Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына


У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда дауыссыз дыбыс болады: 1) у



бет7/80
Дата27.11.2023
өлшемі0,62 Mb.
#128961
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80
Байланысты:
Қазақ тілінің шығу тарихы туралы түркі тілдері тіл туыстығына-emirsaba.org

У дыбысы дауыссыздан кейін келсе, дауысты дыбыс (ту) болады, ал мынадай жағдайларда дауыссыз дыбыс болады:

1) у дыбысынан басқа дауыстыдан кейін келсе (тау);


2) сөз басында дауыстының алдында келсе (уақ);


  1. И, у дыбыстары сөздің жуан-жіңішкелігіне қарай бірде жуан, бірде жіңішке болады, яғни сөздегі басқа дауыстылар жуан болса, и, у дыбыстары жуан оқылады, сөздегі басқа дауыстылар жіңішке болса, и, у дыбыстары жіңішке оқылады.


Жуан дауысты болуы: бару, тиын;
Жіңішке дауысты болуы: жүру, киін т.б.


  1. У дыбысына аяқталған етістікке тұйық етістіктің -у жұрнағы жалғанса, екі у әрпі қатар жазылады. Қуу, жуу, жауу, сауу т.б.
  2. Тұйық етістіктің -у жұрнағы и дыбысына біткен етістікке жалғанғанда, ю әрпіне өзгеріп жазылады. Мысалы, Ти+у=тию, ки+у=кию, жи+у=жию, қи+у=қию.




  3. Я, ю әріптерінен бұрын ы, і дыбыстары естілген сөздің бәрінде де олардың орнына и әрпі жазылады. Қияқ, дария, қия, зиян, қию, ақию т.б.


  4. Ю, я әріптері йу, йа болып оқылғанмен, ю, я ретінде жазылады. (аю, жою, қоян) Ескерту: Дәстүрлі принцип бойынша аздаған сөздерде ю әрпі жазылмай, иу, йу әріптері сақталып жазылады. Мысалы: айуан, хайуанат, кейуана, миуа, қиуа т.б.


ДАУЫССЫЗ ДЫБЫС
    1. Дауыссыз дыбыс өкпеден шыққан ауаның ауыз қуысында кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.


    2. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстар: б, в, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ, (у).


    3. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң, үнді және қатаң болып 3-ке бөлінеді. Оны төмендегі кестеден көруге болады:


1



Ұяң

үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым


б, в, г, ғ, д, ж, з, һ


2



Үнді

салдырдан үні басым


й, л, м, н, ң, р, (у)


3



Қатаң

тек салдырдан тұрады


к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ


4. Кейбір қатаң дауыссыздардың ұяң сыңарлары бар. Олар:








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет