Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет61/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
137 
– ағаш жонатын құрал, сүргі; ұрғы – астық бастыратын ертедегі 
тас құрал. Жон, ұр етістіктерінің ең алдымен -уқ (-уғ, -үк, -үг) 
жұрнағы арқылы қимыл есімі жасалған: жон+уғ (қазір жон+у), 
ұр+уғ (қазір ұр+у). Одан кейін есім жасайтын -ын жұрнағы 
қосылған. Сонда алғашқы *жон+уғ+ын, *ур+уғ+ын түпкітектерін 
(архетиптерін) қалпына келтіре аламыз. Даму кестесі: 
*жон+уғ+ын>жон+ғ+ын>жон+ғын>жон+ғы; 
*ур+уғ+ын>ур+ғ+ын>ұр+ғын>ұр+ғы. Екпін түспегеннен кейін 
алдымен уғ түбіртегінің дауыстысы өшіп кеткен, одан кейін –ын 
түбіртегінің н дыбысы элизияға ұшыраған соң, ғ мен ы жұптасып, 
бір-бірімен сіңіскен. Сөйтіп, бұл жұрнақтың қалыптасуына 
жылысу, сіңісу құбылыстары қатар араласқан. Бұл сипаттамадан 
бір жұрнақтан екінші жұрнаққа жылысқан құбылысты байқап 
отырмыз. Қатыстық сын есімін жасайтын -қ+ы (-ғ+ы, -к+і, -г+і) 
жұрнағы да осы заңдылықтың әсерінен қалыптасқан. Осылайша 
талдау арқылы барлық жылысқан дыбыстардың тарихын 
анықтауға болады.
Сөз құрамындағы кейбір дауыссыздардың ығысып, үнді 
дыбыстарға орын беруі ығысу құбылысы деп аталады. Ең белсенді 
ығыстырушы дыбыстардың қатарына й, н, л сонорлары жатады. 
Әсіресе й соноры сөздің басында да, ортасында да, аяғында да кез 
келген дауыссызды ығыстырып жіберіп, ығысқан дыбыстың 
орнына өзі қызмет етеді. Бұған сөзле~сөйле, өг~ой, қод~қой, 
қутад~құтай, қанда~қайда, үб~үй, сабра~сайра, түгүн~түйін т.б. 
параллельдерді салыстыру арқылы көз жеткізе аламыз. Сондай-ақ 
шайқалу~найқалу, 
тығыз~нығыз, 
тақ~нақ, 
адам 
аттары 
Жүсіп~Нүсіп, Жақып~Нақып, тағы басқа параллельдер н 
сонорының ығыстырушылық қызметін көрсетеді. Барыс септігі 
жалғауындағы қ дыбысын ығыстырып қалыптасқан -на, табыс 
септігі жалғауындағы т, д дыбыстарын ығыстырып қалыптасқан -
ны, шығыс септігі жалғауындағы т, д дыбыстарын ығыстырып 
қалыптасқан -нан формаларын екінің бірі ығысу құбылысының 
нәтижесі деп есептемейді.
л соноры да сөз басында ығыстырушылық қызмет атқарады. 
Түркі-моңғол тілдерінде көптік мағына негізінен т фонемасында 
болады. Бірақ т-ны л соноры ығыстырып жібергендіктен -лар 
көптік жалғауы қалыптасқан. л-дан басталатын қосымшалардың 
барлығы осы күйді кешкен. Ығысу құбылысының есепке 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
138 
алынбауы көптеген түркологтардың *-лар-ды архетип деп 
тануына себеп болған. Таға~нағашы – бір сөз. Мұның даму 
эволюциясы 
монографиялық 
еңбегімізде 
өрнектелді. 
Жоғарыдағыдай жаңсақтықтар болмас үшін ығысу құбылысын да 
әрдайым назарға ұстаған жөн.
Сөз құрамындағы дыбыстардың орны ауысуы метатеза деп 
аталады. Кейбір түркі тілдерінде қазақ тіліндегі жаңбыр 
йағмур~йамғур болып айтылады. Түбірі (йағ – етістігі) алғашқы 
сөзде лексикалық мағына берсе, соңғыда йам формасының 
ешқандай ұғымы жоқ. Егер метатезаға көңіл бөлінбесе, 
зерттеушіні шатастырып жіберуі анық. 
Іргелес дыбыстардың орын алмастыруы бар да, дауыссыздардың 
араларына 
дауыстыларды 
салып 
алмастырылуы 
бар: 
қолғап~қолбақ, 
жалаңаш~жаңалаш, 
айналу~айлану, 
селсоқ~селқос, тағы басқалар.
Іргелес дауыстылар ғана орын алмастырып қоймайды, іргелес 
дауысты мен дауыссыз да орын алмастырып береді: ес+іт~ес+ті, 
сіл+ік~сіл+кі, 
сің+іл~сің+лі, 
жұ+мақ~ұш+пақ, 
жар+ық+шақ~жар+ғы+шақ т.б. 
Орын алмастыру алыс жағдайда да орын ала береді: «Латынның 
па+р+аво+л+а сөзі испанша па+л+аб+р+а болып өзгерген (4, 77 б.). 
Яғни р мен л дыбыстары араларына бірнеше дыбыс салып, орын 
алмастырған. Араға бір дауысты, бір дауыссыз дыбысты салып та 
дауыссыздар орын ауыстыра береді: тарбағай+та>тарбағатай. 
Қазақ тіліндегі ма+ғ+а+н, са+ғ+а+н, о+ғ+а+н барыс жалғаулы 
есімдіктерін осы топқа жатқызамыз. Бұлардың көне формасы – 
манға, санға, анға. Жеке дыбыс пен буын алмасқан. Қысқасы, 
метатеза құбылысын ажыратып-айқындаудың түбіртектану үшін 
маңызы зор.
11. Түркі тілдеріндегі барлық дауыстылар мен дауыссыздардың 
пайда болу тарихын, олардың даму эволюциясын [көбейту 
кестесін жатқа білгендей] жатқа білген түбіртектанушы белгілі бір 
тілдегі базалық лексикаға жататын байырғы сөздердің 
түпкітектерін (шын мәніндегі архетиптерін) аша алатындай 
дәрежеге жетеді. Басқаша айтқанда, бұл математикалық логикаға 
арқа сүйеу деген сөз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет