Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
102
үшін де қандай да бір уақыт қажет. Сол уақыты келгенде осы сезу,
сезім бастан кешіріледі.
Без сөзіне тоқталатын болсақ, адамның, жануардың ағзасында
болатын, және оның зат алмасуын реттейтін нәрсе деп көрсетіледі
қазақ тіл білімі сөздігінде. Ағаштың шор жері, бұтақтардың
буыны, беріші. Осы мағынасымен байланысты безаяқ (ожау)
ағаштың безінен жасалған ыдыс. Ал безбүйрек сөзінде – қатыгез,
қатал мағыналары бар. Безтамақ – тамақ безінің ауруға
шалдығуынан пайда болатын кесел, құлғана. Без түйін – емшек,
бауыр және т.б бездерде өсетін қатерлі ісік. Безі шошыды десек
бұл
идиома бездің қабынғанын, ісінгенін білдіреді. Без сөзінің
нақты мағыналарының бірі етістік ұғымды білдіретін қашу, зыту,
яғни мұндағы мағына өз елі мен жерінен кету, жатсынуды
білдіретін мағыналар арқылы дами түседі, бұдан келіп ат-тонын
ала қашу, бас тарту мағыналары ашылады. Безе қашты тіркесіне
келер болсақ, алды-артына қарамай зытты мағынасын дәйектейді
[2.121]. Ал Махмұд Қашғари сөздігінде бездің ет пен терінің
арасында болатын нәрсе екені айтылады [4]. Талданған мағыналар
соңғы қимыл мағынасынан күрделеніп, заттық, сындық
мағыналарға қарай дамыған деп айта аламыз. Осы бір без, безіну
қимыл әрекеттерінде немесе без дейтін заттық атау
мағыналарында да жоғарыда талданған ез тұлғасының ортақ мәні
бар. Ез тұлғасының бойындағы өзгеріске уақыттың келіп тұруы,
уақыты жетіп тұру семалары байқалады, сондай-ақ бір істің екінші
іске көшуі тұрғысында мұнда да безді,
безінді дейтін болсақ
аралық процесс семасы сезіледі. Себебі безіну әрекеті ез болу,
езілу, ынжықтықтан да туындауы мүмкін. Бұдан бөлек «без» деп
келетін орыс тілінде құрылым бар екенін білеміз. Егер назар
аударсақ, қазақ тілінде байқалатын мағынамен бұл құрылымда
мағыналық жақындық бар. Без тұлғасының мағынасында аулақ,
нысаннан бөлек кету, көрсетілген нысанада болмау мағыналары
бар. Осы сема орыс тіліндегі сөздерде де байқалады.
С.И.Ожеговтың түсіндірме сөздігінде «без» құрылымына мынадай
анықтама беріледі: «БЕЗ (см. БЕЗО), предлог с род. п. 1. Указывает
на неимение, недостаток, отсутствие кого-чего-н.; противоп. «с».
Б. денег. Б. потерь. Оставить б. ответа. Б. четверти час. Б. сомнения
(несомненно). 2. В отсутствие кого-н. ; противоп. «при». Б. нас не
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
103
начинать. Не без чего - с (но с меньшей степенью утверждения).
Не без интереса.
БЕЗ. (см. БЕЗЪ…, БЕС…), приставка. Образует: 1)
прилагательные от существительних в знач. не имеющий чего-н.,
напр. безаварийный, безатомный, беззвёздный, безлошадный,
безъязыкий, бездымный, безрогий, бескозырный, бесшумный,
беспошлинный; 2) существительные с
окончанием -ие или -ье в
знач. отсутствие чего-н. , напр. безлесье, бескультурье,
безначалие» [5.45]. Көріп отырғанымыздай
қазақ тіліндегі без
тұлғасымен орыс тіліндегі без префиксінің арасында ортақ сема,
ортақ мән аңғарылады. Қазақ тіліндегі семасында аулақ кету,
нысанда болмау мағыналарын білдірсе, орыс тілінде де
жетіспеушілік пен жоқтығын, нысанда болмауды, нәрсенің
болмауын білдіреді. Қарап отырсақ ортақ мән бар. Жоғарыда
аталған қазақ тіліндегі безбүйрек, безтамақ, без түйін сөздерінде
де сәйкесінше жұмсақтық пен мейірімнен безгені, тамақтың
ауруға бет алғаны, кеселге шалдыққаны, қатерлі ісікке айналғаны
сияқты мағыналарды береді. Жалпы жоғарыда талданған тізбекке
қатысты тілімізде ақындардың өлеңдерінен мысалдар өте көп:
Безінбейтін,
Сезінбейтін
Аңғал кезді сағындым (М.Мақатаев)
Байқап отырғанымыздай сөз тектен тек туындамайды.
Әр сөз
тұлғасы өз алдына жеке дара құрылып, күрделеніп дамымайды.
Сөз қасиеті бірін-бірі жібермейді. Міндетті түрде олардың
арасында тереңінен болсын байланыс көзі болады. Сөзтанудың
қасиеті оны жік-жікке ажыратып бөлу емес, танымдық тұрғы да
астарын негіздеу, мән іздеу, сөз бойына біткен қасиетті сезіну.
Олардың арасындағы жақындыққа үңілу. Жоғарыда талданған
мысалдар сөздердің өз тұрағынан айнымайтындығына дәлел.
Олардың арасындағы кіндік баудың ізделуі біздерге қиын болса да
үзілмейді. Жоғарыда талданған сияқты тізбектер қатарын көптеп
келтіруге болады. Көрсетіліп отырған тізбектертен ортақ мән,
ортақ семаны анық аңғарамыз.
Сөздің бойына кие еткен, мән мен мағынаға ие еткен біз білмейтін
қанша дүниелері шексіз.
Олардың өз алдына жеке-дара
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
104
дамымайтындығына, тіл жүйесінде ешнәрсе кездейсоқтықтан
орын алмайтындығына тағы бір мәрте көзіміз жете түсті. Мұнда
жай ғана сәйкестік тұрғысынан емес, тұлғалық та, мағыналық та
жағынан өзара сәйкес екендігі логикалық байланысқа сүйеніп сөз
етілді. Түбірдің ортақ мәнді ұйымдастыру қасиеті туынды
сөздердің мағыналық құрылымына ұйытқы болуынан-ақ көрінеді.
Түбір өз болмысынан айнымайтын қасиетке ие. Ерекшеліктерді
ескере отырып, сөзтудырушы тұлға түбірдің ортақ мәнге ие болу
сипаты айрықша деп айта аламыз. Қазақ халқының ағылып-
төгіліп, өлең сөзге төселіп алуының бір мәні бүгіннен емес
бұрыннан, себебі туынды сөздер ғана емес, түбір қалпы ұйқасып,
өзара үндесетіндігіне көзімізді жеткізді. Түбірдің мағыналық
қалыптасуын сыртқы құрылым мен ішкі мағынаның әсем
үйлесімін білгенде, даму сипатын танығанда тілдің таныммен
байланыстылығына қатысты көп дүниені аңғаруға болады. Тіл
білімінде, сөзтануда сөз тудырушы
тұлғалардың сипаты ішкі
бейнесімен де, ортақ жақындығымен де қашанда бөлек, қашанда
маңызды болып қала бермек.
Достарыңызбен бөлісу: