Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет58/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
131 
7. Түркі тілдері дамуының тарихқа белгісіз ежелгі дәуірлерінде 
жіңішке дауыстылар мен ұяң дауыссыздар мүлдем болмаған. 
Мұны біз жуанды-жіңішкелі варианттас түбірлерді бір-бірімен 
салыстырғанда анықтай аламыз. Мысалы, қазақ тілінде әже~ажа, 
әжім~ажым, әлеміш~аламыш, әрегірек~арағырақ, бәрі~бары, 
дөңгелек~доңғалақ, жүдеу~жадау, зеңгір~заңғар, кәні~қаны, 
кеудіре~қаудыра, 
кәрі~қары, 
күлдіре~қолдыра, 
көл~қол, 
ежірей~ожырай, ересен~орасан, үлкей~ұлғай, едірей~одырай 
сияқты тұлғасында өзгеріс болғанымен мағынасы бірдей, бірі 
бірыңғай жіңішке, бірі бірыңғай жуан дауыстылардан тұратын 
толып жатқан сөздер бар. Тарихта жіңішке дауыстылар болмаса, 
жіңішке дауыстылардан тұратын сөз де болмағаны айқын. Жүйесі 
бөлек тілдерден енген кірме сөздерді сөздік құрамнан шығарып 
тастап, таза түркі тілдеріндегі жіңішке дауыстылардан тұратын 
сөздерді іріктеп алсақ, олардың барлығының да жуан варианттары 
табылады. Мысалы, қазақ әдеби тілінде кездеспеген варианттар 
говорларда ұшырайды: әрең – Оңтүстік говорларында, Жайық 
бойында – араң, сол сияқты мүжі, шәлі, шіл – шығыс говорларында 
мұжы, салы, шыл. Немесе жер-су атауларында, кісі есімдерінде 
сақталған. Мысалы, өркеш – кісі есімі Орқашбай, т.б. 
Мағынасы тепе-тең жуанды-жіңішкелі сөз варианттарынан кейде 
жеке-жеке лексикалық мәнге ие болған жаңа сөздер де туындап 
жатады: ана – туған шеше, ене – ерлі-зайыптылардың анасы, 
адырай – көздің әдеттен тыс ашылуы, едірей – көзі шатынау, үрке 
қарау, сорай – биіктеп ұзару, сырию, сойдию, серей – ұзыннан 
сұлап жату, тыраю, т.б. Мағыналық өң алғанымен, мұндай 
жуанды-жіңішкелі варианттар ортақ семаларын жоғалтпайды. 
Бұлардың да жуан варианттарын алғашқы деп танимыз. 
Қазақ тілінде жіңішке дауыстылардан тұратын көптеген сөздер 
өзге түркі тілдерінде жуан дауыстылардан тұрады: әрең – қырғыз 
тілінде араң, бүтін өзбек тілінде бутун, ер – чуваш тілінде ар, 
күміс, мін (ет.) – сары ұйғыр тілінде кумус, мин (ет.), тіл – тофалар 
тілінде дыл, т.б. Көне ескі түркі жазба ескерткіштері де, мақалдар 
мен мәтелдер де, фразеологизмдер де, жүйесі бөлек шет ел 
тілдеріне еніп кеткен лексемалар да, тағы басқа дереккөздер 
жіңішке дауыстылардан тұратын сөздердің жуан дауыстылардан 
тұратын варианттарын тауып алуға көмектесе алады. Тіл-тілде 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
132 
жіңішке айтылатын варианттардың қай-қайсысының да ежелгі 
дәуірлерде жуан варианттары болған. 
Қорытындыда мынаны айтамыз: Құрамында бірыңғай жуан 
дауысты дыбыстары бар сөздер ғана түбіртекке бөлінуі шарт. 
Себебі, құрамында бірыңғай жіңішке дауысты дыбыстары бар 
сөздер жуан дыбысталатын сөздерге қарағанда әлдеқайда қиын 
бөлшектенеді. 
Жіңішке 
дыбысталатын 
сөздердің 
жуан 
варианттарын іздестіріп тауып барып, түбіртекке айырып-
ажыратқан дұрыс. 
Әдетте, жуан варианттардың лексикалық мағынасы көмескіленіп, 
тіл-тілде архаизмге айналып кетіп жатады. Алайда дәл сол сөздің 
жіңішке варианты лексикалық мағынаны сақтап, көмескіленген 
мағынаның сырын ашуға көмектеседі. Мысалы, құйқа – сойған 
малдың үйтілген терісі. Осы сөздің жіңішке варианты – күйген 
тері. Сонда жуан-жіңішкелі варианттардан қ~к, ұ~ү, қ~ғ, а~е 
сәйкестіктерін және н дыбысының элизияға ұшырағанын 
байқаймыз, әрі жіңішке вариант жуан варианттың мағынасын 
айқындап тұр. Бұл – құрамында бірыңғай жіңішке дауысты 
дыбыстары бар сөздер де зерттеу нысанынан тыс қалмайды деген 
сөз. 
8. Одағайлар мен еліктеуіш сөздер – басқа сөз таптарына қарағанда 
болмыс-бітімі өзгеше, тілдік табиғаты ерекше, өзіне тән 
заңдылықтары бар грамматикалық категория. Осы себепті бұлар, 
жүйесі бөлек тілдерден түркі тілдеріне енген кірме сөздер сияқты, 
түбіртектану ілімінің нысаны (объектісі) бола алмайды. Кірме 
сөздер, одағайлар мен еліктеуіштер өзіндік теориясы қалыптасқан, 
басқа сала ретінде танылуы қажет. Бірақ одағайлар мен 
еліктеуіштерден жаңадан сөз жасалғанда түбіртек теориясы іске 
кіріседі, олардың құрамы мен құрылысын анықтауға көмектеседі. 
9. Сөйлеуші қашанда тілдік элементтердің айтуға жеңіл болуын, 
сөйлеу органдарына күш түсірілмеуін көздейді. Үнемдеу 
құбылысы да осы заңдылыққа бағынады. Үнемдеу процесінде 
пайда болатын соңғы нәтиже – белгілі бір дыбыстың, буынның, 
сөздің, тіпті сөйлемнің қысқартылып, ықшамдалып айтылуы. 
Әсіресе белгілі бір дыбыстың, яки буынның элизияға ұшырап 
жойылып кетуі түбіртану ілімі үшін аса маңызды. Сол жойылып 
кеткен дыбысты немесе буынды дәл қалпына келтіргенде ғана 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет