Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
147
өзгеріп кете береді. Сөздерді түбіртектерге ажыратқанда
дауыссыздарға арқа сүйеу осыдан келіп шығады.
Қазақ тіліндегі жақ (от жандыру), жан (оттың тұтануы),
жалын
(жанған оттың лапылы) сөздерін орыс тіліндегі жара (шыжыған
ыстық), жарить (қуыру), жарко (ыстық), жгучий (күйдіретін), ожог
(күйген жер), пожар (өрт), сжечь (өртеп жіберу) сөздерімен
салыстырсақ, от түбіртегінің семасын ж дауыссызы сақтап
қалғанын аңғару қиын емес. талпақ~жалпақ сияқты сөздерде
кездесетін т~ж сәйкестігі тілдер арасында да бола береді. От
түбіртегі парсы тілдерінде ат>аташ.
Бұл сөз де бір замандарда
түркі тілдері мен үндіевропа тілдеріне ортақ болған. Сабақтастық
т~ж сәйкестігі арқылы қазірге дейін жетіп отыр.
Ең көне дыбыстардың бірі – р дауыссызы орыс тіліндегі және
қазақ тіліндегі ондаған, жүздеген сөздерді формалық жағынан ғана
емес, мағыналық жағынан да ортақтастыра алады. Мысалы,
первый~бірінші, четыре~төрт, сорок~қырық, серый~сұр, вор~ұры,
середина~орта, сердце~жүрек, брызгать~бүрку, прыгать~ырғу,
поворот~бұрылыс,
грязь~кір,
черный~қара,
рис~күріш,
красный~қырмызы, тағысын тағылар. Енді бір алуан сөздердің екі
дауыссызы және мағынасы ортақ болып келеді. Мысалы, орыс
тіліндегі облако деген сөзбен қазақ тіліндегі бұлт деген сөздің екі
дауыссызы (б және л) ортақ болса, араб тіліндегі «зұлымдық»
мағынасындағы зұлмат сөзінің екі дауыссызы орыс тілінің осы
ұғымдас зло лексемасындағы з, л дыбыстарымен бірдей. Сонымен
қатар, жүйесі бөлек тілдер бола тұрса да, үш дауыссызы ортақ
сөздер де баршылық. Орыстың жалоба сөзі қазақтың жалбарыну
сөзімен ж, л, б дыбыстары арқылы ортақтасса, короткий сөзі
қортық сөзімен қ~к, р, т дауыссыздары
арқылы бір ұғымға ие
болып тұр. Бұл тізбекті одан әрі соза беруге болады.
Басқа шет ел тілдеріне қарағанда, орыс тілін біршама білетін
болғандықтан орыс, қазақ параллельдерін көбірек тауып отырмыз.
Түбіртектану ілімін меңгерсе,
ағылшын тілінің мамандары
ағылшын – қазақ параллельдерін, неміс тілінің мамандары неміс-
қазақ, қытай тілінің мамандары қытай-қазақ параллельдерін тез
табар еді. Әлем тілдерінің өзара тектестігіне көз жеткізу үшін
бірнеше ұлы тілдердің мамандары араласуы қажет.