Салқынбай Анар Бекмырзақызы
141
Аққу мойын, аққу сезім, аққу-ару, аққудай әппақ, аққудай шырайлы,
аққудай саңқылдаған т.б. сияқты теңеулер мен тұрақты тіркестердің
тілімізде жиі жұмсалуы да жоғарыдағы пікірді айғақтай түсері кәміл.
Аққуды аялаған,
оның сұлулығына тәнті болған, тағзым еткен
халықтың қара қобыз сұлбасын да аққу бейнелі етіп жасауында әлі
айтылмаған сыр бар. Қазақ халқының көне дәуірдегі қара қобызының
тұлғасы, пішіні аққудың бейнесіне ұқсас болғанын Әлкей Марғұлан
алғаш танып, айтып кеткен екен. (1985, 217 бет).
Ғалым Болат Сарыбаев та Алтай қазақтарының арасында кездестірген
қара қобыздың мойны ұзын, құйрығы – сопақ, ұзынша келген, аққудың
құйрығына ұқсап тұрады екен деп жазған болатын. Қобызды аққудың
сипатына ұқсата жасаудың өзіндік тарихи-дәстүрлік жолы мен жүйесі
бар. “Біріншіден, халықтың сұлулықты сүйетін
ой-санасы бойынша,
құстың даусы – жаратылыстағы құлаққа әдемі естілетін ең сұлу үннің
бірі. Екіншіден, аққу - қазақтардың ерекше қадірлейтін, киелі құсы“ [Ә.
Марғұлан, 1985, 218-бет].
Қорыта айтқанда, қазақ дүниетанымында далаға тән асқақтық
пен кеңдік бар. Дала заңында бөріден асқан күшті жоқ, аққудан асқан
әдемілік пен адалдық тәңірісі кем де кем.
Техника мен технологияның үлкен жылдамдықпен қарқынды дамуы
мен ақпарат алу жолының шапшаңдығы – жеке тұлғаны өмірге тез
бейімделіп, тез жетілуіне, «заманына сай адамы» болуға итермелейді.
Мол ақпаратты алып, игеріп қазіргі уақытта жылдам-ақ «білімді»,
«білікті» болуға жол ашық. Планетадағы бүкіл жаңалықты «көзді
ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызып отырған» бүгінгі
технология
жетістіктері арқылы білім алу қиындық келтірмейтіні анық. Қазіргі
ғылымның даму деңгейі қоғам дамуын тез өзгертіп, жетілдіріп, оның сан
түрлі бағытта өзгере дамуына қол жеткізе алады.
Қазіргі ғылыми технократия мен қоғамда бүгінгі таңда орнығып
отырған «бүгін және қазір» прагматикасын талдаған көптеген
гуманитар-зерттеушілер жеке тұлғаның дамуында өмірдің мәнін
түсінуден гөрі, жеңіл-желпі күйбең тірлікке салынудың артқанын,
рухани құндылықтардың алмаса бастағанын орынды ескертуде. Қазіргі
қоғамның белсенді үдерісінде гуманитарлық
ғылымның беделінің
ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ
САБАҚТАСТЫҒЫ
142
түсуі, бағаланбауы анық байқалуда. Бұл үдеріс тек біздің елімізде ғана
емес, әлемдік кеңістікте етек алып отырғаны рас. Тіпті жапондық кей
зерттеушілер әлеуметтік білімді оқытудан бас тартуға шақырғаны да
мәлім. «Экзистенциалды философияның» күні бітті деп жорамалдаушы
батыстық ғалымдар өмірдің мәнін айқындауға арналған ғылым
саласының орнына, неоэкзистенциалдық теорияны ұсынып жүруінде
де мән бар. Технократизм культінің орнығуы,
тұтынушыға айналған
қоғамның «бүгін және қазір» прагматизміне бой ұруы - рухани әлсіздіктің
белең алуын алға тартты. Мұны күнделікті адамдардың бойынан айқын
байқап жүргеніміз рас.
Қазіргі ХХ ғасыр мен ХХІ ғасыр тоғысы мен ХХІ ғасырдың басында
пайда болған неоэкзистенциалистік теорияға ғалымдар үлкен сеніммен
қарауда. Олардың арасында философтар ғана емес, сонымен бірге
натурализм мен психоанализ теориялары ұсынған тұжырымдарға қарсы
көптеген психологтардың болуы да қуантады. Қазіргі таңда бұл теория
батыста белсенді зерттелуде. Экзистенциалды тәсіл философияда,
педагогикада, этнографияда, мәдениеттану мен тіпті медицинада кеңінен
қолданылады. Экзистенциалдық аксиологияны құру, «құндылықтар»
арқылы субъектіге әсер ету дәрежесін
зерттейтін арнайы құрылған
қағида қазірде ғылыми бағыт ретінде қалыптасып келеді. Ақпараттық
қоғам жағдайында үлкен дүниетанымдық маңызға ие. Құндылықтар
жүйесін бағалау мен бағамдау адам баласының күнделікті тіршілігінен
бастап, үлкен жаһандық мәселелерді шешуге дейінгі аралықтағы барлық
әрекеттер үшін маңызды болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: