Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
112
чечек атауларын мысалға келтіреді. «Түрлі-түсті жұпар иісті гүл»
деген бір ғана лексикалық мағына
беретін әуелгі жалғыз тұлға,
жоғарыда көрсетілгендей, екі тұлғаға айналады: ц~ч.Т(с/ш)
аффрикатының алғашқы жапсары т элементі элизияға ұшырап
түсіріліп айтылған соң қазақ тілінде үшінші форма – шешек
тұлғасы өмірге келеді. Қысқасы ٭Т [С/Ш] күрделі африкатынан
қазіргі заманғы т,с,ш,д,з,ж дыбыстары пайда болды. Түпкітек ٭Т
[С/Ш] күрделі аффрикаты тілдерде өшіп кеткеннен кейін түркі
тілдерінің шығыс хунь
бұтағына қарапайым ц аффрикаты,түркі
тілдерінің бастыс хунь бұтағына қарапайым ч аффрикаты арғы тек
(архетип) болып қала берді. Сонда сөз басындағы й ~дж~ж~ т
~д~ч~ ш ~с~з... сәйкестігінің арғытектері қарапайым ц,ч қос
аффрикаты екендігі анықталады. Бұл жайында Б. Сағындықұлы
1994 жылы «Түркі тілдері лексикасы дамуының фонологиялық
заңдылықтары» атты тақырыпта докторлық диссертация қорғап
шықты. Осы диссертацияда х,һ,қ,к,ғ,г дыбыстарының түпкітегі ٭Һ
екендігін, р,л сонорының түпкі тегі ٭Р, н,ң,м сонорының түпкі тегі
٭Н екендігін нақты фактілермен дәлелдеп берді. Қысқасы,
дауыстылар үшін түпкітек (прототип)-٭Ц, ٭Һ, ٭Р, ٭Н.
5. Соңғы жылдары Б. Сағындықұлы тіл білімінде аса ірі жаңалық
ашты. Зерттеу
барысында тіл-тілде фонема, морфема, сөз, сөз
тіркесі, сөйлем сияқты тілдік бөлшектермен дәрежелес, әлем
тілдеріне ортақ, алайда біздің заманымызға дейін беймәлім болып,
құпия сақталған тілдік бірлік (бөлшек) –түбіртек (архесилаб) бар
екендігін анықтады. Фонемаға (дыбысқа) бөлінбейтін түбір, негіз,
қосымша болмайтынысияқты, тіл-тілде түбіртекке бөлінбейтін
түбір, негіз, қосымша жоқ. Қандай дыбыстық комбинацияда
тұрсын, түбіртек бір ғана дауысты
мен бір ғана дауыссыздың
табиғи тіркесуінен тұрады да, я лексикалық, я грамматикалық
мағына береді. Мағынасы анықталмаған жағдайда дауысты мен
дауыссыздың жай тіркесі түбіртек болып есептелмейді.
Қазіргі
тілдерде түбіртектердің басым бөлегі бір сыңарын жоғалтып,
жартыкештеніп, бір ғана дауыстыдан немесе бір бір ғана
дауыссыздан тұратындықтан, басқаша айтқанда, толық формасын
сақтамағандықтан, олар іс жүзінде арнайы зерттеушілерден басқа
ешкімнің назарына түспейді. Бүкіл түбірлердің түп негізі, тегі
болып есептелетіндіктен, жаңадан табылған тілдік бірлікке қазақ
тілінде түбіртек деген атау берілген. Барлық лингвист ғалымдарға