Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет66/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

Бірінші мәселе
. Қазірде тілде 
т, б, қ
т.б. тәрізді дараланған дауыссыз 
дыбыстар және 
а, е, о
т.б. тәрізді дараланған 
дауысты
дыбыстар бар 
деп түсіндіреді. Шынымен де тілде осындай дараланған, жеке-жеке 
айтылатын, қолданылатын дауыссыз және дауысты дыбыстар бар ма? 
Мысалы: «т» дыбысын айтып көріңізші: «т+ы» түріндегі жұп элементті 
дыбыстық тұтастық түрінде ғана айтылады. Мұнда «т-салдыр» 
элементімен қоса «ы-дауыс» элементі бірге, қатар айтылады. Егер 
осындағы «ы-дауыс» элементі айтылмаса, «т-салдыр» да жоқ. Бұл – 
айдай ақиқат. Яғни тіл ұшы жоғарғы тіс қатарының іргесіне тақалып 
тұрған күйі тұрып қалады, дыбыс айтылмайды. Демек, дыбысталу жоқ, 
олай болса, дыбыс та жоқ. Сонда біз осы кезге дейін «жоқ дыбыстар» 
туралы, яки айтылмаған дыбыстар туралы айтып келген боламыз. Әлі 
айтылмаған дыбыстардың түрлі физика-биологиялық сипаттары туралы 
зерттеу еңбектерін жазып, оларды мектептер мен ЖОО-да оқытып 


ҚАЗІРГІ ДЫБЫСТАНЫМНЫҢ ПРОБЛЕМАЛЫ 
МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ГЕНЕТИКАЛЫҚ ДЫБЫСТАНЫМ
164
келеді екенбіз. Тіпте тіл дыбыстарын экспериментальды түрде зерттеген 
ғалымдарымыз да осы мәселеге келгенде, бұрынғы санаға сіңіп қалған 
түсініктен шыға алмағанын көреміз. Мысалы, Ә.Жүнісбеков: «Алайда 
теориялық тілтаным (фонетика) мен қолданба лингвистика (оның 
ішінде әдістеме де бар) үшін әліпби дыбыстардың санымен шектелу 
жеткіліксіз... » деген мәселені айта келіп «Мысалы, қазақ тілінде Т, С 
(әліпби атауы – ты, сы) дауыссыз дыбыстары бар дейміз...» - деп, дыбыс 
пен оның атауының екі түрлі, яки екі басқа екенін айтады [1-44]. Бірақ 
ғалым осы Т, С дыбыстары дегеннің ақиқатында Т+Ы, С+Ы түріндегі 
жұп элементті дыбыстар екеніне, сондықтан да бұл дыбыстар осылайша 
(ты, сы түрінде) аталып тұрғанына назар аудармайды. 
Екінші мәселе.
Қазіргі түсініктегі «дараланған» дыбыстар «еш 
мағынасыз» дыбыстар ретінде түсіндіріледі. Қазіргі тіл теориясында бұлар 
ашықтан-ашық түрде «шартты, кездейсоқ, механикалық, бос дыбыстар» 
деп жарияланады. Академик С.Кеңесбаев: «Ал дыбысқа келсек, ол мейлі 
жалаң болсын, мейлі күрделі болсын – мағынаға йе бола алмайды»[2-12] 
десе, С.Мырзабеков: «Дыбыс – тілдің біржақты единицасы: дыбысталады, 
бірақ мағынасы жоқ»[3-7] – деген қорытындыға келеді. Бірақ осыған 
қарамастан, қазіргі тіл білімі: «тілдегі сөздер дыбыстардан құралады, ал 
сөздерде мағына бар», - деп түсіндіреді. Сонда дыбыстың бойында жоқ 
мағына сөздің бойына қайдан, қалай пайда болған? Яки «жоқтан» «бар» 
пайда болғаны ма? Міне, қазіргі қалыптасып отырған дыбыстанымның 
тағы бір үлкен қателігі осында жатыр. 
Үшінші мәселе
. Тіл дыбыстарының мағынасы жоқ болғаны тіл 
ғылымы үшін үлкен айып, кінә болды. Сондықтан да мағынасыз 
дыбыстардан мағыналы сөздердің қалай пайда болатыны туралы 
мәселені қалай да түсіндіру қажет болды. Міне, осы келеңсіздіктің 
«орынын толтыру» үшін ХХ ғасыр басында фонология «теориясы» ойлап 
шығарылды. Бірақ қазірде түкірігі жерге түспей тұрған бұл көзқарас та 
қисынсыз тұжырым болатын. 
ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы орыс тіл білімінде тіл дыбыстарының 
табиғатын тануда белгілі орыс-поляк ғалымы Бодуэн де Куртенэнің 
(1845-1929) фонетикалық альтернация туралы пікірін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет