ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
40
де кездеседі. Соның бірі етістіктің аналитикалық форманттарының
құрылымдық жүйесі болып табылады.
Категория түрлері тілдік бірліктерді
топтауға негіз болатын
белгілердің, қасиеттердің сипатына қарай ажыратылады. Тілдік
бірліктерді грамматикалық және лексикалық категорияларға
топтастыруда белгілі бір ұқсастық бар. Жалпы лексикалық
категорияларға жіктеуде тілдік бірліктің лексикалық
семантикасы, ал
грамматикалық категорияларға жіктеуде
оның грамматикалық сипаты
басшылыққа алынады. Мәселен, ұғыммен байланысты болып, белгілі
бір мағынаны білдіретін сөз лексикалық мағынасы арқылы басқа
сөздерден дараланатын болса, екінші жағынан жалпы грамматикалық
ортақ мағына арқылы өзара топ құрап, бірігеді. Категория түрлері
тілдік бірліктерді топтауға
негіз болатын белгілердің, қасиеттердің
сипатына қарай ажыратылады. Тілдік бірліктерді грамматикалық
және лексикалық категорияларға топтастыруда белгілі бір ұқсастық
бар. Жалпы лексикалық категорияларға жіктеуде тілдік бірліктің
лексикалық семантикасы, ал грамматикалық категорияларға жіктеуде
оның грамматикалық сипаты басшылыққа алынады. Мәселен, ұғыммен
байланысты болып, белгілі бір мағынаны білдіретін сөз лексикалық
мағынасы арқылы басқа сөздерден дараланатын болса, екінші
жағынан жалпы грамматикалық ортақ мағына арқылы өзара топ құрап,
бірігеді. Осы тұрғыда әлемдік тіл білімінде
өзіндік дифференциалды
көрсеткіштері бар тілдік категориялардың негізінен жалпы үш түрін
көрсету орныққан көзқарас деуге болады. Олар:
• лексика-семантикалық категория;
• лексика-грамматикалық категория;
• грамматикалық категория.
Мәселен, С.Исаев грамматикалық категорияны екіге бөліп қарайды:
лексика-грамматикалық категория және таза грамматикалық категория [6,
64]. Таза грамматикалық категория деп қарастырғаны – морфологиялық
категория. Ғалым мұнда түбір семантикасын өзгертпей, оған ешқандай
қосымша мағына үстемей, таза грамматикалық мән немесе мағына үстейтін
шартты негіз етіп алады. Ал лексика-грамматикалық категорияларда
жалғанған қосымша түбірдің лексикалық мағынасына өзгеріс енгізеді.
Балқия Қасым
41
Сөйтіп, лексика-семантикалық және грамматикалық сипаттарына
қарай олар таза грамматикалық категориялардан ерекшеленеді.
Автор екінші топтағы категориялардың
қатарына етістіктің етіс
формаларын, болымсыз етістікті, салт және сабақтылық категориясын
және күшейтпелі етістік тұлғаларын немесе көріністі жатқызады.
Бұл тұста автордың күшейтпелі етістік немесе
Достарыңызбен бөлісу: