Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет51/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
126
деп есептейміз. К. Юнг идеясын жалғастырушы В. Леви-Стросс, С. 
Лурье, С. Левит, Э. Гуссерль, А. Вебер, А. Ахиезер, Э. Фромм тағы басқа 
ғалымдар «мәдениет – адам – социум» арақатынасындағы концептерді 
талдап, олардың ділді қалыптастырудағы маңызын көрсеткен болатын-
ды.
«Ділдік» ұғымының мазмұны танымдық аяда зерделенгенде, белгілі 
адамдардан тұратын ұжымның, әлеуметтің, халықтың, ұлттың білімі 
мен білігі, түсінігі мен танымы. Әрбір халық өзіне тән ерекше мінезімен, 
ерекше ділімен, ерекше дүниетанымдық көзқарасымен құнды. Бұл 
ерекшелік халықтың өзімен-өзі оқшау қалпында болғанда ғана өзгеріссіз 
қалуы ықтимал, ал өзге мәдениетпен қарым-қатынасқа түсіп, ықпалдасу 
барысында мәдениетпен бірге діл де өзгеріске түседі, дамиды.
Зерттеуші ғалымдардың еңбектеріне зер салсақ, ділдіктің көрінісі 
ең алдымен, әлем бейнесінде таңбаланады. «Әлем бейнесі» ұғымы –
психологиялық зерттеулерде ХХ ғасырда қолданыла бастаған. Ресей 
ғалымдары А. Н. Леонтьев, В. Ф. Петренко, В. В. Петухов, С. Д. 
Смирнов зерттеулерінде психологиялық феномен ретінде – әлем 
бейнесі көрсетіледі. Әлем бейнесі – белгілі бір тарихи даму кезеңіндегі 
халық дамуының әлем туралы түсінігінің ішкі мазмұндық жағы. Әлем 
бейнесінің мазмұндық, мәндік жүйесінің мынадай сипаттарын көрсетуге 
болады:
- концептуалдық
- парадигмалық, 
- диахрондық.
Әлем бейнесінің мәнін бұлайша жүйелеу халықтық дүниетанымның 
өзіндік ерекшелігі мен өзіндік рухани болмысын, ұлттық дүниетанымдық 
сипатын тануға мүмкіндік туғызады. Әлем бейнесінің парадигмалық 
жүйе арқылы тарамдала дамуы ұлттық-мәдени құндылықтармен тікелей 
байланысты қарастырылады. 
Саралау. Әлем бейнесі туралы идеялар - ақыл мен ойдың негізі. Бұл ең 
ежелгі наным-сенімдерге, түпсанада сақталған мәдени түпбейне арқылы 
дамитыны анық. Әлемнің когнитивтік бейнесі арқылы қалыптасып, 
қабылданған құндылықтар жүйесі мәдениетті жасайды. Демек, діл – тек 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
127
білім мен мәдениетте ғана емес, сонымен бірге әлемді тану тәсілдерінде 
де көрініс табады.
К. Леви-Стросс барлық тарихи дәуірлердегі және барлық 
мәдениеттерде ойлау жұмысының басты принциптері бірдей деген 
тұжырым айтады. 
Ойлау стилі – әлемді тану тәсілдерінің жиынтығы ретінде танылады. 
Зерттеушілердің пайымдауынша, ойлау стилі когнитивтік стиль аясында 
қарастырылады.
Танымдық стиль термині белгілі нәрсенің нақты қасиеттері туралы 
ақпаратты жеке адамның қабылдауы және есте сақтауы, ойлауы, 
сонымен бірге қабылданған ақпараттар туралы мәселені шешудің 
тәсілдерін анықтауда когнитивті психологияда қолданылатын терім сөз. 
Бұл ұғымды жеке тұлғаның мінезін белгілеу үшін алғаш рет А. Адлер 
қолданған. Адлер зерттеулерінде когнитивті стиль – жеке тұлғаның анық, 
әрі өзіндік ерекшеліктерін анықтайтын танымдық процессс ретінде 
танылған. Тұлғаның жеке психологиясы оның өмірлік жолының өзіндік 
белгісі, ерекшелігі, оның мақсатарына жетуінің сыры ретінде анықталды.
Танымдық стиль - қоршаған орта туралы ақпаратты қабылдаудың, 
талдаудың, бағалаудың жеке айырмашылықтары мен ерекшеліктерін 
көрсететін ерекше тәсіл. Шетелдік психологиялық зерттеулерде 
60-жылдары танымал ұғымдардың бірі болған когнитивтік стильдер 
теориялық құрылым ретінде де, әртүрлі эмпирикалық зерттеулердің 
объектісі ретінде де қазірдің өзінде өзекті болып, ғалымдардың назарын 
аударуда.
Қазақ ғылымында мифология тереңінен сыр тартып, миф пен қоғам 
арасынан үндестік тауып, символ мен таңбаны таныған, ғаламның 
ситуациялық келбетін кестелеген, ежелгі рәсім-жоралғыдан көнеліктің 
жұртын іздеп тапқан, ілкі төрдің қайнар көзін іздеген ғалым С. Қондыбай 
екені рас. С. Қондыбайдың «Арғықазақ мифологиясы» атты зерттеуінен 
бастап, зерттеулерінде түпбейне арқылы уәжделетін ұлттық ділдің 
астары анықталған.
«Адамзат өзгере отырып та, өзімен-өзі болып қалып отыр, 
сондықтан өткен шаққа және өркениеттерге деген менсінбеушілік
үстірттік, салғырттық ендігі жерде болмауы тиіс. Қазіргі уақытта ... 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет