Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы


лік қосымшасымен қатар -лы/-лі



Pdf көрінісі
бет123/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

лік қосымшасымен қатар -лы/-лі қосымшасы да жарыса 
қолданылады. Бұл қосымша дастандар тілінде де сыпайы 
жіктеудің І жақ көпше түрі ретінде қолданылады:


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
292 
Екінші сөзбен айтқанда, тілімізде бұрыннан бар, әлі де 
қолданылып келе жатқан -лық/-лік (-лы/-лі) формасы бүгінгі 
таңдағы грамматикаларда жіктеу парадигмасынан өз орнын 
таппай келеді. Оның себебі – анайы-сыпайы жіктеуді қатаң 
сараламаудың салдарынан және анайы жіктеудің І жақ көпше 
түрін шатастырудан деп ойлаймыз.
Тілде үнемдеу құбылысы – үнемі үздіксіз жүріп жататын үрдіс. 
Сондықтан басы артық нәрсе онда көп тұрақтана алмайды. Ал -
лық/-лік формасының жойылып кетпей, әлі де қолданыла беруі 
– тілімізде бұрыннан бар және өзіндік қызметі, мағынасы бар, яғни 
өзіндік орны бар тұлға болуына байланысты деп ойлаймыз. 
Бұйрық райдың жіктеу парадигмасының ІІ жағының өзіндік 
ерекшелігі бар. Мұнда екінші жақтың көпше түрінде дәнекер -ың/-
ің буыны пайда болғандай көрінеді. Алайда тіл дамуына назар 
салсақ, бұл қосымша әу баста бұйрық райдың ІІ жақ жекеше 
тұлғасының өзіндік көрсеткіші болғанын байқаймыз. Оған дастан 
жолдары да дәйек бола алады:
 
Есімнен өле-өлгенше ұмытпайын, 
Осыны сездірместей айла табың! 
Ыңғайлы өзі пана жерің болса, 
Тезірек жасырудың ойла қамын. 
Кіруге қара жердің тесігі жоқ
Бетімнің беті құрсын, – деді, – жабың («Бабалар сөзі»). 
 
Қақпадан қорасына енгізбеді, 
Қатыны бажалаңдап: – Кетің, әйда! 
Үйде жоқ қасапекең, кетің, – депті,– 
Қылғалы кеше кеткен сыртқа сауда («Бабалар сөзі»). 
 
– Жусанды мен сатамын, балам, саған, 
Пұлын бер базарқы сен де маған. 
Ол жөйіт те пұлын беріп алды дағы 
Және айтты: – Сізге айтам, маған қараң («Бабалар 
сөзі»). 
 
 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
293 
Балларын айтуға ана көзі қимай, 
Көлдетті көздерінен жасын тыймай. 
Балларым еркелікпен алып еді деп, 
Жөйітке «рақым етің» кешірім сұрай («Бабалар сөзі»). 
Бұл қолданыстар қазіргі кезде Қазақстанның батыс аймағында
Маңғыстау, Ақтөбе қазақтарының тілінде сақталып қалған.
Қазақ тілі – жалғамалы тіл. Сондықтан қосымша жалғанған кезде 
түбір қопарылып, түр-тұрпатын түбегейлі өзгертіп жібермейді. 
Орыс тілінде ребенок сөзінің көпше түрі дети, человек сөзінің 
көпше түрі люди болып, қопармалы тілдің өзіндік ерекшелігіне 
сәйкес түбірдің тұрпаты өзгере береді. Ал қазақ тілінде түбір мен 
қосымшаның арасы анық көрініп тұрады: бала – балалар, адам – 
адамдар, т.с.с. Осыған байланысты қазақ тілінде жекеше тұлғада 
бар, кел, отыр, ал, баста, т.с.с. етістіктердің көпше түрі барыңдар, 
келіңдер, отырыңдар, алыңдар, бастаңдар, т.с.с. болады. 
Мұндағы -ың/-ің қайдан пайда болды? Бұл етістіктер (бар, кел, 
отыр, ал, баста, т.с.с.) бұйрық райдың ІІ жағында барың, келің, 
отырың, алың, бастаң, т.с.с. түрінде қолданылған. Тілдегі 
үнемдеу заңына сәйкес уақыт өте келе -ың/-ің қосымшасы түсіп 
қалған. Алайда көпше түрде жіктеген кезде ол анық көрінеді. 
Сондықтан белгілі бір өңірде сақталып қалған мұндай 
ерекшеліктерді тілімізді бұзатын, нормаға қайшы келетін 
элементтер ретінде ғана қарастырмай, тіліміздің даму 
ерекшеліктерін көрсететін байлық ретінде де тануымыз қажет. 
Бұл қосымша тіл дамуында -ғын/-гін түрінде де қолданылғанын 
байқауға болады:
Және бір тапсырық іс бар-ды сізге, 
Жан балам, ырза болғын енді бізге. 
Досыңмен өзің біліп ойнап-күлгін, 
Дуадан дәйім бізді етпе кемде («Бабалар сөзі»). 
 
Сұлуға деді қазы: – Қынжылмағын, 
Мың теңге керек болса, міне, алғын! 
Сіздің үй, өмір берсе, біздің мүлік, 
Екеуміз бір тілекте болдық, жаным! («Бабалар сөзі»). 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
294 
Сарғайып жолаушының жолын күтпей, 
Біреуге тисем деп ем енді ертерек. 
Ескеріп есіңізге ала жүргін, 
Көзі ашық жігіт болса көңілі зерек («Бабалар сөзі»). 
 
Енді зыт, бекер қарап тұрма мұнда, 
Қашумен құтылады әрбір пенде. 
Көрінген анау тұрған қалың орман, 
Көрінбей жасырынып тұрғын сонда («Бабалар сөзі»). 
 
Бақалдың зар-иманы қалмаған соң, 
– Беліңді тәуекелге буын,– деді. 
Отынды жамылғы қып жата бергін, 
Табармын бір айланың ығын,– деді («Бабалар сөзі»). 
 
Қисса-дастандардың тілінде -ғын/-гін тұлғасымен қатар -ғыл/-гіл 
тұлғасы да жарыса қолданылғанын байқаймыз:
– Сырлаймын мен үй, жанмын сырлай жүрген, 
Талай үйді мен бұрын сырлап көргем. 
– Ақына не аласың, сыршы, айтқыл, 
Аласың оның үшін қанша менен? («Бабалар сөзі»). 
 
Су іше келген киік лақтардың, 
Ағыны қатты екен бұлақтардың. 
Суға кетіп барады екі лақ, 
Жамағат, салғыл бұған құлақтарың («Бабалар сөзі»). 
 
Мен бұздым бүгін енді уағдамды, 
Ол қабыл жұптылыққа көрсе мені. 
Жақында болса, сыршы, айтқыл маған, 
Келейін барып көріп, келсе жөні («Бабалар сөзі»). 
 
– Олай болса шаһыңа айтқыл мені, 
Барайын бүгін оған жарым түні. 
Барып айт, шаһзадаңа келеді деп, 
Айтамын өз кісімдей көріп сені («Бабалар сөзі»). 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
295 
Алайда қазіргі кезде -ғыл/-гіл тұлғасы тілімізде мүлде 
қолданылмайды. Бұл форманы көне дастандардың тілінен ғана 
кезіктіруге болады.
Грамматикалық категорияларда ұлттық тілдің өзіндік ерекшеліктері 
көрініс табады. Морфологиялық категорияларда ұлттық болмыс
ұлттық дүниетаным, адамдар арасындағы қатынас айқын көрінеді.
Морфологиялық бірліктердің когнитивті қызметі ойлау үдерісімен, 
ұлттық ділмен, ақпаратты өңдеу, сақтау, жіктеу ерекшеліктерімен 
байланысты болады. Белгілі бір этнотілдік қауымдастықтың 
мәдениеті, білімі мен тәжірибесі тілде көрініс тауып, менталитет 
түзеді. Білім қоры тіл семантикасында көрініс тауып, белгілі бір 
тілдік ұжымның ұлттық, мәдени мәдени тәжірибесін көрсетеді. Қазақ 
тіліндегі жақ категориясының анайы/сыпайы түрге жіктелуі ұлттық 
ділдің, 
ментальдылықтың 
көрсеткіші 
болып 
табылады. 
Морфологияға 
идиоэтникалық 
сипат 
тән 
болғандықтан, 
морфологиялық жүйе тілдің өзіндік ерекшелігін танытады. 
Сонымен, тілдік семантиканы зерттеу арқылы халық түзген, тіл 
иесі субъект жасаған ғаламның тілдік бейнесін қалпына келтіруге
(реконструкциялауға) болады. Көне түркі жазба ескерткіштерінің 
тілін зерттеу арқылы қазақ тіліндегі грамматикалық тұлғалардың 
қалыптану, тұрақтану жолын, халықтың адамның когнитивті 
(таным) тәжірибесі мен ғаламды түйсіну тәсілдерін, ойлау 
құрылымдарының (концепт, концептуалды жүйелер мен 
категориялар) қалыптасуын, тілдік құрылымдарға (тілдік таңба 
мен категорияларға) жіктелу ерекшеліктерін анықтауға болады. 
Этнос үшін ерекше маңызды, ұлттық кодтың негізі болатын 
категорияларды 
ғаламның 
концептуалдануы 
тұрғысынан 
қарастырудың мәні зор. Бұл морфологиялық категориялардың 
ерекшелігі мен қолданысын сипаттап, оған негіз болған 
концептуалды 
құрылымдарды 
анықтауға, 
сол 
арқылы 
морфологияның концептуалды кеңістігінде көрініс тапқан тілдің 
концептуалды жүйесін сипаттауға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиет:
1. 
Ахмет Байтұрсынұлының тілтанымдық мұрасы. – Астана, 
2017. – 740 б.
2. 
Абай Екі томдық шығармалар жинағы. – Алматы: 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
296 
Жазушы, 2016. – 632 б.
3. 
Жұмабаев Мағжан Шығармалар жинағы. - 3-том. 
Аудармалар, ғылыми еңбек, мақалалар. - Алматы: Жазушы, 2008. 
– 97-187-б.
4.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 
1999. – 581 б. 
5. 
Гузев 
В.Г. 
О 
функциональных 
особенностях 
родительного и винительного падежей в староанатолийско-
тюркском языке //Востоковедение: филологические исследования. 
- Вып.18. - Л., 1976. - С.8-12. 
6. 
Гаджиева Н. 3. Основные пути развития синтаксической 
структуры тюркских языков. - М., 1973. - С. 50. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет