У дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жуу, жауу, сауу т.б.
Тұйық етістіктің -у жұрнағы и дыбысына біткен етістікке жалғанғанда, ю әрпіне өзгеріп жазылады. Мысалы, Ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию, қи+у=қию.
Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, қия, зиян, қию, ақию т.б.
Ю, я әріптері йу, йа болып оқылғанмен, ю, я ретінде жазылады. (аю, жою, қоян) Ескерту: Дәстүрлі принцип бойынша аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу, йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.
ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС
Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).
Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:
1
|
Ұяң
|
үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым
|
б, в, г, ғ, д, ж, з, һ
|
2
|
Үнді
|
салдырдан үні басым
|
й, л, м, н, ң, р, (у)
|
3
|
Қатаң
|
тек салдырдан тұрады
|
к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ
|
4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:
Достарыңызбен бөлісу: |