Қазақcтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері



бет44/143
Дата07.01.2022
өлшемі1,36 Mb.
#20545
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143
4. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары мен әдістері

Ақыл-ой тәрбиесінін, басты құралы—айналадағы адамдар, заттар, табиғат, қоғамдық құбылыс. Осылардың әсерінен баланың дүниеге көзқарасы кеңейіп, танымы дамиды.

Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі құралдарының бірі — ойын. Ол — баланың ерекше әрекеті. Ойында бала айналасындағы дүние жайлы өз түсінігін сәулелендіреді, білімін көрсетеді, жолдастарымен пікір алысады.

Әр ойын баланың ақыл-ойының дамуына әр қилы әсер етеді. Мазмұнды-рольді ойындар айналадағы дүние туралы түсінігін кеңейтіп, сөзін дамытады. Драмалык ойындар керкем әдебиет шығармаларын терең түсінуіне, тілінің дамуына әсер етеді. Құрылыс, қүрастыру ойындары баланың геометриялық кескіндер, кеңістік қатынастары жайлы білімін кеңейтеді, дидактикалык ойындар есте сақтау, қайта жаңғырту, заттың қасиеті мен сапасын ажырата білу, белгілерін анықтау және т. б. қасиеттерін дамытады, баланың белсенді ой әре-кетін тудырады.

Ақыл-ойды дамытудын, пәрменді құралдарының бірі — оқыту процесі. Оқыту процесінде бала жоспарлы түрде қажетті білім дағдысын игереді. Оқытудың мазмұны мен оны ұйымдастырудың әсері күшті болады. Оқыту баланың ойлауға күш сала білу қабілетін, еркін, табандылығын, төзімділігін, қиыншылықты жеңе білу қабілетін, жауапкершілігін, тәртібін тәрбиелейді.

Ақыл-ой тәрбиесінің тағы бір бағалы құралы — еңбек. Еңбек процесінде бала әр түрлі құбылыстармен, заттармен, олардың формаларымен, көлемімен, сан алуан материалдардың қасиетімен танысады. Олар та-биғатта еңбек ету арқылы есімдіктерді күту мен өсіру-дің арасындағы байланысты, өсу үшін жарықтың, жы-лудың, судың әсерін байқайды, мәліметтерді игереді. Ал үй жануарларын бақылау арқылы олардың өмірімен, кейбір қасиеттерімен танысады, оларды кү-туді үйренеді.

Еңбек баланың өзіне-өзі қызмет ету, дербестік қа-рым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастырады. Балалар үлкендердің еңбегімен танысу арқылы оны бағалап, қүрметтеуге үйренеді. Балалардың ақыл-ойын дамытуда күнделікті тұрмыс әрекеті мен өмір тәжіри-бесінің үлкен мәні бар.

Ақыл-ой тәрбиесінің әдістері мыналар: ақыл-ойтәрбиесінің негізгі әдістерінің бірі —табиғат пен қоғам құбылыстарын бақылауды дұрыс және жүйелі ұйымдастыру. Ол балалардың зейінін, білуге құштарлығын дамытуға мүмкіндік тудырады, сезімталдығын байытады, ойы мен сөзін дамытады.

Әнгіме әдісі баланың ойы мен сөзін дамыту, білімін нығайту мақсатымен жүргізіледі. Әңгімелесу мазмұны мен мақсатына, міндетіне байланысты танымдық және әдептілік болып екіге бөлінеді. Бала дамуы үшін екеуі де тиімді.

Танымдық әңгіменің негізгі міндеті баланын, өзін қоршаған орта туралы білімін дәлелдеу, тексеру, ке-ңейту, байыту және олардың өздігінен ойлауын дамы-ту. Әдетте, әңгіме әдісі кызықтау мен бақылаудан соң, кейде бұлардың алдында еткізіледі. Қызықтау мен бақылау процесі балалар зейінін қандай қүбылыстарға аудара отырып қабылдауы қажет екенін аңғарту мақ-сатымен өткізіледі. Әңгіменің немкетті сипат алуынан аулақ болған жөн. «Иә» және «жоқ» сияқты жауапты тілейтін сүрақтар бермеу керек. Балалармен жүргізі-летін әңгіменің сезімдік сипат алуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету керек.

Көркем сөзбен әңгімелеу — ақыл-ой тәрбиесінің сезімдік әдістерінің бірі. Ол өнердің ерекше түрі ретінде балаға күшті әсер етеді. Оның куші — балаға көркем сөз қүдіреті арқылы әсер ету, сол уақиғаға өзінің жағымды қатысын байқату арқылы ықпал ету. Қөркем сөзбен әңгімелеуді қабылдау үстінде бала санасында ойлау, өмірмен салыстыру, материалды талдау және жинақтау әрекеті етеді. Әңгімелеу ойыншық, сурет, т. б. кернекі қүрал көрсетумен жалғастырылады. Олай болса, тиімді әдістерге көрнекілікте, қызықтау да жатады.

Бұл әдістердің бәрі бір-бірімен логикалық байланыста қолданылғанда ғана тиімді нәтижесін береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет