ПРОФЕССОР Б. САҒЫНДЫҚҰЛЫНЫҢ ТҮРКОЛОГИЯДА
АШҚАН ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
Бақытгүл Құлжанова
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филология факультеті
Қазақ тіл білімі
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты
мақаласында Қазақстан – күллі түркі халық¬та¬ры¬ның қасиетті
«Қара шаңырағы» дей отырып, «Түркі өр¬ке¬ние¬ті: түп
тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобаны ұсынды. Осы
жобаны қолға алмас бұрын бүгінге дейін түркітану ғылымында не
істелді деген сұрақ туындайды. Қолжеткен табыстарымызды
саралау болашақта істелетін зерттеу жұмыстарының мақсатын
айқындау үшін қажет.
Әлемге танымал түркітанушы, филология ғылымдарының
докторы, МГУ-дің профессоры Әмір Нәджіпұлы Нәджіптің 1978
жылы «Изучение истории тюркских языков в Казахстане» атты
мақаласы жарияланды. Мақалада қазақтың танымал түркітанушы
ғалымдарының еңбектерін саралай келе, шәкірті Б.Сағындықұлы
зерттеулерінің құндылығын ашып көрсетіп, зор үміт артқан еді.
Ұлы ғалымның еңбекқор шәкірті бола білген Берікбай
Сағындықұлы ғылымға адалдығынан өмір бойы айныған емес. Ол
өз ұстазының жетекшілігімен 1977 жылы «XIV ғасырдағы түркі
жазба ескерткіштерінің салыстырмалы лексикасы» деген
тақырыпта кандидаттық диссертация жазып, ойдағыдай қорғап
шықты. Осыдан кейін жас ғалым орта ғасырлардағы бүкіл
ескерткіштердің мәтіндерін терең меңгеруге кірісті, теориялық
зерттеулерге ерекше ден қойды. Нәтижесінде ғылыми
жұртшылықтың көңілінен шыққан ірі-ірі жаңалықтар ашты.
Ашылған жаңалықтардың бастылары ретінде мына төмендегілерді
атап көрсеткелі отырмыз.
1. Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде жіңішке
дауыстылардың мүлдем болмағандығын айқындап, анықтап берді.
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
110
Олардың барлығының да жуан дауыстылардан пайда болғандығын
нақты фактілермен дәлелдеді. Мысалы, татлы сын есімінен қазіргі
тәтті сын есімі туындаса, қол, орқаш, қары, ажа, ажым, бары,
доңғалақ сөздерінен жіңішке айтылатынкөл, өркеш, кәрі, әже,
әжім, бәрі, дөңгелек сөздері пайда болған. Тілімізде жіңішке
айтылатын қанша сөз болса, солардың барлығының да сонша жуан
варианты бар болып шықты. Мұның өзі қай жіңішке дауыстының
қай жуан дауысты дыбыстан шыққандығын пайымдауға толық
мүмкіндік береді.
2. Түркі тілдерінің аса ежелгі дәуірлерінде жіңішке
дауыстылардың болмағандығы сияқты, ұяң дауыссыздардың да
мүлде болмағандығына Б. Сағындықұлы ғылыми жұртшылықтың
көзін жеткізе алды. Фонетистердің зерттеулеріне көз салсақ,
қатаңдар мен ұяңдар ежелгі дәуірлерден-ақ жарыса қолданылып
келе жатқандай сезілетін. Ұяңдар бұрыннан бар ма еді, жоқ па еді
деген мәселеге көңіл бөлінбейтін. Оның есесіне тіл-тілде қатаңнан
ұяңның пайда болғандығы фонетикалық сөз варианттары арқылы
белгілі болатын: тұз~дұз, тиірмен ~ диірмен, т.б.
Жуан дауыстылардың жіңішкеру, қатаң дауыссыздардың ұяңдану
үдерісі бір мезгілде, бір дәуірде жүрді деуге толық негіз бар.
3. Әлемдік деңгейде алғанда тіл-тілде дыбыстардың шыққан
тегіне, арғы тегіне (архетипіне), түпкі тегіне (прототипіне)
жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келді. Жуан дауыстылардан
жіңішке дауыстылдардың пайда болу үдерісін анықтау барысында
профессор Б.Сағындықұлы дауыстылардың шыққан тегін де, арғы
тегін де, түпкі тегін де анықтай алды. Қоспасыз таза дыбысталатын
созылыңқы у дауыстысы тарихи даму барысында қазақ тілінде
бірте-біртеұ,ы, і дауыстыларына айналған. Мысалы, тарихи жазба
ескерткіштерде «жылқының алты айға дейінгі төлі»қулун түрінде
таңбаланған. Қазір–құлын. Сонда аталған сөздің құрамындағы
алғашқы у-дың ұ дауыстысына, соңғысы ы дауыстысына
айналғандығын байқаймыз. у>ұ>ы формуласы пайда болды. Бұл
құбылыс тұрақты түрде қайталанады. Ал қары сын есімі кәрі
тұлғасында жіңішкергенде ы дан і туындайды. Демек, і-нің
шыққан тегі -ы, ы-ның шыққан тегі –ұ. ұ-дың шыққан тегі
қоспасыз айтылатын, аса ежелгі у дауыстысы болып есептеледі.
Бір ғана і дауыстысы үшін ы- шыққан тек, ұ–арғы тек, созылыңқы
|