Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
132
жіңішке айтылатын варианттардың
қай-қайсысының да ежелгі
дәуірлерде жуан варианттары болған.
Қорытындыда мынаны айтамыз: Құрамында бірыңғай жуан
дауысты дыбыстары бар сөздер ғана түбіртекке бөлінуі шарт.
Себебі, құрамында бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар
сөздер жуан дыбысталатын сөздерге қарағанда әлдеқайда қиын
бөлшектенеді.
Жіңішке
дыбысталатын
сөздердің
жуан
варианттарын іздестіріп тауып барып, түбіртекке айырып-
ажыратқан дұрыс.
Әдетте, жуан варианттардың лексикалық мағынасы көмескіленіп,
тіл-тілде архаизмге айналып кетіп жатады. Алайда дәл сол сөздің
жіңішке варианты
лексикалық мағынаны сақтап, көмескіленген
мағынаның сырын ашуға көмектеседі. Мысалы, құйқа – сойған
малдың үйтілген терісі. Осы сөздің жіңішке варианты – күйген
тері. Сонда жуан-жіңішкелі варианттардан қ~к, ұ~ү, қ~ғ, а~е
сәйкестіктерін және н дыбысының элизияға ұшырағанын
байқаймыз, әрі жіңішке вариант жуан варианттың мағынасын
айқындап тұр. Бұл – құрамында бірыңғай жіңішке дауысты
дыбыстары бар сөздер де зерттеу нысанынан тыс қалмайды деген
сөз.
8. Одағайлар мен еліктеуіш сөздер – басқа сөз таптарына қарағанда
болмыс-бітімі өзгеше,
тілдік табиғаты ерекше, өзіне тән
заңдылықтары бар грамматикалық категория. Осы себепті бұлар,
жүйесі бөлек тілдерден түркі тілдеріне енген кірме сөздер сияқты,
түбіртектану ілімінің нысаны (объектісі) бола алмайды. Кірме
сөздер, одағайлар мен еліктеуіштер өзіндік теориясы қалыптасқан,
басқа сала ретінде танылуы қажет. Бірақ одағайлар мен
еліктеуіштерден жаңадан сөз жасалғанда түбіртек теориясы іске
кіріседі, олардың құрамы мен құрылысын анықтауға көмектеседі.
9. Сөйлеуші қашанда тілдік элементтердің айтуға жеңіл болуын,
сөйлеу органдарына күш түсірілмеуін көздейді. Үнемдеу
құбылысы да осы заңдылыққа бағынады. Үнемдеу процесінде
пайда болатын соңғы нәтиже –
белгілі бір дыбыстың, буынның,
сөздің, тіпті сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы.
Әсіресе белгілі бір дыбыстың, яки буынның элизияға ұшырап
жойылып кетуі түбіртану ілімі үшін аса маңызды. Сол жойылып
кеткен дыбысты немесе буынды дәл қалпына келтіргенде ғана