Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет21/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ҚАЗАҚ ЛИНГВОМӘДЕНИЕТТАНУЛЫҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ 
НЕГІЗДЕРІ
54
жоғары. Өйткені тілдің кешенділігі қауымдық топтың этномәдени 
ерекшеліктерімен, жеке индивидтің дүниетанымдық көзқарасымен 
қатар сол тілде сөйлеуші қоғам мүшелерінің когнитивтік санасында, 
генетикалық табиғатында, психофизиологиялық болмысында, әлеуметтік 
жағдайы мен географиялық ортасында, гендерлік жүйесінде өзіндік көп 
қырлы кешенділік сипатымен көрініс береді.
Кез келген этнос пен қауымдық топтың, халықтың, ұлттың өзіндік 
болмысы мен дүниетанымы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан 
рухани және материалдық мәдениеті оның тек жанды тілі арқылы ғана 
дәйектеледі. Яғни кез келген тіл белгілі бір ұлттың эталондық көрсеткіші 
болады. Оған этномәдени біртектілік, ұжымдық сана, территориялық 
біртұтастық, қауымдық құрылым тоғысады.
Тілдің сапалық белгісі коммуникативті қасиетке ие ақпарат беруші 
таңбалар жүйесінен ғана тұрмайды, ол осы кешенділік сапаның бәрін 
қамтитын ұлттық мәдениеттің ажырамас құрамдас бөлігі болып 
табылады.
Мәдениет – жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен басталып, бүкіл 
ұлттық менталитетті, ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр, рухани-
материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым. Мәдениетті 
жасайтын және оны тұтынатын – адам. Сондықтан мәдениет, ең 
алдымен, адам әлемі ретінде саналады. Өйткені мәдениеттің қандай 
түрі болмасын онда адамның ақыл-ойы, парасаты, наным-сенімі, 
дүниетанымы, эстетикалық талғамы заттандырылып, материалдық және 
рухани игіліктер көрініс табады.
Мәдениет деген сөз қазақ тіліне араб тілінен енген сөз. О баста 
арабтың «маданият» деген сөзі «қала», «қалалық» деген ұғымды 
білдірген. Мұның өзі ортағасырлардағы мұсылман мәдениетінің өркендеу 
кезеңінде қалыптасқан түсінікпен байланысты. Мәдениеттанушылардың 
атап көрсеткеніндей мәдениетке берілген анықтамаларды альтернативтік 
(қарсы қоюшылық) деп атауға болады. «Мәдениет» ұғымын талдауды 
мәдениеттанушылар көне заманнан бастайды. Көне заманда мәдениет 
«жерді өңдеу» деген ұғымды білдірген. Бұл тұста көзге түсетін нәрсе 
– мәдениет пен табиғатты қарсы қоюшылық. Кейінірек Цицеронның 
еңбектерінде (б.д.д. 45 ж.) бұл сөздің мағынасы тереңдеп «жанды 


Жапарова Аида
55
жетілдіру» деген ұғымда жұмсалды. Уақыт өте келе Еуропада мәдениет 
сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты 
мағыналарда қолданыла бастайды.
Сондай-ақ бүгінгі ғылымтануда – заттық мәдениет, материалдық 
мәдениет, рухани мәдениет, этнос мәдениеті, этникалық мәдениет, 
ұлттық мәдениет, шығыс мәдениеті, постфигуративтік мәдениет 
(дәстүрлік мәдениет), конфигуративтік мәдениет (замандастық 
мәдениет), предфигуративтік мәдениет (жас ұрпақтық мәдениет), тіл 
мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, тұрмыс мәдениеті, тамақтану мәдениеті, 
киіну мәдениеті, төл мәдениет, жалпы адамзаттық мәдениет, аймақтық 
мәдениет, жазу (жазба) мәдениеті, кәсіби мәдениет, т.б. Мұның сыртында 
көркемөнер мәдениеті, экологиялық мәдениет, оқу мәдениеті, ғылым 
мәдениеті, экономикалық мәдениет, т.б. сияқты топтастырушылық та 
бар. 
Демек, мәдениет адамзаттың адам болуынан бастап, оның бүкіл 
рухани ізденісі, шығармашылығы, тәжірибесі жинақталған мыңдаған 
жылдардың жемісі. Бұл орайда Н.В.Гончаренконың мына бір пікірін 
келтіруге болады: «Мәдениет – адам ақылының ұлы жеңісі, табиғаттың 
дүлей күшін, тағылықты, надандықты бағындырып, өзіне деген 
өшпенділікке, қараңғылық пен теріс күштердің әсеріне төтеп берді, 
мұны жоғары дәрежелі жетістіктерінің мәңгілік шежіресінің көрінісі 
деуге болады. Бұл жеңіс - оның шын мәнісіндегі алғашқы мақтанышы 
болуға лайық жеңісі» [3, 14]. 
Рухани құндылықтарға ұлттық дүниетаным мен діл, ұлттық 
психология мен моральдық-этикалық нормалар, әдет-ғұрып пен 
салт-дәстүр, ырым-жоралғы және т.б. жатады. Рухани мәдениетке 
С.Темірбеков, ең алдымен, адамгершілік құндылықтарын жатқызады. 
Зерттеушінің пайымдауынша, ар-намыс, парасаттылық, адамгершілік, 
сенімділік, мейірімділік, кішіпейілділік, кешірімділік және тәуелсіздікке, 
еркіндікке, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылыс, өзін-өзі бағалау сияқты 
құндылықтар жинағы – халықтың рухани мәдениетінің негізі, іргетасы. 
Мәдениеттанушы ғалым: «Мәдениеттің қалыптасу кезеңі адамның адам 
болуынан, адамдар арасындағы қарым-қатынасқа қажет қарапайым 
норма, ереже, тыйым, бұйрықтардан басталады, ал рухани мәдениетке 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет