Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет45/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
99 
тұтас бір заттың бір бөлігін үзіп алу, сындыру, жұлу; екіншісі, 
белгілі бір істі әрі қарай дамытпау, тоқтату. Көріп 
отырғанымыздай үз тұлғасында тұтас емес, тек бөлігін алу арқылы 
болатын екіге бөлу семасы бар. Осы мағынаның бір ұшы өзі 
қатысып тұрған басқа сөздергеде ортақтасады. Күз – жаздан кейін, 
қыстың алдында келетін мезгіл. Жаз келбетін қыс тұтас алады 
десек, күз солардың арасында тұрып, яғни жаздың келбетін үзіп 
қана 
жартылай 
алып, 
қысқа 
жақындатады. 
Мұндағы 
байланыстырушы ортақ сема осы болса, сүзде де дәл осы сема бар. 
Сүз немесе сүзу сүзгіден өткізу толық алу емес, белгілі бөлігін алу, 
екіге бөлу, яғни сема мұнда да сақталып тұр. Ал түз – үйден сырт 
жер, дала, яғни екіге бөлу семасы бар, ол үй мен сырт. Жүз сөзіне 
келер болсақ, қимыл мағынасында қалқуды, қозғалуды, жылжуды 
білдіреді. Жүзу әрекетінде( адам, қайық, т.б) қандай да бір бөлігін 
ала отырып орындалатын екіге бөлу семасы бар. Ал бұл сөздің 
заттық атауларын білдіретін адамның бет әлпеті немесе пышақ, 
қылыш, ұстара сияқты заттардың өткір жағы мағыналарында да 
екіге бөліну семасы сақталған. Бұл мысалдар сөз тудырушы 
тұлғалардың ортақ мән тудыру ерекшеліктері. Мұндай ұйқас 
тізбектерді ақындардың өлеңдерінен көптеп көруге болады, соның 
бірін мысал ретінде келтірсек:
Аспан – қайрақ, 
Ай – қанжардың жүзінен. 
Жанығанда жұлдыз болып үзілем. 
Тар ғаламның, 
Кең даламның түзінен... (С.Нұржан) 
Келесі мына бірсөздер қатарына талдау жасап көрелік: тез, кез, без, 
сез, және ез. Бұл бір буынды сөздерге ортақ болып отырған буын 
немесе түбір ез болып саналады. Ез сөзінің лексикалық 
мағыналары арқылы оның семаларын белгілейміз. Қазақ тілінің 
түсіндірме сөздігінде ез тұлғасының үш мағыналық қыры 
көрсетіледі. Алғашқы мағынасы ынжық, жасық, шірік, бос деп 
адам бойындағы қандай да бір қасиетті сипаттау тұрғысына келсе, 
ауыспалы мағына да мүсәпір, бейшара, сорлы деп танылады. 
Екінші мағынасы қимыл мағынасы ретінде сипатталады, яғни 
қатты нәрсені сұйық күйге келтіру, еріту. Бұл тұста бір нәрсені 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
100 
мыжу, мыжғылау немесе жол ұрып, жол соқты болу сияқты 
мағыналары көрініс беріп тұр. Осы мағыналардан келіп ауыспалы 
мағынасы туындайды: болмайтын дүниені мылжыңдап, көп 
сөйлеу, қайта-қайта айта беру немесе езіп ішпейді тұрақты 
тіркесінен түкке де керек емес, қажеті жоқ мағыналары 
ашылатынын көреміз. Ал сөздіктегі үшінші мағынасы біреуді 
пайдалану, қанау деп көрсетіледі [2.217]. Қазақ әдеби тілінің 
сөздігінде ез сөзінің бейшаралық күйде караңғылықта ұстау; 
сорлату деген мағынасы да көрсетіледі [3]. Аталған мағыналардан 
мынадай семаларды көруге болады: қандай да бір «өзгеріске 
уақыты келіп тұру, уақыты жетіп тұру» немесе бір істің екінші іске 
көшу барысында, сол бір арасында болатын «аралық процес» 
семаларын байқаймыз, яғни кеңістіктегі әрекеттің орындалуына 
түрткі болатын уақытқа қатысты аралық. Езілген дүниені көз 
алдыңызға елестетіп көріңіз, ендігі уақытта бұл дүниенің қалай 
өзгеріске ұшырауы осыған дейінгі және осыдан кейінгі 
әрекеттерге байланысты болмақ. Езілген дүниені кез келген 
қалыпқа немесе жағдайға келтіру қатты дүниеге қарағанда тезірек 
іске аспақ. Жоғарыда аталған қараңғылықта ұстау, сорлату немесе 
ынжық, бос немесе бейшара мүсәпір сынды заттық, сындық 
атаулар әуелі де езу, езілу қимыл мағынасының дамуынан 
туындаған және басында болған сема, ортақ мән барлық тұлғада 
сақталған. Осы сөзбен байланысты, құрылымында ез тұлғасы 
кездесетін ұқсас бірлік тез тұлғасымен ортақтығына талдау жасап 
көрелік. Тез сөзінің қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде екі түрлі 
мағынасы көрсетілген. Алғашқы мағынасы «қисық ағашты түзету 
үшін не түзу ағашты ию үшін қолданылатын құрал» екендігі 
айтылады [2.795]. Осы мағынасына сай «тез қасында қисық ағаш 
жатпас» деген мақал бар. Осы мағынада жоғарыда ез түбірне 
қатысты анықтаған сема сақталған. Мұндағы түзету, жөндеу, 
ағашты өзгерту мағыналары өзгеріске уақыты келіп тұру, уақыты 
жетіп тұру семаларын анық ашып тұр. Тез сөзінің ауыспалы 
мағынасында қандай да бір сын, талқы, ауыртпалық деп келеді. 
Бұнымен байланысты тағдыр тезі, көптің тезін көрмеген, өмір тезі 
деп жатады. Тезге салды дейтін идиомалық тіркестің өзі – 
көндірді, сынап мінеді, мінезін түзеді деген мағыналарды ашады. 
Бұл бөліктердегі мағыналарда да жоғарыда талданған ортақ сема 
бар, себебі басқа түсетін ауыртпалық пен қиындық қандай да бір 
өзгеріске дайындайды, шыңдайды, демек сол өзгеріске уақыттың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет