады (II тарау, § 112-ты қараңыз).
§ 51. Мекен, уақыт, сан шендестігін білдіретін сөздердің арасына
сызықща қойылады (ол -дан жалғауы мен шейін шылауының мағынасын
білдіреді): Мойынты – Шу темір жолы. Институтта күніне 6-8 сағат
лекция болады. Машина сағатына 30-45 километрден жүріп отырып,
жолдың жартысына келіп қалды.
Бұларды белгісіздік-жалпылық және болжалдық мағынасындағы қос
сөз сан есімдермен шатастырмау керек. Олар дефис арқылы жазылады:
Кермеге төрт-бес ат қатар байланыпты (мұндағы төрт-бес болжалды сан
есім). Екі-үш күннен бері жаңбыр жауып тұр (мұнда да екі-үш – болжалды
сан есім).
8. ТЫРНАҚША
§ 52. Дәйексөз тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз).
Алынған дәйексөз бірнеше азатжолдан құралған болса, әр азат жол
бөлек-бөлек тырнақшаға алынбайды. Тырнақша дәйексөздің басталған
жерінен ашылып, біткен жерінен бір-ақ жабылады.
§ 53. Шығарманың ішінде келтірілген үлкенді-кішілі хаттар
тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты қараңыз).
Кейде тырнақша хаттың әрбір азатжол сайын ашылып отырады да, ең
соңынан барып бір-ақ жабылады. Бұл – өте сирек қолданылатын ереже.
Мысалы, С.Мұқановтың “Ботагөз” романындағы Асқардың, Кенжетайдың
хаттары:
«Ботагөз!..
Амантай!..
Екеуіңнің аттарыңды қағазға түсіргеннен кейін, аяғына не сөз
қосарымды білмей, бірнеше минут дағдарып отырмын»...
“Сен берген аманатты Сағит қолыма тапсырды...(осылай кете береді
де, тырнақша ең соңғы Омбы 1919 жыл 6 қаңтар дегеннен кейін
жабылады.)
§ 54. Диалог емес төл сөз тырнақшаға алынады (II тарау, § 117-ты
қараңыз).
§ 55. Объект етіп алынған жеке сөйлемдер, сөздер не сөз тізбектері,
сондай-ақ әріптер, буындар тырнақшаға алынады:
Енді “шұбар” деген сөзге “жаман” қосылып, “Жаман шұбар” аталу
тарихынан (С.Мұқанов) “Жаз шықты” деген сөйлемнің бастауышы –
“жаз”. Дауысты “а” дыбысы – жуан дыбыс. “Ат” – көп мағыналы сөз.
“Тарақ” деген сөздегі “та” буыны – ашық буын.
Е с к е р т у. Арнаулы кітаптарда, оқулықтарда (грамматикаларда), әдістемелік құралдарда
т.б. бұлар тырнақшаға алынбай, басқа әріп түріндегі шрифтімен (курсив, қара шрифт т.б.)
терілуі мүмкін.
§ 56. Мақал, мәтелдер, афоризмдер сөйлем ішінде келтірілгенде
тырнақшаға алынады (II тарау, § 118-ты қараңыз).
§ 57. Дәйексөз ретінде келтірілмей, сөйлемге оның ажыратылмайтын
мүшесі ретінде берілген біреудің сөзі тырнақшаға алынады (II тарау, § 119-
ты қараңыз).
§ 58. Де дәнекерінсіз айтылып, заттанып кеткен төл сөздер тырнақшаға
алынады (II тарау, § 121-ты қараңыз).
§ 59. Біреудің айтқанынан алынған жеке-жеке сөздер тырнақшамен
жазылады:
Ырғызбайдың осындай көпшілігі бас қосқан кеңесінде Зере сөйледі.
– ...Бірі дарақы мақтаншақ, бірі ұрда-жық, даңғой атанғанда, осындай
көп жиын үстінде масайып, оспадарлық қылам деп, сондай атақ алатын! –
деді.
Соңғы айтқан “мылжың”, “мақтаншақ”, “даңғой” дегендері осы арада
шынымен төрт көзі түгел отыр еді (М.Әуезов).
§ 60. Кекету, ажуалау және кері мағынада қолдану үшін айтылған сөз
(не сөздер) тырнақшаға алынады.
Ақ көңіл Ақаң “баланың” сырғытпасын сезген жоқ (Ғ. Мұстафин.) Қоян
“батыр”
қорыққаннан зыта жөнелді
(Ертегіден).
Распутиннің
“тәрбиесіне” түскеннен кейін, бақыттың “кілті” кімнің қолында екенін
Алексей көрді (С.Мұқанов).
§ 61. Зауыт, фабрика, комбинат, трест, шаруашылық, ұйым, машина
маркасы, ұшақ т.б. қойылған аттар тырнақшаға алынады. Ал олардың
жалпы ресми атаулары тырнақшаға алынбайды:
“Азовсталь” зауыты, ал Алматыдағы ауыр машина жасайтын зауыт;
“Актюбрентген” зауыты, “Красный Октябрь” фабрикасы, ал Алматыдағы
кондитер фабрикасы; “Карагандауголь” тресі, “Растовуголь” комбинаты,
“Донбасс” көмір комбайны, “Уралец” экскаваторы,“Ертіс” пароходы, “У-
2” ұшағы, “Волга” машинасы, “Қазақ тілі” қоғамы.
§ 62. Газет, журнал, кітап, шығарма, қаулы, кино т.б. аттары
тырнақшаға алынады:
“Ана тілі” газеті, “Парасат” журналы, “Жалын” альманахы, “Абай”
романы, “Шаттық” симфониясы, Абайдың “Жарқ етпес қара көңлім не
қылса да” деген өлеңі, “Дала қызы” суреті, “Топайкөк” әні, “Көзімнің
қарасы” (ән және өлең), “Қозы Көрпеш-Баян сұлу” пьесасы, “Аққу көлі”
балеті.
§ 63. Кейбір ойын, әдет-салт аттары тырнақшаға алынады:
“Қол ұстату”, “шаш сипату” деген атақты ырымдар осы. Үлкендер
зор меженің бірі деп білетін өмір белі “ұрын бару” болса, Абай содан асты.
(М.Әуезов). Ұзақты сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген
балалардың түнгі ермегі – “ақсүйек”, “соқыртеке”, “бурақотан”
сияқты ойындар (С.Мұқанов).
Е с к е р т у л е р . 1. Атындағы деген сөзбен келген атақ тырнақшаға алынбайды:
Әл-Фараби атындағы университет, Ғ.Мүсірепов атындағы мектеп, Абай атындағы
бірлестік (ал “Абай” бірлестігі.)
2. Мекеме, ұйым т.б. ресми атаулары (толық немесе қысқартылған) тырнақшаға алынбайды:
Тұтынушылар одағының қызметкері. Мемлекеттік банкінің бөлімшесі.
3. Телеграф агенттіктерінің аттары тырнақшаға алынбайды:
Ассошиэтед Пресс агенттігі, МЕН агенттігі.
4. Кітаптың аттары библиографиялық тізімдерде, сілтемелерде, пікірлерде автордың аты-
жөнінен кейін жазылғанда тырнақшаға алынбайды:
Ғ.Мұстафин. Өмір белестері. Алматы, 1984.
|