Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
129
болмысына , жаратылысына, сапа, қасиеттеріне, т.б. сүйене
отырып, бұрынғы қалпына келтіруге болады. Мысалы, қамшыға,
шоқпар, сойыл, сабына тағылатын қайыс бау бүлдіргі деп аталады.
Түбіртек жасауға қатыспайтын протеза – б дыбысын, ережеге
орай, бөліп тастасақ, ілдіргі деген тың мағыналы сөз пайда болады.
Мұны көзгелдек, көзілдірік сияқты сөздермен салыстырсақ, көне
заманда қалыпты қолданыста жұмсалғанын аңғарамыз. Не ілдіргі?
деген сұраққа сап ілдіргі деп жауап қайтаруға болады. Сонда
«қамшының сабы» деген ұғым элизияға ұшыраған са түбіртегінде
тұр. б~п сына дыбысы бірінші түбіртекке сіңіскенде сап
формасын, екінші сөзге сіңіскенде бүлдіргі формасын береді. Тағы
бір мысал. Топырақтың сумен араласқан түрі балшық деп аталады.
б сына дыбысын әдеттегідей сөз құрамынан шығарып тастаймыз:
алшық бір нәрсенің шылқып алып кеткенін білдіреді. Ол – су.
Қалпына келтірсек, су+б+алшық. Орхон-енисей ескерткіштерінде
суб қазіргі тілдердегі су-дың орнына жұмсалған. Осылайша
жекелеген дыбыстарды да, буындарды да қалпына келтіре аламыз.
Жалпы алғанда, түбіртекті өз мәнінде түсіну үшін тіл біліміндегі
бүкіл озық әдістер мен тәсілдерді жете меңгеріп алған жөн.
Этимологияның барлық принциптерін комплексті (кешенді),
ұтымды пайдаланғанда ғана түбіртектің қыр-сырын ашуға болады.
Тарихи даму барысында сөз соңындағы жекелеген дауыстылар
мен дауыссыздар да, бір дауысты мен бір дауыссыздың тіркесінен
тұратын түбіртектер де элизияға ұшырап, жойылып кетіп жатады.
Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде ұшырайтын қой+ун,
төр+үн, бар+ын, қос+ын, йар+ын сөздері қазіргі қазақ тілінде қой,
төр, бар, қос, жар (бол) формасында дыбысталады. Сөз соңында
түсіп қалған элементтер негізінен тарихи-салыстырмалы әдіс
арқылы анықталып, қалпына келеді (3, 379-384-б.).
7) Дауысты дыбыстан аяқталатын түбіртек дауысты дыбыстан
басталатын түбіртекпен біріккенде бітеу буын жасайды да, қос
дауыстының бірі айтылмайды. Мысалы, қа түбіртегі мен ат
түбіртегі бір-біріне кіріккенде қат (қабат, қатпар) морфемасы
пайда болады. Қаат түрінде екі а қабаттастырылып айтылмайды.
Егер осы аталған түбіртектердің аралығына б эпитезалық сына
дыбысы қыстырылса, қабат (қат-қат болған заттың бір қатары, бір
қаты) формасы көрініс табады. Мысалдардың бірінде бір дауысты
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
130
екінші дауыстыны ығыстырса, бірінде эпентезалық дыбыстың
арқасында екі дауысты да сақталған.
Бұл құбылыс жүйесі бөлек тілдерден сөз енгенде де байқалады.
Мысалы, араб тілінен енген сағат (уақыт өлшемі), парсы тілінен
енген наһан (үлкен алып балық) сөздері екі-екі түбіртекке
(са+ғ+ат, на+һ+ан) оңай ажыратылады. Екі түбіртектің
аралығындағы ғ, һ сына дыбыстары түсіріліп айтылғанда, сәт (бір
мезет), нән (өте үлкен) формалары түзіледі. Бұдан да кіріккенде екі
дауыстының бірі элизияға ұшырайтынын көреміз. Осы
заңдылықтың негізінде кейбір бітеу буындарды, керісінше, екі
түбіртекке бөліп ажыратуға болады. Мысалға жақ (от жандыру),
жан (от алып тұтану) етістіктерін: жа+ақ, жа+ан түбіртектеріне
бөле аламыз. Енді ажыратылған түбіртектердің қандай мағына
беріп тұрғанын көңіл аударалық. ақ белгілі бір істің, қозғалыстың,
процестің енді ғана жүзеге асқанын білдірсе, ан сол істің,
қозғалыстың, процестің тұрақты құбылысқа айналғанын
аңлатады. Екеуіне ортақ жа осы тұрғанда ешқандай лексикалық
мағына бермейтін сияқты көрінеді. Алайда жақ, жан етістіктерінде
от семасы бар. Ол семаны жа түбіртегі жеткізіп тұр. Шындығында
жа-ның ескі формасы та «от» деген лексикалық мағына бере
алады. Көне түркі жазба ескерткіштерінде та+м+уқ (ДТС, 531)
(тозақ, жанып тұрған от) «от» деген ұғымды анық жеткізіп тұр. Ал
тамдур – от жандыру (ДТС, 530). Демек, т~ж сәйкестігі: та мен жа
– көне және жаңа варианттар. Бітеу буындарды екі түбіртекке
ажырату да – түбіртекті тауып анықтаудың сенімді жолдарының
бірі.
6. Дыбыстардың өзара тіркесу заңдылықтарын білу түбіртектерді
айырып-ажырату жұмыстарын едәуір дәрежеде жеңілдетеді.
Мысалы, түркі тілдерінде р, л, н, ң үнділері (сонорлары) ешқашан
өзінен кейінгі дауысты дыбыстармен мағына беріп тіркеспейді.
Яғни ра, ру, ри, ла, лу, ли, на, ну, ни, ңа, ңу, ңи түбіртектері
жасалмайды. Аталған үнділер өзінің алдындағы дауысты
дыбыстармен ғана тіркесіп, түбіртек құрай алады: бұ+ғ+ан+а,
б+ыт+ыр+а, ж+ор+ық, т+ұр+ақ, т.б. Сөз құрамында р, л, н, ң
үнділері кездескен жағдайда онымен іргелес тұрған дауыстыларды
келесі түбіртектің сыңары деп таныған жөн: р+а, р+у, р+и, л+а,
л+у, л+и, н+а, н+у, н+и, ң+а, ң+у, ң+и, т.б.
|