Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет60/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
135 
және т дыбыстарының аралығына эпентезалық дауысты ы 
дыбысының қыстырылғанын көреміз. Осы негізде жырау сөзін 
жырағун деп қалпына келтіре аламыз. Және оны жыры ағып 
тұрған судай талант ретінде түсінеміз. 
уа тіркесіне бір мысал. Жуа – сабағы қуыс келетін, ұшында гүл 
шоғы бар, жеуге жарамды ащы өсімдік. Теорияға сүйенсек, 
уа<*уған тұлғасында қалпына келеді. Мұны көне түркі жазба 
ескерткіштерінде ұшырайтын соған лук (ДТС, 507) формасы 
арқылы растай аламыз. с~ж – генезисі бір дауыссыздар. Белуар 
сөзі белуғар<белбуғар түрінде қалпына келеді. Яғни белуар – бел 
буатын жер. Бұл жерде уа=уға формуласы іске қосылады. 
Тілдік фактілер сөз басында кез келген дауысты мен дауыссыз 
дыбыстардың түсе беретіндігін айғақтайды. Бірақ ең көне сөздерде 
т мен с дыбыстары көбірек түскен. Сөз ортасында, сөз аяғында ең 
жиі элизияға түсетін дыбыстар қ, ғ, к, г болып есептеледі. л, р, н, ң 
сонорлары да үнемдеу заңының ықпалына тез ұшырайтын 
дыбыстардың қатарына жатады. Үнемделген дыбыстарды дәл табу 
– этимологтардың басты міндеттерінің бірі. 
10. Түркі тілдеріндегі сіңісу, жылысу, ығысу, метатеза 
құбылыстарын жете меңгеру – түбіртектанушылардың басты 
міндеттерінің бірі. Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары 
жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нәтижесінде 
сөз жігінің әбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне 
әкелетін морфологиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады. 
Мысалы, тіліміздегі апар етістігі дербес атауыш сөз ретінде 
түсініледі. Төрт түрлі лексикалық мағынасы бар. 1) белгілі бір 
затты бір орыннан екінші орынға алып бару, жеткізу; 2) алып кету, 
соңына ерту; 3) бастау, алып бару, ілгері дамыту; 4) жақындату, 
таяту. Егер осы сөзді ап+ар деп түбіртекке бөлсек, екі бөлшегі де 
ешқандай мағына бермес еді. Мұны атауыш сөз емес, сіңіскен сөз 
ретінде қарастырсақ, дыбыстық құрамын қалпына келтіруге тура 
келеді. Апар – алып бар. Яғни ол көп мағыналы ал етістігінің, ып 
көсемше жалғауының, бар көмекші етістігінің мән-мағыналары 
жойылып, жіктері әбден күңгірттеніп барып сіңіскен түрі. Әуелі 
екпін түспегендіктен көсемшенің ы дауыстысы әлсірегенін, одан 
соң л сонорының элизияға ұшырағанын зерделеуге болады: ап 
бар>ап пар. Қатаң п ұяң б-ны қатаңға айналдырады да, өзі де 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
136 
жойылып кетеді: ап пар>апар. Демек, түбіртекке ажыратуға апар 
емес, алып бар сөз тіркесі түсуге тиіс. 
Қайны зат есімі де атауыш дербес сөз ретінде ұғынылады. 
Мағыналық мазмұны – қайын жұрт жағының ерлі-зайыптылардан 
жасы кіші еркектерінің жездесі мен жеңгесіне туыстық қатысы. 
Шындығында, бұл сөз қайын және ыны (іні) лексемаларының 
сіңісуі нәтижесінде пайда болып тұр. Қайын мен ыны біріккенде: 
қай+ын+ын+ы. Гаплология заңы бойынша екі буын бірдей 
болғанда бірі түсіріліп айтылуға тиіс: қай+ын+ы>қайны. Екінші 
буынға екпін түспегендіктен, ы дауыстысы да элизияға ұшырайды. 
Бұл ретте де түбіртекке ажыратуға қайны сөзі емес, қайын және 
ыны зат есімдері түсуі тиіс. Әйтпесе, тәжірибесіз зерттеуші қайны 
сөзінің құрамын былай талдауы мүмкін: -ы тәуелдік жалғауының 
үшінші жағы, қайын – түбір деп.
Тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің 
элементі екіншісіне ауысып, ол морфемалардың бұрынғы жігі мен 
ара қатысының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады. Жылысу 
құбылысы негізінен түбір мен түбірдің, түбір мен жұрнақтың
түбір мен жалғаудың, жұрнақ пен жұрнақтың, жұрнақ пен 
жалғаудың аралығында болады. Жылысқан дыбыстарды анықтай 
алмаған жағдайда, түбіртекті зерделеу де мүмкін емес.
қ, к, ғ, г дыбыстарынан басталатын жұрнақтар мен жалғаулардың 
барлығы жылысу процесінің нәтижесінде пайда болған. Мысалы, 
(қ+ақ) (-к+ек, -ғ+ақ, -г+ек), -қ+ыр (-ғ+ыр, -к+ір, -г+ір), -қ+ар (-
ғ+ар, -к+ер, -г+ер), -ғ+ан (-қ+ан, -к+ен, -г+ен), -қ+ай (-ғ+ай, -к+ей, 
-г+ей), -қ+анақ (-ғ+анақ, -г+енек), -қ+аш (-ғ+аш, -к+еш, -г+еш), -
қ+ыл (-ғ+ыл, -к+іл, -г+іл), -қ+ын (-ғ+ын, -к+ін, -г+ін), -қ+ыш (-
ғ+ыш, -к+іш, -г+іш), -қ+ы (-ғ+ы, -к+і, -г+і) т.б. жұрнақтар, барыс 
септігінің жалғауы -ғ+а (-қ+а, -к+е, -г+е), қысқасы қ, к, ғ, г 
дыбыстарынан 
басталатын 
бүкіл 
қосымшалар 
жылысу 
құбылысының жемісі. Бұларға қарағанда аздау болғанымен т, с, д 
дыбыстары да дауыстыдан басталған қосымшаларға жылысқан. 
Бұл құбылыс әсіресе кірме сөздерден анық байқалады: 
бост+ан+дық > бос+тан+дық, дост+ық > дос+т+ық > дос+тық, 
қаст+ық>қас+т+ық>қас+тық т.б.
Этимологиясы ең қиын болып есептелетін, етістіктен есім 
жасайтын -қ+ы (-ғ+ы, -к+і, -г+і) жұрнағын талдап көрелік. Жонғы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет