«МАН» ТҮБІРІ: «МАҢҒЫСТАУ» СӨЗІНІҢ ШЫҒУЫ
66
Топонимст ғалым Е. Қойшыбаевтың «Қазақстанның жер-су аттары
сөздігінде» (1985) Маңғыстау атауының шығу тегі туралы 4 қисын
келтірілген.
1. Маңғыстау «мың қыстау» тіркесінен шыққан;
2. Ноғайдың «менк» деген тайпасының атынан ауысқан;
3. Көне түркі тіліндегі «мен» төрт жастағы қой сөзіне «қышлақ»
жалғауы арқылы қалыптасқан;
4. «Маңғыштағ» «Құбыжықтар тауы» дегенді білдіреді.
Осындай символдық атаулар мен тілдік деректер зерттеуші
С.Қондыбай еңбектерінде айрықша көрініс тапқан. Серікбол Қондыбай
«құбыжықтарға» қатысты болжамды дұрыс деп санайды. Шығыс түркі
және моңғол мифологиясында «маңғыс», «мангус» айдаһар, керемет
құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды
сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы-жаман қасиетке ие ретінде
баяндалады.
Серікбол Қондыбай өзінің қысқа ғұмырында төсекте таңылып
жатып, тарих, фольклор, география, этнография, лингвистика, әдеби
материалдарды мифологиялық реконструкция тоғысында ұштастырып,
80-нен аса ғылыми мақала жазып, соны қадам, үлкен белеске көтерілді.
“Еуразияның ұлы даласында дәурен сүрген салтанатты – көшпелілер
өркениетінің тарихы мен мәдениетін, түркі тектес халықтардың адамзат
тарихындағы өзіндік орнын жаңаша парықтаған бұл еңбектер байсалды
ой-тұжырымдарымен жұртшылық назарын аудара білді” деп пікір жазды
көрнекті қазақ ғалымдары Қ.Салғараұлы мен А. Сейдімбек [5,7].
Ман ата: тарихи тұлға ма мифтік бейне ме?
Серікбол Қондыбайдың айтуынша, бір жағынан, бұл – тарихы тым
қарапайым, «дерегі жоқ» делінетін өлке, сондықтан осындай ізденістер
жүргізуге қажетті сынақ алаңы бола алады, екінші жағынан, Маңғыстау –
ізденістер жүргізуге қажетті фольклорлық базасы сол сақталған өлке, ал
фольклорлық материалдар біздің жағдайымызда ең басты мифологиялық
қайнар көз болып табылады.
Қортабаева Г.Қ
67
С.Қондыбай «IX-X ғ.ғ. Маңғышлақ тайпасының аты мен бүгінгі
әулие Ман-атаның арасында тікелей байланыс бар» деп есептейді.
Өйткені көшпелі топонимика дәстүріндегі ат қою тәсілі бойынша белгілі
бір сөздердің артына «қышлақ» деген анықтама жалғану үшін әлгі сөз:
1) нақты тарихи тұлғаның аты (ру басы, әулие, хан);
2) ру аты, яғни этноним;
3) белгілі бір шежірелік, мифтік есім (ру атасы) болуы қажет.
Осы шартқа сүйенсек, Ман-ата – белгісіз тарихи тұлға (хан, батыр,
ру көсемі, би, абыз), аңыздық тұлға (мифтік шежірелік аталардың бірі)
немесе нақты ру тайпалардың есімі болып шығар еді. Осы жорамалды
С.Қондыбай “оғыздарға дейінгі әуелі Үстірт пен Сам өңірін кейін
Маңғыстауды мекендеген халықтың аты – «ман» болғандықтан, олардың
аударылып, оғыздар жалпылама түрде «манның қышлақтары» деп атап,
кейін бүкіл аймақтың атауына айналдырып жіберген” деп түйіндейді.
Ман ата – IX-X ғ.ғ. үстірттік және маңғыстаулық ман жұртының өкілі
болып табылады. Ол – сол жұрттың реалды тарихи тұлғасының есімі
ме, әлде мифтік түсініктеріндегі тұлға ма? – оны дәл айту мүмкін емес.
Тұлғаның мифтік генезисі тұрғысынан қарағанда, маңғыстаулық Ман-
ата үндіарий мифологиясындағы бірінші адам – Ману деген бейнемен
бір текті болуы әбден мүмкін [5, 33] деп жорамалдайды зерттеуші
С.Қондыбай.
Маңғыстау топонимиясын зерттеп жүрген ғалым Б.Көшімова ман
топоформанты тау және өзен деген мағынаны беретін үндіевропалық
сөз болса, Маңғыстау атауы тау қыстауы немесе “таулы қыстау” деген
мағына береді деп топшылайды. [4,59].
«Ман» сөзінің адам мағынасында түркі есімдерінде (Отман, Ақман,
Қараман, Айтман, Алып-Манас, Алпамыс, Манашы), қазақ тілінде
(көрер+мен, майтал+ман, орал+ман, шабар+ман) қолданылуына қарап
осы тұжырымды негіз етіп алған. Бастысы – Ман-ата Маңғыстаудың Жер-
су иесі іспетті символдық координаттары болып табылады. Біріншісі
«Вара» танымдық жүйесінің түсініктері.
«МАН» ТҮБІРІ: «МАҢҒЫСТАУ» СӨЗІНІҢ ШЫҒУЫ
68
С.Қондыбай «Есен-ата – Асан қайғы, Орманбет, «ман» (Манашы,
Маната, Отман, Қараман, Ақман т.б.) сияқты образдардың түп-қайнары
осы мәдениетте жатыр» деп санайды [6, 29].
Екіншісі – сопылық мәдениеттің далалық исламдық қағидаларға сәтті
бейімдей алуы. Ежелгі Маңғыстау – үстірттік және жан-жақтан қашып
келген жеке адамдар мен ру-тайпалардың діни түсініктері, халифтері
мен эпостары тек осы сопылық ислам уағызшыларының арқасында
бірыңғайланып, ортақ түсініктер мен образдарға айналды. Ежелгі әр
түрлі сипатты мифтік образдар енді бірыңғай, стандарт бейнелі «сопы
жағдайына» айналып шыға келді. Біз Баба түкті Шашты атаның да,
Шопан-ата мен Шақпақ-атаның, Масат-ата, Түкті-ата мен Қалипаның,
Қапам мен Қараман-атаның, Есен-атаның және басқалардың қай-
қайсысының образдарына ежелгі алуан-түрлі мифтік сипат алғандығын
айтуға болады.
Тарихшы ғалым Э.А.Абланова «Орта ғасырлық тарихта, яғни
оғыздар заманында түбекте қыстауға тек 3-жастағы еркек қойды ғана
қалдырғанын, «Маң»-түбірі нақты 3-жастағы малдың аты екені, осыдан
келіп «Маң» түбіріне «ғышлақ» сөзінің жалғанғандығы, ал екінші
болжамда оғыздар жер атын өздеріне дейінгі көшпенділерден мирасқа
алып қалғанын, яғни «Маң» халық, ел, адам, «ғышлақ», «қыстау» мекен,
иелік деген түсінік, осы жерден келіп, «Маңғыстау» адам, ру, ел, халық
мекені, иелігі деген жер аты шыққан» деп жорамалдайды [7].
Нәтиже.
Зерттеушілер пікірін жинақтай келе, мынадай көзқарастарды
жинақтаймыз:
1. Бірінші «Маң» атауын «мың» сан есімімен байланыстырушы
зерттеушілер (Вамбери, М. Мендикулов, О. Туманович),
2. Екінші көзқарасты жер атауын көне түркі тіліндегі «Маң» түсінігі
«қой» малы деген түсінікпен байланыстырады (М.Қашқари, Ғ.
Мұсабаев, М. Әбдіқалықов),
3. Үшінші «Маң» түбірі «үлкен, кең, ел қыстағы» деген көзқарас
(С. Шалабаев, Е. Өмірбаев, Қ. Сыдиқов, Г.Амманиязов, М.
Тұрсынова, Ү. Қыдыралин),
Қортабаева Г.Қ
69
4. Төртінші «маң», «маңғыш» айдаһар, яғни мифонимдер, мифтік
аңызбен байланыстыра суреттейтін Е. Қойшыбаев, С. Қондыбай
тұжырымдамалары.
Қорытынды.
Міне, киелі өңірдің топонимиялық тізімінде осындай атаулар
жинақталған. Әйгілі шығыс зерттеушісі, академик-ғалым В.В.Бартольд
«түркі тілдес халықтар арасында топоним атаулары өзінің
қарапайымдылығымен, әрі тарихи деректілігімен, жерінің қасиетіне
сәйкес аттарын дәл тауып қоятын тапқырлығына таң қалдырып отырады»
деген пікірімен мақаламызды қорытындылаймыз.
Мақаланың зерттеу нысаны ретінде 362 әулиелі жер – Маңғыстау
атауының шығуына байланысты шыққан түрлі қисын-жорамалдар
мен пікірлерді сарапқа алып отырмыз. Маңғыстау – бұл тек қазақ
халқына қатысты тарих беттері емес, өз кезеңінде ноғайлар түтін
түтетіп аруақтарын жерлеген, түркімендер Отан еткен, қалмақтар
жерін жайлаған, Хиуа хандығы “меншігім” деп көз тіккен бірнеше
халықтың біте қайнасып өмір сүрген мекені. Бүгінгі күні бұл аймақ
– республика үшін маңызды экономикалық шикізат орталығы болса,
өткен дәуір өрлеуінде халықтар конфедерациясының ядросы ретінде
тарихтан өз орнын алып, бірнеше дала халқына баспана болып, талай
соғыстарды басынан өткерген ноғай-қалмақ-түркімен-қазақ этномәдени
бірлестігінің рухани бесігіне айналған өлке.
Әулиеге деген сенім екі мың жыл бойына киелі Маңғыстауда үзіліссіз
келеді. Әр топонимикалық тұлғада жүрегіне ыстық естілетін, мәңгілік
жадында қалатын атамекен атаулары бар десек, артық айтпаған болар
едік. Атамекен атаулары кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен, еш
уақытта ұмытылмас, қимас Отанының, ата жұртының символы іспетті
екені баршамызға аян, сол себепті осындай киелі ұғым Маңғыстау
топонимиялық әлем көрінісіне тән деп айтуымызға болады.
Ежелгі заманнан бері Каспий маңын, оның шаруашылығын,
геологиясын, географиясын, тарихын зетртеушілердің қайсысы болмасын
«Маңғыстау» сөзінің шығу төркініне тоқтамай кетпейді, бірақ қазірге
дейін түрліше талқыға түсіп, бірізділікке түскен емес. Топонимдерді
жинақтау, зерделеу, семантикасын ашу – халық үшін де, ғылым үшін
«МАН» ТҮБІРІ: «МАҢҒЫСТАУ» СӨЗІНІҢ ШЫҒУЫ
70
де маңызы жоғары, олардың арасынан да аса маңызды тарихи ақпар
беретіндері табылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |