Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет64/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
144 
екінің бірі жауап бере алмайды. Бұл сөздің құрамында жіңішке 
дауыстылар жоқ, бірыңғай жуан дауысты. Бірақ екі дыбыс ұяң – б, 
д. Олардың шыққан тегі, қатаң жұптары – п, т. Ал ы-ның көне 
формасы – ұ. Жаңаның орнына көне дыбыстарды қойсақ, 
әрқайсысы орын-орнына келеді: тапал тұрық деген сөз тіркесі 
пайда болады. Тапал «аласа» сын есімінің синонимі, диалектілерде 
қолданылады. Тұрық сөзінің «тұрғызылып қойылған тақтайша» 
екендігін түсінуге болады. басын қоссақ: тұрғызылып қойылған 
аласа тақтайша. Шындыққа толық сай келеді, әрі уәжі де 
анықталады. Барлық дыбыстардың этимологиясын білу, міне, 
осындай оң нәтиже береді.
12. Ізденуші түбіртектанушы-этимологқа қиындық келтіретін тағы 
бір тілдік құбылыс бар. Ол – сөз құрамында адам танымастай 
қалыпқа түсіп, анда-санда елеусіз ғана белгі беретін – ішкі флексия 
қалдықтары. Ішкі флексия құбылысы бағзы замандарда бүкіл 
дүние тілдерінде болған. Бірте-бірте өшкен. Хамит-семит 
тілдерінде, шамамен, 20-25 процент, үндіевропа тілдерінде 10-15 
процент, түркі тілдерінде бар болғаны 3-5 процент сақталған. Осы 
себепті түркологтар көп аса ішкі флексия құбылысына назар 
аудара бермейді. 
Ішкі флексия – сөздерді лексикалық, лексика-грамматикалық, 
грамматиалық өзгерістерге ұшырататын тілдік тәсіл. Араб тілінде 
залым, зұлым сөздерінің лексикалық-мағыналық айырмашылығын 
а мен ұ дыбыстары жасайды. Дәл осындай жағдаят қазақ тілінде де 
бар. Асты және үсті көмекші есімдерінің лексикалық-мағыналық 
айырмашылықтарын а мен ү дыбыстары жүзеге асырады. 
Тілімізде забыр~зәбір фонетикалық варианттары бар. Осы 
жарыспалы сөздердің жуан вариантынан ішкі флексия тәсілі 
арқылы озбыр сөзі жасалады. забыр~зәбір зат есімін сын есімге 
айналдырып 
жібереді. 
Басқаша 
айтқанда, 
лексикалық-
грамматикалық сипатын өзгертеді. Тіліміздегі ат (көбік атты, 
бүршік атты), ет көмекші етістіктерінің лексикалық мағыналарына 
қарағанда грамматикалық мағыналары басым. Осы көмекші 
етістіктер ішкі флексия жәрдемімен -та/-те, -да/-де жұрнақтарына 
айналғанда сол грамматикалық міндетін атқара береді. Әрі ат~та, 
ет~те қызметтері жағынан бір-бірімен тең түседі. Етістіктің -ұқ/-ұғ 
жұрнағы жалпы қозғалысты, қимыл-әрекетті білдірсе, -ақ/-ек 
жұрнағы сол қозғалыстың, қимыл-әрекеттің бағытын білдіреді. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
145 
Мағыналық өзгерісті а мен ұ дыбыстары тудырып тұр. Ішкі 
флексия құбылысын бұдан да анығырақ байқататын тағы бір 
мысал келтірелік.
Алтан моңғол тілдерінде «алтын» ұғымын білдіреді. Түбіртекке 
бөлсек – ал+та+ан. Ал «ал қызыл» деген мағынада. та «тас», «тау» 
деген сөздің түбірі, ұғымы –тас. ан – есім жасайтын көне жұрнақ. 
Өңделмеген, табиғи қалпында табылған асыл тасты ежелгі түркі-
моңғол халықтары алтан деп атаған. Оны өңдеп, қажетке 
жарайтындай қалыпқа түсірген соң алтун деп атаған. Тілімізде у-
дың ұ-ға, кейін ы-ға айналуына байланысты алтын формасы пайда 
болған. Алтуннан сырға, білезік, сақина, жүзік сияқты сан алуан 
бұйымдар жасалған. Ішкі флексия заңдылықтарын пайдаланып, 
ата-бабаларымыз оған алтин деген атау берген. Алтин бұйымдар 
европа халықтарына көптеп сатылған. Сондықтан европалықтар 
алтынды қазірге дейін алтин дейді. Сонда алтан (табиғи тас), алтун 
(өңделген тас), алтин (алтын бұйым) сөздеріндегі лексикалық 
айырмашылықтарды а, у, и дауыстылары жасап тұр. Толығырақ 
мәліметті Жүнісбаева Жадыра Қабылқызының филология 
ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін 
дайындаған «Түркі тілдеріндегі ішкі флексия қалдықтары» атты 
диссертацияның (2003 ж.) авторефератынан алуға болады. 
13. Түркі тілдерінің ғана емес, әлем тілдерінің тегі бір. Осы 
ақиқатты жалғанның жарығына шығаратын, адамдардың санасына 
жеткізетін бір тәсіл болса, ол – түбіртек табу тәсілі. Жоғарыда 
баяндалған азын-аулақ білімімізді пайдаланып, бірқатар сөздердің 
дүние жүзі тілдеріне ортақ екендігін дәлелдеп көрелік. 
«Сүрлеу» мағынасындағы «жол» сөзі оғыз, қарлұқ тілдерінде йол, 
қыпшақ тілдерінде джол ~жол, алтай, чулым тілдерінде 
тйол~дйол, тува, хақас, шор тілдерінде чол, қарашай-балқар 
тілінде дзол~зол, якут тілінде суол, чуваш тілінде с׳ул. Демек, 
й~дж~ж~тй~дй~дз~з~с~с׳ сәйкестігін түзейді. Бірінші дыбысы 
ғана өзгеріске ұшырап отырған да, қалған екі дыбысы пәлендей 
өзгеріске түспеген. Сәйкестіктің ішінде тш(ч), дж, дз 
аффрикаттары мен тш(ч) аффрикатынан пайда болған тй~дй 
дыбыс тіркестері кездеседі. Бұл бір замандарда аталған сөздің 
құрамында аффрикаттардың және т, д фонемаларының 
болғандығын да айғақтайды. Қырғыз тілінде «жолдас» деген сөзді 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет