Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
224
формасында
күңгірттілік
байқалады.
Итальян
тілінің
фразеологиясын зерттеуші ғалым Т.З. Черданцева бұл құбылысты
тіл табиғатындағы ассимиляциялық құбылыс және оның
бойындағы метафоралану қабілеті мен контекстік мағынаға ие
болуымен қатар кейбір экстралингвистикалық факторлардың
нәтижесі деп түсіндіріп, төмендегідей пікір айтады: “Письменные
свидетельства человеческой речи и более поздние литературные
источники
содержат
относительно
большое
количество
несвободных словосочетаний, способных, с одной стороны,
служить названием новых понятий и предметов и выступать в
качестве составных терминов, с другой стороны – описать
ситуацию с помощью слов, утративших прямую соотнесенность с
тем предметом, обозначением которого они могли являться, и
выступать в качестве фразеологических единиц” [Т.З. Черданцева,
2000; 179 б.].
Қазақ тілінің фраземалары құрамында мағынасы қазіргі
сөйлеушіге түсініксіз сыңарлар кездеседі. Ол сыңарлар “дайын
материал” болып табылатын фраземалардың тұтас мағынасын сол
күйінде қабылдағанда ғана сөйлеушіге түсінікті. Мысалы: тілге
тиек ету “сөзіне сүйеніш, ойына таяныш, себеп”. Мен де өз
айтарымды айтып болған соң, тілге тиек таппай, амалсыздан үнсіз
отырмын (С. Байжанов).
Фраземаға негізгі ұйытқы болып тұрған компонент – тіл. Ет
көмекші етістігі процессуалдық (тіл ет < тілде <тілдес) қызмет
атқарып тұр. Фразема құрамындағы тиек сөзіне келетін болсақ, ол
сөздіктегі мағынасынан (“домбыра шегін көтеріп тұратын құрал”)
басқа, не тура, не ауыспалы мағыналары көрсетілмеген.
Фраземадағы тиек сөзінің мағынасы – “себеп”. “Себеп” тұлғасы
араб тілінен ауысқан сөз. Оның түркілік баламасы “сылау”. М.
Қашқаридің “Диуанында” тылдығ сөзі “сылтау, себеп, негіз”
мағынасын береді [Древнетюрский словарь, 1961; 567 б.]. Х-
ғасырдың туындысы “Алтун йаруқ” ескерткішінде тылтағ “себеп,
сылтау, негіз” мағынасында түсіндірілген [Древнетюрский
словарь, 1961; 567 б.].
Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
225
“Бес жүз бес” сөздігінің авторы Ә. Нұрмағамбетов тілге тиек ету
фраземасына этимологиялық талдау жасай келіп төмендегідей
ғылыми тұжырым айтады; “… бүгінгі таңда қолданылып жүрген
сөзіміз “сылтау” – ертедегі түркі тілдеріндегі “тылдағ, тылтағ”
тұлғаларының дыбыстық өзгерістерге душар болған түрі. Мұны
түркі тілдеріндегі дыбыс сәйкестігі заңдылықтары дәлелдейді”
[Ә.Нұрмағамбетов, 1994; 282 б.].
Қырғыз тіліндегі чылтак [К.К. Юдахин, 1965; 886 б.]; тува тілінде
чылдак, сылдаг [Русско-тувинский словарь, 1980; 394 б.]; хакас
тілінде сылдағ [Хакасско-русский словарь, 1953; 207 б.]; якут
тілінде сылтах [Русско-якутский словарь, 1968; 429 б.].
Көне түркі тілінде “тылдағ” түбірі – тыл немесе тіл
[Древнетюрский словарь, 1961; 559 б.]. Тілге тиек тіркесі “сылтау”
фонеметикалық варианты “тілтағ, тылтағ” тұлғасы екі сөз тіркесі
ретінде қабылдап, тіл және тағ деп түсінген. Тағ тұлғасындағы
соңғы “ғ” – қазақ тілінде сөз аяғында келмейтіндіктен, үндестік
заңына икемделіп тіл тек пайда болған. Кейін келе тек тұлғасының
тиек сөзімен сәйкестенуі нәтижесінде тілге тиек қалыптасып,
септік жалғауларының дамуына орай тіл+ге = тілге тиек болған.
Фраземалардың тұлғасы өзгерсе де, мағынасын осы күнге дейін
сақтаған. Себебі тілге сылтау ету деп айтса да тілдік заңдылық
бұзылмайды.
Сонымен қатар мұндай тіркес басқа түркі тілдерінде сақталмаған.
Қазақ тілінде мағынасы бұзылмай, оның тұлғасының өзгеруі
кездеседі. Қазіргі тілдік қорда тіл мен жағына сүйену фраземасы
“әр нәрсені желеу ету, істің бабына, сөздің орайына көнбеу”
мағынасында қолданылады. Ертедегі қазақтар сөйлеуге тек қана
тілдің ғана емес, жақтың да қатысы барлығын ескеріп, алғашқы
кезде тілдағ сөзін қос сөз деп қабылдай келіп, дәстүрмен тіл-жақ
деп ұғынған. Осыған тәуелдік және септік жалғаулары қосылу
нәтижесінде тіл-жағына сүйену фраземасы пайда болған. Тілге
тиек ету, тіл мен жағына сүйену фраземалары – ертедегі түркі
тіліндегі “тылдағ” тұлғасын тілімізде ежелден бар сөздерге ұқсату,
сәйкестендіру нәтижесінде туған [Ә.Нұрмағамбетов, 1994; 284 б.].
|