Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет18/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

Аналитикалық формант
деп қосымша 
мен көмекші етістіктің бірлігінен тұратын, категория мағынасын 
білдіретін күрделі морфологиялық көрсеткіш аталады. Мысалы, 
Апам болса, ауданда 
сырқаттанып жатыр
. Ақбөпе екеуміз 
таңертеңнен 
айтып жүрміз
(С. Жүнісов). Осы екі сөйлемдегі 
сырқаттанып жатыр, айтып жүрміз деген аналитикалық формалы 
етістіктер -ып жатыр, -ып жүр деген аналитикалық форманттар 
арқылы нақ осы шақ мағынасын білдіреді.
Қазақ тілі етістіктің аналитикалық формантына өте бай. Етістікте 70-
тен аса аналитикалық формант бар: -а ал, -п бақ, -п ал, -п бар, -а бар, -а 
баста, -е бер, -п бер, -ған бол, -п бол, с- біл, -п біт, -а жазда, -п жат (-ыр), 
-е жөнел, -п жүр, -е жүр, -п жібер, - йін де, -са игі еді, -са екен, -ға еді, -са 
еді / екен / жоқ, -п кел, -е кел, -п кет, -а кет, -п көр, -е көр, -п қал, -а қал, 
-п қой, -а қой, -п отыр, - а отыр, -п өт, -п сал, -а сал, -п таста, -п тұр, -а 
тұр, -п түс, -е түс, -п шық, -а шық, -п сала бер, -п кеп жібер, -п кеп қал, 
-ғалы отыр, -ғалы жат (-ыр), -гелі жүр, -ғалы тұр, -а сала (-а салып), -қоя 
бер, -п келе жат, -п бара жат, -п болып қал, -ғы кел, -ушы болма, -а көрме, 
-ған болса, -р болса, -п жүре бер, -п кеп кет, -п сала бер, -п кеп бер, -уге 
бол т.б. 
Аналитикалық форманттар функционалдық қызметте қолдану 
мақсаттарына қарай әр түрлі мән-мағыналар мен қосалқы түрде 
ұғынылатын әрқилы реңктерге ие болады. Мысалы, төменде келтірілген 
көсемшенің -п және -й жұрнақтары арқылы жасалған жалаң аналитикалық 
форманттардың салыстыра берілген тілдік деректерден көруге болады: 
1. -п ал форманты жетекші етістікке жалғанғанда, субъект өзге істі 
қоя тұрып (осы), әрекетті әуелі өзі үшін, өз мүддесі үшін жүзеге 
асырып алуды қалатындай мән (реңк) үстейді. Мысалы: көріп 
алды: жұлып алды; сыпырып алды; ұйықтап алды; сөйлесіп 
алды; жазып алды т.б.
2. -п бар форманты жетекші етістікке амалдың бірте-бірте я үдеуін, 
я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк үстейді. Мысалы: (күн) шығып 
барады; таусылып барады; кеш батып барады; ауыл көркейіп 
барады т.б


Балқия Қасым
45
3. -п бер форманты жетекші етістікке амалады бөгде адам үшін 
істелетініндей реңк үстейді. Мысалы: айтып бер; жазып бер; 
сөйлесіп; шешіп бер; түсіндіріп бер; көрсетіп бер т.б.
4. -п кел форманты жетекші етістікке амалдың бірте-бірте я дамуын, 
я бәсеңдеуін білдіретіндей реңк жамайды. Мысалы: өсіп келеді; 
көркейіп келеді; есейіп келеді (-п бар формантымен синонимдес).
5. -п қал форманты жетекші етістікке амалдың бірден басқа күйге 
(динамикадан статикаға) көшкенін білдіретін реңк қосады. 
Мысалы: 1) жатып қалды; ұйықтап қалды т.б. 2) шаршап қалды; 
қорқып қалды; шошып қалды т.б. -п кетті (шаршап кетті; қорқып 
кетті т.б. ) формаларына мағынасы жақын (жығылып қалды; 
құлап қалды).
6. -п сал форманты жетекші етістікке амалдың бірден именбей 
білдіретін реңк үстейді. Мысалы: айтып салды; суырып салды; 
шығарып салды;
2. -п бар форманты жетекші етістікке тіркескенде, оған өзінің негізгі 
мағынасын қосады, бірақ жетекші етістік көмекші етістік арқылы 
алатын амалдың не мақсатын, не одан бұрын жол жөнекей 
істелетін амалды білдіреді. Мысалы: ала бар; қарай бар; көре бар; 
тыңдай бар; оқы-и бар т.б.
7. -п кет форманты жетекші етістікке амалдың бірден я кенеттен 
басқа күйге немесе қалыпқа көшкенін білдіретіндей реңк үстейді. 
Мысалы: шаршап кетті; шөлдеп кетті, үсіп кетті; суып кетті; 
қайнап кетті; басып кетті; қорқып кетті т.б.
8. -п көр форманты жетекші етістікке амалды жүзеге асырып байқау я 
жүзеге асырып көру мағынасын көрсететін реңк қосады. Мысалы: 
ашып көр; айтыа көр; жазып көр; сөйлеп көр; тыңдап көр; оқып 
көр; татып көр т.б.
9. -п қой форманты жетекші етістікке амал- шығар; құрап шығардың 
нәтижесін күтерліктей раймен тиянақтап орындауды алдын ала 
ескертетіндей реңк үстейді. Мысалы: айтып қой; жазып қой; 
оқып қой; тазалап қой т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет