Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет80/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
187 
Олар:1) сөзқосым, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту. 
Сөзқосым тәсілі арқылы біріккен, кіріккен атаулар жасалады. 
Ондай атаулар қазақ тілінде көптеп саналады. «Біріккен сөз 
дегеніміз – жеке-дара сөздердің өзара шоғырлана тұтасуынан 
жасалған дербес лексика-грамматикалық мағыналары бар туынды 
сөздер» [7, 2002: 36]. 
Дегенмен, қазіргі сөзжасам саласының дамуы аталған түрлердің 
біразы сөз жасай алмайтындығын көрсетті. 
3-кесте – Өзге тіл лексикалары арқылы жасалған компьютер 
терминдері 
№ 
Термин
Уәждеуші сөз 
Өзге 
тілдегі 
түсіндірмесі, атауы Жасалу негізі 

Файл Файл Файл Зат есім

Блок-схема Блок-схема Блок-схема Зат есім + зат есім 

Веб-бет
Веб-бет
Веб-страница (Web page 
Зат 
есім + етістік + зат есім 

Веб-сайт (Web site) Веб-сайт 
Веб-сайт (Web site) Зат 
есім + зат есім 

Кәбіл Кабель
Кабель
Зат есім 
Бұл терминдердің ерекшеліктері таза өзге тіл терминдерінен және 
қазақ тілі сөздерімен араласып келуінде деуге болады. Кестеде 
компьютер терминдерінің өзге тілді терминдері мен аналитикалық 
тәсіл арқылы жасалған, оның ішінде қосарлану арқылы жасалған 
терминдер беріледі. Демек, қазіргі қазақ тілінде қолданылып 
жүрген компьютер терминдерінің бір ерекшелігі терминдердің 
атқаратын қызметтеріне қарай қосарланып берілуінде. Түпнұсқа 
тілінде бұл терминдер ешқандай дефиссіз берілмейді. Ал орыс 
тілінде дефис арқылы жазылса, біздің қазақ тілінде де дефис 
арқылы беріледі. Демек, қазақ тілі терминологтары бұл 
терминдерді аударғанда немесе пайдаланғанда дефистің 
атқаратын қызметтерін ескермейтін секілді. «а) Лексикалық 
мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөздер арасында: 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
188 
инженер-технолог, батыр-ұшқыш; қос сөздердің арасында: ел-
жұрт, алай-дүлей; сөзді тасымалдағанда; реттік сан есімдерді 
қолданған жағдайда: 3-жыл, 5-рет; -ақ, -ау, -мыс, -ды демеуліктері 
тіркескен жағдайда: айтады-мыс, келмеді-ау; қосымшаларды 
ерекшелеп көрсетуде: -ған, -ген, -мын, -мін; екі сөзден тұратын 
фамилияларда, адам аттарында, жер-су атауларында: Нұр-Сұлтан, 
Тұрсын-заде, Салтыков-Щедрин т.б. [https://egemen.kz... 2019; 6]. 
Демек, осы дефис қойылатын жағдайлардың лексикалық 
мағынасын сақтаған сөздерден жасалған күрделі сөз дегенге сай 
келеді. Бұл – біздің қазақ тіліндегі дефис арқылы жасалған 
сөздердің алғашқы компоненті анықтауыш, айқындауыш 
қызметінде жұмсалатын секілді. Мысалы, веб-сайт дегенде жай 
сайт емес, веб екенін көрсетіп тұр.
Калькалау – терминжасам тәсілі арқылы жасалған компьютер 
терминдері. Калькалау – өзге тілдердің терминдерінің жасалу 
үлгісі мен мағынасын пайдалана отырып, ұлт тілінде термин жасау 
болып табылады. 
Кальканың тілдік табиғаты түрліше түсіндіріледі. Мысалы: 
а) Калькалау термин шығармашылығында айрықша орын алады, 
осының өзі оны терминжасамның жеке амалы ретінде қарастыруға 
негіз болады. 
ә) Калькалауды сөз алмасудың байқалмайтын түрі, оны «жасырын 
сөзалмасым» 
немесе 
«жабық 
сөзалмасым» 
(скрытое 
заимстование) деп түсіну керек. 
б) «Калькалау терминдену, терминжасам және терминалмасым 
сынды негізгі үш тәсілдің бірігуінен (қиылысуы мен өзара 
әсерінен) тұрады» [8, 1989: 219]. 
Калькада алдыңғы екі (а, ә) түрлі сипаттың болуын жоққа 
шығаруға болмайды. Дегенмен үшінші тұжырымның негізі берік 
деуге болады. Калькалау барысында өзге тілдегі сөздің 
мағынасының, құрылымының пайдаланылатыны рас. Өнімділігіне 
қарай жеке тәсіл ретінде танылып, өзге тілден сөз алынбай ұлт 
тілінің өз сөзі пайдаланылатындықтан оны «жасырын 
сөзалмасым» немесе « жабық сөзалмасым» дейтіні де сондықтан. 
Калькалау барысында бір тілден екінші тілге сөз мағынасы да, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет