Бекмағамбетов Шанжархан
163
үрдісі ғылыми стильге жараса қоймайтынын біле тұрсақ та, мәселенің
ашығын айту қажет деп санадық. Әріптестер бұған түсіністікпен қарар
деп үміттенеміз.
Қазіргі дыбыстанымдағы бұл кемшіліктің басты себебіне жекелеген
ғалымдарды немесе қазіргі қалыптасқан тіл ғылымын кінәлап отырған
жоқпыз, өйткені бұл жағыдай адамзат тілінің ілкі негіздерінің дұрыс
танылмауымен, яки генетикалық тіл ғылымының болмауымен тікелей
байланысты. Қайсыбір ғылым саласы болса да, өзінің негізгі зерттеу
нысанын (обьектісін) дұрыс айқындап алмай тұрып, дұрыс бағытта
дами алмайды. Математикада сандардың негізгі бірліктері, ал физика
мен химияда заттардың нано-элементтері дұрыс танылмаса, ол ғылым
болудан қалады. Олай болса, тіл дыбыстарының табиғатын дұрыс танып
алмай тұрып, тілдік құбылыстың заңдылықтарын дұрыс түсіну де мүмкін
емес.
Осыған орай айта кететін жай – адамзат тілінің пайда болуы туралы
қазірге дейінгі белгілі алуан түрлі болжамдардың қайсысы да ақиқаттан
гөрі аңызға жақын. Сондықтан бүгінгі тіл білімінің негізгі практикалық
мәселелерінде де көптеген теріс көзқарастардың қалыптасуы түсінікті.
Дыбыстанымға қатысты алғанда, бұл мынадай мәселелерден айқын
көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: