Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri


Ұлттық кодтағы таным мен тағылым



Pdf көрінісі
бет54/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

Ұлттық кодтағы таным мен тағылым
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты 
мақаласында «Кеңістік – барлық нәрсенің, ал уақыт – бүкіл оқиғаның 
өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы 
басталады» делінеді [https://egemen.kz/article/178090-nursultan-nazarbaev-
uly-dalanynh-zheti-qyry. Кез келген халықтың табиғатты, жалпы әлемді 
танып-білудегі танымы – адамзаттық танымның дамушы арналары 
ретінде бағалануы тиіс. Осы орайда, қазақ халқы қалыптастырған 
тотемдік ұғымдар да адамзат ойының дамуының бір көрінісі ретінде 
таныла алады. 
Кез келген халықтың табиғатты, жалпы әлемді танып-білудегі 
танымы – адамзаттық танымның дамушы арналары ретінде бағалануы 
тиіс. Осы орайда, қазақ халқы қалыптастырған тотемдік ұғымдар да 
адамзат ойының дамуының бір көрінісі ретінде танылады. 
“Тотем” сөзі оджибве тайпасының тілінде “ототеман” тұлғасында 
“оның тегі” деген мағынада жұмсалған. Бұл атауды термин ретінде 
алғш рет ХҮІІІ ғасырда Дж. Лонг қолданған. Тотемнің мәні адам баласы 
мен әртүрлі заттар, құбылыстар, өсімдіктер, жануарлардың шығу 
тегіндегі тектестік, бірлік деп танылған. Ғалымдар тотемнің шығуын 
шаруашылықтың қарапайым, түсініктің балаң кезеңінде пайда болған 
деген қорытынды шығарады. Заттар мен құбылыстарды, жан-жануарлар 
мен өсімдікті, құстарды киелі санау, оны дәстүр ретінде кейінгі ұрпаққа 
мирас ету дүние жүзі халықтарының бәрінде дерлік кездеседі. Америка, 
Азия, Австралия, Еурапа, Африкада мекендейтін халықтардың бәрінің 
тотемдік ұғымдары бар. Бұл танымдар дүние жүзі ғалымдарының 
назарын көптен-ақ өзіне аударған. Э. Тэйлор, З. Фрейд, А. Ланг, 
П.Хайтун, С. Толстов, Н.А. Алексеев, А. Рассоний, Д.К. Зеленин, С.Г. 
Нестеров, Г.Н.Потанин; қазақ ғалымдары – Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, 
О. Сүлейменов, Ә.Ахметов, А. Сейдімбек т.б. зерттеушілер осы мәселе 
бойынша ғылыми еңбектер жазған. 
Қазақ халқының тотемдік нанымы туралы айтылған пікірлер әр түрлі. 
Зерттеушілер қазақ тотемі ретінде күн, ай, өгіз, қасқыр, аққу, қарға, 
ағаш т.б. заттар мен жануарларды атайды. С. Ақатаев бұған қоса, ауыз 
әдебиетінде кездесетін үй жануарларының пірлері ретінде саналатын 


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
135
Шопан ата, Зеңгі баба, Ойсыл қара, Қамбар ата, Шекшек ата да тотемдік 
түсінікпен байланысты деп қарастырады [С.Ақатаев, Күн мен көлеңке, 
1990, 61-бет)]. 
Қазақ халқының төл тотемін айқындау үшін, біз тілге, тілдік 
бірліктерге иек артамыз. Халық өзі киелі деп қабылдаған, қастерлеген 
ұғымдарды сөз арқылы мүсіндеп, таңбалап қалдырған. Тіл – адам 
танымының, ойының материалдық көрінісі десек, көшпелі ғұмыр кешіп, 
табиғаттың төл баласындай болған халық – бүкіл танымдық дәстүрі мен 
түсінігін, білімі мен білігін қасиетті сөз өнерінің қауызына сыйғызған. 
Ал халықтың тотемі болған зат не құбылыс атауы қастерлі ұғым ретінде 
халық ауыз әдебиеті мұраларында, көне түркі жазба мұрағаттарында, 
тұрақты сөз тіркестері құрамында, мақал-мәтелдерде сақталып қалуы 
тиіс. Қабылданған тотемдік ұғым киелі саналып, сөзде оның қасиетін 
айқындайтын түсініктер болуы қажет. Қазақ елі – сөз өнеріне іждаһатпен 
қарап, сөз мәнісін ұғынған жұрт. Ендеше тотемдік түсініктің тілде 
өрнектелуі, сақталуы заңды құбылыс деп танимыз.
Түркі тотемі (оның ішінде қазақ тотемі де) бөрі деп тану дәстүрі бар 
екені аян. Бұлай түсінудің терең сыры – тарихтың терең қатпарларында 
қалыптасқан мифтік аңыздар мен ертегілерде жатыр. Айталық, 
Ашина әулетінің пірі ретіндегі Көк бөрі бейнесі түркі халықтарының 
байрақтарында желбірегені, Қазақстан өңірінен табылған ескерткіш – 
балбал тастардан, халық ауыз әдебиеті нұсқаларында сақталған аңыз-
әңгімелерден де белгілі. Бірнеше аңыздар академик Әлкей Марғұлан 
еңбектерінде берілген, онда: “Түрік қағанатын бірінші рет басқарған 
ғұн ұрпағы шене (бөрі) – ақылды, кемеңгер, ойшыл кісі болған”,– деп 
жазады автор [Ежелгі жыр, аңыздар, Алматы, 1985, 8-б]. 
Көк бөрі – жалпы түркі, монғол жұртына ортақ тотем. Демек, көк 
бөрінің киелілік қасиеті ең көне заманда-ақ пайда болған түсінік. Ал 
қазақ халқының танымдық санасында “бөрі” бейнесі үнемі саналылық 
пен парасаттылықтың, ержүректілік пен батырлықтың символы ретінде 
таныла бермейтіні тағы да ақиқат. Қасқырды малдың жауы, жыртқыш деп 
білуі – күн көрісі ретіндегі тіршілігінің мәні болып табылатын төрт түлік 
малының басты жауы болғандығы. Қысы-жазы мал баққан даладағы 
қазақ баласы үшін, қасқыр оның бірінші жауы. Сондықтан да, оның 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет