Байланысты: aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 181
Ғалымның сөзінің жаны бар. Біздің қазақ тіл білімінде тек 90-
жылдардың басынан бастап қана ұлт тілінде термин жасау ісі
қайта қолға алына бастағандығы айқын.
Профессор А.Б. Салқынбай «Тарихи сөзжасам (семантикалық
аспект)» атты монографиясында тарихи сөзжасамға қатысты
проблемаларды көтеріп, сөзжасам жүйесінің зерттелуін,
семантикалық табиғатын, тіл табиғатының лингвогенездік негізін
терең зерделей отырып, сөзжасам саласының жекелеген тәсілдері
бойынша жасалған атауларды нақты деректермен дәлелдейді.
Фонетика-семантикалық, синтетика-семантикалық, аналитика-
семантикалық тәсілдердің сипатын, парадигматикасы мен
синтагматикасын, тілдің этнологиялық таныммен байланысын
жүйелі түрде зерттеген [3]. Осы тәсілдер арқылы ақпараттық
технология терминдерін ұлттық таныммен байланыстыра жасау
қажеттігін ұғындырады.
Қазақ әдеби тілін, оның өміршеңдігіне қатысты ғылыми
зерттеулер жүргізген профессор Б. Момынова компьютерге,
тұрмыстық техникаға байланысты терминдер қытай тіліне толық
аударылғандығын, жергілікті қазақтар да соған орайластыра
компьютерге байланысты және кез келген тұрмыстық техника
атауларын қазақ тіліне аудара алғандығын мақаласында жазады.
«Қолтелефонды (мобильді телефон), бірақ студенттер қолфон деп
қысқартып атайды, тетіктерін аудару да жергілікті қазақтар үшін
өте жеңіл іс. Енді кейбір аудармаларын келтіріп көрелік: тінтуір–
мышь, тілтақта-клавиатура, нұртабақ-диск, бармақдиск-флешка,
көрсеткі-экран, қатты диск-жесткий диск, вирус ену – құрттап
кету, рабочий стол – үстел бет, қосамжар дыбыс – медиадыбыс,
терезелік – окно, мүше, торап ат, кілтсөз (пароль), тораптас, бекет
жауапкері, бекет бастығы, әріпсәйкестіргіш, сәйкестіргіш,
әріпалмастырғыш, достық жалғаным, лездік жалғаным, жолдама,
нұрбелгі (курсир), бостық кнопка (пустой удар), ақылы деталь
(интернеттегі ақылы материалдарды түсіріп алу), ақысыз, ортақ
деталь, ғаламтор (интернет), торап жарнама, сұхбат үні, тораптық
қазына, аманат, торап сөздігі, ерен електеме, кері қайтару, торап
ескертпесі, т.б., сол сияқты сабақхана-аудитория, естелік жазу –
лекция жазу, шоғыр мектеп – университет, ұлттықтар – ұсақ
ұлттар (диаспора немесе өзге ұлттар), ұласпалы кино – көп
сериялы фильм, қанбасым – қанқысымы, төреқамақ – домашний
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 182
арест сияқты сөздердің аудармасын еркін қолданатындығын
айтады. Сондай-ақ Қытай қазақтарының компьютер тілін түгел
қазақшалап, терминдердің сөздігін шығарып қойғандығын да осы
мақаласында айтып өтеді [4, 76 б.]. Бірақ біз бұл сөздікті әлі көре
алмадық. Шыңжаң университетінің профессоры А. Міркамалмен
хат алысу барысында түйрек, торап, лездік жалғаным деген
терминдерді оқығаным бар. Профессордың түйрек деп тұрғаны –
кәдімгі ворд файл. Осы файлдың негізгі бейнесі скрепкимен
белгіленген. Скрепкидің қызметінің бірі қыстырудан өзге түйреу
болатын болса, осы қызметіне сәйкес Қытай қазақтарының тілінде
түйрек деген атауға ие болып тұрғанын көреміз.
Қазіргі
ұлттық
әдеби
тіліндегі
терминдерді
жасауда
пайдаланылып жүрген сөзжасамдық жұрнақтар
1-кесте – Компьютер терминдерін жасаушы жұрнақтар
№
Жұрнақ түрі Сөз Өзге тілдегі түсіндірмесі, атауы
Жасалу негізі
1
-ма, -ме
батырма //түйме
кнопка
Етістіктен
жасалып тұр
2
-іш
жүктеуіш
загрузка
Зат есімді етістіктен
жасалып тұр
3
-ын, -ін
ағын поток Етістіктен жасалып тұр
4
-сыз, сіз
адрессіз
безадресный Зат
есімнен
жасалып тұр
5
-мақ, -мек
аумақ область
Өлі түбірден
6
-ғы, -гі құрылғы
устройство Етістік
7
-ты, -ты
тұрақты
постоянный Етістік
8
-ын, -ін
ағын поток Етістік
9
-тық, -тік, -лық, -лік биіктік, аралық
высота, интервал
Көмекші есім, сын есім
10
-ма, -ме
сүңгіме
штепсель
Өлі
түбірден
жасалған зат есім
11
-шы, -ші
әкімші
администратор
Зат есім