Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет111/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
261 
тұр, яки пәлен ой пәлен ойдың оң жақ, яки сол жағында тұр деп 
айта алмаймыз. Жан көріністері жалғыз уақытпен ғана өлшенеді. 
Біз жан көріністері туралы, ой туралы пәлен уақытта болды, яки 
қазір ғана болып тұр дей ғана аламыз. Бұл – бір айырма. 
2) Сыртқы дүние заттары һәм көріністері сезім мүшелері арқылы 
білінеді. Мысалы, бір малды көріп, бір иісті иіскеп, жылылықты 
сипап білеміз. Ал енді жан көріністерін сыртқы сезімдермен білуге 
болмайды. Мысалы, ұялу деп аталған жан көрінісін не көріп, не 
татып, қысқасы сезім мүшелерінің біреуімен біліп бола ма? Әрине, 
жоқ. Біз екінші адамда болып тұрған жан көрінісін өзімізді-өзіміз 
сынаумен ғана білеміз. Мысал үшін ұялу деген жан көрінісін 
алайық, қасымызда бір кісі бір орасан істі істеді де, қызарып кетті, 
біз осы кісіде ұялу жан көрінісінің болғанын біле қоямыз. Мұны 
қалай білдік. Ұят деген бір зат болып көзімізге көрінді ме? Яки иіс 
болып мұрнымызға келді ме? Жоқ, бірі де болған жоқ. Біз жалғыз-
ақ қарсыда отырған кісінің бетінде кенет қызылдық көрдік, басқа 
еш нәрсе сезгеніміз жоқ. Олай болса жаңа қарсыдағы адамда ұялу 
жан көрінісі болды деген білім бізге қайдан келді? Мұның мәнісі 
мынау: күндерде бір күн біз де орасан бір іс істеп, жанымыз 
қысылып қалған, яки ұялған, жанымызда осы ұялу көрінісі болып 
қалған уақытта бетіміз дуылдап, қып-қызыл болып кеткен, сонда 
біз біліп қойғамыз: «Ә-ә-ә... жанда ұялу көрінісі болғанда бет 
қызарады екен» деп. Жаңа қарсымыздағы адам қызарғанда біздің 
оны ұялды дегеніміз осы. Яғни ана адамның бетінде қызылдықты 
көргенде, біздің өз басымыздан кешкен іс есімізге түсе қалды, яғни 
біз өзімізді-өзіміз сынай қойдық. Қысқасы, жан көріністерін адам 
сыртқы сезімдерімен біле алмайды, өзін сынап қана біледі. 
3) Сыртқы дүниеде бірнеше заттар, яки көріністер бір уақытта 
бола береді. Мысалы, денеде қан жүру, дем алу сықылды дене 
көріністері бір уақытта болып жатады, біріне-бірінің бөгеті жоқ. 
Ал енді жан көріністері бір уақытта болмайды. Олар бірінің 
артынан бірі болады. Мысалы, біз бір уақытта екі ой ойлай аламыз 
ба? Жоқ. Дұрыс, кей уақытта ойлар бірінің артынан бірі 
нажағайдың жарқылындай тез-тез келгенде, бізге осы ойлар бір-ақ 
уақытта болған сықылды көрінеді. Бірақ бұл көрінуі ғана, 
шынында әрқайсысы әр уақытта, яғни бірінің артынан бірі келіп-
кетіп жатыр... [3]. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
262 
Мағжан сыртқы сезім әсерлерін 6-ға жіктеп (көру, есту, иіскеу, 
тату, сипау, ет сезімі): «Осы 6 сезім бізді сыртқы заттармен 
таныстырады. Яғни олардың түсі, түрі, дәмі, иісі һәм басқа 
сындарымен адам жанына түрлі білімді осы 6 сезім береді. Бұлар 
түгел болмаса, адамның жан тұрмысы түгел болмақ емес. Бұл 
алтаудың ішінде адамның жаны үшін аса қымбаттары – көру мен 
есту. Бұлардан соңғы – сипау. Сипау – ет сезімі. Ал енді иіскеу мен 
тату сезімі жан тұрмысы үшін аса қымбат сезімдер емес. Бұлар 
көбінесе дене тұрмысына қызмет қылады», – деп жазады [3].
Қазіргі кезде грамматикалар мен оқулықтарда көзбен көріп, 
қолмен ұстауға болатын зат есімдер ғана деректі зат есім ретінде 
беріліп жүр. Шынтуайтында, бұл – бұрынғы материалдық 
көзқарасқа негізделген таным. Соның салдарынан дерексіз зат 
есімдер «адамның ойлауы арқылы ғана білуге болатын ұғым 
атаулары» деген сипаттамамен ғана шектеліп келеді. Ал Мағжан 
Жұмабаев жан көріністерін үшке жіктейді: білу яки ақыл 
көріністері, ішкі сезім көріністері һәм қайрат көріністері [3].
Бұлайша тану қазақ даласында ертеректе қалыптасқан. Абайдың 
қара сөзінде Ақыл, Қайрат, Жүректің таласып, Ғылымға жүгінуі 
бекер емес. Сол арқылы ақын жан көріністерін жіктейді. Мағжан 
жан көріністерін былайша сипаттаған: «Біз бір заттың яки 
көрінісінің сынын белгілейміз, заттар яки көріністер арасындағы 
байламды яки айырманы табамыз. Бұл – ақыл ісі. Біз қайғырамыз, 
қуанамыз. Бұл – ішкі сезім ісі. Біз бір істі істемекші боламыз, бір 
мақсатқа жетпекші боламыз. Бұл – қайрат ісі».
Мағжан Жұмабаев: «Адамның жан көріністері жоғарғы үш тапқа 
бөлінгенімен, бұл үш тап бір-біріне жуымайтын емес, бұл үш 
таптың арасында берік байлам бар. Яғни адамның жан 
тұрмысында бірлік бар. Екінші түрлі айтқанда, адам бір іс 
істегенде осы үш тап жан көріністерінің үшеуі де қатынасады. 
Мысалы, біздің бір саусағымыз ауырды. Сонда біз саусағымыздың 
ауырғанын сеземіз. Бұл – ішкі сезім ісі. Саусақтың ауырған себебін 
тексереміз. Бұл – ақыл ісі. Сол ауруды жеңілдетуге, бітіруге, 
жазуға ұмтыламыз. Бұл – қайрат ісі. Ал енді адамның әрбір ісіне 
осы үш тап жан көріністерінің үшеуі қатынасатын болғандықтан, 
сол ақыл, ішкі сезім, қайрат үшеуін бірдей тең тәрбие қылу – 
тәрбиешінің міндеті... Бір адамның осы үш тап жан көріністері тең 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
263 
болмай, біреуі таразыны басып билеп кетсе, ол адам бақытты 
болмақ емес», – дейді. Бұл ойлары Абайдың қара сөзіндегі 
қағидаттарымен үндеседі. Әрі Мағжанның өзі де Абайдың
Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек, 
Жылытқан тұла бойды асық жүрек, 
Тоқтаулылық, талапты шыдамдылық, 
Бұл қайраттан шығады, білсең керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет