Қaзaқ Тiлiнiң Өзектi Мәселелерi және Тәуелсiздiк Тaғылымы
227
Ауыз – адамның, жан-жануардың тамақ қабылдайтын мүшесі
[Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, 1974-1986; 476 б.]. Ауыз
соматизмі ұйытқы болған алдау-алдану мағынасында жұмсалатын
фраземалар: ақ ауыз қылу-болу,
аузы аппақ болу, аузын күн
шығысқа қарату, аузы күн шығысқа қарап қалу, аузын аңқайту,
аузы аңқиып қалу және т.б.
Мысалдарды жалғастырсақ: ақ акыз, ала ауыз, алты ауыз, дорба
ауыз, көк ауыз, сары ауыз немесе ауыз жаласу, ауыз жаппау, ауыз
су, ауыз үйіру, ауыз баққыш, ауыз толтырарлық және т.б.
Бас соматизмі VІІІ ғасырдағы көне түркі
ескерткіштерінде, көне
ұйғыр, қыпшақ және оғыз ескерткіштерінде, қазіргі түркі
тілдерінің барлығында дерлік – baš, хакас тілінде – pas, чуваш
тілінде – pus кездеседі. Қазақ тілінде бастың түрін анықтайтын
домалақ бас, сопақ бас, таз бас, қауын бас т.б. тіркестер бар. І.
Кеңесбаевтың “Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде” 169
фразема берілген. Мысалы: жалаң бас, жалғыз бас, жел бас,
қарақан бас, қызба бас,қу бас, шүйке бас немесе бас айналу, бас
алу,
бас араздық, бас аман болу, бас аманда, бас ауырту, бас
ауыртты, бас байлады, бас бұзар және т.б.
Бет – бастың алдыңғы жағы, жүз [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі,
1974-1986; 282]. Бет – адамның мінез-құлқын, қабілетін және т.б.
жақсы-жаман қасиеттерін көрсететін негізгі мүше. Бет – жеке
индивит өмірінде қайталанбас өзіндік эталон, тіпті бір құрсақтан
шыққан қос тамшыдай егіздерді туған анасы бетіне қарап ажырата
алады екен. Бір беттің екінші бетке ұқсамайтынын анықтайтын
тіркестер тілде баршылық.
Бетке мұндай сипаттарды, әдетте, бір көргенде “баға”
ретінде
берген. Бір қызығы қазақ тілі мен ұйғыр тіліндегі бет-жүз
фраземаларын салыстырғанда, қазақ тілінің фраземаларының
көпшілігі бет соматизмімен келсе, ұйғыр тілінде жүз (йүз)
соматикалық фраземалары саны жағынан басым болып шықты.
Мысалы: беті қалың ‹ үзи қелин, бетке басты ‹ үзигә салмақ, бетіне
айтты ‹ үзигә әтмақ және т.б. Мысалдарды жалғасытсақ: айран бет,
ақша бет, ботқа бет, бүйрек бет, қара бет, қушық бет, сұр бет,