Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет17/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

Функциялық етістіктердің
ерекшелігі, бұлар басқа сөз таптарының 
грамматикалық фунциясын екінші атқарады, яғни басқа сөз таптарымен 
мәндес болып келеді. Соған орай бұлар 
үш топқа 
бөлінеді. Бірінші 
тобы зат есімге бейім болып келеді. (тұйық етістік, -ғы формантты 
етістік, -с формантты етістік). Екінші топқа жататындары мағынасы, 
қызметі жағынан сын есімге бейім болады (есімше формалар). Үшінші 
топқа жататын функциялық етістік тұлғалары үстеуге бейім болады да, 
қимыл үстеу деп аталады [10, 65]. Бұған көсемше формалары, шартты 
рай формасы жатады. Осы функциялық етістіктердің жіктелуі арқылы 
етістіктің рай, шақ формалары пайда болады.
Сөйтіп, етістік категорияларын мынадай тәртіппен сатылап 
бөлуге болады. Бірінші орында
түбір етістіктер
, екінші орында 
модификациялыетістіктер
, үшінші орында функциялық етістік 
тұлғалары, төртінші орында рай, шақ категориялары. Ы.Маманов қазақ 
тіліндегі барлық етістіктердің тізбегін көрсетеді [11, 300].
Етістіктің 
грамматикалық 
категорияларындағы 
мағынаны 
танытудың ерекше тәсілі – 
аналитикалықформанттар
. Осы мәселеге 
қатысты ғылыми мақала, монографиялық зерттеулер жарық көрді. 
Олардың ішінде етістікке арналған Н.Сауранбаевтың, С.Аманжоловтың, 
Ы.Мамановтың, А.Қалыбаеваның, Н.Оралбаеваның, Б.Қасымның, 
Қ.Мамаділовтің, К.Қарымбаеваның т.б. еңбектерді атауға болады. Қазақ 
тілінде олар көсемшелі негізгі етістік пен көмекші етістіктердің тіркесуі 
арқыла жасалады. Профессор Н.Оралбаеваның зерттеуінен қимылға 
қатысты құбылыстардың тілде берілу табиғатына, семантикасына, 
етістіктің мағынасының байлығына, бейнелілігіне, шындық өмірдегі 
адам әрекетін дәл суреттеу шеберлігіне, аналитикалық форманттармен 
дәлдікпен беруін талдаған. Ғалым оларды төмендегіше жіктеген: 


Балқия Қасым
43
♦ қимылдың жасандылығын білдіретін тілдік бірліктер -ған бол
мысалы, айтқан бол, сұраған бол, көрген бол; 
♦ толық орындалмаған қимылдың білдірілуі -а жазда, мысалы, 
құлай жаздады, кетіп қала жаздады, ұра жаздады, айта жаздады;
♦ қимылдың бағытталуының білдірілуі -п ал, -п бер, мысалы, тойып 
алдым, көшіп алдым, жазып бердім, алып алдым, қайтып бердім; 
♦ қимылдың ерекше ынтамен жасалынуы -ып бақ, мысалы, шыдап 
бақ, айтып бақты, жылап бақты, тыңдап бақты; 
♦ қимылдың немқұрайды жасалуы -а сал, -а отыр, - е жүр, мысалы, 
айта сал, сөйлей отыр, жаза сал, оқи сал, байқай жүр, көре сал, 
тыңдай отыр;
♦ қимылдың күтпеген жерден жасалуы -а қой, -а кет, -а қал, мысалы, 
баса қойды, сезе қойды, айта қойды, жабыса кет, отыра кет, келісе 
кетті, елеңдей қалды, сезе қалды, сұрлана қалды; 
♦ қимылдың қысқа, батыл жасалуы -п таста, -п жібер, - п түс, - п 
қал, мысалы, айтып таста, айтып жібер, қойып жібер, күліп жібер, 
жазып таста, тіліп түсті, қауып түсті, айқаса түсті, айтып қал; 
♦ қимылдың ерекше қарқынмен жасалуы -п кеп жібер, -п кеп қал, 
мысалы, айтып кеп жіберді, періп кеп қалды; 
қимылдың созылуы, қайталануы -е бер, -е түс, мысалы, айта бер, 
ойнай түс; 
♦ қимылдың жасалуына шек қойылу -е тұр, мысалы, күте тұр, оқи 
тұр, жата тұр;
♦ қимылдың жасалуға бейімділігін білдіру -ғалы отыр, -ғалы 
жатыр, -ғалы тұр, -ғалы жүр, -йын де, мысалы, барғалы отыр, 
айтқалы жатыр, барайын деп отыр
♦ қимылдың динамикалық қалыптан статикалық қалыпқа көшуі 
-ып қал, отырып қалды, тыңдап қалды, ойланып қалды, жатып 
қалды; 
♦ бір қимыдың соңынан ілесе екінші қимылдың жасалуы -е сала, 
-а сала, -а салып: ала сала, келе сала, бара салып, оқи сала, 


ҚАЗАҚ ТІЛІЛІНДЕГІ ЕТІСТІКТІҢ АНАЛИТИКАЛЫҚ 
ФОРМАНТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ МЕН СЕМАНТИКАСЫ
44
түсіне сала т.б. [12]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет