Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы



Pdf көрінісі
бет97/124
Дата13.02.2023
өлшемі1,82 Mb.
#67630
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124
Байланысты:
aзa Тiлiнi зектi М селелерi ж не Т уелсiздiк Тa ылымы

Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
228 
тарпғақ бет, торсық бет ісік бет немесе бет алды, бет бақырмау, 
бет жыртысу, бет қаратпау, бет түзеді, бет тырнау, бет сипау, бет 
перделеу, бет бұру және т.б.
Бет және жүз соматизмдері мағыналас сөздер болып табылады. 
Көне түркі ескерткіштерінде де jűz және ber лексемалары қатар 
қолданылған. Жүзі жылы, беті қалың деген тіркестер бір көрген 
адамға қарап отырып берілген баға. Мысалы: жүз жыртысу, жүз 
көрісу, жүз шайысу, жүзі таныс, жүз тоқтату, жүз салу және т.б.
Көз соматизмімен жасалған фраземалар саны басқа соматикалық 
тіркестермен салыстырғанда басымырақ екен. М. Ержановтың 
“Адамның сыртқы бейнесін сипаттайтын сөздердің лексика-
семантикалық топтары” атты кандидаттық диссертациясында 
көздің 123 түрін сипаттайтын соматикалық тіркестерді көрсеткен: 
үлкен көз, бадырақ көз, алақан көз, шатынаған көз, аялы көз
шақша көз, жұмық көз, жыпсық көз, бота көз, қой көз, құралай көз, 
шаян көз, сығыр көз, қысық көз және т.б. [М. Ержанов, 1988; 13 
б.]. І. Кеңесбаев сөздігінде көз соматизмімен жасалған 209 фразема 
берілген. 
Қазақ тіліндегі адам интелектісіне қатысты лексиканы зерттеген
Б.Ұ. Сағынова мынандай пікір айтады: “Сөз мағынасының кеңеюі, 
сөздердің семантикалық өрісінің бір-бірімен ұласуы, олардың 
тілдегі белгілі бір құбылысты, атауды білдірудегі бір-бірімен тура 
немесе жанама байланысын, адамның дүниені ақыл-ойы арқылы 
тану процесінің бір қырын соматизмдер арқылы танытады” [Б.Ұ. 
Сағынова, 1999; 13 б.]. Мысалы: адырақ көз, айнам көз, ақ көз, ала 
көз, бадырақ көз, қушық көз, бота көз, жаутаң көз, ескі көз, көген 
көз, құмай көз, қой көз, құралай көз, қызыл көз, оң көз немесе көз 
айрымау, көз аларту, көз алдау, көз алдында, көз ашқызбау, көз 
түзеді, көз бояушы, көз жұмбайлық, көз жүгірту, көз жіберу, көз 
тарту, көз тию, көз тоқтату, көз түрткі, көз ұшы және т.б.
Қазақ тіліндегі фраземалардың қалыптасуына сонымен қатар 
құлақ, ауыз, тіс, мұрын, аяқ, жүрек, бауыр, бүйрек, іш және т.б. 
анатомиялық атаулардың, дене мүшелердің қызметі айрықша. 


Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы 
229 
Олар сөзге арқау, ойға тірек болып, тілдің фразеологиялық бай 
қорын жасауда ерекше қызмет атқарады. 
Қазақ халқының ерте кезден қалыптасқан әдет-ғұрыптары мен 
дағдыларында психологиялық іс-әрекеттер көп кездеседі. Сезімді, 
көңіл-күйді, іс-қимыл әрекеттен көп сөзбен айтпай-ақ ыммен, 
ишратпен, еппен сездіретін және соларды дәл бейнелейтін ойлы, 
сесті ұғымдар бар. Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) 
олардың қимыл-қозғалыстарымен де тікелей байланысты. 
Адамның 
дене-мүшелері 
арқылы 
жасалған 
қозғалыстар 
соматикалық бейвербалды фраземалардың жасалуына ұйытқы 
болған. Коммуникативтік актідегі бейвербалды тәсілдерді зерттеу 
кинесикамен 
байланысты. 
Лингвистикада 
кинесика 
паралингвистикалық амал болып табылатын қарым-қатынас 
барысында 
қолданылатын 
кинемалар, 
мимикалар 
және 
пантомимикалық 
қозғалыстар, 
дене 
қимылдары 
ретінде 
қарастырылады. 
Халық даналығындағы “ымды білмеген – дымды білмейді” ұғымы 
осымен тікелей байланысты. Қазақ ұлтының әдет-ғұрыптарын 
зерттеп, жинаушы, жазушы-этнограф С. Кенжеахмет дағды, ым-
ишара туралы былай дейді: “Әдет, дағды, ишара, ым арқылы 
адамдар келісу, ашу-ыза, ұялу, жеңілу, жеңу, қайғыру, тағы басқа 
көңіл-күй көрінісін білдірген. Қазақтың осы әдеті бүгін де 
қолданылады. …Оны жас ұрпақ білген жөн. Халық әдет-ғұрпы 
мінезіндегі өзіне жарасатын осы ұғымдар іс-әрекет, бет-пішін, 
түрлі қимылдар арқылы жасалады” [С. Кенжеахметұлы, 1998; 161 
б.]. 
Ым және дене қимылдарын этикет формаларының құрамдас бөлігі 
ретінде қазақ және орыс тілдері деректері негізінде қарастырған
А.Д. Сейсенова, ым және дене қимылдары тек қана 
коммуникативтік жету мақсатында әлеуметтік мотивацияға ие 
болады. Бұл ерекшеліктеріне байланысты кинемаларды ұлттық-
мәдени нышаны бар құбылыс деп анықтауға болады. Сол себептен 
тілдегі паралингвистикалық факторлар белгілі бір этностың 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет