|
Бас изеді – келісу
Бас имеу
|
бет | 21/102 | Дата | 16.03.2022 | өлшемі | 0,54 Mb. | | #28180 |
| Байланысты: аза тіліні шы у тарихы туралы т ркі тілдері тіл туысты ынаБас изеді – келісу
Бас имеу – келіспеу, берілмеу
Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ – салттан аттау жоқ
Басынан сөз асырмау – басындырмау
Бауыр басу – үйрену
Бес аспап – өнерлі
Бес саусақтай білу – жетік білу
Бет бақтырмау – бой бермеу
Бетке айту – шындықты көзіне айту
Бетке шіркеу болды – ұятқа қалдырды
Бит қабығынан биялай тоқыған – өте шебер
Биті торғайдай, мойыны ырғайдай – арық
Бұйым көрмеу – менсінбеу
Бүйректен сирақ шығару – болмашы нәрседен шатақ шығару
Бүйідей тиді – әлек салды
Ғайып ерен қырық шілтен – мұсылмандарды жебеп жүретін киелі бейнелер
Далаға кетті – босқа кетті
Дәм-тұзы жараспады – тату-тәтті тұра алмады.
Деміне(кеудесіне) нан пісірді – мақтанып ісіп кетті
Дымын шығармау – үндемеу
Ділгір болу – өте мұқтаж болу
Екі аяғын (өкпесін) қолына алу – аяғы-аяғына жұқпау
Екі аяғын бір етікке тығу – қысымға алу
Екі езуі екі құлағына жету – қуану
Екі көзі төрт болды – қорықты
Екі көзі шарасынан шығу – қорқу
Екі қолынан демін алу – болып, жетісіп отыру
Еңбегін сауды – адал күн кешті
Еңсесі құру – сағыну
Ер қаруы – бес қару – қылыш найза, садақ, шоқпар, сойыл – ерлер асынып жүретін қарулар.
Ереуіл атқа ер салу – елін қорғауға аттану
Ернін шығарды – мазақтады
Ернінің емеурінін білу – көңілін табу
Есек құрты мұрнына түсу – баю
Етек-жеңін жиды – есін жиды
Етектен алу – кедергі жасау
Ешкімнің ала жібін аттамау – қиянат жасамау
Жағадан алу – қылғындыру
Жағасын ұстау – таңдану
Жағы сембеді(тынбады) – көп сөйлеу
Жағына пышақ жанығандай – арық
Жайдың атқан тасындай – аса құдіретті, мықты
Жалғанды жалпағынан басу – молшылықта өмір сүру
Жанары кетті – көзінің нұры кетті
Жанды жегідей жеу – қиналу, іші құса, уайым болу
Жаны зәр түбіне жету – қорқу
Жаны сіреден жаралған екен – мықты
Жанын қоярға жер таппау - әлек болу
Жараның аузын алу – ескі дертті еске түсіру
Жарғақ құлағы жастыққа тимеу – тыным таппау
Жауырынан жел өту – азап шегу
Жегенін желкесінен шығару – сазайын беру.
Желкесін қасу – қысылу, сасу
Жеме-жамге келгенде – шешуші сәтте
Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты – табан астынан бәле шықты
Жер аяғы қиянда(ит өлген жер, ит арқасы қиянда, жер түбі) – алыс
Жер болу – ұялу
Жер жұту – жоқ болу
Жер қабу – өлу
Жер қаптыру – алдау
Жетім қыздың тойындай – елеусіз
Жұлдызы оңынан туу – жолы болу
Жұмған аузын ашпау – сөйлемеу
Жұмыртқадан жүн қырыққан – қу
Жүз тайысу – ұрысу
Жүзі қайту – тайсалу
Жүзі солу – жүдеу
Жүзіктің көзінен өткендей – сұлу
Жүн терісін сыпыру – өлімші етіп сабау, азаптау
Жүндей түтті – әбден сабады
Жүрегі алып ұшты(жүрегі аузына тығылды, жүрегі аттай тулады) – қатты толқыды
Жүрегінің түгі бар – батыр
Жүрісі сұйық – ісі мардымсыз
Жыл көрдің бе, ай көрдің бе? – көп ұйықтағанға айтады.
Жылан жалағандай – түк қалдырмау
Жыланның басы қайту – аштығы басылу
Жынынан айрылған бақсыдай – не істерін білмей, абдырып қалғанда айтылады.
Жыртысын жыртты – намысына шапты, сойылын соқты, жоғын жоқтады, шашбауын көтерді.
Жібі түзу – дұрыс адам
Жігері құм болу – шаршау, тауы шағылу, жасып қалу
Жілігі шағылу – беті қайту
Зәрезап болу – жүрегі шайлығу, үрейі ұшу
Зәрі қайту – уы тарқау
Зәріне міну – қаһарлану
Зығыры қайнау – ашулану
Иегі қышу – дәмелену
Ине шаншар жер жоқ – толық, тығыз
Инемен құдық қазғандай – қиын, ауыр
Инені жіпке тізу – бәле қуу
Иненің жасуындай – азғантай
Иненің көзінен өткендей – пысық
Ит арқасы құрысты – қайратқа мінді
Ит байласа тұрғысыз – адам тұрғысыз
Ит басына іркіт төгілу (ақ түйенің қарны жарылу) – молшылық орнау
Ит болу – қор болу
Ит пен құстың арқасында – кім көрінгеннің арқасында
Ит терісін басына қаптау – ұрысу, балағаттау
Иттің қара тұмсығындай көру – жек көру
Иттің құлы итақай – кім көрінген, кез келген
Иығына су кету(йығы салбырау, ұнжырғасы түсу, салысуға кету) – қажу шаршау
Иығынан дем алу – мақтану
Иін тірескен - өте көп
Иісі мұрнына кірмейді – ештеңе сезбеу
Кәдеге асу – іске жарау
Кәріне міну – ашулану
Кебін кию – аяғын құшу
Кежегесі кейін тарту – жалқаулану
Кендірі кесілді – көтерем болу
Кең балақ, жалпы етек – қолынан іс келмейтін, олақ
Кең дүние тар болу –дүниеден түңілу
Кердең басу – талқандау
Кескен жерінен қан шықпас – қатал, ұятсыз адам
Кеудесіне шайтан кіру – азу
Көз байлау – алдау
Көз болу – ие болу
Көз жазып қалу – адасу
Көз қиығын салу – көздің ұшымен қарау
Көз салу – қару
Көз сүзу – телміру
Көз шалу – көрініп қалу
Көзге сүйел болу – жек көрінішті көріну
Көзге түртсе көргісіз – қараңғы
Көзден ғайып болу – жоқ болу
Көзді ашып-жұмғанша – тез
Көздің жауын алу – қызықтыру
Көздің шырымын алу – аздап ұйықтау
Көзі (қарасы) батты – бір жола жоқ болды, құрыды
Көзі алақандай болу – қорқу
Көзі ашылу – санасы ояну
Көзі жету – кәміл сену
Көзі тою – көңілі тою
Көзіне топырақ шашу – жамандық жасау
Көзіне шөп салу – алдау
Көк айыл(долы) – ашушаң
Көк ала қойдай ету – сабау, ұру
Көк өрім – бала кез
Көкейін тесу – көп құмарту
Көкесін таныту – ұрып-соғу
Көкірегі қарс айырылу – қайғыру, өкіну
Көлденең сөз – жағымсыз қауесет
Көрпеңе қарай көсіл – әліңе қара
Күлге аунаған түйедей – шаң-шаң
Кірерге тесік таппау – ұялу
Кірпігінен қырау тамған – қаһарлы
Кірпідей жиырылу – жақтырмау
Кірпік қаққанша – тез
Кірпік қақпау – ұйықтамау
Кіршік шалу – ойына ақау түсу
Қабағы кірбің тартты – ренжіді
Қабағын қырау шалу – қартаю
Қабақ қақпау – тез
Қабақ шытысты – ұрысты
Қабырғамен кеңесті – жақын кісілерімен келісті, өз-өзімен ойласты
Қабырғасы қайысу – қатты қиналу
Қадалған жерінен қан алу – дегенін істету
Қаймағы бұзылмау – бірлігі бұзылмау
Қайрауы жеткен – бабына келген
Қақпанның қанды аузын басу – қолға мықтап түсу
Қалпақтай ұшу – құлап түсу
Қалтасына сену – байлығына сену
Қан жалау – таяқ жеу
Қанат біту – қарқын алу
Қанатын жазу – белгілі болу
Қанатын қию – сорлату
Қанды балақ – озбыр
Қаны қайнау – ашулану
Қанына сіңу – әдеттену
Қанына тарту – туысына ұқсау
Қара есекке теріс мінгізу – артына кір келтіру
Қара жаяу емес – құр алақан емес
Қармаққа түсу – ұсталу
Қас бен көздің арасында – тез
Қас қарайғанда – кешқұрым
Қауқары кету – шаршау
Қиқу салды – дабыл қақты
Қой аузынан шөп алмас – момын
Қой үстіне бозторғай жұмыртқалау – тыныштық заман орнау
Қойға шапқан қасқырдай – тас-талқан ету
Қол арту – ниет ету
Қол байлау болу – кедергі жасау
Қол беру – келісу
Қол жалғау(қол ұшын беру) – көмектесу
Қол қусыру – бағыну, көну
Қолтыққа су бүрікті – желіктірді
Қолы ашық – жомарт
Қолы жүру – сәті келу
Қу маңдай – сорлы
Қу мойын – арық
Қу сирақ – қыдырымпаз
Қу тамақ – аш өзек, нәпсі
Қу таңдай – сөзуар адам туралы мысқыл
Құлағы тесік - әр нәрседен хабардар адам
Құлағын бұрау – үгіттеу
Құлағын түру – назар салу
Құлағына кірмеу – ұқпау
Құлағыңның тесігі бар ма, жоқ па? – кереңбісің?
Құлақ қағыс ету – айтар ойдың ұшын шығару
Құлаққа ұрған танадай – тып-тыныш
Құлаш сермеу – ұмтылу
Құнт қылмау – ескермеу
Құралайды көзге атқан – мерген
Құрғақ уәдемен қуырдақ қуыру – алдау
Құрығы ұзын – билігі күшті
Қызыл өңеш – даукес, сөзуар
Қызыл сирақ – кедей
Қызыл сөз – бос сөз
Қызыл сөзден бал жағу – мадақтау
Қызыл тіл – шешен
Қылышынан қан таму – қатыгез
Қырық құрау – тозған
Қырық пышақ – араздасқан
Қысқа жіп күрмеуге келмейді – кедейлік
Қысқа кол – жетіспеушілік
Қысыр әңгіме – бос сөз
Қытығына тию – ашуландыру
Маңдай алды – үлгілі, озат
Маңдай тер – адал еңбек
Маңдай тер – адал еңбекпен тапқан табыс.
Маңдайға тию – қиыншылықты көру
Маңдайы ашық – бақытты
Маңдайы ашылу –жолы болу
Маңдайы күнге күю – қиналу
Маңдайы тасқа тию – беті қайту
Маңдайына біту – бар-жоғы
Маңдайына сыймау – бұйырмау
Маңдайынан сипау – мүсіркеу
Маңдайынан шертпеу – тиіспеу
Маңдайының арылмаған соры бар – бақытсыз
Маса(шыбын) шаққан құрлы көрмеу – елемеу
Масыл болу – кісі еңбегімен күнелту
Мәмпи ауыз – ашық ауыз
Мезі болу – ығыр болу
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|