Қaзaқ тiлiнiң Өзектi мәселелерi qazaq tiliniñ Özekti mäseleleri



Pdf көрінісі
бет56/80
Дата08.10.2023
өлшемі1,03 Mb.
#113451
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80
Байланысты:
99 Mz0Oqmn

ТІЛДІК САНА: ӘЛЕМДІК ТАНЫМ МЕН ҰЛТТЫҚ ДІЛ 
САБАҚТАСТЫҒЫ
138
Білімді туған жақсыға
Залал қылмас мың қарға, – деу арқылы қарғаның пешенесіне 
жақсылық пен сұлулық, ақылдылық пен парасаттылық жазылмағанын 
паш етпей ме? [Сонда, 66-бет].
А. Сейдімбеков “қарға тамырлы қазақ” деген тұрақты сөз тіркесінің 
төркінін де қарғамен байланысты деп тұжырым жасайды. “Қарға 
тамырлы қазақ” тұрақты тіркесінің негізгі мағынасы І. Кеңесбаевтың 
“Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігінде” былайша анықталады: “ілік-
шатысты, туысқандық қарым-қатынасты білдіру” [ҚТФС, 330-бет]. 
“Сұрай-сұрай қарын бөле шығарсың” демей ме қазақ тағылымы; осы 
ұғыммен шамалас, жақын, мағыналары – ортақ.
Аталған тұрақты тіркестің құрамындағы “қарға” сөзінің мағынасы 
көне де терең, тұлғасының өзіндік даму, қалыптасу жолы да ерекше. Бұл 
“қарғаның” мағынасы да құс мағынасын көрсетпейді. Көне түркі тілінде 
“қарға-қар“ сөзінің мағынасы –“смешивать, примешивать” болып 
қолданған [ДТС, 422-бет]. 
Махмут Қашқаридың “Дивани луғат-ит түрк” еңбегінде “қарғақ”, 
“қарғақ тармағы” сөздері өсімдік атауы [МҚ, 1-т, 467-бет]. Көрсетілген 
деректерден “қарға” сөзінің көне түбірі “қар” – араласу, қосылу, ал 
қарғақ – терең тамырлы, араласқан, ұзын тамырлы өсімдік мағынасында 
жұмсалғанын аңғарамыз. “Қарға тамырлы” тіркесінің негізінде әуелгі 
мағынасында “қарғақ тамырлы” ұғымы мен түсінігі жатыр да, ұғымның 
астарлы, ауыспалы мағынасы арқылы негізделіп, “қарға тамырлы қазақ” 
тұрақты тіркесі келіп шыққан. Тұлғалық көрінісінің “қарғақ-қарға” 
болып, “қ“ дыбысының түсірілуінің де өзіндік ішкі тілдік заңдылығы 
бар. Екпін түспейтін соңғы “қ”дауыссызы элизияға ұшырайды. Өсімдік 
тамырындай бір тамырдан нәр алып, араласқан, тұтасқан, туысқан, түбі 
бір, тегі ортақ деген мағына арқылы абстракциялана келіп, пайда болған 
туынды мағыналы тіркес деп есептеуге болар еді. 
“Қарға” бейнесінің қазақ топырағында ешқандай тотемдік ұғымды 
білдірмегендігін халық ауыз әдебиеті үлгілері де дәлелдеп бере алады. 
“Қыз Жібек“ жырында Төлеген Бекежанға:


Салқынбай Анар Бекмырзақызы
139
Замандас едің, жан аға!
Қарға-құзғын жемесін,
Жасыра кеткін жүзімді, – дер еді.
Бір түбірден өрбіген тектес, түбірлес, туыс сөздер сыртқы дыбыстық 
тұлғалары өзгеріске түскенімен, ішкі мағыналарындағы жақындық 
алыстамайды, ортақ “арқау жіп” үзілмейді. Қалыптасып туындаған 
жаңа атау мағынасының құрамында әуелгі сөздің бір мағыналық қыры 
сақталып қалады. Біздерге сол арқауды дұрыс тауып, сөз мағынасын 
айқындауда сөз тамырының тереңдігін дұрыс бағамдау парыз. Тіл-жүйелі 
де зерделі заңдылықтарға бағынатын ғылым. Сөз жүйесі – мағынаға
мағына астарына тәуелді.
Аңызда төтем ретінде халық танымында терең із қалдырған, әлемдік 
мифологияда дүниенің қозғаушы күшінің бірі ретінде бағаланатын 
жануардың бірі – өгіз. Өгіз (бұқа) бейнесі әлемдік фольклордағы дүниенің 
шығу тегі жөніндегі аңыздарда мол кездеседі. Аспандағы күннің жердегі 
бір бейнесі ретінде қабылданған өгіз-бұқа әлемдегі адамзат танымында 
– Тәңірдің елшісі. 
Түркі халқы дүниетанымында өгіз киелі саналған. Тамғалы 
шатқалынан түсірілген суреттердегі өгіз бейнесі – бұл жануардың 
тотемдік түсінік ретінде танылғанын дәлелдей түседі. Бұл туралы ғалым 
С. Ақатаев “Күн және көлеңке” атты зерттеуінде былай деп жазады: 
“Тотем адамдарға қамқоршы болады-мыс. Өте ерте заманда жер бетінде 
су болмапты. Екі адам өгіз бағады екен. Өгіз әбден шөлдеген соң су 
ішейін десе, таппайды. Жануар өкіріп, жерді бұрқыратып қаза бастайды. 
Қазған жерден су шығады” [1990. 69]. Халық арасында мұндай аңыздар 
әлденешеу. Барлық аңыздардағы негізгі сарын – бұқаның киелі, қасиетті 
сипаты. Бұқа - бык сөздері мен корова - ірі қара (сиыр) сөздері бір таңбадан 
тараған тұлғалар. Орыс тіліндегі кор-о-ва сөзінің төркіні «кор», «қар-а» 
сөзімен байланысты. Айтылымда оның «карово» болып айтылуының да 
өзіндік ішкі ерекшелігі бар екені анық.
Қазақтың адамзаттық танымға қосқан үлесінің бірі – аққудың 
адалдық, мөлдір сұлулық, пәктік қасиетін тотемдік деңгейінде табына 
бағалап, мөлшерлеуі. Аққу – халықтың киелі де құдыретті саналған 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет